Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет30/168
Дата06.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#15622
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   168
Байланысты:
97bb8a17-479c-11e4-973d-f6d299da70eeЭУМКД п-225 (1)

СОӨЖ №6

Тақырып атауы: Табиғаттың жазғы құбылыстары және ауыл шаруашылығындағы еңбек

Сабақтың мақсаты: Балаларды жазғы табиғатпен таныстыру әдістерімен танысу

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

Балаларды жазғы табиғатпен таныстыру:

Сәбилер тобы (еңбек дағдыларымен таныстыру)

Естиярлар тобы (Тірі табиғат құбылыстарымен таныстыру)

Ересек балалар тобы (Еңбек дағдыларын тәрбиелеу)

Тапсырма: Мектепке даярлық топ балаларын табиғатпен таныстыру әдісінің (экскурсия) үлгісін құрастыру

Әдістемелік ұсыныс:
Егін орағы кезінде егістікке экскурсия өткізу

(үлгі жоспар)

Экскурсияның мақсаты: балалармен бірге егін жинайтын комбайнның жұмысын бақылау. Колхозда машиналардың жәрдемімен атқарылатын жұмыс қалай жеңілдейтіндігі туралы түсінік қалыптастыру.



Экскурсияның барысы. Тәрбиеші балаларға бидай; егістігінің жалпы көрінісін оның жаздың басында өткізілген экскурсия кезіндегі көрінісімен салыстыруды ұсынады. Егістіктің кеңдігіне, егің жинауда бір мезгілде неше машина жұмыс істейтініне назар аудару керек.

Балалар егістікте анықтап қарай алатын машиналарды атап шығуды ұсыну керек.



Комбайнның жұмысын бақылау. Балаларға қойылатын сұрақтар: комбайн не істеп жүр? (Бидай орады, масақ бастырады, астық тазартады.) Комбайнды кім басқарады? Комбайншы не істей білуі тиіс? Комбайншыға кім жәрдемдеседі?

Дайын астық комбайннан буын қап арқылы машиналарға тиелетінін, машиналар оны астық қоймаларына жеткізетінін түсіндіру керек.

Мұндай машиналар болмаған бұрынғы кезде колхозшылар бүкіл жұмысты қолмен атқарғанын айту керек. Еңбек өте ауыр болған. Қазір комбайн және жәрдемшісі бар комбайншы көп адамдардың жұмысын атқарады. Олардың еңбегі әлдеқайда жеңілдейді. Машиыалар астықты көп әрі тез жинауға жәрдемдеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет