Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы оқо бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты диктант мәтіндерінің жинағЫ


Ақын — өзінің ішкі дертін, жан ауруын інжуге айналдыратын жұмбақ жан



бет48/49
Дата09.04.2023
өлшемі303,15 Kb.
#80738
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІ


Ақын — өзінің ішкі дертін, жан ауруын інжуге айналдыратын жұмбақ жан.

Қайсібір ақындар үшін дәстүрге айналған дауасыз дерт. Одан зардап шекпеген бақытты әдебиет бар ма екен?

Жынның момыны болмайды

Хайуандар ғана емес, адамдар да түлейді

Басқаға еліктесе де адам өлімге еліктемеуі тиіс.

Миға кірген ой, шөңгеден де жаман.

Өмірге келудің бір-ақ себебі болса, өмірден кетудің ондаған себебі бар.

Абыройыңнан айырылып, адамдық қасиетіңді аяққа таптап, күн сайын мың өлгенше, дұрыстап бір өлген артық.

Бақытсыз деймін, жалпы ақын өзі бақытты бола ма екен?
Әңгіменің төркіні — әңгіме.

Тыныштық жар төсегінен басталады.

Жазмыш логикаға қарамайды.

Елге, әсіресе басшыларға, тірі ақыннан гөрі өлген ақын тиімдірек. Олар өкіметтің мазасын алмайды. Айтатынын олар баяғыда айтып, сынайтынын олар баяғыда сынап кеткен.
Қай кезде де, қай-қай ақынға да оңай емес.

От пен судың арасы. Шындық пен өтіріктің арасы от пен судың арасынан да жаман.

Дұшпандары ақынға бәрін кешіреді, бірақ тірі жүргенін кешірмейді. Тірі ақын қашанда қауіпті.

Әйтпесе, басынан айырылған адамға тілден не пайда? Ал ақындар үшін тілінен айырылған соң басынан не пайда.?

Ақынның үнін өшірудің жылдар сынынан өткен ең оңай тәсілі – қылғындыру, тұншықтыру болып келген.


Батыр да бір оқтық, ақын да бір оқтық!

Бір ғана нәрсе көңілге медеу – көңілі сүттей ақ періште ақын өзін атқан ата жауларын көріп өлді.

Жалпы жазу үстелінің басында өлу – бүкіл ақын-жазушының арманы деуге болады.

Нағыз жазушы шындап келгенде ешкімге қызмет етпейді.

Қасқыр орманға қарап ұлыса, қазақ қырға қарап күрсінеді.

Көптің ішіндегі жалғыздық, аралдағы жалғыздықтан да жаман.


Көз адамдардың бәріне бірдей тәрізді. Бірақ жай адам басқаша көреді де, жазушы адам мүлде басқаша көреді.

Ағашты тамырынан, тамырды топырақтан ажыратып әкету қалай болар еді?!

Өнер жүрген жерде еліктеу болмай тұрмайды.

Кез-келген жас дарын қашан дараланып өзінше қалыптасып тынғанша бір мықтының тартылыс күшінен шыға алмайды.

Шығармашылықта емес, жай тіршілікте де ұстаздың әсері көрініп тұрады.

Ақша талғамға қызмет етеді.

Кейде жоқтықтың өзі жаңа сәннің тууына себепкер болады.

Ақындар тірлігінде жалпы логикаға сыймайтын құбылыстар жиі
болады.

Өнер адамы үшін шығармашылықта үшін, тіршілікте болсын, ең ақыры киім – кешекте болсын, ешкімге ұқсамау – басты міндет.

Билікқұмарлық, мансапқорлық, шенқұмарлық, бұл негізінен адамның өзі тауып алатын дерт.

Әмірге ергендердің аман қалғандары, сарайға жақындағандардың сау қалғандары шамалы.

Қолдан келсе табиғатқа тиіспеген жөн!

Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және ең негізгі шарты – ұлттық тіл.

Адам өрісі кеңіген сайын аң-құстың өрісі тарыла түседі.

Ғарыштық өлшеммен есептегенде планета деп жүрген Жеріміздің өзі бір ауыл ғана.
Ақын – жазушылар, меніңше, пайғамбарлығымен емес, пенделігімен қызық. Қолдарынан келгенше, пенделіктен пайғамбарлық жасағандарымен қымбат.

Махаббат – жүрекке де, сөзге де сыймайтын ұлы сезім.

Өзі ұлы ақын өзге ақынды бағаламай тұра алмайды.

Жалпы ақын деген халықтың, елім деп туған ерлердің бір қолы қаламнан босамаса, бір қолы қарудан босамаған.

Білместі білсем, көрместі көрсем деу – талантқа біткен табиғи құштарлық.

Ақындардың сегіз қырлы, бір сырлы болуы Шығыс үшін де, Батыс үшін де бұрыннан жаңалық емес.

Ақын атаулының бір жанды жері – тіл болса, екінші жанды жері- тарих.

Әр ұлттың рухани ұрасында, әр ғасырдың ғылыми қоймасында біз білмейтін қанша сыр, Қанша құпия жатыр?!

Адамды жамандасам да өзімді жамандағаным, ақынды жамандасам да өзімді жамандағаным.

Адамзаттың басты қасіреті – ол бүгін әділдіктен кетіп қалған.

Ақиқаттың өзін өтіріктің аузымен айтады.

Өзгені жеңу үшін, өзіңді жеңуің қажет.

Сайтандық та, әулиелік те адамның өз ішінде.

Сайтанымды өлтірем деп, пайғамбарын да қоса өлтіріп алуы ғажап емес.

Қайталап айта берген сөздің дәмі болмайды.
Мен өзімді шарапаттың шуағында өскен бақытты гүлдердің бірімін деп санаймын.

Әдебиет пен өнердегі дау — мәңгі дау.

Мен өзі о бастан байлық, билік, даңқ мәселесіне күдікпен қарап үйренгем.

Ол – оқудың, ізденудің нәтижесі емес, жетімдік мектебінің жемісі.

Адам қанша мықты болғанмен, Өмір одан гөрі мықтырақ! Есеңгіретіп кеткен кездері де аз емес!

Біздің қазақ әдебиетінің қасіреті қалың. Ол негізінен, қызыл империя кезіндегі қуғын-сүргінге байланысты.

Адамзатта қанша мінез болса, жазушыларда да сонша мінез бар.

Біреуге жақсылық жасау үшін әкім болу, бастық болу міндетті емес.

Ақындардың басты қызығы — өлеңдері, шығармашылығы.

Кісілік кісі таңдамайды. Ол қой бағып жүрген қатардағы қазақтан бастап, ел басқарып жүрген елеулі азаматтарға шейін, бір де біреуін жатырқамайды. Бірақ ол екінің біріне бұйырмайтын, адамның адамына ғана, соның жүрегіне ұя салатын қымбат қасиет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет