б) мемлекет жəне құқық теориясы мемлекет пен құқықтың
бір-бірін толықтыратын, бір-бірімен тығыз байланысты əлеуметтік
институт ретінде қарастырады.
Мемлекет жəне құқық теориясында осы уақытқа дейін мемлекет пен
құқықтың арақатынасы туралы басты екі бағыт орын алған.
Біріншісі – этатистік, бұл бағыт мемлекеттің құқыққа қарағанда
артықшылығын таниды, құқық мемлекеттің қызметінің өнімі,
оның жалғасы ретінде қарастырылады.
Екінші бағыт табиғи-құқықтық көзқарастар негізінде пайда
болды жəне құқықтың мемлекетке қарағанда артықшылығын
бекітті.
Мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі рөлі мыналардан
көрінеді:
1) құқықшығармашылық қызметті жүзеге асырудан. Тура
мағынада бұл мемлекеттің құқық нормаларын орнықтыратынын
білдіреді;
Достарыңызбен бөлісу: |