Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 191.07 Kb.

Дата01.01.2017
өлшемі191.07 Kb.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6М020500-ФИЛОЛОГИЯ:ҚАЗАҚ ТІЛІ МАМАНДЫҒЫ  

БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАННЫҢ  

БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай, 2015 

 


 



НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

(пәндер мазмұны) 

 

                                                        



Қазақ халық ауыз әдебиеті   

 

Қазақ  халық  ауыз  әдебиетi  –  халықтың  рухани  өмiрiнiң,  тарихи  оқиғаларының,  тiршiлiк 

құбылыстары  мен  танымының,  қоғам  және  табиғат  туралы  бiлiмдерiнiң  энциклопедиясы. 

Фольклордың  қазақ  руханиятында  энциклопедиялық  жүк  арқалау  себебін  оның  ұзақ  уақыт 

көшпелi  тұрмысты  басынан  кешiргендiктен  іздеген  дұрыс.  Қазақ  арасында  фольклорлық 

шығармалардың  өзегі  бұзылмай,  ел  арасында  кең  сақталып  келуін  Ш.Уәлихановтың  мына  бір 

пікірімен түсіндірген жөн: “Сан жылдар бойы сан ұрпақтың аузында өмiр сүргенiне қарамастан 

ежелгi  жырлар  мен  аңыздардың  суырыпсалма  ақындардың  айрықша  дарынды  мен 

ұмытпаушылық  қабiлетi  арқасында,  сондай-ақ  тұтас  халықтың  арғы  аталарының  ерлiгi  туралы 

ертегi  мен  аңыздарды,  өлең  жырларды  өте-мөте  сүюiнiң  нәтижесiнде  бiздiң  заманымызға 

мейлiнше  таза  күйiнде  жеттi.  Сондықтан  да  олардың  кең  байтақ  дала  өңiрiнiң  әр  жерiнен 

жазылып алынған әрбiр нұсқалары бiр-бiрiне өте жақын, өте ұқсас”.  

            

Фольклор  -  көркем  сөз  өнері,  соның  ішінде  өмір  құбылыстарын  образдық  ой  арқылы 

жеткізетін  халықтың  шығармашылығы.  Фольклор  шығармаларын  орындаушы  да,  жасаушы  да 

халықтың  өзі.  Жырау  мен  жыршылар  көлемді  эпостық  жырларды  айтуды  үрдіс  етсе,  жұмбақ, 

жаңылтпаш,  мақал-мәтел,  тұрмыс-салт  жырлары,  айтыс  сияқты    ұсақ  формалы  өлеңдерді 

кішігірім  айтушылар  тудырып,  көпшілікке  ортақ,  рухани  мұраға  айналдырып  отырған.  Осы 

реттеп туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнерін, оның айтылу 

және орындалу  ерекшеліктерін фольклор деп атаймыз. Фольклорды    «халық өмірінің айнасы» 

деп есептейтін себебіміз де осыдан. 

 

Ғылымда  халық  поэзиясын  «фольклор»,  ал  оны  зерттейтін  ғылым  саласын 



«фольклористика» деп атаған. Фольклористика – фольклордың табиғаты мен тарихын зерттейтін 

ғылым. Фольклор – халық даналығы деген ұғымды білдіреді (folk- халық, lore-білім, даналық).   

70-

80  жылдар  қазақ  фольклористикасының  іргелі  мектептері  қалыптасып,  жас  буын 



ғалымдардың  қатары  бой  көтерді.  Қазақ  фольклорын  жанрлық  салалары  бойынша  күрделі 

зерттеулер жүргізілді. 



 

                       

Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы қазақ әдебиеті 

 

Қазақ  әдебиетi  тарихы  -  қазақ  халқының  қадым  замандардан  бастап,бүгiнгi  күнге  дейiн 

жасаған  көркем  әдебиет  туындыларын  қамтиды.  Қазақ  халқының  құрылуына  негiз  болған  ру-

тайпалар көне замандардан-ақ қазiргi Қазақстан, Орта Азия, Оңтүстiк-Шығыс Сiбiрдi, Орталық 

Азияны,  Едiл  бойын,Каспий  жағалауларын  мекен  еттi.  Ғалым  Б.Кенжебаев  қазақ  халхының 

бұрын соңды әдебиетiнiң тарихын төмендегiдей кезеңдерге бөлiп қарастырған: 

1

 

Ежелгi әдебиет,бұл дәуiр (6-15)-ғасырлар арасын қамтыған. 



2

 

Қазақ хандығы (15-19) - ғасырлар арасын әдебиет.Қазақтың өзiндiк төл әдебиетi. 



3

 

Қазақтың 19-ғасырдағы жаңашыл,сыншыл,реалистiк әдебиетi. 



4

 

Қазақтың 20-ғасыр басындағы (1900-1920 жылдардағы) әдебиетi. 



 

«Ежелгі дәуір және Орта ғасырлардағы қазақ әдебиеті» атты жалпы курстың мақсаты мен 

міндеті  –  біздің  заманымызға  дейінгі  жазу-сызулардан  бастап,  ХҮ  ғасырға  дейінгі  әдебиет 

туралы  біртұтас  ұғым  қалыптастыру.  Ежелгі  әдебиеттегі  көне  тарихпен,  көшпелілер 

мәдениетімен сабақтастыру. Әдебиеттің қалыптастыру кезеңдерін жүйелеу. Әр дәуір әдебиетінің 

өз  ерекшеліктерін  аңғарту.  Әдеби-мәдени  тарихи  мәндері  бөлекше  жазба  ескерткіштердің 

мазмұнын  және  көркемдік  мұратын  талдау.  Қазақ  әдебиетінің  кейінгі  дәуірлермен  байланысын 

ашу және ортақ ұқсастық-бірліктерін айқындау. 

  

«Ежелгі  дәуір  және  Орта  ғасырлардағы  қазақ  әдебиеті»  пәні  б.з.б.  жазу-сызулар  мен 



заманымыздың  Ү-ҮШ  ғасырларындағы  тастағы  жазулардан  бастап,  қазақ  хандығы  құрылғанға 

дейінгі  түркі  жұрттарына  ортақ  дәуірлердегі  әдебиетті  оқытады.  Бабаларымыз  ХҮ  ғасырда 

шаңырағын көтерген Қазақ Ордасы құрылғанға дейін ұлт болып қалыптасу жолында қилы-қилы 


 

тарихты  басынан  кешірген  елміз.  Арғы  тамыры  Орталық  Азияны  мекендеген  көне  тайпалар 



шежіресіне  ұрласып,  4-5  мың  жылдықтарға  дейін  кетеді.  Ежелгі  әдебиет  сақ,  ғұн,  түрік 

дәуірлерінен Алтын Ордаға, одан қазақ хандығына дейінгі көшпелілер мәдениетімен, тарихымен 

байланысты «Қазақ» сөзі біздің заманымызға ҮІІІ ғасырдағы тастағы жазуларда кездеседі. Түркі 

жұртының біздің заманымызға дейінгі дәуірлердің өзінде 26 әріптен тұратын жазуы болған. Қала 

мәдениеті, ғылым, сәулет өнері дамыған. 

 

                                                  

Әдебиет теориясы 

 

Зерттеуге  тиіс  ғылыми  аялар  мен  проблемалар.  Әдебиет  теориясы  қағидаларының  басқа 

әдебиеттану  ғылымдарының  нақты  зерттеу  жұмыстарына  әдіснамалық  тұрғыдан  жетекшілігі. 

Фольклортану  мен әдебиеттану арасындағы ортақ әдістемелер мен дара ұстанымдар. 

 

Әдебиет теориясының эстетикамен тығыз байланысы. Әдебиет пен өмір – өнер шындығын 



тану,  игеру  жемісі,  сұлулық  пен  әсемдік  мұраттарын  орнықтырушы.  Әдебиет  теориясы 

қарастыратын нысанның молдығы мен кеңдігі. Ғылыми зерттеу тәсілдерінің жан-жақтылығы.    

 

Әдебиет  теориясы  мен  эстетиканың  ерте  кезеңі.  Әдебиет  теориясы  жайлы  алғашқы 



ұғымдар.  Көне  үнді,  шумер  елдерінің  мәдени  ескерткіштері.  «Махабхарата»,  «Ригведа», 

«Рамаяна»  эпостарында  сұлулыққа  қатысты  сезім,  пайымдар,  құрылысы.  «Гильгамеш» 

жырындағы  ерлік  пен  достық,  махаббат  идеялары.  «Энкиду»  бейнесінің  көшпенділер 

эстетикасымен тамырластығы. 

 

Антикалық  дәуір  эстетикасындағы  екі  бағдар.  Өмірге  материалистік  көзқарас  және 



объективті,  субъективті  идеализм  дүниетанымның  тарихи-әлуметтік,  философиялық 

алғышарттары.  

 

Сонғы  классика  дәуірі  және  Аристотель  (б.д.д.  384-322ж.ж.).  Поэзияның  табиғатқа 



еліктеушілік  қызметі  өнерде  нанымдық  құбылыстарды  бейнелеу.  Қиял,  өмірлік  материалды 

іріктеудің  маңызы.  Көркемдік  танымның  ғылыми  танымнан  өзгешелігі.  Рухани  тазару, 

«катарсис» теориясы және шығарманы қабылдау мәселелері. 

 

Гораций Флакк (б.д. 65-8 ж.ж.). Оның трактаты. Шығармадан қарапайымдылықты талап 



ету. Шынайлық пен нанымдылыққа айрықша мән беру.  

 

Орта  ғасыр  және  қайта  өрлеу  дәуірінің  эстетикасы.  Орта  ғасыр  эстетикасындағы  діни, 



құдайшылық  сарындарының  жетекші  сипат  алуы.  Ерте  орта  ғасырда  өмір  сүрген  Аврелий 

Августин (б.д.д. 354-430 ж.ж.) абсолютті сұлулық туралы пікірлері.  

 

Кейінгі  орта  ғасыр  (ХІІІ-  ХІғғ.)  эстетеикасының  өкілі  –  Фома  Аквинский  (1225-1274) 



әсемдіктің объективтілік сипатын мойындау  сұлулықты  анықтау үшін қойылатын үш шарт: 1) 

тұтастық; 2) үйлесім; 3) айқындық. Құдай абсолютті сұлулық әрі абсолютті игілік.    

 

Ұлттық  эстетиканың  қайнар  бұлағы.  Андрон,  Беғазы-Дәндібай  мәдениеттерінің  ізі.  Сақ-



скиф  бейнелеу  өнері.  ҮІ-ІХ  ғасырлардағы  ортақ  түркі  әдеби  мұралары  саналатын  «Күлтегін», 

«Тоныкөк» жырларында, Х-ХІІ ғасырлар әдебиетіндегі М. Қашқаридің «Диуани лұғатат - түрік», 

Ж.  Баласағұнның  «Құтадғу  біліг»,  А.  Иассауидің  «Диуани  хикматында»  ұшырасатын  жалпы 

адамдық асқақ сезім, әсем ой, биік әсер көріністері. 

 

Әбу  Насыр  Әл-Фарабидің  өнер  салаларының  теориясына  қосқан  үлесі.  Музыканың  ұлы 



кітабы. Әуеннің үш түрі. Музыкалық қабілет.  

 

Батыс  Европада  ояну  дәуірінің  (Ренессанс)  әдебиет  пен  өнердегі  ілгері  жаңалықтарға 



бастауы. Қоғам өміріндегі алғы шарттар. Адам тұлғасының асқақ орны. Ізгілік пафосы.  

 

Қазіргі қазақ әдебиеті 

 

             



ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі (1900-1940)– базалық пән, соның 

ішінде міндетті компонент. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі 1900-1940 

жылдар  аралығындағы  мерзімді  қамтиды.  Бұл  кезең  жалпы  қазақ  әдебиеті  тарихындағы  ең  бір 

жемісті де түрлі ізденістер мен қайшылықтарға толы кезең болып табылады. Сондықтан да қазақ 

әдебиеті тарихын оқытудың күрделі мәселелері осы тұсқа жинақталған. Мұның басты үш себебі 

бар.  Біріншіден,  жазба  әдебиеттің  мейлінше  өркен  жайған  дәуірі,  екіншіден,  әр  түрлі  әдеби 



 

ағымдар  мен  бағыттардың  айқындалған  кезеңі,  үшіншіден,  әдеби  жанрлардың  әр  саласында 



әдеби-көркемдік  ізденістердің  белең  алған  тұсы.  Сондықтан  да  осы  1900-1940  жылдар 

аралығындағы әдеби-көркем шығармалар мен көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығын 

жан-жақты  қарастыру  әдебиетімізде  бар  дәстүрлердің  дамуы  мен  жаңашылдықтың  негіздерін 

тануға,  кейінгі  әдебиеттің  өркендеінің түрлі  реңктерін  айқындауға,  бұрынғы-кейінгі  әдебиеттің 

жетістіктерін терең зерделеуге мүмкіндік туғызады. 1900-1940 жылдар әдебиетін шартты түрде 

іштей екі кезеңге бөлуге болады: 1900-1920 жылдар Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ әдебиеті, 1920-

1940 жылдар Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі. Осы айтылған мәселелер және 

ХХ  ғасырдың  басындағы  әдебиеттің  келелі  мәселелеріне  арналған  зерттеулердің  жүргізілуі 

жөнінде студенттерге толық меңгерілуі қадағаланады. 

 

Емтихан сұрақтарының тізімі 

 

                                              

Қазақ халық ауыз әдебиеті 

1. Фольклордағы миф және мифтік сана. 

2

. Ертегілік проза, оның жанрлық белгілері. 



3. Әдебиеттің тектері: лирика, эпос, драма. 

4

. Батырлар жыры: көп қабаттылық элементтері мен сипаттары. 



5

. Әлем және шығарма. Сюжет пен тартыс. Композиция түрлері. 

6

. Ауыз әдебиеті және жазба әдебиетінің стильдік айырмашылықтары. 



7. 

Асан Қайғы – бейнесі және оның түркі халықтарына ортақтығы. 

8

. Қазтуған жырау және қазақ хандығы. 



9

. Қорқыт ата кітабы және түркілік руханият. 

10

. Кейіпкер және көркем образ. Архетип және образ.  



1

1. Сал-серілік өнер табиғаты. Ақан серінің ән мұрасы. «Балқадиша» әнінің шығу тарихы. 

 

                      

Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы қазақ әдебиеті 

1

.  Мұрат  Мөңкеұлының  шығармашылық  мұрасы.  «Үш  қиян»,  «Сарыарқа»  дастандарының 



көркемдігі. 

2

. Сара Тастанбекқызының әдебиет тарихындағы орны мен шығармашылығы. 



3. Батырлар жыры: көп қабаттылық элементтері мен сипаттары. 

4. Әл-Фарабидің әдебиет теориясы туралы ойлары. 

5

. М. Қашқари. «Диуани лұғат ат-түріктің» әдеби мәні. 



6

. Ж. Баласағұн. «Құтты білік» - дидактикалық дастан. 

7. 

Асан Қайғы – бейнесі және оның түркі халықтарына ортақтығы. 



8

.  Жырау  мен  жыршы  поэзиясының  айырмашылықтары.  Жырау  бейнесінің  түп-тамыры 

(генезисі). 

9

. Қазтуған жырау және қазақ хандығы. 



10

. «Орхон-Енисей жазба ескеркіштері» - көркем жыр, поэтикасы. 

11

. Шөже Қаржаубайұлының өлеңдері мен айтыстарының әлеуметтік мәні. 



12

. Әл-Фараби  - әдебиетші ғалым. 

1

3. С. Сараи. «Гүлстан бит-түрки» - көркем аударма, поэтикасы 



14

. Құтбілік «Хұсрау Шырын» - көркем аударма, поэтикасы. 

15

. Махамбет шығармаларындағы ақынның өз бейнесі және шығармаларының жанрлық сипаты. 



16

. Жыраулар поэзиясындағы ерлік рух. 

17

. М.Х.Дулати: «Тарихи - Рашиди» - көркем, шежірелік шығарма. 



 

Әдебиет теориясы 

1

. Ғ. Мүсірепов шығармашылығындағы ана тақырыбы және аналар келбеті. 



2

. Қазақ әдебиетіндегі шежірелік шығармалар: жанры, стилі, тарихилығы. 

3. М. Қаратаевтың реализм, эстетика табиғатына байланысты мақала, зерттеулері. 

4. 


Абайдың ақындық айналасы: Шәкәрім, Ақылбай және т.б. 

5

. Шәкәрім поэзиясындағы Абай дәстүрі және жаңашылдық. 



 

6



. Р. Нұрғали. Драмадағы поэтика. 

7

. А. Байтұрсынұлы – Абайтану ғылымының негізін салушы. 



8

. Әдебиеттің тектері: лирика, эпос, драма. 

9

. Әлем және шығарма. Сюжет пен тартыс. Композиция түрлері. 



10

. М.Мағауиннің әдебиеттегі ерекшелігі 

11

. Әдеби тек пен жанр. Жанрлық канондар мен жанрлық дәстүрлер. 



1

2. О. Бөкей шығармашылығының көркемдік, идеялық ерекшеліктері. 

1

3. Әдебиеттанудағы мифологиялық және психологиялық мектеп. 



14

.  Қазақ  әдебиетіндегі  жанр.  С.  Қирабаев,  Ә.  Нарымбетов,  М.  Дүйсеновтердің  жанр  туралы 

ойлары. 

15

.  Ш.  Уәлиханов,  Ы.  Алтынсарин,  А.  Құнанбаевтың  шығармаларындағы  эстетикалық 



көзқарастары. 

16

. М. Қаратаевтың реализм, эстетика табиғатына байланысты мақала, зерттеулері. 



  

17

. Кейіпкер және көркем образ. Архетип және образ.  



18

. И. Байзақов поэзиясындағы фольклорлық сарындар. 

19

. Қазақ әдебиетіндегі зар заман ағымы. Зар заман әдебиетінің зерттелуі, өкілдері. 



 

 

Қазіргі қазақ әдебиеті 

1

. Ғ. Мүсірепов шығармашылығындағы ана тақырыбы және аналар келбеті. 



2

. Қазақ әдебиетіндегі лиризм: М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова. 

3

. І.Есенберлиннің тарихи тақырыптағы туындылары. «Алтын орда», «Көшпенділер». 



4

. Шәкәрім поэзиясындағы Абай дәстүрі және жаңашылдық. 

5

. Р. Нұрғали. Драмадағы поэтика. 



6

. С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романындағы Ш.Уәлиханов бейнесі және көркемдік шындық. 

7

. О. Бөкей прозасының стилі. 



8

. Ж. Жабаевтың «Өтеген батыр» поэмасының тақырыбы мен идеясы. 

9

. Ж. Молдағалиев шығармашылығындағы елдік пен ерлік тақырыбы. 



10

.  М.  Шаханов  –  баллада  жанрының  шебері.  «Шыңғысханның  пенделік  құпиясы»,  «Сенім 

патшалығы».  

11

. Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романындағы кейіпкерлер. 



1

2. Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының қазақ әдебиетінде алатын орны. 

13

. Т. Ахтанов романдарындағы соғыс шындығы және кейіпкерлер бейнесі. 



14

. Бейімбет поэзиясының тілі және еңбек адамының бейнесі. 

15

. Міржақып Дулатов шығармашылығы. «Бақытсыз Жамал» - қазақтың тұңғыш романы. 



16

. Ғ. Мұстафин шығармашылығы. «Миллионер» романы, ондағы жаңа мен ескінің арасындағы 

тартыс. 

17

. Алаш зиялыларының фольклоршылық қызметі. 



18

. Ж. Аймауытовтың ғылыми – педагогтік және шығармашылық қызметі. 

19. 

Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі, әдеби мұрасы. 



20

. Нұржан Наушабаев – діни ағартушылық бағыттың көрнекті өкілі. 

2

1. М. Жұмабаев – сыршыл суреткер, лирик ақын. 



2

2. М. Әуезовтің «Абай жолы» романы және оның әдеби дамуға жасаған ықпалы. 

23

. ХІХ ғ. дәстүрлі айтыс өнері. 



24

. І. Жансүгіров поэмаларының тақырыбы, сюжеті, композициясы, тілі. 

25

. Д. Исабеков пьесаларындағы көркемдік шындық. 



26

.  С.  Сейфуллиннің  прозалық  шығармаларының  тақырыбы  мен  проблематикасы,  көркемдік 

ерекшеліктері. 

27

. Қасым Аманжолов поэзиясындағы Отан соғысы тақырыбы және патриотизм. 



 

1. Мұхамеджан Сералин және қазақ баспасөзі. 

28

. Ж. Молдағалиев поэмаларының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері мен поэтикалық сипаты.  



29

. С. Мәуленов поэзиясындағы соғыстан қайтқан солдаттар бейнесі. 

30

. Қазіргі тарихи шығармалар. 



 

3



1. Ғабит Мүсіреповтің дилогиясы («Оянған өлке» «Жат қолында»). 

3

2. Б. Соқпақбаевтың балаларға арналған шығармалары: «Менің атым -Қожа». 



33

. Ә. Тәжібаевтың естеліктері: шындық және көркемдік бейне. 

34

. Қадыр Мырзалы шығармаларындағы қазақ бейнесі және патриотизм. 



35

. М. Мақатаевтың ақындық даралығы және қазақ әдебиеті тарихындағы орны. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 

 

Қазақ халық ауыз әдебиеті 



 

Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. А., 1991. 

Әуезов М. Әдебиет тарихы. А., 1991. 

Әбсадықов А., Исина Н. А. Байтұрсынұлының әдеби мұралары. Литературное наследие А. 

Байтурсынова. Қостанай, 2003 

Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. А., 1991. 

Досмұхамедұлы Х. Аламан. А., 1991. 

Қазақ фольклористикасы. А., 1972. 

Абылқасымов Б. Телқоңыр. А., 1993. 

Фольклор шындығы. А., 1990. 

Садырбаев С. Халық әдебитiнiң тарихы негiздерi. А., 1992. 

 

                 

Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы қазақ әдебиеті 

 

1.Келiмбетов  Н.  Ежелгi  дәуiр  әдебиетi.(Жоғары  оқу  орындарының  филология  факультеттерінің 

студенттеріне арналған оқулық) Алматы: 1991.-264 б. 

2.Қоңыратбаев Ә. “Көне мәдениет жазбалары” А., 1991ж 

3.Жетписбаев Б.А. Древнетюркская литература (Электронный учебник). А., 2004 

4.Гумилев Л.Н. “Көне түрiктер” А, 1993 ж. 

3.Жетписбаев Б.А. Древнетюркская литература (Электронный учебник). А., 2004 

4.Өмiрәлиев Қ. “Оғуз қаған эпосының тiлi”, А., 1988ж. 

5.Әбiлғазы “Түрiк шежiресi” А., 1991ж. 

6.Қорқыт Ата кiтабы А., 1986ж 



 

                                                

Әдебиет теориясы 

1 Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. Алматы, 1992 ж. 

2 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы, 1969 ж. 

3 Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. Алматы,1990 ж. 

4 Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1992 ж. 

5 Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе. Алматы, 1991ж. 

Абрамович Г. Введение в литературоведение. Москва,1979 г. 



7 Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. Алматы, 1966 ж. 

8 Дүкенбаев М. Әдебиет теориясының алғашқы ұғымдары. Алматы,1970 ж. 

9 Әуезов М.  Уақыт пен әдебиет. Алматы,1969 ж. 

1

0 Кәкішев Т.  Қазақ әдеби сынының тарихы. Алматы, 1994 ж. 



11 

Горький М. Әдебиет туралы. Алматы, 1984 ж. 

12 

Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері. Алматы, 1993ж. 



13 

Хализев В. Теория литературы. М.,1999 г. 

 

                                              

Қазіргі қазақ әдебиеті 

1

 



20-

30 жылдардағы қазақ әдебиетi. А., 1997. 

2

 

40-



50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиетi. А., 1998. 

3

 



А.Байтұрсынов. Ақ жол. А., 1989. 

4

 



А.Байтұрсынов шығармалары. А., 1989. 

 

5



 

Қабдолов З. Ахаң һәм әдебиеттiң Әлiп би Қазақ әдебиетi тарихының өзектi мәселелерi. А., 

1993. 

6

 



Бес арыс. А., 1992. 

7

 



Әбдiманов Ө. Қазақ газетi. А., 1993. 

8

 



Әуезов М. Әдебиет тарихы.А.,1991. 

9

 



ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.А.,1994. 

10

 



Исмаилов Е.ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.А.,1940. 

11

 



Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ том, ІІ кітап. А.,1965. 

12

 



Кенжебаев Б. ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті.А.,1983. 

13

 



Мұқанұлы С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Қызыл Орда., 1932. 

14

 



Нұрғали  Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Ас.,2002. 

15

 



Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А.,2002. 

16 


Досмұхамедұлы Х.Аламан. - Алматы, 1991. 

17 


Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті. - Алматы, 1932. 

18 


Ысмайылов Е. Ақындар. Алматы, 1956. 

19 


Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. - Алматы, 2000. 

20 


Сүйіншәлиев X. Қазақ әдебиетінің калыптасу кезендері. Алматы,1967. 

21 


Сүйіншәлиев X. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997. 

22 


Кенжебаев Б. Қазак әдебиеті тарихының мәселелері. - Алматы,1973. 

23 


Қабдолов 3. Сөз өнері.- Алматы, 1989. 

24 


Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы, 1985. 

25 


Сейтжанов 3. Шыңжаң қазақ әдебиеті. Алматы, 1999. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6М020500-ФИЛОЛОГИЯ: ҚАЗАҚ ТІЛІ  

МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАННЫҢ  

БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай, 2015 

 

 



 



НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

(пәндер мазмұны) 

 

Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы 



 

         

Лексика  саласы  бойынша  сөз  мағынасын,  қазақ  тілінің  сөздік  құрамын,  синонимдер, 

антонимдер,  омонимдерді,  көп  мағыналы  сөздерді,  балама,  мақал-мәтелдер,  терминдік 

тіркестерді, фразеологиялық тіркестерді, біріккен, қысқарған сөздерді білу. 

Бір  тілде  қанша  сөз  болса,  солардың  тұтас  жиынтығы  тіл  ғылымында  лексика  немесе 



сөздік  құрам  деп  аталады.  Ал  сөздің  лексикалық  жүйеде  алатын  орны,  лексикалық  мағына, 

сөздің  пайда  болу,  даму,  қалыптасу  заңдылықтары,  жасалу  мен  шығу  тегі,  қарым-қатынас 

кезіндегі  қолданылу  қабілеттілігі,  функциялық  қызметінің  аясы  мен  шеңбері,  эмоциялық-

стильдік  сипаты  т.б.  қарастыратын  ғылым  –  лексикология.  Лексикология  тіл  білімінің  бір 

саласы, сөздердің теориясы мен практикалық мәнін үйрететін ғылыми курс болып табылады. 

Сөз байлығы – лексика қарастыратын негізгі және күрделі единица. Тілдің сөз байлығына 

тұрақты тіркестер де жатады. Бұлар замандар бойы біртіндеп туып қалыптасқан, ұзақ дамудың 

жемісі.  Сондықтан  лексиканы  зерттеу  сөздік  құрамды  тұтас  алғанда  бір  бүтін  система  деп 

қарауды  міндеттейді.  Яғни  лексикология  жекелеген  сөздер  тобын  емес,  тілді  қалыптасқан 

лексикалық жүйесі тұрғысынан қарайды. 

Қазақ  тілі  лексикологиясы  қазіргі  қазақ  тіліндегі  сөздердің  осы  заманғы  даму  қалпын, 

олардың  келіп  шыққан  арналары  мен  қат-қабаттарын,  баю  жолдарын,  сөздердің  экспрессивті-

стилистикалық  мәнін,  қолданылу  аясын  тексереді.  Бұл  мәселелер  лексикологияның  әр 

салаларында  әр  қырынан  қарастырылады.  Олар:  семасиология,  ономасиология,  ономастика, 

фразеология, лексикография, лексикалық стилистика, тарихи лексикология, этимология. 

Тілдің  басты  элементі  саналатын  «сөз»  өте  күрделі  құбылыс.  Тілдегі  сөздер  бір-бірінен 

дыбыстық  ерекшелігі  мен  құрылымдық-құрылысы  жағынан  ғана  емес,  білдіретін  мағынасы 

жағынан да қилы-қилы.  

Әрбір сөз – белгілі бір құбылыстың аты. Сол себептен олардың әрқайсысына тән белгілі 

мағынасы бар. Бірақ бұл мағыналар өзі білдіретін зат пен құбылысты табиғи жолмен емес, сол 

ұғымды  білдіретін  белгі  ретінде  жұмсалады  да,  бір  тілде  сөйлейтін  халықтың  бәріне  бердей 

түсінікті болып тұрады. Белгілі бір ұғым тілдегі сөздердің негізінде туады және сол арқылы тілде 

өмір  сүреді.  Сөз  жеке  нәрсені  байқатады.  Сонымен  қатар  жалпылық  мәні  де  болады.  Өмірдегі 

заттар мен құбылыстар сөздер арқылы бейнеленіп, сөз мағыналары арқылы топшыланып барып 

ұғынылады. 

 

Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы 

 

         



Морфология  саласы  бойынша  сөз  құрамын,  сөз  таптарын,  сөздерді  топтастырудың 

принциптерін,  көмекші  есім  сөздерді,  көмекші  етістіктерді,  әр  түрлі  тілдік  құбылыстарды 

білу.Грамматиканың  зерттеу  объектісі,  грамматиканың  салалары:  морфология,  синтаксис. 

Тарихи  грамматика,  салыстырмалы  грамматика,    сипаттамалы  грамматика.  Грамматикалық 

ұғымдар.  Жалпы  грамматикалық  мағына,  категориялық  грамматикалық  мағына,  қатыстық 

грамматикалық  мағына.  Грамматикалық  мағынаның  берiлу  тәсiлдерi  мен  жолдары. 

Грамматикалық  форма.  Грамматикалық  мағына  мен  грамматикалық  форманың  сәйкестiгi. 

Грамматикалық  мағына  мен  грамматикалық  форманың  сәйкестiгi  туралы  А.  Ысқақов  пен  С. 

Исаевтың пікірлерін салыстыру.  Нөлдiк форма және оның кездесетiн тұстары: атау септік; ілік 

септігі мен тәуелдік жалғау; бұйрық райдың ІІ жағы; шартты рай, жедел өткен шақ, зат есімнің 

жіктелуіндегі ІІІ жақ.Грамматикалық категориялардың сипаты мен түрлерi. Таза грамматикалық 

категориялар,  таза  грамматикалық  емес  категориялар.Грамматиканың  зерттеу  объектісі, 

грамматиканың  салаларына  жан-жақты  тоқталу.  Тіл  білімі  саласы  ретіндегі  морфологияның 

дамуы,  қалыптасуына  назар  аудару.  Морфологияны  зерттеуші  ғалымдардың  еңбектерімен 

танысып,  пікірлерін  салыстыра  зерттеу.  Ғалымдар  көзқарастарының  ортақ  тұстарын  анықтау, 

қарама-қарсы жақтарын табу.  



 

10 


                                     

Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі 

 

Синтаксис саласы бойынша сөз тіркестері мен сөздердің байланысу тәсілдері, сөйлем мүшелері, 



сөйлем ішіндегі сөздердің орын тәртібі, күрделі синтаксистік оралымдар, салалас құпмалас, 

сабақтас құрмалас, аралас құрмалас сөйлемдер туралы түсінігі болу. 

Құрмалас сөйлемнің қалыптасуы, зерттелу тарихы. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен 

айырмашылықтары мен ұқсастықтары. 

 

«Қазіргі  қазақ  тілінің  жай  сөйлемі»  базалық  пән,  соның  ішінде  міндетті 



компонент  болып  табылады.  Сөздердiң  сөйлем  құрамында  бiр-бiрiмен  белгiлi 

грамматикалық  тәсiлдер  арқылы  байланысып,  айырым  синтаксистiк  қарым-қатынаста  жұмсалу 

ерекшелiгiн және олардың арасында байланыстың түрлерiн жан-жақты, толық меңгеру көзделедi. 

Синтаксистiк  тұлға-бiрлiк  ретiнде  түсiнiлетiн  сөз  тiркестерiнiң  өзiндiк  ерекшелiгiн,  оның  бiр 

жағынан, басқа лексика-грамматикалық тұлға-бiрлiктерден айырма-белгiлерiн түсiндiру. Сөйлем 

мүшесi  болуының  шарттарын,  сөйлем  мүшесi  қызметi  мен  құрамын,  өздерiне  тән  басты 

белгiлерiн  меңгерту.  Күрделі  ой  мен  күрделі  пікірді  білдіру  үшін  қызмет  ететін  құрмалас 

сөйлемдер  және  басқа  да  ой  білдіруде  қолданылатын  түрлі  құрлымдар  қазіргі  заман  көркем 

әдебиетінде,  ғылыми  және  саяси  шығармаларда  жиі  кездеседі.  Десе  де  қандай  тілдік  бірлік 

болмасын оның өзіндік қалыптасу, даму тарихы болады. Құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдердің 

негізінде  қалыптасқан  кейінгі  құбылыс  десек  те  көне  жазба  ескерткіштер  тілі  аталған  тіл 

бірлігінің сан ғасырлық тарихы бар екенін жоққа шығармайды.  

Тарихи ескерткіштер тілі сол кезеңдегі тілдік сана мен құрылымды толық көрсете алмайды, 

әрі оны қалпына келтірудің өзіндік қиындықтары да бар екендігін де естен шығармауымыз керек. 

М.  Ширалиев  көрсеткендей,  жазба  ескерткіштерде  тілдің  лексикалық  және  грамматикалық 

құрылымы  толық  әрі  жан-жақты  бейнелене  алмайды,  онда  тек  тілдің  қолжазба  және 

ескерткіштердің  автор  таңдап  алған  тақырыбы  мен  мақсатына  сайкес  шектелген  жекеленген 

«дәндері»  көрінеді  немесе  Б.А.  Серебренников  айтқандай  «Тілде  қандай  да  бір  сөздің  немесе 

тұлғаның болмауы адам санасында соған сәйкес түсініктің жоқ екенін көрсетпейді» 

 

                                       



Қазақ тілінің тарихи грамматикасы 

 

Тарихи грамматика тіл тарихы туралы жалпы білімнің бір саласы ретінде ұғынылады. Ал 

тіл тарихы тарихи грамматика мен әдеби тіл тарихының ажырайтыны белгілі. Әдеби тіл 

тарихынан тарихи грамматиканың негізгі айырмасы – оның зерттеу, түсіндіру объектісінде. 

Тарихи грамматиканың зерттейтін, түсіндіретін объектісі – күнделікті тұрмыстық қатынаста 

жасалатын сөйлеу тіліндегі ғана емес, бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Екінші сөзбен, 

тарихи грамматика өз тұжырымын, өз қорытындысын нормаланған, жүйеленген әдеби тіл 

ескерткіштері негізінде де, халықтың сөйлеу тілі жүйелерінің өзгерістері мен даму заңдылықтары 

негізінде де айтады. Дегенмен, тіл тарихының бұл екі саласы бір – бірімен тығыз байланысты, 

бірінің қорытындылары екіншісінде өзінің орнымен қайталанып отырады. Тілдің тарихи дамуын 

зерттеуде, қолданатын басты әдіс – тарихи – салыстырмалы әдіс. Түркі тілдерінің тарихын 

жасау сонау Менинский, Шотт, кейінгі Радлов заманынан – ақ осы тарихи салыстырма әдіс 

арқылы жүріп келе жатыр.Бұл әдістің басты шарты – жай салыстыру, қалай болса солай 

салыстыру емес, тілдердің, тілдік фактілердің тарихи байланысы мен жүйесін сақтай отырып 

салыстыру. Тарихи – салыстырма әдістің қолданылатын мынадай негізгі орындары бар: 1) Бір 

тілдің әр кезеңде қатысты, бірақ бір жүйеде жататын, қызметі мен симантикалық жағынан бір – 

біріне эквивалент болатын фактілерін салыстыру; 2) Бір уақытта өмір сүрген, өмір сүретін, бір – 

біріне тілдік, тарихи жағындағы бар тілдер материалдарын салыстыру. Алайда, бір топқа 

жататын тілдердің өзара байланысы, бір – біріне қатыс дәрежесі бірыңғай болып келмейтін еске 

алынады. Бір тілдің екінші бір тілмен ұқсастығы, жақындығы мол да, үшінші бір тілмен 

байланысы одан гөрі алыс, ал төртінші бір тілмен байланысы одан да алыс. Оның үстіне олардың 

тарихи жағынан бір – бірімен ұштасуы да әртүрлі. Кейде бір – бірімен өте ұқсас, өзара жақын 

тілдер тарихи жағынан бір – бірімен өте алыс кезеңде ғана ұштасады. Мысалы: қазақ тілі мен 


 

11 


қарақалпақ, не ноғай тілдері, қазақ тілі, ноғай тілі арқылы татар, башқұрт тілдерімен немесе бүкіл 

қыпшақ тілдерімен ұштасады, қазақ тілі қыпшақ тілдері арқылы оғыз тілдерімен ұштасады, содан 

кейін ғана якут немесе чуваш тілдерімен салыстыруға мүмкіндік туады. Ал екінші ерекшелікке 

қазақ тілі мен қырғыз тілдерін жатқызуға болады.Тарихи – салыстырма әдісті қолданудың 

мақсаты – қазіргі тілдегі дыбыстар мен морфемалар жүйесінің алғашқы сипатының жобасын 

жасау.Қазіргі түркі тілдерінің арасындағы фонетикалық, морфологиялық, лексикалық 

айырмашылықтарды анықтап, оларды сол тілдер құрамындағы диалектілік айырмашылықтармен 

салыстыра отырып, сол тілдердің көне дәуір ескерткіштеріне қатысын айқындауға мүмкіндік 

туады. Бұл ретроспективтік тәсіл деп аталады. Тарихи – салыстырма әдісті ретроспективтік 

тәсілмен іске асыру – зерттеудің негізгі бағыттарының бірі. 



 

Емтихан сұрақтарының тізімі 

 

Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы 

1.  


Лексикология. Қазақ тілінің сөздік құрамы. Сөздердің  мағыналарына қарай топталуы 

2. 


Этнолингвистика, этимология. 

3.

Тұрақты сөз тіркестірі, оның түрлері. Мақал-мәтелдер, тақырыптары. Мақал мен мәтелдердің 



ерекшеліктері. 

4

.Баламалар, тұрақты теңеулер. 



5.

Тура және ауыспалы мағыналы сөздер. Сөз мағынасы ауысуының ішкі және сыртқы себептері. 

6.

Этнолингвистикалық арналар. 



7. 

Диалект және кәсіби сөздер. 

8. 

Этнолингвистика, этнография, этимология. 



9.

Фразеологизмдер. Қазақ тіліндегі фразалық тіркестер. Идиома мен фраза. 

10. 

Қазақ жер-су атауларының жасалу тәсілдері. 



11. 

Табу және эвфемизм сөздер. 

12. 

Неологизм сөздер мен көнерген сөздер. 



13. 

Сөздердің  шығу  тегі  (этимология)  мен  қолданылу  аясына  қарай  топталуы.  Қазақ  тіліне  тән 

термин сөздерге тоқталыңыз. 

14. 


Этнолингвистикалық этюдтер. 

15. 


Этнос болмысы. 

16. 


Этнолингвистика және мәдениеттану. 

 

Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы  

1. Қазақ тілі туралы. Қазақ тілі грамматикасының өзіне тән ерекшеліктері. 

2. Фонетика. Қазақ тілінің дыбыстық құрамы. Алфавит. Дыбыс пен әріп. 

3. Дыбыстың артикуляция – акустикалық табиғаты. Дыбысты қарастырудың үш аспектісі. 

Сөз тіркесі,оның түрлері. Лексикалық сөз тіркесінің ерекшеліктері. 



5

.Морфология. Сөз таптары. Сөздерді топтастырудың принциптері. 

6

.Грамматикалық ұғым, грамматикалық мағына, грамматикалық категория. 



7

.Жұрнақ, оның түрлері. 

8

.Сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары. 



9

.Сөздік құрам және негізгі сөздік қор. 

10

.Түбір етістіктің морфологиялық сипаты.Амалдың өту сипатын білдіретін етістіктер 



11

. Сан есімнің семантика-морфологиялық топтары. Сан есімнің емлесі. Сөйлемдегі қызметі. 

12

. Есімдік және оның мағыналық топтары.Есімдіктің септелуі, тәуелденуі, сөйлемдегі қызметі. 



13

. Грамматика және оның салалары. Грамматикалық категория. 

14

. Грамматикалық мағына және грамматикалық форма. 



15

. Етістіктің етіс категориясы, жасалу жолдары, білдіретін мағынасы. 

16

. Есімше. Көсемше. Болымды, болымсыз етістіктер.Тұйық етістік. 



17

Үстеу сөздер, құрамы мен мағынасына қарай түрлері. Сөйлемдегі қызметі. 

18

.Еліктеуіш сөздер, мағыналық топтары, фонетикалық ерекшеліктері, синтаксистік қызметі. 



19

. Сын есімнің семантика-морфологиялық топтары. Сын есімнің шырайлары. 



 

12 


20

. Қазақ тіліндегі нөлдік форма. 

 

Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі  

1

. Сабақтас құрмалас сөйлем, түрлері, жасалуы.  



2

. Қазақ жер-су атауларының жасалу тәсілдері. 

3

. Жай сөйлем, оның түрлері. Қазақ жер-су атауларының жасалу тәсілдері. 



4

. Жай сөйлем, оның түрлері 

5

. Құрмалас сөйлем,түрлері. Қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесінің  зерттелу тарихы. 



6

. Салалас құрмалас сөйлем, түрлері, жасалуы. 

7

. Қазақ тіліндегі нөлдік форма. 



8

.Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері, олардың танылу принципі. 

9

. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымдық белгілері, олардың түрлері,қызметі. 



 

Қазақ тілінің тарихи грамматикасы 

 

1. Қазақ тілі туралы. Қазақ тілі грамматикасының өзіне тән ерекшеліктері. 

2. Фонетика. Қазақ тілінің дыбыстық құрамы. Алфавит. Дыбыс пен әріп. 

3. Дыбыстың артикуляция – акустикалық табиғаты. Дыбысты қарастырудың үш аспектісі. 

4.  Лексикология. Қазақ тілінің сөздік құрамы. Сөздердің  мағыналарына қарай топталуы 

5. Этнолингвистика, этимология. 

6. Сөз тіркесі,оның түрлері. Лексикалық сөз тіркесінің ерекшеліктері. 

7. Тұрақты теңеулер. 

8.Морфология. Сөз таптары. Сөздерді топтастырудың принциптері. 

9.Сөз байлығының даму, өзгеру, жаңалану заңдылықтарын зерттейтін бөлім – лексикология. 

10.Грамматикалық ұғым, грамматикалық мағына, грамматикалық категория. 

11.Тұрақты сөз тіркестірі, оның түрлері. Мақал-мәтелдер, тақырыптары. Мақал мен мәтелдердің 

ерекшеліктері. 

12.Баламалар, тұрақты теңеулер. 

13.Тура және ауыспалы мағыналы сөздер. Сөз мағынасы ауысуының ішкі және сыртқы себептері. 

14.Жұрнақ, оның түрлері. 

15.Этнолингвистикалық арналар. 

16.Сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары. 

17.Сөздік құрам және негізгі сөздік қор. 

18.Түбір етістіктің морфологиялық сипаты.Амалдың өту сипатын білдіретін етістіктер 

19. Диалект және кәсіби сөздер. 

20. Этнолингвистика, этнография, этимология. 

21.Фразеологизмдер. Қазақ тіліндегі фразалық тіркестер. Идиома мен фраза. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 

 

                

Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы 

1.

 



Нұрмұханов Х.М. Сөз және оның контекстегі қолданысы А., 1994. -49б. 

2.

 



Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. -Алматы, Мектеп, 1988. -143б. 

3.

 



Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. -

Алматы, 1997. -95б.  

4.

 

Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика.- Алматы, 1975.          -293б. 



5.

 

Омаров А. Қазақ тілі (лексикология, фразеология, лексикография). -Алматы, 2003. 230б. 



6.

 

Белбаева М.   Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы.- Алматы, 1976. -127б. 



7.

 

Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. -Алматы, Мектеп, 1988. -143б. 



8.

 

Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика.- Алматы, 1975.          -293б. 



9.

 

Белбаева М.   Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы.- Алматы, 1976. -127б. 



10.

 

Барлыбаев Р. Қазақ тіліндегі сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы. А.,1978. 



11.

 

Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. -Алматы, 1984. 



 

13 


12.

 

Хасанов Б. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы. -Алматы,1966. 



13.

 

Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. А, 1988.  – 159 б. 



14.

 

Ақаев С. Терминнің танымдық табиғаты. – Алматы, 2000 



15.

 

Біләлов Ш.Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың өзекті мәселелері –Алматы, 1996. 



16.

 

Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. -Алматы, Мектеп, 1988. -143б. 



17.

 

Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика.- Алматы, 1975.          -293б. 



18.

 

Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. -Алматы, Мектеп, 1988. -143б. 



19.

 

Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика.- Алматы, 1975.          -293б. 



20.

 

Хасанова С.  Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы. -Алматы, 1999. 



21.

 

Кеңесбаев С. О некоторых особенностях фразеологических единиц в казахском языке 



«Известия АН Каз ССР», -А.1954. 

22.


 

Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы.- Алматы, 1996. 

23.

 

Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. -Алматы, Мектеп, 1988. -143б. 



24.

 

Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. -



Алматы, 1997. -95б.  

25.


 

Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика.- Алматы, 1975.          -293б. 



 

                                          

Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы 

1. 


АхановК. Грамматика теориясының негiздерi.- А., 1972 

2 . 


АхановК. Тiл бiлiмiнiң негiздерi.-А., 1993 

3. 


Байтұрсынов А. Тiл тағылымы.-А., 1992 

4. 


Жұбанов Қ. Қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер. А., 1966 

5. 


Жұбанов Қ. Қазақ тiлiнiң жоғарғы курсы.- А., 1999 

6. 


Ибатов А. Сөздердiң морфологиялық құрамы.- А., 1983 

7. 


Исаев С. Қазiргi қазақ тiлiндегi сөздердiң грамматикалық сипаты. – А., 1998 

8. 


Төлеуов Ә. Сөз таптары.- А., 1982 

9. 


Хасанова С., Әбдiғалиева Т, Қасабекова Қ., Шалабаев Б. Кестелi грамматика \ 

оқу құралы.- А., 1996 

10. 

Хасенова А.Қ. Етiстiктiң лексика –грамматикалық сипаты. А., 1971 



    11. 

Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi \ морфология.- А., 1991. 



 

                                      

Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі  

          1. 

Аманжолов С. Қазақ әдеби тiлi синтаксисiнiң қысқаша курсы.- А., 1994 

          2. 

Аманжолов С., Сауранбаев Н. Қазақ тiлi II. Синтаксис.-А., 1993 

          3. 

Әбiлқаев А. Қазiргi қазақ тiлiндегi жай сөйлем түрлерi.-А., 1971 

    4. 


Әмiров Р. Жай сөйлем синтаксисi.-А., 1983 

          5.

Балақаев М., Қордабаев Т. Қазiргi қазақ тiлi .-А., 1971 

   6. 


Балақаев М. Қазiргi қазақ тiлi. Сөз тiркесi мен жай сөйлем синтаксисi.-А.,1992 

   7. 


Құрманова  Қазiргi  қазақ  тiлiндегi  сөз  тiркесiнiң  жүйелiк-құрылымдық  сипаты  және  оны 

талдау.-А., 2001 

         8. 

Мадина Г. Қазiргi қазақ тiлiндегi жақсыз сөйлемдер.-А., 1959 

        9. 

Сайрамбаев Т. Сөз тiркесi спецкурсының программасы.-А., 1987 

 10. 

Серғалиев М., Сайрамбаев Т. Қазiргi қазақ тiлi. Сөз тiркесi синтаксисi.-А., 1973 



       11. 

Сайрамбаев Т. Қазiргi қазақ тiлiндегi күрделi сөз тiркестерi.-А., 1981 

  12. 

Аблақов  Ә.,  Исаев  С.,  Ағманов  Е.  Қазақ  тіліндегі  сөз  тіркесінің  дамуы  мен  лексикалану 



процесі.-А., 1997 

13. 


Аблақов Ә. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің қалыптасуы, дамуы және қолдану 

аясы.-А., 1990 

14. 

Көпбаева Ж. Мөлшер пысықтауыштың лексика-семантикалық сипаты.                -А., 2003 



      15. 

Қазақ грамматикасы. Астана, 2002 

      16. 

Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.-А., 1991 

17. 

Сайрамбаев Т., Өмірбекова Р. Анықтауыш, оның кейбір жасалу жолдары. 



     -

А., 1995 



 

14 


18. 

Арғынов Х. Қазақ тiлi синтаксисi методикасының негiздерi.-А., 1969 

19. 

Ағманов Тарихи синтаксис мәселелерi.-А., 1993 



20. 

Оразалиева  З.  Қазақ  тiл  бiлiмiндегi  сөз  тiркесi  теориясының  қалыптасуы.  Автореферат.-А., 

1996 

21. 


Шәукенов Қ. Синтаксис.-А., 1996 

22. 


Балақаев М. Қазақ әдеби тілі.-А., 1997 

23. 


Серғалиев М. Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы.-А., 1991 

 

 



                                     

Қазақ тілінің тарихи грамматикасы 

1

.Т.Қордабаев, М.Томанов Тарихи грамматика мәселелері.А.1975 



2 .Ғ.Ғ. Мұсабаеы Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан 1-2   бөлім. А.1965 

3 .М.Томанов Қазақ тілі тарихы грамматикасының мәселелері. А.74 

4  М.Томанов Қазақ тілі тарихи грамматикасы. А.88 

5 .Щербак А. М. Сравнительная грамматика тюрская языков. М.1970 

6. Рамстедт Т. Н. Введение в алтайское язкознание.М.1957 

7 .Ильинский Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия.Казань 

8  Баскаков Н.А. Введение в изучение тюрских языков.М.1962 

9 .Құрышжонов А..Исследжование по лексике старокы.письенного    М,1970 

10 .ЖұбановХ.Исследование по казакскому языку. А.1966 

11. Қордабаев Т. Томанов М. Тарихи грамматика мәселері туралы. А.1978 

12 .Қордабаев Т. Томанов М. Тарихи грамматика негіздері. А.1990 

13 .Аманжолов С.Вопросы диалектологии и истории казахского языка. А1959 

14 .Аманжолов С. Тарихи грамматика курсына керекті материалдар. А.1964 

15.М.Томанов  Қазақ тілінің  тарихи  грамматикасы .А.1988 

16.

Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991 



17.

Байтұрсынов А. Ақжол. - Алматы, 1991 

18.

Досмұхамедұлы Х.Аламан. - Алматы, 1991 



19.

Сейфуллин С. Қазак  әдебиеті. - Алматы, 1932 

20.

МұкановС.ҚазақтыңХҮІІІ-ХІХғ әдебиеттарихынан очерктер.Алматы, 42 



21.

Ысмайылов Е. Ақындар. Алматы, 1956                                                    

22.

Жұмалиев Қ. ХҮШ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. - Алматы,1967 



23.

Жұмалиев   Қ.    Қазак   әдебиеті   тарихының   мәселелері    мен    Абай поэзиясының тілі. II 

том. - Алматы, 1960 

24.


Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. - Алматы, 2000 

25.


Сүйіншәлиев X. Қазақ әдебиетінің калыптасу кезендері. Алматы,1967 

26.


Сүйіншәлиев X. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997 

27.


Кенжебаев Б. Қазак әдебиеті тарихының мәселелері. - Алматы,1973 

28.


Қабдолов 3. Сөз өнері Алматы, 1989 

29.


Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы, 1985 

30.


Сейтжанов 3. Шыңжаң қазақ әдебиеті. Алматы, 1999 

31.


Серебреников Б.А. О некоторых проблемах исторического морфологии тюркских языков.Сб. 

Структура и история тюркских языков. М.19717 

32.

Радлов В. В. Опыт словаря тюркских наречий. СПб.1888-1911(в 4-томдық) 



33.Этимологический словарь тюркских языков. М,1974 

34.Таджиева Н. З. Проблемы тюркской ареальной лингвистики. М..,1976 

35.

ТаджиеваН.Основы пути развития синтаксической тюркских яэыковМ., 66 



 

 

 



 

 

 



Document Outline

  • 1 Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. Алматы, 1992 ж.
  • 2 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы, 1969 ж.
  • 3 Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. Алматы,1990 ж.
  • 4 Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1992 ж.
  • 5 Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе. Алматы, 1991ж.
  • 6 Абрамович Г. Введение в литературоведение. Москва,1979 г.
  • 7 Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. Алматы, 1966 ж.
  • 8 Дүкенбаев М. Әдебиет теориясының алғашқы ұғымдары. Алматы,1970 ж.
  • 9 Әуезов М.  Уақыт пен әдебиет. Алматы,1969 ж.
  • 10 Кәкішев Т.  Қазақ әдеби сынының тарихы. Алматы, 1994 ж.
  • 11 Горький М. Әдебиет туралы. Алматы, 1984 ж.
  • 12 Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері. Алматы, 1993ж.
  • 13 Хализев В. Теория литературы. М.,1999 г.




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал