Инге Эриховна Унт.
И.Э.Унт - белгілі педагог-ғалым, педагогика ғылымдарының доктор. Ол оқытуды саралау түрлері, даралаудың педагогикалық және психологияның мәселелерін зерттеді. Мектептегі сынып ішіндегі оқу жұмысының жеке формаларын ұйымдастыру әдістемесі ұсынылды. Әсіресе жеке пәндерді тереңдетіп оқытуға оқушының өзіндік жұмысы үшін жұмыс дәптерін пайдалануға назар аударылды.
3.1.11 Унт И.Э. Оқытуды саралау және даралау
Оқыту үдерісінде баланың жеке дара ерекшеліктерін ескеру талабы – бұл ежелгі дәстүр. Оның қажеттілігі анық, өйткені оқушылар түрлі көрсеткіш бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Педагогикалық теорияда бұл талап даралық тұғыр ұстанымы деп аталады. Алайда ол әртүрлі уақытта түрлі тәсілдерімен жүзеге асты.
Кеңестік педагогикада оқушылардың даралық ерекшеліктерін ескеру саласындағы зерттеулер тек оқу жұмысының сыныпішілік даралығымен шектеледі. Бұл мәселе әлі де кешенді зерттеуге алынған жоқ.
ІV тарау. Дараланған өзіндік жұмыс әдістемесі
4.1. Оқушылардың өзіндік жұмысы – оқу жұмысының формасы ретінде
4.1.1. Оқушылардың өзіндік жұмысының мәні
ІІІ тарауда оқытуды даралау саласында зерттеулерге түсінік берілген. Онда сыныпішілік даралық өзіндік жұмыс негізінде жүзеге асады. Жұмыстың мұндай формасы оқушыларға жеке орындалатын түрлі тапсырмаларды беруге мүмкіндік береді.
Сынып ішілік даралық өзіндік жұмыс формасында жүзеге асқандықтан, Өзіндік жұмыс ұғымын нақтылап алайық. Әр түрлі автор бұл ұғымды түрлі мағыныда қолданғандықтан, оны талдау қажеттілігі туындайды. Негізінде бұл ұғымның үш мағынасын кезіктірдік:
оқушы жұмысты мұғалімнің қатысуынсыз орындауы керек;
оқушыдан өзіндік ойлау операциялары, оқу материалына өзіндік бағдарлану талап етіледі;
жұмыстың орындалуы қатаң ретті емес, оқушы тапсырманы орындау тәсілі мен мазмұнын еркін талдай алады.
Әдетте, кеңестік педагогикада бұл ұғым бірінші мағынада қолданылады. Осы мәнінде бұл ұғымды да 50 -жылдары М.П. Кашин өз зерттеулерінде қолданды.
Ұғымның екінші мағынасын қолдайтын авторлар оқушылардың мәселені өзбетімен ойлап, шешуін маңызды санайды. Өзіндік жұмыс дәрістерді тыңдауда да қажетті. Ол әсіресе, тарихты оқыту әдістемесі үшін қажет (Дайри,1966).
Ұғымның үшінші мағынасын Р.Г. Лемберг қолданды. Ол оқушылар әрекетінің екі түрін ажыратты: орындаушылық және өзіндік. Іс-әрекеттің бірінші түрі мұғалімнің айтуы бойынша жүргізіледі. Ол берік білімнің, дағдының қалыптасуы үшін қажет.
Оқушылардың ішкі түйсікке сүйеніп әрекет етуі өзіндік әрекет деп аталады.
Эстондық дидактикада өзіндік жұмыс – маңызды мәселелердің бірі. Бұл саладағы басты педогог Й.Кяйс екі ұғымды өзіндік әрекет және өзіндік жұмыс деп ажыратты.
Өзіндік әрекет – бұл кең ауқымды ұғым, ал өзіндік жұмыс – белсенділіктің бірінші деңгейі. Оқушылар мұғалімнің көмегінсіз тапсырмаларды орындайды. Өзіндік жұмыстың екінші кезеңі – мұғалім ұсынған тапсырмаларды өз таңдауы бойынша орындау тәртібі. Үшінші кезең бұл – еркін әрекет, яғни оқушының өзі жұмыстың мақсатын анықтап, тапсырмаларды таңдайды. (Кяйс,1946) екінші мен үшінші кезең оқу жұмысының даралануын іске асырды.
Шетел педагогикалық әдебиеттерде өзіндік жұмысты белгілеу үшін бірқатар терминдер пайдаланылады.
ГДР-да «өзіндік жұмыс» термині өз мағынасында (selbstsandige Atbeit), ал ФРГ-да «жанама оқыту» (mittelbarer Unterricht) термині қолданылады. Австрияның, Швецарияның педагогикалық әдебиеттерінде «тыныш жұмыс» (Stillarbeit) термині қолданылады. Ал француз және ағылшын әдебиеттерінде, «дара жұмыс» (letravail individual, the individual work) деген терминді кездестіруге болады. Францияның педогогикалық өкілдері «еркін әрекет» (lactivite libre) деген терминді қолданады, яғни оқушылардың қызығушылығы мен бастамасы алға қойылады. Ал, АҚШ-та «тәуелсіз оқыту» (independent study) термині енгізілген. Оның мәні – оқушыларға бағдарламалар таратылады, ал оқушылар меңгеру тәсілі мен материалдарды еркін таңдайды. (Beggs Buffie,1965;Torrance,1966)
Қазіргі уақытта «өзіндік жұмыстың» келесі мағыналары кең қолданылады; Оқушылардың өзіндік жұмысы дегеніміз –
оқушыларға оқу тапсырмалары және орындау негіздері ұсынылады;
жұмыс мұғалімнің қатысуынсыз, бірақ басшылығымен жүргізіледі;
жұмыстың орындалуы оқушыдан ақыл-ой әрекетін талап етеді.
Ұйымдастырушылық негіздер бойынша өзіндік жұмысты екіге бөлуге болады:
мектептегі өзіндік жұмыс 2) мектептен тыс (үйде) орындалатын жұмыс. Мектептегі өзіндік жұмыс сабақ ретінде жүргізілуі мүмкін. Өзге логикалық жіктеу негізінде өзіндік жұмыстың тағы бір екі түрін ажыратуға болады:
жеке 2) топтық.
Өзіндік жұмыс оқушылардың білім мазмұнымен де белсенді етеді.
Өзіндік жұмыс барысында оқушылар нақты тапсырмалар алады. Ол белгілі жазбаша жұмыстың орындалуын болжайды. Бұл жағдайда оқушының тапсырманы орындауға қатысын тексеруге болады. Өзіндік жұмыс жеке темпте және стильде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.Өзіндік жұмыстың артықшылығы – барлық оқушылар (тіпті енжар, жалқау оқушылар) өзгенің көмегін күтпей, берілген тапсырмаларды өзбетімен орындайды.
Осылармен қатар оқу жұмысының ұйымдастырушылық құрылымы, оқытудың даралық формасы оқушылардың белсенділігін толықтай қамтымайды. Ол үшін оқушыларға тек механикалық жаттығулармен шектелмейтін, ақыл-ой әрекетін белсенді ететін материал көбірек берілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |