Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты


Табиғаттың табиғи материалымен ойналатын ойындар



бет99/168
Дата06.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#14486
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   168
Байланысты:
97bb8a17-479c-11e4-973d-f6d299da70eeЭУМКД п-225 (1)

2.Табиғаттың табиғи материалымен ойналатын ойындар. Серуендеулер кезінде балалардың табиғи заттармен ойнаулары кеңінен қолданылады.

Балалар құммен, сумен, қармен, ұсақ тастармен түрлі ойындар ойнаған кезде, табиғи материалдардың сапасымен және қасиеттерімен танысады, сезіну тәжірибелерін байыта түседі. Мәселен, олар судың суық әрі жылы болатынын, оның төгілетінін, оған тастың бататының жаңқалар мен жеңіл ойыншықтардың қалқитынын, қиыршық қардың шашылатынын, ал жұмсақ қардан домалатып әр түрлі ойыншық және т. б. жасауға болатынын біледі.

Табиғи материалмен (қармен, сумен, құммен) ойнаған кезде тәрбиеші балалармен әңгімелесе отырып, оларға материалдың кейбір қасиетін танып білуіне көмектеседі, мысалы: «Коля құрғақ құмды алды, ол шашылады» немесе «Әділ балшықты кішкене қалыпқа салды, онда тамаша самса шықты».

Зырылдауық, жебе, тиірмен сияқты ойыншықтармен ойнау арқылы балалар желдің, судық әрекетімен танысады, алдағы уақытта физиканың қарапайым заңдарын (заттардың суда жүзуі, ауадағы қозғалысы және т. б.) түсінуіне септігіи тигізетін бірнеше фактілерді меңгереді. Орманда қыдырғанда өз бейнелерімен құстарға, аңдарға ұқсайтын ағаш бұтақтарына, қураған бұтақшаларға, түбірлерге балалардың назарын аудару пайдалы. Балалар табиғи материалға бірте-бірте көңіл қоя қарап, олардан таныс заттардың ұқсастықтарын іздей бастайды. Бұл оларды өте қуантады және байқағыштығын, қиялын жетілдіруге әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет