1 жағдай – 30 сек «Өмірдегі орным»
2 жағдай - 2 мин «Айналадағы адамдардың сенімсіздігі»
3 жағдай – 1 мин 40 сек «Әр адам - жеке тұлға, олармен жұмыс әдістері де әр түрлі болу керек»
Берілген жағдаяттардан мәселені және оның шешімін тауып әр топ «Постер» әдісімен А-3 парақтарына түсіреді (4 мин). Барлық топқа жұмыс барысымен танысу мүмкіндігі беріледі, жұмыс аяғында әр топ өз постерлерін қорғайды.
«Галереяда ой шарлау» әдісі бойынша әр постер қабырғаға ілінеді де топтар шарлап әр постерге стикерлерге пікір жазып жабыстырады. Постерлер қайтарылады, оқушылар сыныптастарының пікірлерін оқып, ең қатты ұнаған пікірді оқып береді. (3 мин)
Мұғалім: ал енді Панда досымыздың талпынысының нәтижесі қандай болған екен? Тағыда назарымызды экранға аударайық.
Мультфильмнің соңындағы Панданың жеңісі, Ұстазының күмәндәрінің жйылуы туралы фрагменті көрсетіледі. оқушылар өз пікірлерін айтады (3 мин)
Мұғалім: Ал енді балалар, келесі сөзді өздерің жақсы танитын Айжан апайларыңа берейін.
«Кедр» балалар-жасөспірімдер клубының психологі балалармен тренинг жургізеді.
Тренинг «Біздің алақанымыз»
Мақсаты: балалардың өзіне сенімін арттыру, топтармен еркін жұмыс істеуіне қол жеткізу.
Міндеті: балалардың жеке тұлға ретінде, сенімді тұлға ретінде қалыптасуын қадағалау.
Психолог: әр топтан 2 баладан шығуларыңды сұраймын.
Балаларға А4 қағазы беріледі. Ол қағазға әр топтан 2-3 баладан шыгып қолдарын бастырады. Қол бастырылған қағазға ат жазып топ ішіне жіберіледі. Топтағы балалар әр салынған саусаққа мінездеме жазады. Қағаз айналып келгенде, бала қағазда жазылған мінездемелерді оқып өз ойын айтады.
оқушылар жұмыс жүргізіп жатқанда топтың басқа қатысушыларына «Өзіне сенімді адам» тақырыбына байланысты психологиялық сұрақтар кояды .
Қандай тұлға болу керек?
Қандай кедергілер кезігеді?
Қиындықтарды қалай жену керек?
Қорытынды. Өз - өзіне сенімді дамыту қолдан келетін жағдай, бірақ оңай емес. Әртүрлі бағытта біраз жұмыстар істеу керек. Ең басты мақсаты - ол білім, өмірлік тәжірибе жинақтау арқылы сәттілікке жету. Өз-өзіне және маңайындағы адамдарға дұрыс карым – қатынас.
Мұғалім: Келесі сөз кезегін өздерің белсенді оқырмандары болып табылатын №7 кітапхананың меңгерушісіне беріледі.
Психологиялық әдебиет көрмесін ұсынады (5 мин).
Достарыңызбен бөлісу: |