1.Бағдарламаның мазмұны.Балалар бақшасында мектеп жасына дейінгі балаларды өлі табиғат заттарымен және құбылыстарымен таныстырады: аспан әлемімен (күнмен, аймен, жұлдыздармен); аспандағы құбылыстармен (күннің шығуы мен айдың батуы, ай фазасының ауысуы, күннің ертеңгіліктегі тұратын орны); сумен — оның қалпының өзгеруімен (қатумен, қар мен мұздың еруімен, бұлттардың түрімен, жауынмен, қара бұлтпен, шықпен, қыраумен); қатты денелермен (құммен, сазбен, таспен), олардың қасиеттерімен; а у а м е н, оның қозғалысымен, желдің бағытымен және күшімен; э л е к т р және жарық құбылыстарымен (найзағаймен — күннің күркіреуімен, кемпірқосақпен, түсті жолақтардын, формасы және орналасуымен); өздерінің жер учаскесіндегі, жақын ормандағы, парктегі, көгалдағы, егістік жерлердегі өсімдіктермен (ағаштармен, бұталармен, шөп тұқымдас өсімдіктермен және саңырауқұлақтармен) — өсімдіктердің бөліктерімен, олардың формаларымен, түсімен, өсу процесіндегі және жыл маусымындағы өзгерістерімен, өсімдіктерді қорғаумен; жергілікті жерге ең көбірек таралған ү й жануарларымен (сыртқы түрімен жекелеген мүшелерінідегі құрылысымен және олардың қозғалу, қоректену, жауларынан қорғану ерекшеліктерінің байланысымен, жануарлардың мекендейтін орынымен, жылдың әр түрлі маусымындағы олардың өміріндегі өзгерістерімен жануарлар және оларды қорғау жөніндегі қамқорлықпен); өсімдіктерді өсіру және жануарларды бағып-күту жөніндегі еңбекпен.