Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Басқарудың теориясы және мектепшілік ??



бет141/161
Дата04.11.2023
өлшемі2,59 Mb.
#121815
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   161
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Басқарудың теориясы және мектепшілік ??

Басқару жүйесі қоғамның қызметтендіру қажеті болып табылады.


Басқаруды «тәртіп және қалпына келтіруді» қамтамасыз ету,оның барлық сипаттамаларын ескере отырып К.Маркс "Басқару қажетті уақытта өндірістің барлық амал әдістері"деді. Басқару қажетті уақытта өндірістің өзіндік үрдісінде қоғамдық еңбек барысына себепші болады."Барлық қоғамдық және бірлескен еңбек салыстырмалы ірі мақсатты жүзеге асыруда үлкен және кіші деңгейдегі басқаруды қажет етеді, яғни өндірістің барлық іс-әрекеттен туындайтын өзінің жеке іс-әрекетінен айырмашылықта жеке жұмыстар арасындағы қоғамдық қызметтерді орындайды, мәселен жеке скрипкашы өзін-өзі басқарады ,ал оркестр дирижерді қажет етеді"(К.Маркс)
Жалпы қоғамдық практида өзінің міндеті мен басқару тарихи және әлеуметтік деп бөлінеді."Ғылыми басқару қоғамдық жүйеге біртұтас әсер ету; жүйенің заңға сәйкестігін келтіру. Ал, ғылыми басқарудың теориясын қалыптастыру және практикада жүзеге асыру үшін тез арада ғылымда басқарудың қоғамдық және заңдылық тұрғысынан дамуы қажет болды".Бұл ғылымды, яғни қоғамда біртұтас өзін-өзі басқару жүйесін К.Маркс және Ф.Энгельс жасады.Марксистік-Ленинистік негізде жаңа ғылым қалыптасты - ол әлеуметтік басқару. Ол әлеуметтік жүйеде басқарудың жалпы заңдылығын зерттейді. Мектепшілік жұмыста басқару осы заңдылық негізінде міндетті есеппен ағартудың, ерекше кеңістігін жүзеге асырады, өзінің нысанында басқару қызметі және әдісі,адам қызметіндегі база кеңістігіндей әр түрлі байланысты болады. Басқарудың жалпы мақсаты социалистік қоғамда социализм заңдылығын қолайлы және танымды пайдалану,сонда ғана субъективті фактор жетістікке жетуге басты роль атқарады. Егер, басшының қызметі нақты жағдайға салауатты түрде сүйенбесе, онда еркін шешімге мүмкіншілік ашылуы, жетекші басқару жүйесінің қалыпты қызметін бұзады.
Мақсатты басқару –басқару нысаның дамуы және жетілуіне практикалық тұрғыдан әсер ететін маңызды ошағы ретіндегі оның әлеуметтік мазмұнын білдіреді. Ю.А.Тихомиров басқаруға төмендегінше анықтама берген. «Мақсатты, болып жатқан үрдістегі қойылган мақсатқа сәйкес жоғары жетістіктерге жету» Басқару белгілеріне мақсатты таңдау,бсақару ғылыми негізділігі,басқарудағы барлық мүшелері, шешім қабылдайтын адамдар және басқару жүйесі,шешім қабылдауды және іс-шараларын жүзеге асыру.
Басқарудың мазмұны,мағанасы және міндеттері қызметтен көрініс табады. Көптеген ғылыми әдебиеттерде "Басқару қызметі" түсінігі әртүрлі түсінікте қамтылған.
"Бір жағдайда бұл түсінік әлеуметтік жүйенің барлық жүйесін көрсетеді, екіншіден, басқару үрдісінің сатылары, ал, үшіншіден-басқару қызметінің түрлері.
Негізгі басқару қызметі, В.Т.Афанасьевтың пікірінше; «басқару шешімін қабылдау және өндіру; ұйымдастыру, реттеу, түзету, бақылау және есеп".Басқару қызметін жүзеге асыру ақпараттық үрдістермен тығыз байланысты. Алайда, басқару барлық уақыт нақты нысанға бағытталады және мұндай қызметтер "жоспарлау, бағдарлау және бақылау" ретінде болады.
М. Л.Бачило – «ештеңе айқындалмайды,егер әңгіме нақты ұйымдар жұмысының пәні және мазмұны туралы болмаса».Соңгы жылдары Э.Г.Костяшкин,М.Т.Захарова,Ю.А.Конаржевский,А.М.Цирульников,
П.В.Худоминский мектеп басқару қызметінің әртүрлі варианттарын сұрыптауды ұсынатын жұмыстарын жарыққа шығарды. Э.Г. Костешкино мектеп жұмысында өзінің ерекше негізгі мазмұнын қалыптастырды (оқу,тәрбие.сыныптан тыс т.б).педагогикалық ұйымдастыру қызметінің өзіне тән құрылымы (педагогикалық мамандар,қоғамдық ұйымдар, оқу құралдары т.б) Ю.А. Конаржевский сатыларды топтастыруда ( элементтер) басқару үрдісінің өзі ( мақсат қою, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және есеп, реттеу, айналым тиімділігін бағалау) А.М.Цирульниковтың пікірінше;
" мектеп басқару қызметін топтастыруда басқару еңбегінің әртүрлі принцитеріне сүйенеді. Бұл нәтижесінде мектепішілік басқаруды біртұтас құбылыс ретінде терең зерттеуде қиыншылық тудырады."Көрсетілген қиыншылықты, шешімді үйлестіру, ұстаным арқылы болдырмауға болады,
жүйедегі басқару қызметтін жеке қарау, мектептегі басқару қызметін нақты бөлу".
Осыдан басқару қызметі екі түрге бөлінеді:
1. Басқару нысанын айқындаушы басқару қызметі.
2. Мектеп басқару үрдісін айқындаушы басқару қызметі.
Кез келген басқару қызметін топтастыру, ерекше қызметке біріктіру, мектепшілік басқару еңбегі шешудегі бөлімі, А.М.Цирульников мұндай сападағы бастапқы жинақтаулы мектепшілік басқару қызметі педагогикалық басшылыққа жетелейді.Мұнда мектеп директоры шешуі қажет педагогикалық- ұйымдастыру кешенінің міндеттері, іс-шаралар және іс-әрекет және жалпы басқару теориясынан жағдайды механикалық тасмалдауда жинастыру.
Сондықтан әртүрлі басқарудың оқу үрдісіне әсері,бақылаудың әртүрлі түрлері, мектеп диреторының қызметін, біліктілігін, моделін жасау т.б сызба нұсқамен ерекшеленді және жасанды сипатамаға ие.
Мектепшілік әлеуметтік үрдістегі басқарудың теориялық шығармашылығын пайдалануға бірінші қадам жасау екі маңызды жағдайға бөлінеді.
1.Әлеуметтік басқару мазмұнына нақты үйлесілімділік, бірдей іс-шарада және барлық әлеуметтік жүйе үшін басқару субъектілері: үлкен жетекші және ғылыми дәлділікте мектепшілік жалпы жоба мақсаты және міндеттерін белгілеу,оның пәні және мазмұны.
2.Көптүрлі басқару қатынастары және оның классификациялары, түсіндіру және сипатамадан аз мағынаға ие емес ең маңыздысы басқару қатынастары кез келген қызмет саласында тек ғана осы ерекше салаға ғана қатысты емес, сонымен бірге саяси, құқықтық, идеологиялық, экономикалық және қоғамдық өмірдің нық аспектілерін қамтиды. Қазіргі басқару деңгейінің ерекшелігі - әлеуметтік жүйе және оның компоненттеріндегі ақпараттарды қайта өңдеу және өз уақытында алу ролін көтеру, оның алға жылжу сатылары, болжау және жоспарлауда жас ерекшеліктері қоғамның маңызды ерекшелігі. Басқарудың негізгі ерекшелігі жұмысты ұйымдастыру практикасында байқалады. Осыған байланысты ғылыми басқару жүйесінде негізгі маңызды ұйымдастыру қызметі,басқару үрдісі технологиясы. Басқару үрдісі – басқару субъектілерін белгілі құрылымда бірлестіру қызметі ( партиялық органдар, мемлекеттік қоғамдық органдар,) басқару мақсатында қойылған мақсатқа жетуге бағытталған нақты қызмет және басқаруға сәйкес әдістер және принциптерді қолдану.
Ұйымдастыру еңбегінің қорытындысы- адамдардың жұмыстарының тиімділігін жандандыру, олардың арасындағы өзара мүлтіксіз қарым-қатынастары, өзіндік ақыл-ойының өсуі, олардың белгілі іс- әрекетке ұмтылуы, жұмысқа жақсы көңіл- күймен, өз еркімен қарым-қатынасы. Бірақ, жұмысты ұйымдастыруда жетілдіру және қалыптастыру үрдісінде қойылған нақты мақсаттан ауытқу,оның жетістіктері үшін жаңа жолдармен құралдардың пайда болуы, кездейсоқ фактілер, құбылыстар, басқару субъетісінің сақ болмауы болуы мүмкін. Сондықтан басқару үрдісінде ең маңыздысы түзету,реттеу, қойылған тапсырмамен келісімге келу жүйесін келтіру.
Әлеуметтік реттеуде қабылданған шешіммен орындайтын топ,олардың орындауын ұйымдастырады.Басқару қызметінің ең маңыздысы есеп және бақылау болып табылады. Ағарушылық жүйесінде субъект және объект арасындағы басқару адамдар арасындағы қарым-қатынас, адамдардың адамдарға басшылық жасауы ретінде айқындалады.Сондықтан жақсы білім, қосымша білімді қалыптастыру, қызығушылық,талаптандыру,жеке тұлғаға басқа қажеттіліктер қажет.
Басқару және басшылық жасау үрдісінде адамға әсер ететін қандай құралдар мен әдістер, түрлерді пайдаланса, осыған байланысты қорытындыда әртүрлі нәтиже алады.
Басқару теориясының дамуы оның белгілі ой тұжырымы түсінігімен тығыз байланысты. Ең алдымен мектепшілік өзара байланыста «басқару» және «басшылық» түсінігін қарастыру қажет. Кейбір мамандар басшылықты барлық қызметтерді жүзеге асыратын әсер етуші қызмет ретінде айқындады.
Г.Х. Попов:" Басшылық қызметі- мидың басқаруы, яғни орталық нерв жүйесі. Сондықтан барлық қызметтерді жеке меншік деп атауға болады". Ал екінші пікірдегі ғалымдар «әлеуметтік қызмет» термині өз құрамына ғылыми басшылық, яғни басқарудың қиын және күрделі түрлерін қамтиды.
Үшінші топ ғалымдар «басшылық» және «басқару» басқару субъектінің басқару нысанына әртүрлі әдіс тәсілмен әсер етуі. П.В.Худоминский пікірінше: «Басшылық» және «басқару» басқару субъектінің басқару нысанына әртүрлі әдіс тәсілдерімен жаңаша әсерін көрсетеді. Нақты жағдайда басшылық адамдармен жұмыс жасайды, ал басқару-олардың қызметтерінің үрдісі мен қорытындысы».Ф.Г.Паначиннің пікірінше, «басшылық қызметі белгілі негізгі сызықтан тұрады, мекеменің басты мақсаты ағарту жүйесі, сондықтан ағартушылық басшылық ұйымы өзіні бағыныштыларды басқарады».Олай болса, мектепшілік әдебиеттерде «басқару» және «басшылық» түсінігіне нақты шектеу қоюға күрделі қиыншылық туғызған жоқ. Алайда, «басқару» термині халыққа білім беру ұйымдарына қатысты сияқты, ал «басшылық»- мектепке тән сияқты. Сондықтан «басқару басшылық және бақылауды сәйкестікпен қамтамасыз етеді» деген көзқараспен келісуге болады.
В.Г.Афанасьев «ғылыми басқару» және «ғылыми басшылық» түсінігін жалпы бірдей мағынада деп санайды. Бірақ олар, субъекті, нақты мазмұны, ең бастысы түрі,нысанаға әсер ететін әдіс-тәсілдері бойына әртүрлі. Ғылыми басшылық субъектісі Коммунистік партия. Партиялық басшылық бұл жоғары басқарудың жалпы және бар түрі, оның ядросы, тетігі... Мемлекет және басқа ұйымдар экономика және мәдениет, өндірістік техника және технологияны басқаруды, техникалық ұйымдастыруды басқару, әртүрлі нысандарда шұғыл басқару т.б. Ал біздің көзқарасымызда басқаруға деген жалпы түсінік қалыптасқан. Оның аумағында әртүрлі сала бойынша басқару қамтылған. Саланы басқару орындаушы қызмет ретінде айқындалады. 1919 жылы В.И.Ленин ұсынысы бойынша ғылыми күштердің бірігуімен күрделі әдістемелік бағдарламалар кешенін талдайтын Мемлекеттік оқу кеңесі құрылды. Онда жаңа оқулықтар және педагогикалық мамандарды қайта дайындау, ұйымдастыру, ұйымдастыруды басқару жұмыстарына ерекше мән берілді.В.И.Ленин: «Бұл өте күрделі тапсырма-өйткені ондағы миллион адамдардың өмірі, экономикалық жағдайы туралы мәселелерді қамтиды. Бұл өте қайырымды іс, оның шешімінен кейін Ресей тек қана советтік емес, социалистік республика болды». Совет Үкіметінде ағарту жұмысының ұйымдастыру жұмыстарына үлкен мән берді.1920 жылы қаңтар айында көрсеткішке ие болды1921 жылы ақпан айында ЦК РКП (б) ның Пленумында В.И.Ленин Мемлекеттік оқу кеңесіне байланысты сұрақтарды қарады.1921 жылы осы кеңестің жұмысы бойынша 6 хат жазды.1920 жылы қазан айында Политбюро ЦК РКП(б) Қаулысының жобасы «Халық ағарту комиссриатының қызметін жандандыру туралы шаралар» қаулысы қабылданды және онда «ұйымдастырудың өзара қарым-қатынасында ерекше бөліктерді талдау» ға ерекше назар аударды. 1921 жылы 27 наурызда халық ағарту комиссариатының орынбасары Е.А.Литкенсуге жазған хатында ; «Менің ойымша әкімшілік-ұйымдастыру жұмысынан үзіліп қалмаңдар. Сізден сұрайтыным қатал және тез (2-3 айдан кейін) қорытынды нақты, жауапты, 400000 мұғалімдердің жұмысын тексеру, олардың ұйымдастырушылық қабілеті, жаңа жетістіктері. Сізден осыны ғаан сұраймын». В.И.Ленин партия басқару субъекті туралы сұрақтарды талдады.Басқару нысанына қызметті бағыттау белгілі шешім қабылдауда басқару субъекті әлеуметтік құқықтық, әлеуметтік-психологиялық және адамгершілік іс-әрекет жүйесін пайдаланды. Басқару жұмысы басқару еңбегінің әдістеріне байланысты, әрбір оқиғаға байланысты әдіс-тәсілдерді қолдану нақты жетістіктерге жетелейді. Басқару теориясы «ұйымдастыру, басқару техникасы мен әдістері мектепшілік басқарудың маңызды көзі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет