Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата04.11.2023
өлшемі1,63 Mb.
#122231
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
1648114903441 (1)



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 
Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы 
 
 
 
 
PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІНІҢ ТЕСТ 
ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
 
 
 
 
 
 
АСТАНА 2014 


МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
ФУДЗИ ТАУЫНА ШЫҒУ 
Фудзи тауы Жапониядағы белгілі тыныш жатқан вулкан.
Сұрақ 1: Фудзи тауына шығу 
 
Фудзи тауының басына шығу көпшілік үшін әр жылдың 1 шілдесінен 27 тамызына 
дейін ашық. Осы уақыт аралығында 200 000-ға жуық адам Фудзи тауының басына 
шығады.
Орташа есеппен алғанда, күніне шамамен қанша адам Фудзи тауының басына 
шығады? 
A 340 
B 710 
C 3400 
D 7100 
E 7400 


Сұрақ 2: Фудзи тауына шығу 
 
Фудзи тауына апаратын Готемба жолының ұзындығы 9 километрге (км) жуық. 
Жаяу жүргіншілер 18 км жүрістен 20.00-де келуі керек.
Марат орташа есеппен бір сағатта 1,5 километр тауға шығатындығын, ал төмен қарай 
оның жылдамдығы екі есеге көбейетіндігін есептеді. Бұл жылдамдық тамақ ішуге және 
демалуға үзіліс жасауға мүмкіндік беретін уақытты ескереді.
Мараттың есептеуін қолдансақ, кешкі сағат 20.00-де қайтып келу үшін оның жүруді 
бастайтын ең кеш уақыты қандай? 
................................................................................................................................
Сұрақ 3: Фудзи тауына шығу 
 
Марат Готемба жолындағы жүрісінде өзінің қадамдарын есептеу үшін қадам 
есептегішті киіп алды.
Оның қадам есептегіші оның жоғарыға қарай 22 500 қадам жасағанын көрсетті.
Мараттың Готемба жолындағы 9 км жүрісіндегі орташа қадам ұзындығын есептеңіз. 
Жауабыңызды сантиметрмен (см) беріңіз.
Жауап: ................................................. см 


АҒАШ ПОЙЫЗ БӨЛІГІ 
Беріктің кішкентай қарындасы Айгүл өзінің ағаш пойызымен ойнағанды қатты 
ұнатады. Берік оған төменде көрсетілгендей иілген бөліктерден жол жасауға көмектесті.
Ескерту: Суретте масштаб ескерілмеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет