Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты


Тақырыбы:Үй жануарлары мен жабайы аңдар



бет126/168
Дата06.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#14486
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   168
Байланысты:
97bb8a17-479c-11e4-973d-f6d299da70eeЭУМКД п-225 (1)

Тақырыбы:Үй жануарлары мен жабайы аңдар

Дәрістің мақсаты: Балаларды үй жәнежабайы аңдармен таныстыру

Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:

1.Үй жануарлары



2.Жабайы аңдар

Үй жауарлары. Адамға пайда келтіріп, үй шаруашылығында тіршілік ететін және өсіп-өнетін жануарларды үй жануарлары дейді. Адам ол жануарларға қамқорлық жасап, тіршілігіне қажетті жағдайлар туғызады.

Мысық бұдан бірнеше мыңдаған жыл бұрын қолға үйретілген. Ол Египетте егістікті тышқаннан қорғады, сөйтіп, әулие жануарлар ретінде саналды. Қазіргі кездерде де тышқандар мен егеуқұйрықтардан құтылу үшін мысықты жиі ұстайды. Ол өзі тіршілік ететін үйге өте үйірсек болады.

Мысық (жыртқыштар отряды)—әдемі жұмсақ жүнді, үлпілдек құйрықты, кішкене жануар. Домалақ басында сыбдыр еткен дыбысты қалт жібермейтін 2 кішкене сақ құлағы, қараңғыда жақсы көре алатын үлкен көзі болады. Мұрнында қылшықты мұрты — сезу мүшелері бар.

Мысықтың аяқтары қысқа, саусақтарының жұмсақ табандары бар, үшкір имек тырнақтарын жүрген кезде соған жасырып алады, сондықтан бұл жануарлар жайлап естіртпей жүреді. Мысық ағаштарға, дуалға өрмелегенде тырнақтарын шығарып алады. Мұнда ол кішкене құстарды аулайды. Биіктен жерге секіріп түскенде ол ауада аударылып, жерге қашанда табанынан тік түседі. Мысық жерде тышқан аулайды. Олжасын көрген кезде ол жасырынып, денесін әдемі созады, тізесін бүгіп, жеміне өте шапшаң атылады.

Тістерінің құрылысы жағынан мысық нағыз жыртқыш, ол ұстаған олжасын басқа тістерінен алға қарай шығыңқы үшкір, үлкен күрек тісімен өлтіреді, үстіңгі беті қырлы-қырлы, өткір, бұдырлы азу тісімен мылжалайды. Ең күшті тістері — ет жейтін тістер, астыңғы және үстіңгі жақ сүйектерінде бір-бірден орналасқан.

Мысық өте таза жануар, ол үнемі «жуынып», «таранады». Бұл жыртқыштың сезім болып табылады. Ол жүндерін тазарту арқылы өзін сездіріп қоятын иістен құтылады.

Мысық тойғанда немесе қожасының тізесінде жылынып жатқан кезде тып-тыныш пырылдайды, ал өзіне қауіп төнгенде пысқырып, арқасын күжірейтеді.

Аналығы соқыр күйінде туатын күшіктеріне барынша қамқорлық жасайды. Ол күшіктерін сүтпен қоректендіріп, оларды үнемі тазалап, ойнатады. Осындай ойындар кезінде жас жануарлар күш алып, ептілігін жетілдіреді, болашақ жыртқыштық сезімдері көріне бастайды

Ит — жыртқыш жануарлар отрядына жатады. Бұл — адамның тұңғыш асыраған сенімді досы, ол үнемі адамның үйін және мал табындарын қору арқылы сеніміне мүлде берілген. Күзетші иттер (шпицтер, овчаркалар, қорашыл төбеттер) өте сақ құлағын жиі тігіп (құлақ қалқанын көтеріп), дыбысты жақсы есітеді. Мұрын қуы-сының сілемей қабықшасы иіс қабылдауға өте сезімтал.

Ит адамның аң аулауына көмектеседі. Солтүстікте оны адам ат орнына пайдаланады , шекара қорғауға жәрдемдеседі.

Иттердің жабайы тегі шиебөрі мен қасқырлар деп есептеледі. Адам жүнінің бояуы, дене шамасы (өте кішкене жапон иті, орасан үлкен — сенбернар), мұрнының пішіні (мұрны созылыңқы — тазы, қысқа, доғал — бульдога) және кұлақ пішіні (тік құлақ — лайка, салпаң кұлақ —спаниел), дауысы (шәуілдек — лайка, қарлыққан жуан дауыспен үретін — овчарка) бойынша иттердің әр алуан түрін өсіріп шығарды.

Иттердің аяғы мысыққа қарағанда ұзындау әрі сидамдау; алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан біраз қысқа. Иттер жақсы жүгіреді, бірақ мысықша секіре алмайды. Табандарындағы тырнақты саусақтары ішке қарай бүгілмейді. Ит еденмен жүріп келе жатқанда мысықтікінен ерекше тырңағымен тықылдатып жүреді.

Иттің тіс құрылысы мысықтікіне ұқсас, тек азу тістері ғана кептеу болып келеді. Ит тек етпен ғана емес, өсімдік тектес тамақпен де қоректенеді.

Күшіктері соқыр болып туады, көздері тек 10—12 күннен соң ғана ашылады, аналығы оларды сутпен қоректендіріп, жалайды, тазалай-ды, олармен бірге ойнайды.

Жылқы (тақ тұяқтылар отряды). Бұл — ірі денелі, әдемі де өте күшті жануар. Ол тез әрі тынбай шауып, ауыр жүкті де тарта алады. Денесі мен аяқтарының құрылысы осыған бейімделген. Оның биік, жіңішке, бұлшық етті аяқтарында ұзын тұлғасы бар. Әрбір аяғында қатты мүйіз тұяқпен қапталған тек бір ғана бақайшағы болады. Шапқанда және жүрген кезде жануар соны тірек етеді. Жылқы жауынан (мысалы, қасқырлардан) қорғанғанда артқы аяқтарымен қатты тебеді.

Әдемі ұзынша басында қимылдағыш сергек құлағы болады. Жануар тынышсызданғанда құлағын қимылдатып, «қайшылайды». Кірпікті, үлкен көзі бар. Танаулары кең. Тістері жұмсақ, ауызы үлкен. Мойыны ұзын, басын жерге жеткізердей иілгіш, желкесінде жалы болады.

Жылқының құйрығы ұзын қылдан құралады. Ол құйрығымен қағып, терісін жыбырлатып насекомдарды қуып жібереді. Түгі қысқа, тегіс, жылтылдап тұрады; түсі әр түрлі — ақбоз, қара торы, ала, тарлан болып келеді.

Жылқының тістері күрек тіс, ит тіс (айғырларда) және азу тіс болып бөлінеді, азу тістері биік, үстіңгі беті өсімдік тектес азықты жақсы шайнап, үгітетін кедір-бұдырлы тіс сауытымен қапталған. Жылқы шөп жегенде оны еріндерімен орап алып, аузына қарай тартады. Жылқы фермаларында жылқыларға шөп, пішен беріп, күніне үш рет суарады.

Жылқы адамға тез үйір болып, өзін бағып-күтетін кісіні біліп, соған үйірсек болады.

Құлындары көзін ашып туады, енесінің сүтін емеді. Бие сүтінен Башкирияда өте дәмді, шөл қандыратын емдік сусын—қымыз дайындайды.

Есек тақ тұяқты жануарларға жатады. Ол жылқыға ұқсас болады. Тұяғы айыр емес, тістері жылқының тістері тәрізді. Жылқыдан айырмашылығы — денесі шағын, құйрығы сиырдың құйрығына көбрек ұқсайды, тұлғасына қарағанда аяқтары ұзын. Құлағы ұзын, жақс ы қимылдайды. Жүнінің түсі көбінесе қошқыл сұр болады.

Есек — жылы жерлердің: Қырым, Кавказ, Молдавиянын, үй жануары. Ол өте төзімді, үлкен жүкпен тауға шығып, жалғыз аяқ, тар қолдармен, жылқы өте алмайтын жерлермен жүріп кете алады. Азык талғамайды, ірі азықты (қурай, шоңайна) жейді, бірақ тек қана таза су ішеді. Есек — жуас мал, бірақ ызаланғанда тұяқтары мен теуіп жіберуі де мүмкін. Есекті «тірі барометр» деп санайды, өйткені ол ауа райы бұзылардан бұрын жағымсыз дыбыс береді (ақырады).

Сиыр (жұп тұяқтылар отряды). «Сиыры бардың сыбағасы бар»— деген халық мақалы бар. Бұл адамға сүт береді, одан сүзбе, қаймақ май және ірімшік жасалады, ол өнімдер майлы және сіңімді белокқа бай келеді.

Сиырдың тұлғасы ұзын, жалпақ, төсі қысыңқы (оның ішектері өте ұзын). Аяқтары күшті, төрт бақайшағы бар. Тек ортаңғы 2 бақайшағы ғана жақсы жетілген, сиыр жүргенде соны таяныш етеді. Сиырдың құйрығы ұзын, ұшы шашақтанып тұрады, оны бұлғаңдатып, насекомдарды қуалайды. Денесін қатқыл жүн жауып жатады.

Үп-үлкен басында үшкір, іші қуыс, ішке карай имектеу мүйізі болады; құлақтары үлкен, сыртқа қарай қалқиып тұрады, танауы кең, ылғалды болып келеді де, тесіктері мұрын қуысындағы жақсы жетілген иіс сезу мүшесіне жалғасады — жануар улы өсімдіктердің жеуге жарамдыларын иісі арқылы ажыратады.

Сиырды таза, жылы, жарық қора-жайларда ұстайды. Қыста оларды күніне 2—3 сағаттық серуенге шығарады. Жазда жануарларды жайылымда немесе байлаусыз еркін азықтанатын алаңда жайып ұстайды.

Сиырды неғұрлым жақсы жемдесе, сүтті соғүрлым мол береді. Сүтті сиырлар жылына 5 000 л, ал рекордшылары 10 000—12 000л сүт береді.

Сиыр жыл сайын бұзаулайды, бұзаулары туған бойда-ақ жүре алады.

Шошқа (жүп тұяқтылар отряды). Шошқалардың арғы тегі — жабайы қабан. Ол сонау тас ғасырында, иттен соң-ақ іле-шала қолға үйретілген.

Шошқаның ауыр, майлы денесінде қатқыл, қайратты жүн (қылшық) қаптап жатады. Аяқтары қыска, 4 бакайының екеуі жақсы жетіліп, тұяқпен қапталған, екеуі жетілмеген. Мойыны жуан әрі қысқа, басы сына тәрізді. Мұрыны талпақ, жануар онымен тіміскілеп, қорегін иісінен іздеп табады. Кірпік қоршаған кіп-кішкене көздері батыңқы.

Шошқа азық талғамайды, ол еті мен майын жинап, тез өседі. Шошқаның тістері өте әр түрлі — күрек тістері үлкен, азу тісі де үлкен, сойдақ тісі, үсті кедір-бұдырланып мұқалған артқы тістері болады.

Шошқаларды қорада немесе қоршауда ұстайды. Қазіргі шошқа қоралары таза, кең, жарық, ауасы таза және жануарларды жуындыратын арнайы душы бар. Бордақыланатын шошқаларға картоп пәлегін, беде мен қант қызылшасынан жасалған құрама сүрлем немесе сүттеніп піскен жүгері собығы, асқабақ пен жоңышқаның пішендеме ұнын береді..

Шошқалар өте өсімтал: жылына екі рет 10—12 торай береді.

Қой — жұп тұяқты мал. Қолға итпен бірге үйретілген. Қойды жақсы еті мен терісі үшін колға үйреткен. Қойдың жүні калың, кейдө бұйра, ақ, сұр, қара, қоңыр түсті болып келеді. Қойларды жүнінің сапасына қарай биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, жартылай қылшықты, қылшық жүнді деп ажыратады.

Қойдың басы денесіне қарағанда онша үлкен емес. Қошқарларының үлкен, иір мүйізі болады. Аяқтары қысқа, жақсы жетілген тұяктарының 2 бақайшағы бар.

Қойлардың кейбір тұқымын ет пен май алу үшін өсіреді. Бұларды құйрықты қойлар дейді. Олардың құйымшағының үстіне май қоры жиналып, құйрық майы түзіледі.

Қойлар жайылымда бір орыннан екінші орынға жайлап жүріп ауысады, шөпті салғырт жұлып жейді; олар бірдеңеден үріккен кезде жан-жаққа бытырай қашады немесе бір-біріне тығылып, топырласып қалады. Жыртқыштар шабуыл жасағанда қошқарлар оны мүйізімен сүзіп, саулықтар қорғанбастан қашып кетеді.

Қойлар да сиыр тәрізді шөппен, жас жапырақтармен қоректенеді. Қыста оларға шөп салып, жұмсақ сабанмен азықтандырады, су құятын астауға аздап тұз салып қояды. Қазіргі кезде қойларды кең де жылы қораларда ұстайды. Украинаның, Қазақстанның, Кавказдың совхоздары мен колхоздарында қойды жыл бойы шөбі мол далалық немесе таудағы жайылымдарда үлкен табынмен бағады.

Қой — адамға ең пайдалы жануарлардың бірі. Оның жүнінен тамаша жүн мата, жүннен басылған аяқ киім жасайды, жылы малакай, қолғап, шұлық, үйық тоқиды. Қой терісінен тон, жүқа былғарысынан аяқ киім тігеді. Сүтінен ірімшік дайындайды.

Қой жыл сайын көктемде 1—2 қозы туады. Қозылар табында өте ширақ, ойнақтап жүреді, енесін көргенде маңырап, қуанғандығын көрсетеді.

Ешкі — жұп тұяқты мал. Кейбір тұқымдарының (ангор) жүні жібектей жұмсақ; одан ете нәзік мата жасайды, малақай, шарқат және басқа жылы бұйымдар тоқиды. Ешкі қою, майлы және дәмді сүт береді; одан тамаша ірімшік пен сүзбе жасайды.

Ешкінің құлақтары жоғары тікірейіп, мүйізі қуыс, кейін қарай қайқыланып тұрады. Маңдайы деңес, үстіңгі ернінде жүн болмайды, иегінде сақалы бар. Мойыны ұзын, кұйрығы шолақ, сып-сидам ұзын тұяқтарында тұяқпен қапталып жақсы жетілген 2 бақайшағы болады.

Ешкілер жақсы жүгіріп, секіреді, ал таулы жерлерде тастарға жармасып, жартастарға тырмысып шығады. Қошқарлар мен саулықтарға қарағанда олар шапшаң, қимылы епті, ширақ та әуестенгіш, үркек емес, еркелетуді ұнатады.

Ешкі сиыр мен қой жейтін нәрсенің барлығын жей береді, бірак, әсіресе бұталар мен ағаштардың жас бұтақтарын сүйсініп жейді. Ешкілерді де қойларға арналған қора-жайларда ұстайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет