Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Балалар мен жасөспірімдерге коммунистік тәрбие беру



бет7/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Балалар мен жасөспірімдерге коммунистік тәрбие беру

Надежда Константиновна Крупскаяның жоғарыда көрсетілген аталмыш мақаласы «На путях к новой школе» журналының №7, 1930 жылы басылып шықты. Бұл Н.К.Крупскаяның «Балаларды қорғауға байланысты өткізілген III сьезінде 26 мамыр, 1930 жылы сөйлеген сөзі».


Төңкерістің бастапқы кезеңінде 1917 жылы кейбір тәжірибелік-көрсеткіш мектептер мен тәжірибелік-көрсеткіш балалар үйінде, балаларды жаңаша тәрбиелеу әдістемесі керек болды. Балалар үйлері жаңадан құрылды. Олардың санының арттыруы және шын мәнінде көрсеткіш тәрбие үйлеріне айналуы үшін, ондағы балалар нақты бір нәрсені үйренуі тиіс. Бұл мәселеге тұтастай қарайтын болсақ, бұл істе де кемшіліктер кездеседі.
Қоғамдық өмір мен халық шаруашылығының соңғы өзгерістеріне байланысты, барлық балаларды тәрбиелеу мәселесі пайда болды. Қазіргі кезеңде шаруашылықта болып жатқан өзгерістер, ол шаруалардың шағын жеке меншіктерінің ұжымдық механикаландырылған шаруашылыққа біріктірілуі, көп өзгеріс әкелді. Мен бұл жерде айтайын дегенім, тәрбиеге жаңа мүмкіндіктер ашатын кең көлемде жүргізілетін индустриализация туралы емес. Менің ойымша, балаларға коммунистік тәрбие берудің қазығы – олардың еңбегін тиімді ұйымдастыру. Жақсы ұйымдастырылған еңбектің, ересектерді қалай тәрбиелейтіні бәрімізге белгілі.
Мысалы, деревняны алып қарастырайық. Деревнядағы жеке ауылшаруашылық белгілі бір дүниетаным, мінез-құлық, әр түрлі нәрселерге өзіндік көзқарас қалыптастырады. Оны біз «жеке меншіктік психология» деп атаймыз. Ол не дегеніміз? Олай дейтініміз, адам жалпы құбылысты түсінбейді, тек өзіне жақын айналасына, өз шаруашылығына қарап, бәрін өз шаруашылығының ауқымында өлшеп түсінеді.
Деревняда бір жеке меншік иесі екінші бір жеке меншік иесіне жылы қабақ танытпайды, әйелдер түкке тұрмайтын нәрсе үшін ұрыс-керіске барып, ұсақ шаруашылық құру деңгейіндегі ойдан аса алмайды. Міне, кіші шаруашылықта бой көрсететін дүниетаным осындай. Қазіргі құрылып жатқан жаңа еңбек формасын ұйымдастыру барысында, олардың түсінбеушілігі байқалады.
Шаруа заводқа келгенде, үлкен механикаландырылған өндірісті, ұйымдастырылған еңбекті, атқарылатын еңбектің бөліктерін, оған жауапты адамдардың болуын бақылап, бір адамның еңбегін екінші бір адам жалғастыратынын түсінеді. Әр жұмысшы үлкен өндірістің кішкентай бір бөлшегі, жалпы тетіктің дөңгелегі екенін сезінеді. Заводқа келген шаруа, біраз уақыт өткеннен соң фабрика немесе завод қазанында қайнасып, бәріне басқа көзбен қарай бастайды. Ол ендігі жерде тек өз бас пайдасын көздемейді, жалпы ұжымдық тұрғыдан ойланатын болады.
Неліктен жұмысшы табы жетекші деп аталады? Өйткені үлкен өндірістегі жұмыс жағдайы оны ұжымшыл етіп тәрбиелейді. Бұрыннан келе жатқан жұмысшы мамандар дін мәселесіне байланысты діндарлық танытпайды, өйткені олар шикізаттың және темірдің өңделуін, еңбектің машинамен атқарылатынын көзімен көреді. Осыған орай, оның материалистік көзқарасы дамиды. ...Әсіресе мұндай жәйт өндіру салаларында, металдың өңделуін, машинаның атқатарын жұмыстарын бақылауы, оның дүниетанымын нығайта түседі. Адам өзінің көз алдында темірден өте нәзік құрал, машина жасалатынын көріп, техниканың, оны ұйымдастырудың және ұжымның күшін түсінеді.
Міне сондықтанда жұмысшы тап, қоғамдық қатынастарды жақсы түсінеді, сөйтіп жетекші жұмысшы табы жетіліп және нығайып шығады.
Қазір, не болып жатқанын қарастырайық. Елдің индустриализация лануы жұмысшы табының күш-қуатын шыңдайды. Шаруашылықты коллективтендіру, бұрынғы ата-бабаларынан қалған шағын жеке меншік шаруашылықтарды біріктіріп, шаруалардың дүниетанмын жаңа бағытта өзгерте бастады. Осылайша, қазіргі жас ұрпақтарға коммунистік тәрбие беруге қолайлы жағдайлар туды. Уақыт алға жылжыған сайын коммунистік тәрбие беруге жағымды жағдайлар туатыны анық. Бірақта, балаларға коммунистік тәрбие беруді қалай жүзеге асыруымыз қажеттігін білу үшін, оның құрамды бөліктерін ажырату шарт.
Бұрынғы шағын жеке меншік шаруашылықта қолмен жасалатын өндіріс, қолөнер отбасы үшін маңызды болып келген еді. Шаруа баласы жас кезінен ата-анасының еңбегін бақылап, соны игеруге машықтанатын. Оған не істеу керектігі көрсетіліп, табиғи құбылыстар түсіндірілмейтін. Сөйтіп, сегіз жасар бала белгілі бір еңбек дағдысын меңгеретін. Бұрын отбасында еңбек тәрбиесі жүргізілетін. Ал қазір жұмысшы мен шаруа, әсіресе колективті шаруашылықтың жоғары формасы (коммуна) үйден тыс болғандықтан, ендігі отбасы баланы шаруашылыққа үйретпейтін болды. Жұмысшы еңбегі өндірісте өтетіндіктен, бала ешнәрседен хабарсыз. Сонымен баланың анасы жұмыста болса, ол үйдегі қария - әжесі мен көшенің ықпалында болады.
Осылайша завод жұмысшыға ықпалы етсе, бала көше ықпалында болады. Осындай үдерістер шаруа отбасында да болып жатыр. Ендігі шаруалар ірі колхоз бен егін шаруашылық совхоздарында еңбек ететіндіктен, отбасы өзінің еңбекке тәрбиелеу қызметін жүзеге асыра алмайды. Қызметкердің, яғни жұмысшы емес отбасын қарастырсақ, ондағы еңбек тәрбиесі тек үй шаруашылығына қатысты жүргізіледі. Еңбектің бұл түрі баланы өзін-өзі күтуге тәрбиелейді. Фабрика асханаларына келетін болсақ, мұндағы еңбек тәрбиесі де толық емес...
Осыдан бала еңбегіне қатысты не байқалады? Деревнядағы бала тәрбиесіне назар аударсақ, орта шаруа өзінің жеке меншік шаруашылығына адам жалдауға қорқады да, отбасындағы баласын жұмысқа салады. Балалардан қанша уақыт жұмыс жасайтынын сұрасаң, олардан таңертеңгі сағат 6-дан кешкі сағат 6-ға дейін деген жауап аласың.
Бұл баланың күш-қуаты жететін жұмыс емес. Соның салдарынан бала отбасынан қашып кетеді. Осының бәрі отбасындағы еңбек тәрбиесінің нашарлығын көрсетеді. Мұндай кемшілік басқа мағынада да кездеседі. Бұрын ауқатты шаруа өз ісін «бала бойына сіңіруді» көздеген болса, қазіргі жағдайда ауқатты отбасының балаға ықпалы төмендеп келеді, өйткені мектеп пен айналадағы ортаның әсері күн сайын артып отыр.
Отбасылық ықпал мен еңбек тәрбиесінің төмендеуінің басқа да қырлары бар. Бір қырынан, баланың отбасында қараусыз қалуынан, оның отбасын тастап кетуге ұмтылысы басым, өйткені отбасында ол бұрынғыдай қажетті тәрбие ала алмайды. Отбасы тәрбиесінің орнына, нені қолдануға болады? Бұрын шағын жеке меншікті шаруалар отбасында балаға тәрбие берілген болса, ал мектеп тек бір ғана қызметті - оқытуды іске асырады. Сондықтан «мұғалім оқытады, балалар оқиды» деген сөз бар. Мектеп тек саут ашу, жазу, есеп шығаруға үйреткен болатын. Бұрынғы жалпы мектепте еңбек оқытылмаған еді, тек кәсіби мектептер ғана еңбекті оқытатын болған. Бұрынғы жалпы мектепте еңбек оқытылмаған, қазіргідей еңбек сабағы жүргізілмеген.
Өндірістің өркен жаюына байланысты, бала тәрбиесіне отбасының ықпалы төмендеген сайын, мектептің тәрбиелік қызметі артып келеді. Біздің алдымыздағы басты мақсат - мектептерде, балалар мекемелерінде еңбекті қалай ұйымдастыру қажеттігін анықтау. Біздің ұстанған бағытымыз жалпы оқыту. Қазіргі жалпы оқытуда балаларға тек білім жиынтығын беріп қана қоймай, мектептің ықпалы барлық балаларға бірдей болуы тиіс.
Ең маңыздысы мектеп білім берумен қатар, еңбек мектебіне айналып, мектептегі еңбек баланы коммунистік рухта тәрбиелеуі керек.
Коммунистік партия бағдарламасында, ондағы оқу-ағарту, мектеп бөлімінде еңбек мектебін жүзеге асыру, тек еңбек емес, политехникалық мектепті, яғни еңбекті жаңаша тұрғыдан оқыту қажет.
Мектепте еңбекті жаңаша оқытуды қалай іске асыруға болады, қалай оқыту керек? Осыған орай мектеп завод пен ірі егін шаруашылық өндірісінде қандай білім мен дағдылардың керектігін көре білуі шарт.
Бұрынғы жағдай басқаша еді. Әрине, бұрын құралды меңгеру үшін шеберлікке балу қажет болатын. Біз колхоз жұмысын бақылап, оған не жетіспейтінін айта аламыз. Онда еңбек мәдениеті, еңбек құралдарын пайдалану, өз уақытын жоспарлай білу, атқарылатын жұмыстарды бөлісу, жұмыс екпінін таңдау жетіспейді.
... Осы тұрғыдан, жұмысшылар маңызды рөл атқарады, олар заводта қажетті біліктерді игерген, сондықтан мектеп, тәрбие мекемелері жұмысшылар мен шаруалар қауымымен байланыста болып, олардың тәжірибесін мектепке ендіруі қажет. Сондай жағдайда еңбек тәрбиесін жақсы жолға қоюға болады.
Қазіргі завод, фабрика, жақсы ұйымдастырылған ірі колхоз бен совхоздардың жұмысшыларын мектепте еңбек сабағын оқытуға тарту керек, ескі сарындағы еңбектен ештеңе өнбейді.
Бұл жердегі маңызды нәрсе, бала мектепте түрлі еңбекке бейімді болып, еңбек мәдениетін меңгеруі тиіс.
Мектептегі еңбек оқушылардың еңбек үдерістерін сырттай бақылап қоймай, қазіргі талапқа сай жүргізілуі керек. Мұндай түсінік әлі де жетіспейді...
Қараңыздаршы, дұрыс жолға қойылған еңбектің маңызы қандай. Мына Костиндегі Мемлекеттік саяси басқару мектебіне көріңіз. Бұл мектепке отбасынан келген жасөспірімдер, панасыз, қылмыс жасауға барған, қиын балалар алынған. Ол мектепте не жасалды? Еңбек мектебі ұйымдастырылып, шеберханаларға құрал-жабдықтар қойылып, тәжірибелі жұмысшыларды шақырып, оқушыларды оқытып, оларға құралдармен жұмыс жасау дағдылары үйретілді. Соның нәтижесінде оқуға деген ынта-ықыластары артып, өздері де тәртіпке келді. Осы мектепті көргендердің пікірінше, ол еңбек тәрбиесінің ошағына айналды.
Осы тәрізді мектептер де бар, оның бірі Ярославтағы балалар үйі. Оны басқарып отырған коммунист. Бас кезінде ол балалармен ештеңе жүргізу мүмкін емес деген болатын. Біз онымен хат алысып тұрдық. Ол еңбекке оқытуды дұрыс жолға қойып, жақсы жабдықталған механикалық шеберханалар ұйымдастырды. Сонан кейін ол хатында, тәрбиелену шілерінің тани алмастай өзгергенін жеткізді. «Олардың барлықтары шеберханада еңбекпен айналысуға ынталы болды». Еңбектің түрі мен оны ұйымдастыру өзгергендіктен, мектептің де тәрбиелік қызметінің маңызы артты.
Коммунистік тәрбие еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты. Шағын жеке меншік иесі айналасына өзіне тән көзқараспен қарайды. «Мынау маған пайдалы, мынау – менікі», т.б. Ал заводтағы жұмысшының айналасына көзқарасы қандай? Мәселен, коммунистік сенбілік немесе социалистік жарысты қарастырайық. Ол жұмысшыларды қалай тәрбиелейді? Иә, қазір, Октябрь төңкерісінен кейінгі 20 жылдан соң, жұмысшылар заводты өздерінің балаларындай көреді. Ондағы атқарылатын жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен, саналы тәртіп тұрғысынан қарайды, онысыз социализм құру мүмкін болмайды. Бұл - нағыз коммунистік тәртіп.
Мұндай тәртіпті колхоздарда кездестіре алмайсыз. Сенбілік пен жарысты көп рет ұйымдастыру арқылы еңбекке деген саналы жауапкершілікті ұзақ мерзімде қалыптастыруға болады. Коммунистік тәрбиенің темірқазығы осы. Еңбекке саналы қарағанда, біз әр адам еңбегінің қоғамдық еңбектің бір бөлшегі екенін байқаймыз. Осы кездегі өзара түсіністік басқа негізде, еңбекті дұрыс ұйымдастырудағы өзара көмекке негізделеді; өзара көмек – ұжымдық еңбектің ең маңызды қыры. Коллективтік еңбек ынтымақтастық сезімін тәрбиелейді.
Осылайша тәрбиеленген адам, жасөспірім саналы коллектившіл болса, ол айналасына басқа көзқараспен қарайды.
... Шағын жекеменшік иесі бәрінен қорқады, оған бәрі түсініксіз. Ал коллектившіл адам еңбектің мәнін, оны ұйымдастыруды түсінеді...
...Оған еңбекте бірге жұмыла жұмыс атқаратын жолдас қажет, жұмысты дұрыс ұйымдастыра білу керек...
...Оған инженер, жұмыста жолдас және дұрыс ұйымдастырылған жұмыс қажет...
Және колектившіл адам қоғамдық мәселеге жаңаша қарайды.
Колектившіл болып, ішкі саналылықпен тәрбиелегнен адам, қоғамдық тұрғыдан да тәртіпті болады, ол қоғамдық мәселелерге басқаша қарайды. Бұл - ең маңызды тәрбиелік міндеттердің бірі.
...Еңбек тәрбиесі балалардың жасына лайық болуы тиіс. Түрлі жастағы балаларға бір өлшеммен қарауға болмайды. Балалардың еңбекке қабілеттілігін сурет салуларынан байқауға болады. Ол бала бақшалары мен мектеп алды балаларынының сурет салу қабілеттерінен байқалады. Бала адам денесін мүсіндеу үшін ойланып барып: «Жоқ мен онан да үй жасайын» дейді. Сөйтіп үйді мүсіндейді. Міне бала өз күшін, мақсатын нақты шамалай білмейді.
8-9 жасар баланың еңбегін ересек адам еңбегімен салыстыруға болмайды. Ересек адам мен жасөспірімнің еңбегі белгілі бір мақсатты көздеген болса, ал жас бала үшін еңбек – айналаны түсіну, тану құралы. Бала бір нәрсе жасай бастағанда назары басқа нәрсеге ауатын болса, істеп отырған жұмысын ұмытып, басқа нәрсеге көңілі ауып кетеді. Сондықтан оның еңбегі өзгермелі. Бала еңбегінің ерекшелігі осы. Бала еңбектің барлық қырын біліп ескере бермейді. Оның қолына көбелек түссе, оның бар зейіні соған ауып, оның қанатын тамашалайды да, не істегісі келгенін ұмытып кетеді.
Міне, бұл бала жас ерекшелігіне тән құбылыс. Осыны 8-9 жасар балалармен жұмыс жүргізгенде, олардың нені оқып үйренетінін ескерген жөн. Ал осы жас мөлшеріндегі балаларға көбінесе механикалық жұмыс беріледі: тауықтарға, бақшаға қарау және т.б.
Енді 3-ші және 4-ші топты қарастырайық. Олардың суреті мүлде бөлек. Олар тұтастықты қабылдайды. Олар тұтастықтың ішіндегі жеке қырларына көңіл тоқтатады. Осылайша тұтастай қабылдау тілегі, 9 жастан 12 жасқа дейін байқалады, мұнда политехникалық еңбектің түрлі қырларын қамту арқылы еңбектің барлық бөліктері, бірімен-бірі тығыз байланысты екені көрсетіледі.
Жасөспірімнің салған суретіне қарасақ, оның суреті 10 жасар баладан өзгеше, жас бала адамның басын денесінен үлкен етіп бейнелейді. Жасөспірімді дененің тұтастығы мен әр жеке бөліктері қызықтырады. Ол дененің әр бөлігін мұқият бейнелеуге тырысады. Тұтас нәренің барлық қырына мұқият назар аудару, бұл жасөспірімдік шаққа өту ерекшелігіне тән құбылыс. Осындай сәтке өз деңгейінде жету үшін, алдыңғы кезең дұрыс қалануы тиіс.
Еңбек туралы айтқанда ересектерге қарағанда, балалардың тез шаршауға шалдығатынын ескеру керек. Сондықтан әр жас кезеңінің шамасын ескерген абзал. Егерде біз оларға өте үлкен салмақ салар болсақ, олардан жалқау, өзіне жүктелген жұмысқа салғырттық қасиет тәрбиелейміз. Балаларға жүктелетін еңбек механикалық емес, қызығушылық тудыратын, шамасы келетін, сонымен қатар шығармашылық еңбек болуы керек.
... Мен өз баяндамамда политехникалық еңбектің тәрбиелік маңызын көрсеткім келді.. Қазір отбасы тәрбиесінің төмендеуіне байланысты, алғы шепке қоғамдық тәрбие шығады, осы ең маңызды кезең.
Біз балалар үйін қайтадан жаңаша құруға тиіспіз. Балалар үйінің қазіргі жүйесі туралы айтсақ, ол өте нашар. Әсіресе, соңғы жылдары жекелеген әжептәуір балалар үйлерінің бар екенін де айтуға болады, бірақта ондағы балалардың өмірі айтарлықтай жақсы емес; олардың армандағаны бұл емес. Біз балалардың балалар үйінен қашып кетуін жиі естиміз. Оның себебі, балалар үйіндегі олардың еңбегі оны қанағаттандырмайды. Біз барлық тәрбиелік мекемелерде еңбек тәрбиесіне ерекше мән беріп, оны отбасы тәрбиесіндегі еңбекке жақын етіп құруымыз қажет.
Еңбек тәрбиесін қалай құруға болады? Бұл - үлкен мәселе. Бізге бірқатар мекемелер мен бірнеше балалар үйлері керек. Біз шеберхана, техникалық станция, балалар артельін құруды қолға алуымыз қажет. Бұл - басты буын. Бұл барлық тәрбие жұмысын жоғары сатыға көтеруге көмектеседі.
Балалар үйінде неге осындай жағдайлар кездеседі? Оның себебі ондағы еңбек тәрбиесі дұрыс ұйымдастырылмаған немесе мүлде жүргізілмейді.. Менің байқағаным, осы мәселеге мейілінше көңіл бөлген жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет