Гүлбақтардың жобасын жасау балалар бақшасының әрқайсысының жағдайына байланысты болады. Жер учаскесі жеткілікті болса, үлкен гүлбақша жасалады. Мұны әдетте үлкен адамдар мен мектеп жасына дейінгі ересек балалар күтіп-баптайды және әр топтың учаскесіне бір-екіден клумба немесе гүл жүйектерін жасайды.
Гүлдер егілетін үйме топырақтардың (клумба) көлемін әр түрлі етіп (дөңгелек, ұш бұрышты, жұлдызша) жасауға болады, бірақ көлемі баланың қолы олардын, ортасына дейін жететіндей, яғни диаметрі 70 см-ден артық болмауы тиіс.
Шағын гүл жүйектері (рабатка) — тік бұрыштанып, жіңішкелеу келген ұзынша гүл тізбектері — құрылыс маңындағы ойын алаңдарындағы жолдардың бойына орналастырылады. Рабатканың ені 50—80 см, ұзындығы — 2 м және одан да ұзын болады.
Гүлбақшадағы аяқ жолдардың енін I —1,5 м етіп, ортасына таман аздап иілдіріп, жақсылап таптап жасайды; оларға құм төсеп, жасыл газон себеді.
Гүлбақшаны бөлу үшін, оған бөлінген учаскені елшейді де қағазға оның жобасын сызады. Жобада клумба, рабаткалар, соқпақ жолдар және бұталар отырғызылатын орын белгіленеді.
Клумбалар мен рабаткаларды жерде жіптің және таяқшалардың көлемімен белгілейді. Дөңгелек клумбаны сызу үшін оның келешектегі дәл ортасына таяқша қағады, оған ұзындығы клумбаның радиусына тең жіптің ілмегін кигізеді; жіптің екінші ұшына екінші таяқшаны байлайды да, осымен айналдырып шеңбер жасайды. Клумбалар мен рабаткалар белгіленгеннен кейін, оларды қайтадан қазады да, беттерін, тырмамен тегістейді, Клумбалар мен рабаткалар аяқ жолдардан 5 см биігірек болуы тиіс. Олардың бүйір жақтарын тырманың сырт жағымен соққылап түзетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |