Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет34/168
Дата06.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#14486
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   168
Байланысты:
97bb8a17-479c-11e4-973d-f6d299da70eeЭУМКД п-225 (1)

СОӨЖ №8.

Тақырып атауы: Көктемгі табиғат құбылыстары және ауыл шаруашылығындағы еңбек

Сабақтың мақсаты: : Балаларды көктемгі табиғатпен таныстыру әдістерімен танысу

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

Балаларды көктемгі табиғатпен таныстыру:

Сәбилер тобы

Мектепке даярлық топ (Еңбек дағдыларын тәрбиелеу)



Тапсырма: Естиярлар тобы (Тірі табиғат құбылыстарымен таныстыру)

Әдістемелік ұсыныс:

Ұзақтар ұясына экскурсия (үлгі жоспар)

Программалық материал. Ұзақтардың жылы елдерден көктемгі ұшып келуі. Ұзақтардың сыртқы түрі, олардын, ұялары.

Экскурсияға дайындық. Экскурсияға шығар алдында балаларға күзде оқып кеткен ұзақтар өздерінің ескі ұяларына қайтып оралғанын айтуы керек. Енді құстар оларды жөндеп, балапан шығарады.

Экскурсияның барысы. Ұзақтың ұясына барар жолда аспанға (ол биіктеп кеткен секілді, аппақ бұлттар көшіп барады, күн жарқырап түр) жерге (жолдар қарайып көрінеді, жылғалар ағуда) балалардың назарын аудару керек: ұзақтың ұясына жақындап барып, балаларға ағаштарға қарауды, ұзақтарды бақылауды, олардың үнін тыңдауды ұсыну; қажет. Тұмсығына тал сынықтарын немесе шүберек іліп алып, бір-бірінің әкеле жатқанын жұлқа тарта ұясына ұшып келе жатқан құстарды көруге, ұзақтардың у-шу, айналаны басына көтерген үнін естуге болады. Ұзақтардың ұяға төсейтін шүберегі, мақтасы мен жүні оны жұмсақ әрі жылы ететінін балаларға түсіндіру керек. Ұзақтың сыртқы түріне назар аудару керек (қауырсыны жалтылдап тұратын, қара түсті) қандай құсқа ұқсайтынын сұрап ұзақты қарғамен салыстыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет