ӘӚЖ-808.5:372.461.1
Бастауыш мектеп математикасынан сыныптан тыс жҧмыстар
жҥргізудің психологиялық ерекшеліктері
*Кенжебекова Р.И., **Сансызбаева А.С.
*М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ, п.ғ.к., доцент, ** ОҚМПИ, 3-курс студенті
Ұрпақ тҽрбиесi барлық уақытта ҽр қоғамның кҿкейтестi мҽселесi
болып келген. Ал қоғам деңгейi қандай болса, мектептердегi бiлiм беру
сапасы да соған лайық болмақ.Қоғамның алдына қойған мақсаттарына
сҽйкес бiлiм беру жүйесiнiң ҿзгеретiнi педагогикалық ғылымдар
тарихынан белгiлi. Себебi қоғам – тапсырыс берушi, ал мектеп - осы
тапсырысты жүзеге асырушы педагогикалық жүйе. Бұл мҽселелер, ең
алдымен оқушыға деген кҿзқарастың ҿзгеруiне алып келетiнi тұсiнiктi.
Себебi оқыту үрдiсi тек шҽкiрт үшiн ұйымдастырылып, қызмет етедi. Егер
бала осы үрдiс барысында мақсатты iс-ҽрекет жасамаса, онда оқыту
393
үрдiсiнiң нҽтижелi болуы екi талай. Оқу үрдiсiнiң нҽтижелiлiгi оқушы
бойында қандай ҿзгерiстер болғандығы тұрғысынан, яғни оның қандай
бiлiм мен дағдыларды игергенi, оның психологиялық дамуы, ҽдетi мен
тҽртiбiнде қандай iлгерi жылжу белгiлерiнiң болғаны, ғылыми-
диалектикалық кҿзқарасының қандай дҽрежеде қалыптас-қандығы т.б.
тұрғысынан бағаланатыны да анық.
Оқушыны оқыту субъектiсi ретiнде қарастыра отырып қана
математиканы оқытудың мақсаты мен мiндетiн нҽтижелi iске асыруға
болады. Сол себептен де Бабанский Ю.К.: ―Оқыту мен тҽрбиелеудiң
барлық күрделi мiндеттерiнiң жүзеге асырылуы, оқушының қаншалықты
мҿлшерде
ҿзiнiң
оқу-тҽрбиелiк
қызметiнiң
субъектiсi
болуына
байланысты‖, - деп кҿрсеткен болатын [1, 25 - б.].
Оқыту үрдiсi екi жақты: мұғалiмнiң қызметi жҽне оқушының
қызметi. Бiр жағдайларда оқушы мұғалiмнiң қызмет объектiсi, ал оқу
барысында субъект ретiнде болады. Сонымен қатар оқу-тҽрбие
процесiндегi оқушының атқаратын қызметi оның жан-жақты дамуының
негiзi болып табылады.
Мұғалiм қызметiнiң басты мазмұны – оқушының ҿз қызметiн саналы
жҽне мақсатты түрде жүргiзуiне кҿмек кҿрсету. Оқушы мен мұғалiм
қызметтерiнiң бiр арнаға тоғысуы, алға қойған мақсатқа жоғарғы
кҿрсеткiшпен жетуге, оқу процесiн жетiлдiруге ықпал етедi. Сондықтан да
педагогикалық процесс барысында мұғалiм-тҽрбиешi басты рольге ие бола
отырып, барлық уақытта оқушының қызмет субъектiсi болуына ықпал
жасауы тиiс.
Шығыс ойшылдары Ҽбунасыр ҽл-Фараби (870-950жж), Ҽбуғали
Ибн-Сина (980-1037 жж.) жҽне т.б. балаларды тҽрбиелеу барысында,
олардың бiлiмiн қалыптастырудың ҽдiс-жолдарын қарастырған. Мысалы,
Ҽл-Фараби ҿзiнiң ―Философияны үйрену үшiн қажеттi шарттар‖ атты
трактатында баланың iшкi сезiмдерiне ҽсер ете отырып, оқыту үрдiсiнде
оларда қызығушылық пен ынта тудыру жҿнiнде мынадай пiкiр айтты:
―Рухани негiзi тұзу болса, оның тiлегi, қалауы дұрыс болады. Оқу-үйрену
нҽтижесiне шҽкiрттiң ниетi ҽсер етедi. Кҿңiл қалауы болмақ‖- дедi. Ал,
Ибн-Сина: ―… егер ұжымда бала тҽрбиеленсе, онда ол жалықпайды,
сабаққа ынтасы мен қызығушылығы пайда болып, басқалардан қалып
қоймауға талпынады‖-дейдi [2, 29 - б.].
Н.И.Морозованың пiкiрiнше: ―Бала неғұрлым сҽби болған сайын, ол
ҿмiрден кҿп
ештеңе
кҿрiп-бiлмегендiктен, оның
құбылыстарға
қызығушылығы ҿте ауқымды жҽне мүлде дайындықсыз болады. Соған
сҽйкес, оның ҿмiр құбылыстарынан алатын ҽсерi де ҿте шұғыл, жарқын ҽрi
жан-жақты болып кете барады. Нҽтижесiнде, бұл оның келешектегi бүкiл
бiлiм жүйесiн қалыптастыруға түбегейлi негiз болып шығады‖ деген
байлам жасаған [3].
Мақсатты ҽрекеттердi орындау нҽрестелiк жаста-ақ байқалады.
Мысалы, бала ҿзiнiң назарын аударып қызықтырған ойыншыққа қарап оны
394
қолына алу үшiн еңбектеп келе жатқанда ойыншықты ұстап кҿру, аузына
салу оның мақсаты болып табылады, ал оның ҽрекетi осыған бағытталады.
Абай бала мiнезiнiң қалыптасуы жҿргектен басталатынын айта келiп,
бұл жҿнiнде ―Жетiншi сҿзiнде‖ былай дейдi: ―Жас бала анадан туғанда екi
түрлi мiнезбен туады: бiреуi – iшсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады…
Бiреуi – бiлсем екен демекiлiк… Мұның бҽрi – жан құмары, бiлсем екен,
кҿрсем екен, үйренсем екен деген‖ - тұжырымнан жақсы байқалады. Абай
бала психологиясының басты ерекшелiгi – бiлуге құштарлық деп
есептейдi.
―Бiлiм-ғылым үйренбекке, талап қылушыларға ҽуелi бiлмек керек…‖
– деп ұлы Абай талаптың бiрiншi шартының мазмұнына тоқталады:
―ғылымға алдымен берiк ынта-ынтықтық, бiлмегендi бiле беруге
құмарлық, махаббат керек. Бiлмегенiңдi бiлген сайын сол құмарлық арта
бередi, жүрегiң қанағаттанып, кҿңiл орнығып, сенiм арта бермек. Адамның
кҿңiлi шын мейiрленсе, бiлiм-ғылымның ҿзi де адамға шын мейiрленiп,
тезiрек қолға түседi[4].
Мектепке дейiнгi бала iс-ҽрекетiнiң негiзгi түрi ойын болып
табылады. Осы iс-ҽрекетте 3-6 жасар бала ҿз ҽрекеттерiмен, сҿзiмен,
сезiмдерiмен ҿзiн айналадағы адамдардың ҿмiрiн, олардың еңбегiн,
қамқорлықтарын, ҿзара қарым-қатынастарын бейнелейдi. Ҿздерiне ҽлi
онша белгiлi емес, бiрақ үлкен адамдардың қызық ҿмiрiн белсендi түрде
жаңғырта отырып, ол адамдардың ҽр түрлi қызметтерi туралы жҽне
олардың еңбек процесiндегi ҿзара қарым-қатынастары туралы ҿз
бiлiмдерiн тереңдете түседi.
Баланың жетi жастан кейiнгi жетекшi iс-ҽрекетi оқу болып
есептеледi. Мектеп оқушысы оқу үрдiсiнде табиғат ҽлемiмен жҽне
адамдардың ҿмiрiмен, оның бүгiнгi кұнымен жҽне ҿткенiмен танысуын
жалғастыра бередi. Оқу iс-ҽрекетi мен тҽртiппен белгiленген iс-ҽрекетте
мектеп оқушысы жануарлар мен ҿсiмдiктер ҽлемi ҿмiрiнiң заңдарын, тiл
жҽне мҿлшер, кеңiстiк жҽне уақыт заңдарын танып бiледi, басқа
адамдарды, олардың еңбегiн, еңбек пен танымның субъектiсi ретiнде ҿзiн
де танып бiледi.
Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды.Ҿйткенi ұғыну
- ҿте күрделi ҽрекет. Ұғыну бiрнеше кезеңдерден тұрады. Мҽселен, мұның
бiрiншi кезеңiнде (таныстыру кезеңi) бала ненi, қалай оқу керектiгi жайлы
мағлұмат алады. Бұдан кейiн ол ойындағысын тҽжiрибеде орындап кҿредi.
үшiншi кезеңде ұғынғанын сҿзбен тұжырымдайды, тҿртiншi кезеңде бала
ұғынған нҽрсесiн ойына ұстап тұрады да, бесiншi кезеңде балада зат пен
құбылыс туралы белгiлi ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын
меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын
ажыратады, бiр нҽрсенi екiншiсiмен салыстыра дҽлелдей алуға, олардың
айырмашылық, ұқсастықтарын кҿре бiлуге үйренедi, мұндағы себеп пен
нҽтиженiң заңды байланысына түсiнедi. Мҽселен, ―от жақса, түтiн
шығады‖ дегенде оттың жануының шығуына себеп болып тұрғандығын
бала байқайды да, шындықтағы нҽрселердiң бҽрi де бiр-бiрiмен осындай
395
байланысатындығын түсiнедi. Нҽрседе себеппен қатар, нҽтиже де
болатындығына баланың түсiнiп, кҿзiнiң жетуi ұғыну деп аталады.
Бастауыш сынып оқушылары оқу материалдарының мҽнiсiне
тереңдеп бара бермейдi. Оларды жай жаттап алады да ҿз бетiнше пiкiр
айтуға орашолақ келедi. Бұдан анализ, синтез процестерiнiң балада онша
дамымағаны кҿрiнедi. Мұғалiм оқушы ойлауындағы анализге жеткiлiксiз
кҿңiл бҿлетiн болса, бала материалдың бiр-бiрiмен қиысып байланыспаған
жеке жақтарын меңгередi де, осыдан ұғымның мҽнiне толық түсiнбей
қалады. Сондай-ақ, мұғалiм синтездеу тҽсiлiн ойдағыдай пайдалана
алмаса, жаңа материал бұрынғысымен дұрыс байланыспай қалады да,
берiлген мағлұматматтың практикалық мҽнi кеми түседi. Кейбiр
мұғалiмдер баланың белсендi ойлау процесiн дамытудың орнына оның ес-
қабiлетiн ҿсiруге ерекше мҽн бередi, бiрақ баланың есiн дамыту онша
мҽндi нҽрсе емес деген қорытынды шықпайды. Балаға ойлаттырып, ҽр
нҽрсенi бiр-бiрiмен салыстырғызып, талдап жинақтатып, дҽлелдеткiзiп
үйретсе ғана олардың танымы мазмұнды болады.
Резюме
В статье рассмотрены вопросы психологической особенности внеклассной
работы по математике в казахской начальной школе.
Статья предназначена учителям начальных классов, преподавателям вузов,
студентам и научным работникам, а также широкому кругу читателей,
интересующихся проблемами методики преподавания математики в начальных
классах.
Summary
In the article considered issues of the psychological characteristics of extracurricular
activities in mathematics in the Kazakh elementary school.
The article is intended of primary school teachers, for the professors of university, for
students and researchers, as well as a wide range of readers interested in the problems of
mathematics teaching methods in primary school.
Ҽдебиеттер
1.
Бабанский Ю.К. Выбор методов обучения в средней школе. -М.:
Педагогика, 1982. -320с.
2.
Аль-Фараби. Философские тракты. -с.446.
3.
Морозова Н.Г. Формирование позновательных интересов у
аномальных детей. -М.: Просвещение, 1969. -С.280.
4.
Абайдың қара сҿздерi. 272-бет.
ӘӚЖ. 347.785
Оқушыларды дамыта оқыту жолдары
Кенжебекова Р.И., Жүсіпова А.
396
М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ п.ғ.к., доцент, 4-курс студенті
Бүгінгі күні балаларды ғылым негіздеріне оқытатын, оның жеке бірлік
ретінде қалыптастыратын мекеме - мектеп. Мектепте, яғни білім беру
мекемелерінде оқушылар ҽрі тҽрбиеленіп, ҽрі интеллектуалдық жағынан
дамыған, шығармашылық қабілетті, саналы ойлайтын, ҿзіндік шешім
қабылдай алатын азамат болып жетіледі. Осы талапты орындау мақсатында
қазіргі кезде оқыту барысында шығармашылық технологиялар мен мұғалім
мен оқушы арасындағы ынтымақтастыққа ерекше кҿңіл бҿлінуде. Мысалы,
«Он екі жылдық білім беру тұжырымдамасының» жобасында: «12 жылдық
мектептегі білім беру процесінің моделі түрлі деңгейлі вариативті білім беру
мазмұны негізінде жҽне оқытудың репродуктивтілігі мен шығармашылық
технологиялары
үйлесімді
қабысқан
мұғалім
мен
оқушының
ынтымақтастығы негізінде қалыптастырылуы тиіс»- дей келе, мұғалім
қызметінің негізгі мақсаттарының бірі: «оқушының озық дамуын
ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай жасау (дамудың жақын даму
зонасына жету) » екенін атап кҿрсетеді
Бастауыш мектептегі сауат ашудың ҽліппе кезеңін оқыту жүйесін
жетілдіру сабақтарының құрылымы мен негізгі міндеттері оқу, білімге
қатысты мемлекеттік құжаттарда белгіленген мақсаттар кҿлемінде
ұйымдастырылды.
Баланың дамуындағы оқытудың ролін, оқыту процесін тиімді
ұйымдастыру арқылы оқушының танымдық қабілеттерін жан – жақты
дамытуға болатыны туралы алғаш пікірді Л.С. Выготский айтқан. Ғалым:
«Педагогика - должна ориентироваться не на вчерашний, а на завтрашний
детьского развития» дей келе, оқытуды оқушылардың «жақын даму
аймағының» дамуына ҽсер етуі керек екенін атап кҿрсетеді.
Л.В.Занков
бастауыш
сынып
оқушыларының
заттар
мен
құбылыстардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын байқай алу, ҿз
ойын еркін жеткізу, ҿзіндік пікір айту дағдыларын қалыптастыру дамыта
оқытудың негізгі мақсаты екенін атап кҿрсетсе, Д.Б.Эльконин: «... мы
нашли к проблеме развивающего обучения в младшем школьном возрасте.
Этот ключ - содержание обучения. Если мы хотим, чтобы обучение в
начальных классах школы было развивающим, то мы должны
позаботиться прежде всего о научности содержания, т.е. о том, чтобы дети
усваивали систему научных понятий и способы их получения» деп,
оқушылардың сауат ашу кезеңінде жинақтай, қорытындылай, проблеманы
үлкендердің кҿмегінсіз ҿздігінен шешу ҽрекеттерін орындай алуға үйрету
екендігін айтады .
Педагог Б.А. Тұрғынбаева: «Бастауыш сынып оқушыларының
танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі
мен дағдыларының дҽрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды
психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тҽсілдерін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігін» - деп кҿрсетіп,
оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық
397
ҽрекеттері арқылы дамитындығын баса айтады. Ғалымның пікірінше,
ойлауға үйрететін сабақтар ғана дамыта оқыту сабақтары деп танылады
[1].
Бірқатар ғалымдардың еңбектерінде оқушылардың логикалық
ойлауы мен ізденімдік қабілеттерін жетілдіруге арналған кҿзқарастары
Б.А.Тұрғынбаеваның жоғарыда кҿрсетілген пікірлерімен сҽйкес келеді.
Ғалым Н. Құрманова жаңа оқыту технологияларына тҽн болатын
басты екі ерекшелікті атап кҿрсетеді. Біріншісі, жаңа педагогикалық
технологиялар оқушының жеке бірліксын дамытуды басты міндет етіп
қояды, ҽрбір оқушының білім алу мұқажеті мен мүмкіндігіне байланысты ҿз
бетімен білім алу жолын жаңа танымдық ҽдістер арқылы дағдыландырады,
екіншісі, дҽстүрлі мектепте қалыптасқандай оқушы білімді мұғалімнен
қабылдаушы объект емес, ҿз бетімен білім ала алатын, ҿзін-ҿзі дамытуға
мүмкіндігі бар субъект деп қарап, оқу үдерісін соған лайықтап
ұйымдастыруға бет алады[2].
Бастауыш мектепте сауат ашудың ҽліппе кезеңін жетілдіру бұрынғы
дҽстүрлі оқытуды толықтыратын, дамыта түсетін педагогикалық жүйе.
Дамыта оқыту үрдісінде оқушылар сауат ашудың ҽліппе кезеңінде дайын
білімді меңгермей, ҿз ізденістері арқылы ҿтілген материалдарды меңгереді.
Дҽстүрлі оқытуда сауат ашу кезеңінде оқушы жаттанды ҽрекеттер жасаса,
қазіргі кезде оқушы мұғалімнің кҿмегінсіз жасырылған ҽріптерді табуға,
дыбыстарды ҿзара байланыстыруға, білімді дербес қабілеттері арқылы
алуға үйренеді. Бұл оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерінің
қалыптасуына игі ҽсер етіп, баланың сабақта ойлануына, ізденуіне түрткі
болады.
Бастауыш мектепте сауат ашудың ҽліппе кезеңін жетілдіруде
жаттығулар мен тапсырмалардың проблемалық сипатта, дамыта оқыту
негізінде берілуінің маңызы зор. Тапсырмалардың проблемалық сипатта
берілуі оқушыларда «Бұл не?», «Не жасырылып тұр?» сынды танымдық
қызығушылықтарын туғызып, оқушылардың білімді ҿздігінен меңгеруіне
іштей талпынысын тудырады. Оқушылар білуге деген қажеттіліктері
арқылы проблеманы шешуге ұмтылады, бұл олардың материалды сапалы
меңгеруіне ықпал етеді. Дҽстүрлі оқытуда оқушылар сабақтың басым
бҿлігінде репродуктивті ҽдіспен жұмыс істесе, дамыта оқытуда
продуктивті ҽдісті қолданады. Алайда, оқушылардың барлығы
проблемалық тапсырмаларды шешуге қабілетті болмайды. Сондықтан
сауат ашудың ҽліппе кезеңінің алғашқы сабақтарында мұғалім
тапсырмалардың орындалу жолдарын кҿрсеткені абзал. Бұл біріншіден,
оқушының мұғалімнің басқаруымен тапсырманы орындау дағдысының
дұрыс қалыптастырса, екіншіден, бұл оқушының игерген дағдылары мен
білімдерін келесі проблемалық сипаттағы тапсырмаларды ҿздігінен сҽтті
орындап шығуының кепілі.
Бірінші
сыныпта сауат ашудың ҽліппе кезеңін жетілдіру
сабақтарының дидактикалық негіздеріне: дамыта оқытудың мақсаты мен
мҽні, мұғалім мен оқушының ҽрекеті, оқушы мен мұғалімнің ҿзара ара
398
қатынасы, сабақты ұйымдастыру түрлері, дидактикалық принциптер мен
сабақта қолданылатын негізгі ҽдістер жатқызылды. Еніді осы сауат ашу
жүйесін дамыта оқыту сабақтарының дидактикалық негіздерінің
компоненттерінің негізгі ерекшеліктерін былайша саралауға болады.
Бірінші сыныпта сауат ашудың ҽліппе кезеңін жетілдірудің мақсаты
– оны дамыта оқыту негізінде жүргізу оқушылардың ізденушілік –
зерттеушілік ҽрекетін ұйымдастыру, оқушының сабақта белсенділігін
арттыру, олардың білімді ҿздігінен меңгеру дағыларын қалыптастыру, ҽрбір
баланың жеке жҽне дербес ерекшеліктерін ескеру арқылы шығармашылық
жҽне логикалық ойлау қабілеттерін дамыту[3].
Сауат ашудың ҽліппе кезеңінде оқушылардың аталған дағдыларын
дамыту арқылы олардың таным ҽрекетінін белсендіруге, ҿзіндік шешім
шығаруға, алдарында тұрған проблеманы ҿздігінен шешуге баулиды.
Проблемалық сипаттағы тапсырмаларды орындау барысында оқушылар
талдау, жинақтау, қорыту, ізденімдік, шешім шығару, шешімін
дұрыстығына кҿз жеткізу секілді ҽрекеттер орындайды. Осы арқылы
оқушылар продуктивті ойлаудың қарапайым операцияларын меңгереді.
Бұл бастауыш мектепте сауат ашу жүйесін дамыта оқытудың мәнін
айқындап кҿрсетеді.
Сауат ашудың ҽліппе кезеңін жетілдіру үшін сабақ дамыта оқыту
ұстанымы негізінде құрылады. Онда оқушы «субъект» тұрғысында
танылады. Мұғалім тарапынан оқушының жеке бірліклық қасиеттері жҽне
мінезі мен темпераменттерінің дербес ерекшеліктерін құрметтеуі, сыйлауы
жүзеге асады. Дҽстүрлі оқытудың сауат ашу кезеңінде оқушы мұғалімнің
ұғындырған, түсіндірген дайын білімін меңгерсе, бұл жүйеде ұстаз
баяндау, кҿрсету, жаттатқызу, қайталату арқылы оқушыға ҿтілген
материалдарды игертеді. Дҽстүрлі жүйеде мұғалім мен оқушының
арасында «оқушы - объект» формасында қатынас орнайды. Ал, бастауыш
мектепте сауат ашудың ҽліппе кезеңін дамыта оқыту сабақтарында оқушы
«оқушы - субъект» тұрғыда ҽрекеттер жасайды. Дамыта оқыту жүйесінде
оқушы білімді игеруде ҿз бетінше ізденістер, зерттеулер жүргізіп, ҿтілген
материалдарды ҿздігінен меңгеруге ұмтылады. Мұнда мұғалім
бағыттаушы ролінде болып, оқушының ізденімдік, шығармашылық
қабілеттерін жетілдіруге арналған тапсырмаларды беруге мүдделі болады.
Резюме
В статье рассмотрены вопросы развития обучения математике в казахской
начальной школе.
Статья предназначена учителям начальных классов, преподавателям вузов,
студентам и научным работникам, а также широкому кругу читателей,
интересующихся проблемами методики преподавания математики в начальных
классах.
Summary
399
In the article considered issues of the development of mathematics teaching in the
Kazakh elementary school.
The article is intended of primary school teachers, for the professors of university, for
students and researchers, as well as a wide range of readers interested in the problems of
mathematics teaching methods in primary school.
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1.
Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары А.: 2000.- 90 б.
2.
Құрманова Н. Қазақ мектептерінде сҿз тіркесі синтаксисін дамыта
оқыту технологиясының ғылыми –ҽдістемелік негіздері. П.ғ.д. ғылыми
дҽрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2004. - 369 б.
3.
Кҿшімбетова С.А. Оқу - тҽрбие үрдісінде оқытудың инновациялық
ҽдіс-тҽсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары. П.ғ.к. ғылыми
дҽрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2004.- 154 б.
ӘӚЖ 373.015.3
Педагог-психологтың жоғары сынып оқушыларының ӛзін-ӛзі
жҥзеге асыру қабілетін дамыту жҧмысы
Коркбаева З.Т.
Ҽл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму
кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен,
ҽлеуметтік-саяси жҽне экономикалық қарым-қатынастардың ҿзгеруімен
сипатталады. Бұл қазіргі кезеңдегі оқушылардың ҽлеуметтік жағдайдағы
дамуына үлкен ҿзгерістер келтіріледі, яғни олардың ҿзін-ҿзі бағалауының
жеке тұлға болып қалыптасуына ҽсерін тигізеді.
Қазіргі кезде жоғары сынып оқушыларының ҿзін-ҿзі жүзеге асыру
қабілетінің ерекшеліктері, яғни ҿзін-ҿзі бағалауы, қарым-қатынас, мінез-
құлық туралы мҽселелер зерттеушілердің назарын аудартуда.
Адам тұлға ретінде ҿзін-ҿзі бағалаушы тірі ағза. Ҿзін-ҿзі бағалаусыз
ҿмірде ҿз тағдырын шешу қиын, тіпті мүмкін емес. Ҿзін-ҿзі бағалау ҿзінің
бойында белгілі қасиеттердің барлығының деңгейі жҿніндегі адамның
пікірі. Бұл адамның ҿзіне бағалаушылық қатынастарының пайда болуы.
Ҿзін-ҿзі бағалау, ең алдымен талдау, теңестіру, іріктеу, ойлау
операциясының нҽтижесі.
Психологтар да, педагогтарда адамның рухани интеллектуалдық
кҽсіби шығармашылықпен ҿзін-ҿзі жүзеге асыру ҿмірдің ҽр кезеңінде ҽр
қалай кҿрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтар А.Дистерверг, К.Ушинский,
А.Макаренко, В.Сухомлинский қазіргі оқушының дүниетаным қабілеті
жоғары, дарынды, ҿнерпаз, ізденімпаз, талапты, ҿз алдына мақсат қоя білу
қажет деп атап кҿрсеткен[1].
400
Оқушының ҿзіндік жетіліп, дамуы үшін педагог-психолог ҿзінің
алдына мынадай мақсаттар мен міндеттер қоюы керек: оқушының ақыл-
ойының, эмоционалдық жҽне ҽлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің
ҿзіндік
ашылу
деңгейі
мен
ҿлшемдерін
ескерту;
жан-жақты
ақпараттандыру; коммуникативті бейімдеу.
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда педагог-психологтар
мынадай мҽселелерге баса назар аударулары қажет: қолайлы жҽне тиімді
оқу жоспарын құру; жеке пҽндерді оқытуда тҽуелсіз ҽрекет ету; оқушының
ҿзінің жұмысын ҿзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету; оқушының
қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру болып табылады.
Қазіргі таңда педагог-психологтардың жоғары сынып оқушыларының
ҿзін-ҿзі жүзеге асыру қабілетін дамыту жұмысы білім беру жүйесінде
маңызды рҿл атқарады.
Ҿзін-ҿзі жүзеге асыру – бұл саналы тұлғаның ҿзіндік реттеу, ҿзіндік
басқару негізінде пайда болатын, жақын ортада ҿзінің ҽлеуметтік статусын
жоғарылату қажеттігінен туындаған, ҿзін-ҿзі бекіту бойынша дербес,
арнайы ұйымдастырылған іс-ҽрекеті. Осы процестің механизмдері ретінде
тҿмендегілерді атап кҿрсетуге болады:
1. Тұлғаның арнайы түрде ұйымдастырылған ҿзін-ҿзі зерттеуі (ҿзін-ҿзі
тану);
2. Адамның ҿз қасиеттері, қабілеттері, ҽлеуметтік құндылықтары
жҿніндегі түсініктердің қалыптасуы (ҿзін-ҿзі анықтау);
3. Ҿзіне бағытталған сыртқы талаптарды мақсатты түрде зерттеу,
солармен ҿз ҽлеуметтік кемелдігін салыстыру, яғни ҿзінің ҽлеуметтік
талаптарға сай болуға дайындығын анықтау (ҿзін-ҿзі саналау);
4. Ҿзін-ҿзі тҽрбиелеу міндеттерін бҿліп алу, қоғамдық пайдалы іс-
ҽрекет барысында ҿз жеке басы бойынша тҽрбиелеу жұмысын жоспарлау,
ҿзін-ҿзі ұйымдастыру, ҿзін-ҿзі талдау, ҿзін-ҿзі қадағалау, ҿзін-ҿзі бағалау
түрлерін анықтау (ҿзін-ҿзі дамыту)[2].
Орта білім берудің мақсаты Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында былайша нақтыланады.
«Жылдам ҿзгеріп отыратын дүние жағдайында алған терең білімнің, кҽсіби
дағдылардың негізінде еркін бағалай білуге, ҿзін-ҿзі іске асыруға, ҿзін-ҿзі
дамытуға жҽне ҿз бетінше дұрыс, адамгершілік қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру».
Оқушының білім алу үрдісіндегі ҿзіндік пікірі мен ой жүйесінің негізі
бастауыш сатыда қалыптасатыны белгілі. Сондықтан оқушыларды ҿз
бетімен жұмыс істеуге бастауыш сыныптан дағдыланғаны дұрыс.
Ҿз бетімен істейтін жұмыс деп берілген тапсырманы мұғалімнің
басшылығымен, бірақ оның тікелей қатысуынсыз оқушылардың ҿздері
атқаратын жұмыстарды айтады.
Ҿз бетімен жұмыс істеуге үйрету кезінде екі міндетті ескерген дұрыс.
Бұл міндеттердің біріншісі – оқушылардың танымдық қызметіндегі
дербестікті дамыту, оларды білімді ҿздігінен игеруге, дүниеге
401
кҿзқарастарын қалыптастыруға үйрету; екіншісі – оқушылардың алған
білімін іс жүзінде қолдана білуге баулу.
Ҿз бетімен жұмыс істей алатын оқушы, тек білім, білік дағдысы ғана
емес, сонымен бірге ойлау қабілеті, еркін сҿйлеу мҽдениеті, саяси
сауаттылығы ҿзіне деген сенімділігі, пҽнге деген қызығушылығы,
шығармашылық қабілеті оянады. Сондықтан ҿз бетімен жұмыстың
мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы қажет. Ҿз бетімен жұмыс
тапсырылғанда оның ауыр – жеңілдігі, қанша уақыт орындалатынына
назар аудару керек. Ҿз бетімен жұмыс сабақтың кез келген уақытында
беруге болады:
• жаңа сабақ түсіндіру кезінде
• қайталау сабағы кезінде
• сабақты бекіту кезінде.
Ҿзін-ҿзі жүзеге асыру – бұл жетілген ҿзіндік реттеу, ҿзіндік басқару
негізінде пайда болатын, жақын ортада ҿзінің ҽлеуметтік статусын
жоғарылату қажеттілігінен туындаған, ҿзін-ҿзі кҿрсету жҽне ҿзін
ҽлеуметтік тҽжірибе ретінде ҿзін-ҿзі бекіту бойынша дербес, сараланған,
арнайы ҽлеуметтік статусын жоғарылату қажеттілігінен туындаған, ҿзін-ҿзі
кҿрсету жҽне ҿзін ҽлеуметтік тҽжірибе ретінде ҿзін-ҿзі бекіту бойынша
дербес, сараланған, арнайы ұйымдастырылған іс-ҽрекеті.
Ҿзін-ҿзі тҽрбиелеу – адамның ҿз тұлғасын қалыптастыруға, ҿмірдегі аз
орнын ҿзі белгілеуіне, ҿзін-ҿзі дамытуға, ҿз қабілеттерін ҿзі іске асыруға
бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде ҿздігінен жүргізетін іс-
ҽрекеті. Ҿзін-ҿзі тҽрбиелеу тҽрбие процесінің құрамдас бҿлігі жҽне
тұлғаның ҿзін-ҿзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады. Ҽрбір
педагог тек тҽрбиенің заңдылықтарын біліп қана қоймай, сонымен қатар
ҿзін-ҿзі тҽрбиелеудің ҽлеуметтік-психологиялық механизмдерін жақсы
түсінуі керек.
Психологиялық – педагогикалық ғылымдарда ҿзін-ҿзі тҽрбиелеудің
кең қолданылатын тҽсілдері болып ҿзіне-ҿзі баға беру, ҿзіне-ҿзі бұйыру,
ҿзін-ҿзі құптау, ҿзін-ҿзі түзету жҽне т.б. саналады. Ҿзін-ҿзі тҽрбиелеу ҿзін-
ҿзі бағалаудан басталады. Ҿзін-ҿзі бағалаудың негізін жеке адамның ҿзі
қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі
құрайды. Ҿзін-ҿзі бағалау адамның ҿзін басқа адамдармен салыстыру
арқылы қалыптасады жҽне осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі.
Ҿзін-ҿзі бақылау – адамның ҿз іс-ҽрекеттерін, психикалық процестер
мен кҿңіл – күйлерін түсінуі, бағалауы мен реттеуі.
С.В. Кондратьева бойынша ҿзін-ҿзі тануды зерттеуде ҽр түрлі
бағыттар, психологиялық механизмдер жайлы сұрақтар, басқа жеке
адамды тануда ҿзара байланыс ерекшелігі жҽне ҿзін-ҿзі тануы жеткілікті
дҽрежеде зерттелінбеген. Ҿзге адамды түсінуде жҽне ҿзара байланыс
механизмін, мазмұнын айқындауы, мінез-құлық рефлексивті қасиетін
анықтауға жол ашады деп кҿрсетеді [3].
Педагог-психолог маманы оқыту үрдісінің білім беру саласы, мҽні,
мағынасы жҽне құрылымы туралы білім жүйесін білуі керек. Сондықтан
402
осы бағытта педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық
кҿрсетілуімен тұлғалық сапалары қарастырылады.
1.
Ұйымдастырушылық – сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру,
оқушылардың сабаққа дайындығы, тҽртіп.
2.
Мақсаттылық – оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның
жеке кезеңдерінің мақсатын қою.
3.
Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалының берілген
тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңыздылығын анықтау.
4.
Коммуникативтілік – педагог-психологтың сыныппен қарым-
қатынас деңгейі.
5.
Мазмұндық оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, ҿзіндік
жұмыстар жҽне т.с.с. материалдарды таңдау.
6.
Технологиялық – сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген
сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, ҽдісі мен тҽсілдерін таңддау.
7.
Бақылау – бағалаушылық –сабақтағы оқушы іс-ҽрекетін
бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын
дамыту үшін пайдалану, қолдану.
8.
Аналитикалық (талдау) – сабақты қорытындылау, сабақтағы
оқушылар іс-ҽрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша ҿз ҽрекетінің
нҽтижесін талдау[4].
Қорытындылай келе, білім беру процесінде жоғары сынып
оқушыларының тұлғалық сана-сезімдерінің қасиеттерін қалыптастыра
отырып, болашағына жол сілтеу – қазіргі таңда ауқымды мҽселе болып
отыр. Атқарылған істердің кҿптігіне қарамастан, ҽлі де болса бізді
ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар –
жоғары сынып оқушыларының ҿзін-ҿзі жүзеге асырудағы дамыту
жұмысының білім сапасын арттыру, жоғары сынып оқушылардың
біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми - ізденіс
қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Ҿйткені, ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры.
Ендеше бізге ой ҿрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты
ұрпақ қажет.
Резюме
В статье рассмотрено работа педагога-психолога о саморазвитии учеников в
страших классах. Указаны механизмы о саморазвитии.
Summary
In the article it is considered work of teacher-psychologist about self-development of
students in senior classes. Mechanisms are indicated about self-development.
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1. В.И. Андреева. Педагогика творческого саморазвития. Казань.1996
403
2. Маралов В.Г. основы самопознания и саморазвития- М: Издательский
центр «Академия», 2002.- 256 с.
3. Ковалев А.Г. Самовоспитание школьников.-М., 1967.-7с.
4. Шумилин Е.А. психологические особенности личности старшеклассника
123/ под ред. В.В. Давыдова. – М., Педагогика, 1979.-135 с.
Достарыңызбен бөлісу: |