Қорытынды Қорыта айтқанда, ойшыл ұлы ақынның дін жөніндегі түсініктері өз халқының діни сарындарға қарсы бағытталған прогресті рухани мәдениетінің, шығыс және орыс классиктерінің озық ойлы өкілдерінің ықпалымен дін иелеріне, діни ақындарға және панисламизм сияқты діни ағымдарға қарсы идеялық күрес үстінде қалыптасты. Иманның екі түрін талдап келіп, Абай, біріншіден, шын иман – таныммен барабар дегенді аңғартады. Екіншіден, иманды этикалық, адамгершілік мәселесімен ұштастырып, иман дегеніміз ар мен ұят дейді. “Ұят кімде болса – иман сонда”, “кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ” деп түйеді Абай өз пікірін.
Алайда ағартушы өзі өскен ортаның шеңберінен толық шыға алмайды, “иман” деген ұғымның қиялдан туған жалған түсінік екенін, мүлдем мазмұнсыз ұғым екенін айқын аңғара алмайды. Сондықтан ол бұл ұғымға моральдық мән, мазмұн беру жағынан қарастырады. Бұл, әрине, дінге ағартушылық тұрғыдан қараған әлсіздіктің, дін шеңберінен толық шыға алмағандықтың салдары. Абайдың “жан” туралы түсінігі де діни түсінікке сәйкес емес. Діни түсінікте адам жан мен тәннен тұрады, тән өледі, жан мәңгі өлмейді, иманды адамның жаны жұмаққа барып рахат, имансыздың жаны тозаққа барып бейнет көреді-міс. Абай бұл мәселені басқаша түсінеді. Оның пікірінше де адам жан мен тәннен тұрады.
Абай:
Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес
Ол бірақ қайтіп келіп, ойнап – күлмес
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған
Өлді деуге сыяма айтыңдаршы
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей?
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей
Міні қайда екенін біле алмассың
Терең ойдың телміріп соңына ермей.
Дүниедегі дос ақиретке бірдей болмас
Екеуі тап бірдей боп орныға алмас
Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.
Қолданылған әдебиет.:
1. Әлқожаев Қ. Абай және ислам діні: Абайдың ислам дініне көзқарасы // Ақиқат.- 1998.- N8.- Б.79-80
2. Әлқожаева Қ. Абай эстетикасы және ислам. - Алматы: Ан Арыс, 2008.- 152 б.
3. Досанқызы Қ. Абай неден түңілді?.. // Шапағат-Нұр.- 2007.- N1.- Б.25-26.
4. Омаров Д. Абайдың рухани мұрасы немесе данышпан берген салауатты өмір тағлымы. - Алматы: Ел-шежіре, 2007.- 264 б.