Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі коммерциялық емес акционерлік қоғам


Ертедегі шығыс философиясы — көне дəуір көрінісі



бет5/7
Дата24.03.2022
өлшемі48,03 Kb.
#28642
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Фил.СРС1.Ахметов Р.СИБк-20-1

Ертедегі шығыс философиясы — көне дəуір көрінісі
Ертедегі шығыс философиясы — көне дəуір көрінісі, жаңғырған танымның өрнегі мен өрісі, əдісті əрекет пен даналықтың үлгісі. Ол адамзат тарихындағы төрт мыңдық өркениеттің тоқтамы жəне мəдени жеңістің бағдары іспеттес. Солардың маңыздысы — мемлекеттің құрылуы, үлкен өңірде суармалы жүйе мен қалалардың салынуы, қол өнерінің жəне таңбалы жазбалардың қалыптасуы, құқықтық тəртіп пен ғылыми жаңалықтардың тұрмыс-салтқа енуі, олардың мал мен егін шаруашылығынан бөлініп шығуы.

Батыс пен Шығыс философиясын зерттеуге белсенді түрде жас зерттеушілер қалай кіріссе, үлкен салихалы ғалымдар да солай ден қоюда. Құрастырушылар Батыс пен Шығыс халқының дəстүрін, дінін, рухын терең білетін, ұлттық философияны жүйелі жəне жауапкершілік өлшемімен зерделейтін, белгілі ғалымдарға артықшылық берді. Олардың арасында ҚР ҰҒА академиктері Ə.Н.Нысанбаевтың, Ғ.Есімнің, философия ғылымдарының докторлары, профессорлар С.Н.Ақатайдың, М.С.Орынбековтің, О.А.Сегізбаевтың есімдерін атаған жөн. Авторлардың көпшілігі Батыс пен Шығыс философиясын еркін меңгергендіктен, бұл дисциплинаның пəндік саласын көрсететін зерттеушілердің еңбектері Батыс пен Шығыс мəдениетіне терең бойлаумен, Батыс пен Шығыс халқының тұрмысын, салттары мен дəстүрлерін, оның психологиясы мен тарихын терең білумен ерекшеленеді. Оның өзі философиялық ой жетістіктерін игеру барысында қалыптасты жəне дамыды. Осының бəрін тұтас қарағанда, Батыс пен Шығыс философиясы тарихын жемісті зерттеу үшін жəне оны тең құқылы жағдайларда əлемдік тарихи-философиялық үрдіске қосу үшін қажетті мəдени-тарихи жəне дүниетанымдық негізді құрастырады. Бұл сонымен қатар Батыс пен Шығыс мəдениетінің философиялық тілі қалыптасуының, философиялық категориялық аппаратының жетілуіне назар аударады.

К.Маркс кезінде: «Философиялық жүйесінің дүниемен байланысы рефлексияның байланысы болып табылады», — деп жазған еді. Философия өзінің мəн-мағынасы бойынша адамның Əлемдегі болмысының дүниетанымдық, дүниемен байланысының əмбебап сыни рефлексиясы болып табылады. Жалпы түрде ол ой толғайтын дүниетаным ретінде белгілене алады. Ол өз ішінде Əлем, Адам жəне олардың өзара қарым-қатынасы болып келетін дүниетанымдық, дүниемен байланысқа қатысты сюжеттерге ерекше мəн беріп, тақырыпқа айналдырады жəне проблемаларын қарастырады. С.Л.Рубинштейн айтып кеткендей, «мəселе əлеммен өзара қарым-қатынас ішіндегі адам туралы ғана емес, сондай-ақ объективті қарым-қатынас ретінде адаммен бірге қарым-қатынас ішіндегі əлем туралы да болып тұр».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет