А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН САБАҚ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
бет 2/10 Дата 21.04.2023 өлшемі 132,3 Kb. #85337 түрі Сабақ
Байланысты:
Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын сабақ үрдісіне енгізудің әдістемесі (2) 2 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫ Ң ШЫҒАРМАЛАРЫН САБАҚ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1
А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сыныпта оқытудың әдістемелері.............................................................................................
12
2.2
А.Байтұрсынов мұраларын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары...................................................................................................
17
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................
25
К ІРІСПЕ
К урстық ж ұмыстың ө зектілігі: Қазақстан Республикасының даму стратегиясының ең басты ұстанымдарының бірі алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарынан көріну болса, осыған байланысты білім берудің жаңа қарқынына қол жеткізуге бағытталған кең ауқымды міндеттерді шешуге қабілетті тұлға тәрбиелеудің маңызы артады. Осы мақсат негізінде білім беру саласын қалыптастырушы тұлғаларды таныту қажет. Сондай ғалымдардың бірі – А.Байтұрсынов еді. «Ахмет Байтұрсынов-ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға»,-деп Ә.Кекілбаев атап көрсеткендей, ғалымның артына қалдырғанмұрасын расында да ешкіммен салыстыруға болмайды. Ғалымның педагогикалық көзқарастарын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеу жұмыстары А.Қыдыршаевтың «А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұралары» атта ғылыми-зерттеу жұмысында қарастырылған. Мұнда қазақ тілінің әдістемесіне ғалымның қосқан үлесінің, тіл білімін дамытуға орнының ерекше екендігі талданған. Сонымен қатар, Р.Б.Үсембаеваның «А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгаршілікке тәрбиелеу» атта ғылыми-зерттеу еңбегінде ғалымның еңбектеріне ғылыми талдау жасалып және оны бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде пайдаланудың жолдары қарастырылған. Ал, А.Байтұрсыновтың педагогикалық-психологиялық мұраларының тәлімдік мүмкіндіктері Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтің «Қазақтың тәлім-тәрбиесі» және «Қазақтың педагогикалық ой-пікірлер Антологиясы» атты еңбектерінде жақсы ашылып көрсетілген. Дегенмен, А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұрасы, оның ішінде жалпы орта білім беретін мектептерге білім мен тәрбие беру, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мәселелері әлі де болса жан-жақты ғылыми –педагогикалық тұрғыда зерттелген жоқ деп айта алмаймыз. Ал, ол кеңінен зерттелуі және қазақ педагогикасы тарихынан заңды орын алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: