8
біздің білім беру жүйесінде білім беруді басқару органдарынан, пмпк-
дан бастап әрбір жалпы білім беру мектебіне дейін ең алдымен білім берудегі
медициналық үлгіден (тәсілден) әлеуметтік үлгіге көшу қажет. ерекше білім
беру қажеттілігі бар оқушылардың сапалы білім алуға құқығын қамтамасыз
етуді болжайтын әлеуметтік-білім беру моделін енгізу - жалпы білім беру
жүйесіндегі өзгерістерді талап етеді. бұл барлық оқушыларды дискри-
минациясыз және кемсітусіз білім алуда тең құқығы мен мүмкіндіктерін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін икемді жүйе болуы керек.
Қазақстан халықаралық құқықтық актілермен қатар бҰҰ-ның
"мүгедектердің құқықтары туралы" (2016 жылы) және "білім беру
саласындағы дискриманцияға қарсы күрес туралы" (2017 жылы) кон-
венцияларын ратификациялай отырып, әрбір азаматтың қандай да бір
кемсітушіліксіз сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етудің саяси
еркіндігін көрсетеді.
конвенцияның негізгі ережелеріне сәйкес Қазақстан барлық деңгейде
(мектепке дейінгі, мектеп, тжкб ұйымдарында, жоғары оқу орындарын-
да) инклюзивті білім беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.бұл ретте
инклюзивті білім беру жеке алынған нәрсе емес екенін түсіну маңызды,
инклюзия бүкіл білім беру жүйесінің принципі болып табылады.
мектеп оқу процесінде қандай да бір себептердің салдарынан оқу ба-
рысында қиындықтарға тап болған балалар бар екендігін және олардың
нәтижесі ретінде – қанағаттандырылуы қажет ерекше білім беру
қажеттіліктер бар екенін қабылдауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: