Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Бабанский Ю.К. Таңдамалы педагогикалық еңбектері



бет93/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Бабанский Ю.К. Таңдамалы педагогикалық еңбектері

Педагогика


IV тарау
Педагогикалық үдеріс

  1. Педагогикалық үдерістің негізгі кезеңдерінің сипаттамасы.



Педагогикалық үдерісті оңтайландырудың заңдылықтары, ұстанымдары мен тәсілдері

Педагогтар әрқашан оқытудың ең күшті нұсқаларын табуды мақсат етті, бірақ оңтайлы педагогикалық шешімдердің теориялық дәлелденулердің таңдауы тек қана 60 –жылдадардың аяғында арнайы жасақталды, себебі осы мезгілде шынайы ғылыми алғышарттар, сонымен қатар мұғалімдердің практикалық қызметіне қажетті жағдайлар туындады. Бұған адамдар әрекетін басқару теориясының дамуы септігін тигізді, сонымен қатар психологиялық оңтайлы шешімдер қабылдаудың психологиялық негіздерінің жасалуы, педагогикадағы оқытудың әртүрлі әдістерінің салыстырмалытиімділігінің зерттелуі, оқытудың үйлесімді тәсілдерінің, әдістерінің, формаларының ұтымды іздестірілуі де әсер етті.


Оқыту үдерісінің негізгі зандылықтарын қарастырайық:

  1. Оқыту заңды түрде қоғамның қажеттілігіне, әлеуметтік түрдегі тұлғаның жан-жақты дамуы мен оқушылардың шынайы оқу мүмкіндіктеріне тәуелді. Бұл заңдылық үдеріске толықтай, оқыту әдістері мен қажеттіліктеріне, оқу үдерісінің ұйымдастырушылық формаларына қатысты болады. Былайша айтқанда, техника мен ғылымның өнеркәсіптің, мәдениеттің, әлеуметтік қарым-қатынастың, қоғамның қажеттілігінің өсуіне байланысты оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқулықтар әр түрлі білім беру ұйымдарының оқытудың әдістері мен құралдары өзгеріп отырады. Оқыту компоненттері мен міндеттері оқушылардың жұмыс жасай алу қабілеттілігі мен өсудің өзгеруіне сай өзгеріп отырады.

  2. Оқыту, коммунистік тәрбие және жалпы даму үдерістері және заңды түрде тұтас педагогикалық үдеріске тікелей байланысты.

Осыдан оқыту әрқашан белгілібір түрде тәрбиелеп, дамытады, ал тәрбие мен оқу жаңа оқытудың тиімділігіне әсерін тигізеді. Заңды байланысты ескеріп білім мен біліктілікті қана үйретіп қана қоймай, оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне ықпал тигізу үшін мазмұнды оқыту формалары мен әдістерін жобалау керек.
3.Сабақ беру үдерісі мен үйрету заңды түрде оқытудың тұтас үдерісіне байланысты.
Сабақ беру мен үйретудің бірлігі кеңес мектебіндегі оқу үдерісін айқындайды, мұнда педагогикалық жетекшілік пен оқушылардың белсенділігі диалектикалық түрде қисынын табады. Бұл байланыс сабақ беру мен оқушылардың оқу танымдық жұмыстары тығыз болмаған жағдайда өте қажет және пайдалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет