Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 29.71 Kb.
Pdf просмотр
Дата11.01.2017
өлшемі29.71 Kb.

 

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі 

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және 

инжиниринг университетінің кітапханасы 



 

 

 

 

 

 

 

 

Қашаған – жүйрік жырау, 

елдің тілі 

 

 

 

 

 

Ақтау қаласы



 

 

Қашаған Күржіманұлы  

өмірі мен шығармашылығы 

(1841-1929) 

     Жырлары  мен  ӛлеңдері  халық  арасына  кеңінен 

таралған, суырып салма ақын Қашаған Күржіманұлы 1841 

жылы  Түрікменстанның  Ташауыз  қаласының  маңында 

туған  ақын.    Ол  16    17  жасынан  ақын  атанған,  жалшы 

отбасында дүниеге келіп, жастай жетімдік, жоқшылықтың 

тауқыметін тартқан. 

1917 жылғы Қазан тӛңкерісіне дейін шығармалары ел 

арасына ауызша тараған. 

  Бірқатар  шығармалары  алғаш  «Әдебиет  майданы» 

журналында (1935, №5) жарияланды. 

 Қашаған    ӛлеңдерінде  надан,  дінбұзар,  дүмше  молдалар  мен  сараңбайларды 

аяусыз әшкерелеп ("Ескали сұпыға айтқаны", "Оразалыға", т.б.), адамгершілік, ізгілік 

қасиеттерді дәріптейді ("Берекет акынға", "Сақыпқа айтқаны", т.б.), елдік пен ерлікті, 

халық мұратын жырлайды ("Ізім шайырмен айтысы", "Ізбасқа айтқаны"). "Атамекен", 

"Топан",  "Адайтегі",  "Әзіреті  Ғали"  дастандарында  халыктың  кӛне  шежіресі  мен 

тарихын,  Атырау  ӛңіріне  үлкен  қасірет  әкелген  табиғат  апатын  толғайды.  Әйгілі 

жыраулар  дәстүрімен  толғайтын  ақын  "Қырымның  қырық  батыры"  деп  аталатын 

жырларды  ел  арасына  таратқан.  Шығармалары  "Ертедегі  әдебиет  нұсқалары"  (А., 

1967),  "Ақберген"  (А.,  1972),  "19  ғасырдағы  қазақ  поэзиясы"  (А.,  1985),  "Бес  ғасыр 

жырлайды"  (А.,  1984,  II  т.,  1989,  II  т.),  "Қашаған  Күржіманұлы:  Топан"  (А.,  1991), 

"Алқаласа  әлеумет"  (А.,  1991),  «Жыр-дария»  (Ақтау,1995)  жинақтарында  жарық 

кӛрген.  

Қазақстан  егемендік  алғаннан  кейін  1991  жылы  арқалы  ақынның  150  жылдық 

мерейтойы  республика  деңгейінде  аталып  ӛтті.  Жылма-жыл  Қашаған  күндері 

ӛткізіліп, жыр айтыстары болып тұрады. Қазіргі кезде Қашаған ақынның есімін дүние 

жүзі  біледі.  Ӛйткені  ақынның  атымен  аталатын  Қашаған  кен  орны  мұнай-газ  кӛлемі 

мен қоры жӛнінен дүние жүзінде алдыңғы орындардың санатына кірді. 

Бүгінде  «Қашаған»  кен  орнын  игеріп,  ел  игілігіне  жаратуда  НКОК 

компаниясының орны ерекше. 

       Қашаған  Күржіманұлы-ӛз  кезеңінің    белді  ақыны,  дәуірінің  әлеуметтік 

мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты ақын.Ол 1929 жылы Маңғыстау  түбегіндегі 

Қырықкез деген жерде қайтыс болған. 

 

Өлеңдері 

 

Адай деген ел едік 



 

Атамекен 



 

Байларға 



 

Бұл дүниеде не жетім 



 

Бұл ӛмірдің мысалы 



 

Есқали Сұпыға айтқаны 



 

Оразалыға 



 

Осы күні жолдас болдым сексенмен 



 

Тойбастар 



 

Бастапқы сөз 

 

Атам бір қайтты дүниеден – 



Бес жаста жетім қалдырды, 

Басыма қайғы салдырды. 

Анам кӛрді жесірлік, 

Ӛзім кӛрдім жетімдік, 

Сӛйтіп басым қанғарды. 

Алты жаста еліктім

Жеті жаста желіктім. 

Сегіз жасқа келгенде, 

Бала болдым кӛрікті. 

Тоғыз жасқа келгенде, 

Қадір білер ағалар: 

- Шырағым, жүр,   деп ертті. 

Он тӛрт жасқа келгенде, 

Балалықты тастадым. 

Он бес жасқа келгенде

Таяқ алып қолыма, 

Қойшының түстім жолына. 

Табанға шарық байладым, 

Жұмысқа басты сайладым. 

Орынбор деген қалаға 

Сергей деген кӛпестің 

Серкелі қойын айдадым. 

Барған жерім айтайын: 

Ақсу, Шаған, Дере тау, 

Соларды кӛрдім есен-сау. 

Ор деген судың бойымен, 

Қарашекпен бардым жағалап. 

 

 



Електің бойын жайладым, 

Қара сұңқар шайнадым. 

Жабағыдан сырыған бӛркім бар, 

Жүдеп жүрген кӛркім бар, 

Кӛрдеубайлар қамайды, 

«Қойға бар» деп сабайды. 

Бармасқа қандай еркім бар?! 

Кӛрдеубайдан таяқ жеп, 

Бір күні жаман сорладым, 

Кӛзімнің жасы парлады... 

Қайтайын десем   ел алыс, 

Қасымда болмай бір таныс, 

Астымда болмай бір тайым, 

Жабығып қатты зарладым. 

Бір күні ұйықтап жатқанда, 

Қара кісі келіп: «Тұр,   деді, 

Мойныңды маған бұр»,   деді. 

Сол кісі және сӛйледі: 

«Қашаған, балам, кӛзіңді аш, 

Ӛнер бердім, жұртқа шаш. 

Таяғыңды тастап, қойдан қаш, 

Бардың болса, кәсібің, 

Елден болар нәсібің. 

Рұқсат етіп сыйладым, 

Халықтың тӛр мен есігін!» 

Батасын берді қол жайып, 

Екі қолын мол жайып. 

Рұқсат содан болған соң

Жӛнелдім сӛзге мен байып. 

 

 



Тартып кетті қолымнан, 

Тұрғызып кетті орнымнан. 

Қой соңында ертең қаңғырып, 

Ӛлең айтып жаңғырып, 

Жүргенімде Сергейлер 

Малай, жалшы балдарын, 

Жіберген екен ат беріп. 

Үзеңгіге салдым аяқты, 

Тастадым қолдан таяқты. 

Азамат ерлер жақсы екен, 

Есітіп сырттан аяпты. 

Жетіп барсам сол жерге: 

Ақ шатырдың астында

Әдемі тӛсек үстінде, 

Қымбат мәсті, кебісті 

Кербездер отыр келісті. 

Құралында жырладым, 

Сӛзімді айтқан сырладым. 

Сонда да бейнет кетпеді, 

Тағдырдың малай еткені. 

Самарға барып біз тұрдық, 

Бір ай сонда қой қырдық. 

Боз қырау деген амалда 

Жаман ауру тап болып, 

Шомытты арба үстінде 

Шалқамнан сұлық құладым, 

Сағынып елді жыладым. 

Мен содан елге жылыстым, 

Еңбегімді еткен сыйлады, 

Ӛнерден дәулет жинадым.



 



Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет