ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі тҮзеу пеДагОгикасының ҰлттыҚ ғылыми пРактикалыҚ


БАлАлАРдА ЖАЗБАшА Сөйлеу ТіліНің ТеОРИялЫқ



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата10.04.2022
өлшемі358,12 Kb.
#30530
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
БАлАлАРдА ЖАЗБАшА Сөйлеу ТіліНің ТеОРИялЫқ 

НеГіЗіНің КАлЫпТАСуЫ ЖәНе дИСГРАфИя 

МәСелеСіНе ЖАңАшА КөЗқАРАС

Дисграфия туралы түсінік: белгілері, классификациясы

Дисграфия 

– жазу үрдісінің жартылай бұзылуы.жазудың бұзылуын 

белгілеуде, негізінде, дисграфия,аграфия, дизорфография, эволюциялық 

дисграфия  (баладағы  оқуды  меңгеру  үрдісінің  бұзылуын  белгілеуге)  

деген терминдер қолданылады. 

Дисграфияның  негізгі  белгісі  жазуда  кездесіп  тұрақты  және 

қайталанып отыратын ерекше қателер болып табылады. Ондай қателерді 

төмендегідей  топтастыруға  болады:  әріптерді  алмастыру  және  ша-

тастыру,  сөздік  дыбыстық,  буындық  құрамының  бұзылуы,  сөйлемде 

сөздердің бірге жазылуы, аграмматизмдер. сонымен қатар дисграфияда 

сөзсіз функциялардың бұзылуының белгілері де байқалады. 

и.н.  садовникованың  [2]  жазудағы  қателерді  толық  анықтап 

жүйелеу  және  түзету  жұмыстарын  тиімді  ұйымдастыру  үшін  ерекше 

қателерді  деңгейлік  принципке  сүйеніп  талдау  қажет  деп  есептейді. 

соның негізінде ерекше қателерін үш топқа бөледі:

- әріп және буын деңгейіндегі қателер;

- сөз деңгейіндегі қателер;

- сөйлем деңгейіндегі қателер.

әріп және буын деңгейіндегі қателер

бастауыш сынып оқушыларының жазуында жиі кездесетін қателер 

әріпті  немесе  буынды  тастап  кетуі  (түсіп  қалуы)  мысалы, 

қармақ  – 

қрмақ, балапан – бапан, тырна – трна.

 сөздегі екі немесе одан да көп 

әріптердің түсіп қалуы дыбыстық талдаудың күрделі түрде бұзылуының 

салдарынан  болады  да,  сөздің  құрамының  мүлдем  бұзылуына  әкеліп 

соғады. мысалы, 

қант – ұт, қуыршақ – қуырша.

әріптер мен буындардың орнын ауыстыру сөздегі дыбыс кезектілігін 

анықтап  талдау  қиыншылықтарының  салдарынан  болады.  сөздің 

буындық құрамы сақталуы мүмкін 

(пенал – пелан, кран - канр)

әріптерді қосып жазу (артық әріпті қосу). мысалы, 

шалбар – шы-

албар,  шалбыар,  бақшада  –  бақшыада,  құрт-  құырт. 

мұндай  қателер 

жазу  кезіндегі  сөзді  іштен  жай  айтып  атырған  кезде  қосымша  дыбы-

стар естілуінің салдарынан байқалады. мысалы, бала «бақшаға» сөзін 

жазу  кезінде  сөздегі  әріптерді  іштен  айтып  отырып  жазады,  және 



12

әріптерді  баяу  айтады,  сонда  «Ш»  әрпін  жазғанда  «Шы»  бірнеше 

рет  айтып  қайталайды.  жазуда  жиі  кезедесіп  жүрген  қателер  сөздегі 

әріптердің қайталанып жазылуы. мысалы, (аарман, Шшана, Оорман). 

мұндай  қателер  бірінші  сыныпта  сауат  ашу  кезеңіндегі  балалардың 

графомоторикалық  дағдыларын  механикалық  бекіту  нәтижесінде 

байқалуы  мүмкін.  егер  де  қосып  жазуда  кездесетін  қателерді  (қуырт, 

бақшы,  аға,  аарман)  салыстырып  қараса  олардың  себептері  әр  түрлі 

екенін  байқауға  болады,  соған  байланысты  түзету  жұмысының  бағы-

тында өзгеше болуы тиіс. жазуда кезедесетін жиі қателер  - әріптерді ал-

мастыру болып табылады. Оқушы сөз құрамындағы дыбыстарды бөліп 

айта  алғанымен,  оны  белгілейтін  керекті  әріпті  таңдап  сәйкестендіре 

алмайды. Ондай қателер төмендегдей жағдайларда байқалуы мүмкін: 

- фонема мен графиканы сәйкестендіре алмаған жағдайда; 

- акустикалық – артикуляциялық жағынан ұқсас дыбыстарды анық 

ажырата алмаған жағдайда;

жазылу  ұқсастығы  бойынша  ұқсас  әріптерді  ажырата  алмаған 

жағдайда;

бір  әріпті  екінші  әріппен  тұрақты  алмастырмауы  сирек  кездеседі.  

көбінесе  әріптерді  шатастыру  байқалады,  онда  жазуда  бір  әріп  бірде 

дұрыс, бірде қате белгіленеді. Шатастырудың үш түрі байқалады:

акустикалық – ариткуляциялық;



Оптикалық;

кинестетикалық ұқсастық бойынша шатастыру.



персеверация, антиципация

бұл  қателер  де  фонематикалық  есту  қабілетінің  жеткіліксіз  даму 

салдарынан болады. 

персеверация

 (тұрып қалу, тұтығып қалу) мысалы, 

сөзде: 


магазин – магазим, балапан – балапап;

 сөз тіркестерде: 

кішкентай 

күшік- кішкентай кукік;

 сөйлемде; 

апа балапанға тары шашты.

бұл қателер де фонематикалық есту қабілетінің жеткіліксіз даму сал-

дарынан болады. 

антиципация

    -  алдын  алу  (келесі  сөзде  кездесетін  әріпті,  буын-

ды  алдын  ала  жазу)  мысалы, 

жаңбыр  жауды  -  жабдыр  жауды;  ба-

лапан    -  бапапан.

  бұл  аталған  екі  түрлі  қателер  қозу  процеснің  әлсіз 

дифференциялауының әсерінен болады.

сөз деңгейіндегі қателер.

сөз деңгейіндегі қателерге:

сөз бөлектерінің бөлек жазылуы;



бірге жазылуы;

контаминация жатады.




13

сөз  бөлшектерінің  бөлек  жазылуы  мынандай  жағдайларда 

кездеседі:

сөздің  бірінші  әрпі,  буын  орыс  тіліндегі  қосымша  сөздер, 



приставкаға ұқсас болғанда (мысалы и – дут, на – чалось т.б);

артикуляциясы  ұқсас  емес  екі  дыбыс  қатар  келгенде  (ұршық, 



кірпі)

контаминация  дыбыстың  талдау  процесінің  дөрекі  бұзылуы  сал-

дарынан  туындайды.  Ондай  жағдайда  сөзді  немесе  сөйлемді  түсіну 

мүмкін болмайды. мысалы, 

сабақ басталды – «сббст»

сөйлем деңгейіндегі қателерге аграмматизмдер деп аталатын қателер 

жатады, яғни:

сөйлем мүшелеріні байланысының бұзылуы; 



септік жалғауларды дұрыс пайдалана алмауы;

орыс тілінде қосымша сөздерді дұрыс қолданбауы;



сөйлемнің шегін анықтай алмауы. 

сонымен  и.а.садовникова  жазудағы  қателерді  төмендегідей 

жүйеледі:

жазудағы ерекше қателер: 

буын және әріп деңгейіндегі қателер:

әріпті, буынды тастап кету;



алмастыру;

Шатастыру;



Қосып жазу;

сөз деңгейіндегі қателер:

сөзді бөліп жазу;



сөздерді бірге жазу;

контаминация;



сөйлемдеңгейіндегі қателер:

сөйлем шегін айырмау;



аграмматизм (сөйлемдегі сөздердің байланысының бұзылуы)

жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуына арналған арнайы әдебиеттерде 

осы  кезеңге  дейін  терминологиялық  жағына  және  ауытқушылардың 

себептеріне,  жазудың  бұзылуының  анықтамасына  байланысты  бірдей 

көзқарас  қалыптаспаған,  сондықтан  әртүрлі  авторлардың  жұмысында 

дисграфияға әртүрлі анықтама беріледі.

Қазіргі кезеңдегі зерттулер және көп жылғы өзінің бақылау, жұмыс 

тәжірибе  негізіне  сүйене  отырып  а.н.корнев  дисграфияға  сөйлеу 

тілінің жеткілікті дамуына қарамастан графикалық ережелерге сәйкес 

жазу дағдыларын меңгере алмауын – дисграфия деп атау қажет».



14

«Дисграфия –жазуда әріпті алмастыру, сөздің дыбыстық – буындық 

құрамының  бұзылуы,  сөйлемде  жеке  сөздердің  бірге  жазылуы, 

аграмматизмдерді тұрақты және қайталанып келетін қателермен сипат-

талатын жазу үрдісінің жартылай бұзылуы.

Дисграфияның классификациясы

  түрлі критерийлер негізінде іске 

асырылады: бұзылған анализаторларын, психикалық функцияларының 

бұзылуы, жазу операцияларының қалыптаспағандығын ескеру.

О.а.  токарева  дисграфияның  үш  түрін  бөледі: 

акустикалық, 

оптикалық, моторлы.

акустикалық  дисграфия

  кезінде  естіп  –  қабылдаудың 

ажыратылымдығының  дыбыстық  талдау  мен  жинақтаудың  жеткілікті 

дамымауы  байқалады.  артикуляциясы  және  дыбысталуы  бойын-

ша  ұқсас  әріптерді  жиі  тастап  кету,  алмастыру,  сонымен  қатар  жазба 

жұмыстарындан дыбыс айтудың бұзылысы айқын көрінеді. Оптикалық 

дисграфия  көру  әсері  мен  бейнелердің  тұрақсыздығымен  байланы-

сты.  жеке  әріптер  түрліше  қабылданады.  көріп  қабылдауы  нақты 

болмағандықтан,  олар  жазуда  алмасады.  көбіне  келесі  қол  жазба 

әріптерді алмастыру жиі кездеседі:

 п – н, п-и, у-и, Ц- Щ,,

Ш- и,м- л, б-Д,п-т,

н-к.

Оптикалық дисграфияның ауыр түрінде сөздерді жазу мүмкін емес. 



бала тек жеке әріптерді ғана жаза алады. әсіресе солақайларда айналы 

керісінше бейне жазу орын алады, ондай жағдайда әріптер бөлшектері 

оңнан солға қарай жазылады.

 моторлы дисграфия оған жазу кезінде қол қимыл – қозғалысының 

қиындығы,  сөздің  дыбыстық  және  көру  бейнелері  мен  моторлы 

бейнелерінің бұзылысының бұзылысы тән. 

м.е.Хватцев бөлген дисграфия түрлерінде жазу бұзылысына деген 

қазіргі түсініктерді қанағаттандырмайды. Оларды қарастырайық:

 1. акустикалық агнозия мен фонематикалық естуінің дефектісі сал-

дарынан болған дисграфия. мұндай түрде көшіріп жазу сақталып, ауыз-

ша сөйлеу тілі бұзылған болады. бұзылыстың физиологиялық механизмі 

көру мен естудің арасындағы бірлескен байланыстың бұзылысы болып 

табылады, мұнда тастап кету, орын ауыстыру, әріптерді алмастыру, екі 

сөздің бір сөзге бірігуі, сөздерді тастап кету т.б қателер байқалады.

  бұл түрдің негізінде сөздің дыбыстық құрамын естіп қабылдауының 

дифференциясының  жоқтығы,  фонематикалық  талдаудың  жеткіліксіз-

дігі  жатыр.  автор  ақиқат  бойынша  жазу  бұзылуының  екі  түрлерін 



15

қосады: дыбыс дифференциясының  және фонематикалық талдау мен 

жинақтаудың бұзылысымен байланысты.

 ауызша сөйлеу тіл бұзылысы салдарындағы дисграфия (графикалық 

тілге  шорқақтық)  м.е.Хватцевтің  ойы  бойынша  ол  дыбысты  бұзып 

айтудың салдарынан пайда болады. бір дыбысты басқа дыбыспен алма-

стыру, дыбыс айтуда кейбір дыбыстардың болмауы жазуда алмастыру 

мен тастап кетулерге әкеледі. м.е. Хватцев «тілге шорқақтықты бастан 

кешіруі» салдары деп бөледі. Дыбыс айту күрделі болса, жазуда да түрлі 

қателер болады.

Дыбыс  айту  ритмінің  бұзылысы  салдарынан  пайда  болған  дис-

графия.  м.е.  Хватцевтің  көзқарасы    бойынша  дыбыс  айту  ритмнің 

бұзылысы  салдарынан  жазуда  дауыстылар,  буын,  жалғаулардың  та-

сталып  кетуі  байқалады.  бірақ  көрсетілген  қателер  фонематикалық 

талдау мен жинақтаудың немесе сөздің дыбыстық – сөздік құрамының 

бұзылысымен негізделген болуы мүмкін.

Оптикалық  дисграфия.  бас  миындағы  оптикалық  сөйлеу  тіл 

жүйесінің  бұзылысы  немесе  жетілмеуінен  пайда  болады.  әріптің, 

сөздің,  көру  бейнесінің  қалыптасуы  бұзылады.  Вербальды  дис-

графия  кезінде  оқшауланған  әріптердің  жазылуы  сақталған  болып 

табылады,бірақ  сөздің  көру  бейнесі  қиындықпен  қалыптасады,  бала 

сөзде көп қате жіберіп жазады. Оптикалық дисграфия кезінде бала қол 

жазбалы графикалық ұқсас әріптерді ажырата алмайды: п-н, п-и, с-о, 

и-ш, л-м.

моторлы  немесе  сенсомоторлы  афазия  кезіндегі  дисграфия  сөз, 

сөйлем  құрылымының  бұзылысы,  алмасуында  байқалады  және  бас 

миының  органикалық  бұзылысы  салдарынан  ауызша  сөйлеу  тілінің 

жоқтығымен  негізделеді.      Дисграфия  келесі  түрлерге  бөлінеді:  арти-

куляторлы – акустикалық, фонемді тану (фонемді ажырату) бұзылысы 

негізіндегі  тілдік  талдау  мен  жинақтау  бұзылысының  салдарындағы, 

аграмматикалық және оптикалық дисграфия.

артикуляторлы  –  акустикалық  дисграфия  м.е.Хватцевтің  бөлген 

ауызша  сөйлеу  тілінің  бұзылысы  салдарынан  болған  «жазудағы  тілге 

шорқақтық» дисграфиясына ұқсас. бала қалай айтса,солай жазады. ар-

тикуляторлы – акустикалық дисграфия әріптерді алмастыру, тастап кету 

мен сипатталады.

көбіне  дизартрия  ринолалия  полиморфты  сипаттағы  дислалияда 

байқалады.  кейде  ауызша  сөйлеу  тілінде  алмастыруды  жойғанымен, 

жазуда  олар  қалып  қояды.  мұндай  жағдайда  іштен  оқуда  дұрыс 

артикуляцияға  жеткілікті  сүйеу  жоқ,  өйткені  әлі  дыбыстардың  нақты 

кинестетикалық бейнелері қалыптаспаған деп болжамдауға болады. 



16

Фонемді тану бұзылысы негізіндегі дисграфия (фонемді дифферен-

циялау). Қалыптасқан терминология бойынша, бұл – акустикалық дис-

графия. Фонетикалық жақындығы бойынша сәйкес әріптерді алмастыру 

байқалады. Өйткені, ауызша сөйлеу тілінде дыбыстар дұрыс айтылады. 

келесі дыбыстарды білдіретін әріптер алмастырылады: ысқырық және 

ызың, африкаттармен солардың құрамындағы компоненттер (ч-т,ч-щ,с-

т,с-ц). көбіне дауыстыларды (мысалы о,у) алмастыру кездеседі.

зерттеушілердің (и.а. зимняя, е.Ф.соботович, л.а.Чистович) ойла-

ры бойынша фонемді танудың көп деңгейлі үрдісі түрлі операциялар-

дан тұрады:

1)  Қабылдау кезінде сөйлеу тілінің есту талдануы іске асырыла-

ды.

2)  акустикалық  бейне  артикуляторлы  шешімге  ауысады,  ол 



проприоцептивті  талдаумен,кинестетикалық  қабылдау  мен  түсінікпен 

қамтамасыз етіледі.

3)  есту  және  кинестетикалық  бейнелер  шешімді  қабылдауға 

керекті уақытқа тежеленеді.

4)  Дыбыс  фонеммен  сәйкестендіріледі,  фонеманы  таңдау  опера-

циясы жүреді.

5)  есту және кинестетикалық бақылау негізінде бейнемен бірігіп 

жүреді, одан кейін соңғы шешім қабылданады.

Дұрыс  жазу  үшін,  ауызша  сөйлеу  тіліне  қарағанда  дыбыстарды 

ажыратуға есту қабілетінің жете дамығандығы керек. ақыл – ойы кем ба-

лалар жазуын зерттеген басқа авторлар (е.ф.соботович, е.м.гопиченко) 

әріптерді  алмастыруда,  балалар  фонемді  тануда  дыбыстардың  арти-

куляторлы  белгілеріне  сүйенеді  және  сонымен  бірге  есту  бақылауын 

сезінбейді дегенмен байланыстырады. 

Дұрыс  жазу  үшін  барлық  фонемді  ажырату  мен  таңдау 

операцияларының  жеткілікті  деңгейі  қажет  кез  –  келген  бір  түйіннің 

бұзылысы  (есту,  кинестетикалық  талдау,  фонемді  таңдау,  опера-

циялары,  есту  және  кинестетикалық  бақылаудың  )  жалпы  фонемді 

танудың барлық үрдісі қиынға түседі, ол жазуда әріптерді алмастыру-

да  байқалады.  сондықтан  фонемді  тану  операцияларының  бұзылыс 

есебімен  бұл  дисграфия  түрінің  келесі  түрлерін  бөлуге  болады: 

акустикалық, кинестетикалық, фонематикалық.

тілдік  талдау  мен  жинақтау  бұзылысы  салдарындағы  дисграфия. 

Оның  негізінде  түрлі  тілдік  түрлердің  талдауы  мен  жинақталуының 

бұзылысы жатыр: сөйлемдерді сөздерге бөлу, буындық және фонетикалық 

талдаулар мен жинақтау. Фонематикалық тілдік талдаудың күрделі түрі. 




17

Оған келесі қателер жатады: дауыссыздар қатар келген жағдайда тастау; 

дауыстыларды  тастау;  әріптерді  алмастыру,  қосу,тастап  кету.  жазуды 

дұрыс  меңгеруде  оқушы  фонематикалық  талдаудың  ішкі  жоспарында 

қалыптастыруы  керек.  сөйлемдерді  сөздерге  бөлу  кезінде  сөздердің 

бірге  жазылуы  кездеседі,  жалғауларды  бөлек  жазылуда  кездеседі. 

Фонематикалық  талдаудың  бұзылуынан  пайда  болған  жазудың 

бұзылуы туралы Р.е.левина, н.а.никашина, Д.и.Орлова, г.В.Чиркина 

еңбектерінде көрсетілген.

аграмматикалық  дисграфия.  Р.е.левина,  и.к.колпаковская  [12],   

л.и.лалаева,  с.б.  Яковлеваның  еңбектерінде  сипатталған.  Ол  сөйлеу 

тілінің  грамматикалық  жағының  дамымауымен  байланысты  (морфо-

логиялы, синтаксистік жалпылау). мұндай дисграфия түрі сөз, сөйлем, 

мәтін деңгейінде көрінеді, сонымен қатар лексикалық – грамматикалық 

дамымауының  құрамды  бөлігі  болып  саналады.  Олар  көбіне  дизар-

трия, алалия, ақыл – ойы кем оқушыларда кездеседі. байланыстырып 

жазуда балаларда сөйлем арасында логикалық және тілдік байланысы-

нан қиыншылықтары туындайды. жағдайды бейнелеуде сөйлемдердің 

реттілігі  кейде  сәйкестендірілмейді,  бөлек  сөйлемдердің  мағыналық 

және грамматикалық арасындағы байланыстары бұзылады.

Оптикалық  дисграфия.  көру  гнозисінің,  талдау  мен  жинақтауда, 

кеңістікте  бағдарлаудың  дамымауымен  байланысты,  жазуда  әріптің 

алмасуы  және  шатастыруы  бейнеленеді.  көбінесе  графикалық  ұқсас 

қол жазбалық әріптер алмастырылады: бір элементтен тұратын, бірақ 

кеңістікте әртүрлі орналасатын  (в-д, т- ш); бірдей элементті қосымша 

элементтермен ажыратылатын (и-ш,п-т,х-ж, л-м,); әріптердің  керісінше 

көріністе жазылуы («с», «э»), бірдей элементті құрайтын, әріптерді бір 

–  біріне  қосуда  элементтерді  тастап  кету  (ау  –  «ау»),  артық  (ш-  «ш») 

және элементтерді дұрыс орналастырмауы (х- «сс»,т-«пп»)

литеральды  дисграфия  кезінде  оқшауланған  әріптерді  тану  мен 

айтудың бұзылыс байқалады. Вербальды дисграфия кезінде оқшаулан-

ған әріптер дұрыс айтылып, бірақ сөзді жазғанда бұзылыстар, оптикалық 

сипаттағы дыбыстарды алмастыру байқалады. 

и.п.корнев  жазудың  ерекше  бұзылу  жүйесін  толықтырып  дисгра-

фияны төмендегідей түрлерге бөледі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет