Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет44/80
Дата22.12.2016
өлшемі5,96 Mb.
#125
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80

 

ӘӚЖ: 370.12 

 

 Халықтың дәстҥрлі ӛнер тҥрлерін жинақтап, тәлім – тәрбие, мол 

тәжірибе негізінде жасӛспірімдерді тәрбиелеу қажеттілігі 

 

Құланбаева Б.Б. 

Сырдария университеті, ғылым магистрі 

 

Қазіргі  уақытта  Қазақстан  экономикалық  жҽне  саяси  дамудың  жаңа 

кезеңін  ҿткеріп  отыр.  Осы  кезеңнің  ең  негізгі  міндеті–елдегі  ҿтіп  жатқан 

барлық тҽлім-тҽрбие процесті демократияландыру жҽне қайта жаңғырту.  

Қазақстанда  білім  беру  халықаралық  стандартқа  сай  болуы  керек, 

сондықтан  «2014  жылдан  бастап  біз  12  жылдық  білім  беруге  кҿшуіміз, 

педагогтардың  кҽсіби  деңгейін,  оқулықтар  мен  оқу  бағдарламаларының 

сапасын кҿтеруіміз керек»,-деп республика Президенті Қазақстан халқына 

Жолдауында атап ҿткен болатын. 12 жылдық сапалы білім беру нарықтық 

жағдайда мемлекеттің табысты даму шарттарының бірі болып саналады.  

ХХІ ғасырда жалпы білім беретін мектепте оқушының ҿзін үйлесімді 

дамытуға  бағытталған  12  жылдық  білім  беру  үлгісі  –  бастауыш  мектепті 

бітірердегі  10  жастағы  баланың  оқу  іс-ҽрекетінің  жоғары  деңгейімен,  ҿз 

бетімен  оқу  жҽне  ҿзін-ҿзі  дамыту  арқылы  білімді,  адами  құндылықтарды 



424 

 

жүйелі  игерумен  ерекшеленуі  тиіс.  Жалпы  ҽлемдік  қауымдастықта 



қабылданған  12  жылдықты  оқыту  мамандарды  даярлау  негізінде  ғана 

мүмкін болады. Соған сҽйкес, «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы 

бойынша мамандарды даярлауда «Оқу шеберханасындағы практикум мен 

бастауыш  сыныптардағы  еңбекке  баулу  ҽдістемесіне»  ҿркениетті  қоғам 

мен  құқықтық  мемлекеттің  гүлдене  түсуі  ҿскелең  ұрпақтың  рухани 

байлығы мен мҽдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, 

кҽсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді.  

 

Осыған орай Қазақстан Республикасының білім беру мен тҽрбиелеу 



саласының  түбегейлі  жаңару  жағдайы  –  бүгінгі  таңда  халықтың  дҽстүрлі 

ҿнер түрлерін жинақтап, зерделеудің, оның айналасындағы тҽлім – тҽрбие, 

мол  тҽжірибе  негізінде  жасҿспірімдерді  тҽрбиелеу  қажеттілігін  тудырады 

[1]. 


Сондай қажеттіліктердің бірі – халықтың қолҿнері, оның ішінде ою-

ҿрнек  ҿнерінің  тҽлім–тҽрбиелік  мүмкіндіктерін  қазіргі  ұрпақ  тҽрбиесінде 

тиімді  пайдалана  білу  болып  табылады.  Бұл  мҽселенің  нҽтижелі  жүзеге 

асуы  студенттердің  қазақ  ұлттық  ою-ҿрнек  ҿнері  бойынша  толық  білім 

сапасын  жҽне  оны  оқушылардың  тҽрбиесіне  пайдалана  алу  іскерлігі  мен 

қабілетін қажет етеді. Оның үстіне қазақ ұлттық ою-ҿрнек ҿнері ҿзінің бай 

тарихы, терең мазмұны, сан қилы ерекшеліктері мен болашақ мұғалімдерге 

рухани,  эстетикалық,  эмоционалдық,  интелектуалдық  тұрғыда  ҽсер  етіп, 

олардың  тұлғалық  жҽне  сапалық  қасиеттерін  дамыта  түсетіні  сҿзсіз. 

Сондықтан    да  болашақ  мұғалімдерді  даярлау  барысында  жоғары  оқу 

орныдарының  оқу  тҽрбие  процесіне  ұлттық  ою-ҿрнек  ҿнерін  енгізу  аса 

қажет. 


Жалпы,  ТМД  елдері  бойынша  ою-ҿрнектің  шығу  тегі,  дамуы, 

семантикасы, 

жасалу 

техникасы, 



құрылысы, 

классификациясы, 

қолданылуы 

жҿнінде 


деректер, 

зерттеулер 

халықтың 

тарихы, 


этнографиясы,  фольклоры,  қолҿнері  тұрғысынан  жарық  кҿрген  біраз 

еңбектерде (В.В. Стасов, Н.Л. Шабельская, В.А. Городцов, Е.Н. Клетнева, 

В.И,  Б.А.  Рыбаков,  С.В.  Иванов,  В.Н.  Чернецов,  А.В.  Шубников,           

П.И.  Климова,  Л.Я.  Штеренберг,      Н.  П.  Гринкова,  И.  Я.  Богусловская,      

Г.  С.  Маслова,  Х.  Линнус,  Г.А.  Никитин,  Т.  А.  Крюкова,  П.А.  Чепурина, 

Т.А.  Жданко,  Г.  Л.  Чепелевская,  К.  А.  Берландина,  П.  Г.  Богатырев  жҽне 

т.б.)  қарастырылған.  Оның  тҽлім–  тҽрбиелік  мүмкіндіктері  сҽндік 

қолданбалы  ҿнер  үлгілері  негізінде  оқушыларға  эстетикалық  тҽрбие  беру 

(Л.  Г.  Савенкова,  Р.  Н.  Халимова,  Д.  Г.  Пилипенко,  Э.  Х.  Мурадова,          

Л.  С.  Нерсисян,  А.  Э.  Туракулов,  Т.  Шпикалова  т.б.);  жеткіншектердің 

адамгершілік–эстетикалық    тҽрбиесіне  ҽсер  ету  (Н.А.  Горяева,  т.б.); 

жоғары  сынып  оқушыларын  адамгершілікке  тҽрбиелеу  (Люсюк  П.В.); 

еңбекке  баулу  (Г.  В.  Похолкин,  К.  Дҽулетова,  М.  Сүлейменова,                  

Л. Жайманова, Ш. Жиенбаева); жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін 

дамыту  (М.  Скильский,  Т.  Шпикалова  т.б.  );  мектепке  дейінгі  балалар 

тҽрбиесінде  қолдану  (А.А.  Грибовская,  Р.В.  Калистру,  т.б.);  сҽндік  – 

қолданбалы ҿнерді оқыту процесінде кҿркем тҽрбие мен еңбек тҽрбиесінің 


425 

 

байланыстылығын  анықтау  (В.  М.  Аглаева),  сҽндік  қолданбалы  ҿнер 



түрлерін  жоғары  оқу  орындарының  кҿркем  сурет,  педагогика  жҽне 

бастауышты оқыту  ҽдістемесі,  жалпы  техникалық  еңбек  факультеттерінің 

оқу  –  тҽрбие  процесінде  пайдалану  (Л.В.  Ершова,  Г.А.  Поровская,         

М.М.  Робу,  Т.А.  Давидова,  А.П.  Гапбаров,  С.Ф.  Абдуллаев,  т.б.) 

мҽселелеріне арналған педагогикалық зерттеулерде сҿз етіледі [2]. 

Сол  секілді  қазақ  халқының  қолҿнері,  оның  ішінде  ою-ҿрнектері 

Қазан  тҿңкерісіне  дейін  арнайы  сала  болып  зерттелмегенімен  Орта  Азия 

халықтарының  этнографиясы,  тарихы,  ҿнері  бойынша  жазылған                

Н.  И.  Городсковтың,  А.  Бобринскийдің,  А.А.  Боголюбовтың,                      

А. Фелькерзамның зерттеулерінде қазақ ҿрнектері жайлы біршама пікірлер 

айтылған [3]. 

Қазан  тҿңкерісінен  кейін  бірқатар  тарихшы,  этнограф,  археолог, 

филолог, ҿнертанушы ғалымдардың еңбектерінде қазақ қолҿнерінің кейбір 

нұсқалары  кҿрсетіп,  олардың  мҽн–маңызы  сҿз  етіліп  (С.М.  Дудин,  Б.В. 

Веймарн,  В.Г.Мошкова  т.б.),  қазақ  ою-  ҿрнектерін  шығу  тегі,  дамуы, 

символикасы, қолданылуы, жасалу теникасы, классификациясы ҿз алдына 

қарастырылған (Е.Р. Шнейдер, Т.К. Басенов, М.С. Мұқанов, Ҿ. Жҽнібеков, 

Ҽ.  Марғұлан,  В.  Чепелов,  А.И.  Тереношкин,  Ҽ.  Тҽжімұратов,                      

С. Қасиманов, Х. Арғынбаев, Қ. Мұқанов, К. Ибраева, т.б.) 

Қазақ  ою-ҿрнектерінің  тҽрбиелік  мүмкіндіктері  (Қ.  Ҽмірғазин,          

Б. Ҽлмұқанбетов,     Ж. Балкенов, Ҽ. Қамақов, О. Сатқанов, Л.В. Котенко, 

С.  Жолдасбекова,  Т.  Тілеубекұлы  т.б.  ),  оларды  педагогикалық 

институттардың  кҿркемсурет  факультетінің  студенттерін  кҽсіптік 

шеберлікке  баулуда  пайдалану  мҽселелері  (Е.  Асылханов,  Қ.  Болатбаев,    

Қ.  Ералин,  Қ.  Ержанов,  Ұ.  Ибрагимов,  С  Тҿленбаев  т.б.  )  педагогикалық 

ғылымы  саласындағы  зерттеу  еңбектерінде  де  орын  алған.  Алайда 

жоғарыда  аталған  ғылыми  педагогикалық  еңбектерде  ою-ҿрнек  үлгілері 

сҽндік  қолданбалы  ҿнердің  құрамында  қарастырылып,  жеке  ҿнер  саласы 

ретінде,  арнайы  педагогикалық  зерттеу  нысаны  болған  емес.  

              Оған 

қоса 

проблеманың 



практикадағы 

жҽне 


ғылыми 

ҽдебиеттердегі  жағдайын  зерттеу  қазақ  ұлттық  ою-ҿрнек  ҿнерінің 

педагогикалық  мүмкіндіктері  мен  олардың  бейнелеу  жҽне  қолданбалы 

ҿнер  факультетінің  оқу  тҽрбие  процесінде  кең  кҿлемде  қолданылмалы 

арасындағы; қазақ ұлттық  ою-ҿрнек ҿнерін қазіргі заман ғылымы негізінде 

оқушылар  тҽрбиесінде  пайдалануы  мен  педагогикалық  ғылымында  бұл 

мҽселенің  қажетті  деңгейде  зерттелмеуінің  арасында;  қазақ  ұлттық  ою-

ҿрнек  ҿнерін  мектептің  оқу  тҽрбие  процесінде  тиімді  пайдалана  алатын 

мамандардың  қажеттігі  мен  ондай  мамандардың  бүгінгі  таңда  сирек 

кездесетіндігі  арасындағы;  жоғары  оқу  орындарына  бұл  проблеманы 

ендіруге  байланысты  педагогика  ғылымы  ұсынған  талаптар  мен  олардың 

шешімін  табуға  мүмкіндік  туғызатын  ҽдістемелік  нұсқаулардың  жоқтығы 

арасындағы қайшылықтар жайында айтуға мүмкіндік береді.  

 

Мұның  бҽрі,  сайып  келгенде,  болашақ  мұғалімдерді  ою-ҿрнек 



ҿнерінің 

ғылыми– 


теориялық 

мағлұматтарымен 

қаруландыратын 


426 

 

бірізділікпен  берілген  жүйелі  педагогикалық  еңбектердің  жоқтығымен 



түсіндіріледі [4]. 

 

Осыған  байланысты  қазақ  ұлттық  ою-ҿрнек  ҿнерінің  мазмұнын, 



ерекшеліктерін,  тҽлім–тҽрбиелік  мүмкіндіктерін  айқындау  мен  оларды 

оқушылардың  тҽрбиесінде  пайдалануға  студенттерді  даярлаудың 

педагогикалық шарттарын анықтау жҽне ол бойынша ғылыми - ҽдістемелік 

нұсқаулар ҽзірлеу қажеттігі туындап отыр. 

 

 

 



Резюме 

 

 



В статье рассматриваются традиционные виды искусства, в том числе казахские 

орнаменты и воспитательные возможности воспитания молодежи. 

 

Summary 


 

 

In clause the traditional kinds of art, including Kazakh ornaments and education of an 



opportunity of education of youth are considered. 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер  



 

1.

 



Аманжолов С. А. «Бейнелеу ҿнерін оқыту технологиясы».  Астана – 2006 

2.

 



Даулетова К., Сүлейменова М., Жайманова Л. «Еңбекке баулу ҽдістемесі» 

(Бастауыш сыныптарға арналған). Астана, «Фолиант», 2010 

3.

 

М.С. Мұқашев, А.Е. Сейтимов,  Н.А. Хамзин  Бейнелеу ҿнерін оқыту 



ҽдістемесі Астана, «Фолиант», 2008 

4.

 



Ҽбдіғаппарова Ұ. М. «Қазақтың ұлттық ою ҿрнектері» Алматы Ҿнер, 

1999 


 

ӘӚЖ 159.9.015.7 

Т 76 

Биология сабақтарындағы оқыту 

технологиясын тиімді қолдану 

  

Қазкеев Е.Т., б.ғ.к., биология кафедрасының менгерушісі,  

Ғ.А. Тулеуова биология магистрі,  

Қ.Жұбанов атындағы Ақтҿбе мемлекеттік ҿңірлік университеті 



 

Сорос  –  Қазақстан  қорының  ұйымдастыруымен  ҿткізіліп  отырған 

«Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  (СТО) 

бағдарламасының  қазіргі  таңдағы  талаптарға  сай  жоғары  білімді,  ҽсіресе 

білгенін  ҿмірде  пайдалана  білетін  оқушыларды  тҽрбиелеу  мақсатында 

алатын орны ерекше. 

Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  дегеніміз  –  мұғалімнің 

бағыттауымен оқушылармен ҿз бетінше білімді игеруі, кейбір практикалық 

іскерліктерін қалыптастыруы. 


427 

 

Кейінгі кезде психология ғылымында дамытпалы оқыту концепциясы 



ұсынылып  жүр.  Ондай  оқыту  ұйымдастырудың  маңызды  шарты  – 

оқытушы мен оқушы арасындағы біріккен іс-ҽрекетті ұйымдастыру. 

Л.С.Выготскийдің  пікірінше  «қатаң  ғылыми  тұрғыдан  қарағанда, 

басқа  адамды  тҽрбиелеуге  болмайды.  Тҽрбиелеу  –  оқушыны  тҽрбиелеу 

емес, оқушы ҿзі тҽрбиеленетіндей етіп ұйымдастырылуы керек».   

Осы  тұрғыдан  алғанда  СТО-ның  шын  мҽніндегі  дамытпалы  оқытуда 

оқытудың белсенді ҽдістері қолданылады.  

Оқытудың  белсенді  ҽдістеріне:  миға  шабуыл,  программалық  оқыту, 

тренинг, дҿңгелек үстел, интерактивті ҽдістер, мҽселелік оқыту, сайыстар, 

эвристикалық ҽңгіме, пікірталас жатады. 

Осындай  ҽдістер  оқушының  белсенді  іс-ҽрекетіне  бағытталады.  Іс-

ҽрекеттің  мҽні  мен  нҽтижесі  іс-ҽрекет субъектісінің  ҿзі  болады,  ал  негізгі 

кҿрсеткіш  оқытылатын  адамның  ойлай  алу  іскерлігін  қалыптастыруға 

бағытталады. 

СТО  мен  дамытпалы  оқытудың  1)  мақсаттары,  2)  міндеттері,  3) 

ҽдістері,  4)  алынатын  нҽтижелері  бойынша  жақын  екендігін  (ҽдіс 

иегерлерінің айтуынша) байқауға болады.  

Енді  екінші  кезеңге  ҿтсек  (мағынасын,  мҽнін  түсіну)  оларды  талдап 

топтастыру қажет. Маңыздылығы бойынша топтастыру нҽтижесі: 

І. Ҽдістердің түрлілігі. 

ІІ. Белсенді практикалық іс-ҽрекетте болу. 

ІІІ. Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, басқаларды тыңдай білу. 

ІV. Қажет болса, ҿз кҿзқарасыңды ҿзгерту. 

V. Топтық тұжырымға келе білу. 

VІ. Топ алдына шығып «ҿз тұжырымыңды» айта білу, қорғай білу. 

Соңғы (ІV- V- VІ) пунктер рефлексияға жатады. 

Осының бҽрі де: 

-

 



Ҿздігінен білім ала білуін; 

-

 



Сын тұрғысынан ойлау іскерлігін; 

-

 



Кейбір 

ҽдістемелік 

тҽсілдерді 

дағдыға 


айналдыруын 

қалыптастырады. 

Сыни тұрғыдан ойлауды қолдана білетін адамға мына қасиеттер тҽн: 

1. Жоспарлауға дайын тұру. 

-

 

Мен  кҿптеген  оқушылардың  емтихан  тапсырған  кезде  байқағаным, 



кҿп  оқушылар  алдарына  тапсырма  берілген  бойда-ақ,  қолдарына 

қаламдарын алып, жазуға кірісіп кетеді.  

-

 

Олар  ойланып  болмастан,  бірден  жауаптарын  жаза  бастайды. 



Сондықтан да, олардың жауаптары айқын емес, ойлары тиянақты болмай, 

берілген сұрақтармен байланыстылығы аз болады.  

-

 

Егер  ауызша  сұрақ  қоятын  болсақ,  олар  ойланбастан  бірінші 



ойларына  не  келсе,  соны  айта  салады.  Ондай  оқушылар  ҿздерінің 

импульстерін ұстап, жауаптарының жоспарын құруға үйрену керек.  

-

 

Жоспарлау  –  сын  тұрғысынан  ойлауға  алғашқы  да,  ең  маңызды 



бастама болып табылады. 

428 

 

-



 

Ҽрқашанда  жаттығулар  арқылы  ҽркім  ҿзінде  жоспарлау  ҽдетін 

дамытуға болады. 

2. Икемділік.  

-

 

Шектеулі ойлайтын адам кез-келген жаңа идеяларға «мен осыларсыз 



–  ақ  жүре  аламын»  деген  кҿзқараста  болады.  Тағы  бір  кең  таралған 

кҿзқарас  «Сынбай тұрғанда, жҿндеме» деген жаңа идеяларға қарсы пікір 

болып  табылады.  Мұндай  консервативті  пікірлер  жаңа  идеяларды 

қабылдауға кедергі келтіреді. 

-

 

Терең ойлай білетін адам жауап беруге асықпайды, кҿп ақпараттарды 



жинау арқылы, ҿзіне күрделі болып тұрған сұрақтарды шешуге тырсады. 

-

 



Сын тұрғысынан ойлай білетін адам жаңаша ойлауға, айқын мҽселені 

аяғына дейін шешуге дайын тұрады. 

3. Табындылық. 

-

 



Қандай  да  бір  мҽселені  шешуде  кейбір  адамдар  оны  шешуге 

ешқандай ойын қозғалтпайды, тіпті талпыныс жасамайды. Ал кейбірулері 

жұмысты бастағанымен, бірақ аяғына дейін жеткізбейді. 

-

 



Ойлау  –  бұл  адамнан  табандылық  пен  тҿзімділікті  талап  ететін 

қажырлы  еңбек.  Бұл  адамды  физикалық  еңбектен  де  артық  қажытуы 

мүмкін, бірақ одан алатын қанағат сезімі орасан зор.  

4. Ҿз қатесін түзетуге дайын тұру. 

-

 

Бұл  бҽріміз  де  қателесеміз.  Ойлана  білетін  адамдар  ҿзінің  қателігін 



ақтаудың  орнына,  оны  мойындап,  сол  қателігінен  сабақ  алады. 

Айналасындағылардың  пікірлерін  тыңдап,  олар  ҿзінің  қай  жерде 

қателескенін  жҽне  қателігінің  себебін  іздейді.  Ондай  адамдар  егер 

ҿздерінің  ұстанған  ҽрекет  –  стратегияларының  тиімсіз  екенін  мойындаса, 

ойлау арқылы жаңа, нақты стратегияларды тыңдайды.  

5. Ұғыну. 

-

 

Психологтар  бұл  қасиетті  метатаным  немесе  метакогнитивті 



мониторинг  деп  атайды.  Ол  мақсатқа  жету  жолында  ҿзіндік  ҽрекеттерін 

бақылауға  негізделеді.  Сын  тұрғысынан  ойлайтын  адамдар  ҿзіндік  ойлау 

процесін таным ҽдетіне дамытады. 

6. Компромисті шешімді іздеу. 

-

 

Қазіргі  заманда  топтық  ҽрекеттілік  формасы  кең  таралған.  Сын 



тұрғысынан  ойлай  білетін  адамдар  кҿпшілікті  ҿзіне  тарта  білетін 

коммуникативті  қабілеті  жақсы  дамуы  қажет  жҽне  кез-келген  мҽселені 

шеше  білуі  тиіс.  Осы  қасиетсіз  кез-келген  ойларыңызды  шынайы  нақты 

іске айналдыра алмайсыз.  

Ақпараттың сыни қанықтылығының қағидалары: 

-

 



Бірінші: 

Оқу 


материалында 

оқушыларды 

сыни 

тұрғыдан 



ойландыруға ҽкелетін фрагменттер болуы тиіс. Мысалы, оқу материалына 

мынадай сҿзтіркестерін қосу керек. «Егер мына ҽдістің орнына басқа ҽдісті 

қолданғанда  қалай  болады?»,  «бұл  сонымен  қатар  біруақытта  осының 

салдарынан  да  болады  (белгілі  бір  заң,  жағдай,  т.б.)»,  «бірақ,  басқа 

жағынан қарағанда...» т.с.с. 


429 

 

-



 

Оқушылар  оқулықта  автордың  берген  кҿзқарасынан  тҽуелсіз 

ҿздерінің пікірлерін, ой талқылауларын ұсынады. 

-

 



Екінші:  Осындай  берілген  фрагменттерге  оқушылар  тек  ойына 

бірінші  келген  пікірлерін  айта  салмай,  ой  талқылап,  сыни  тұрғыдан 

бағалап барып қана жауаптарын беруі тиіс. 

-

 



Мұғалім  бұл  кезде  соңғы  рҿлде  қалып  қоймайды,  ол  зерттеуші 

рҿлінде, яғни оқушыларды жұмыла ізденуге, ой-қозғауға тартады. 

-

 

Сыни  қанықтылықтың  талаптарын  орындаған  кезде  ақпаратты 



берген  кезде  қанықтылығының  шегінен  аспауы  керек,  яғни  ескермеген 

жағдайда «ақпараттың жоғалуына» ҽкеледі. 

Мақсатқа қалай жетуге болады? 

Мысалы: 8-класс. Биология. 

Тақырыбы: Асқорыту мүшелері. Мүшелерде астың қорытылуы. 

Білім, танып білу кезеңі: Асқорыту мүшелеріне нелер жатады? Қандай 

бҿлімдері бар? Асқорыту процесі дегеніміз не? 

Түсіну,  ұғыну  кезеңі:  Ҿз  ойларыңызды  айтыңыздар,  түсіндіріңіздер. 

Суреттер  арқылы  асқорыту  процесінің  қалай  жүзеге  асатынын  түсіндіру. 

Кенеулі заттардың қалай ыдырайтынын тірек сызбалар арқылы кҿрсету. 

Қолдану кезеңі: Дидактикалық кеспе суреттер арқылы тапсырмаларды 

орындау. 

Анализ 

кезеңі: 


Асқорыту 

мүшелерінің 

ұқсастығы 

мен 


айырмашылығын салыстыра отырып, маңызына жеке-жеке тоқталу, негізгі 

ерекшеліктерін табу, дҽлелдеу.  

Синтез  кезеңі:  Асқорыту  сҿлдерінің  химиялық  құрамын,  ҽсерін 

анықтау  барысында  практикалық  жұмыстар  жүргізу.  Жұмыстардың 

нҽтижесін талқылау, дҽлелдеу, себебін түсіндіру. 

Бағалау  кезеңі:  асқорыту  процесінің  адам  ҿміріндегі  маңызы  неде? 

Жалпы ҿткен сабақ туралы пікірлерін. 

Егер  үңіле  қарасақ,  оқушының  білім  деңгейі  талдаудан  бастап, 

жинақтау,  бағалауда  жоғарылай  береді.  Егер  білім  түсіну,  қолдану, 

берілген ұғымды ұғу, меңгеру болса, ол талдаудан бастап іздену, проблема 

шешу, жаңа хабар алу, жемісті ҽдіс арқылы жүзеге асыру. Ҿз еңбектерімен  

жаңа  мҽлімет  алса,  онда  шығармашылық  деңгейге  кҿтеріледі.  Бұл 

технологияның негізгі ерекшелігі  жҽне тиімділігі де осында. 

Бірінші сатыда (оқушы деңгейі) мұғалім кҿмегімен оқушы алдындағы 

мақсатты  шешеді,  орындайды:  оқушыға  бұрынғы  білім  кҿмекке  келуі 

мүмкін болса, екінші алгоритімдік сатыда (кҿмексіз, ақыл кеңессіз) оқушы 

мақсатқа ҿз бетінше жетеді. Ал мақсат айқын, ситуация түсініксіз болып, 

оны  оқушы  ҿздері  шешсе,  ҿз  еңбектерімен  жаңа  мҽлімет,  білім  алса,  ол 

эвристикалық саты болмақ. 

ІV  саты  ең  жоғарғы  шығармашылық  саты.  Мақсат  нақты  емес, 

жалпылама оқушы мақсатты айқындап, сол арқылы шешуге кіріседі, жаңа 

білім игеріліп, мҽселе шешіледі. 

Сын  тұрғысынан  ойлау  стратегиясының  биология  сабақтарындағы 

ерекшелігі  де,  тиімділігі  де  мынада:  бала  білімін  оқушы  деңгейінен 



430 

 

шығармашылық  деңгейге  жетелеуде  сын  тұрғысынан  ойлау  жҽне  жазуды 



дамытудың атқарар орны ерекше. 

Биология  сабақтарында  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  ҽр 

түрлі  дағдыларды  дамыту  кезеңдері  білім  беру  сапасын  жоғары  деңгейге 

кҿтеретіні сҿзсіз. 

 

 

   



      

Резюме 


 

В этой статье говорится об особенностьях, о различиях навыков активизации 

методов СТО технологий. Разные методы развития СТО технологий повышают 

качество образования на высокий уровень.  

 

Summary 


 

In this article, it is spoken about features, and dictinctions skills activizations of  

methodos TCPV technologies (thinking from critical point of  view). Development methods 

of technologies TCPV increase quality of education on high level.  

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 



 

1.

 



«Высшее образования России» журнал 2001 №4 /11-13/ 

2.

 



Выготский Л.С. Педагогическое психология М-1991 /374-391/ 

3.

 



Беспалько. Слогаемое педагогическое технология. /12/ 

4.

 



Жумабаев М. Педагогика. Алматы «Ана тілі» 1992 /25-29/ 

5.

 



«Биология жҽне салауаттану негізі» журналы 2005 №1 /17-19/ 

6.

 



«Жалпы биология мектепте оқыту» 2005 №46 /20-22/ 

 

ӘӚЖ: 338.26.015 

 

Интербелсенді әдістер арқылы дәріс,семинар сабақтарын жҥргізу 



жолдары. 

 

Қозғамбаева Г.Б. 



Ҽл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті т.ғ.к., доцент 

 

Қазіргі таңдағы технологиялардың дамыған кезеңінде инновациялық 

ҽдістермен  оқытудың  ақпараттық  технологияларын  қолдану  арқылы 

студенттердің  ойлау  қабілетін  арттырып,  ізденушілігін  дамыту  ҿзекті 

мҽселелердің бірі болып табылады. 

Интербелсенді  оқу/оқыту  бірінші  мезетте  білім  игеру  процесіне 

қатысушылардың  тиімді  қарым-қатынасына  негізделеді.Ағылшын  тілінен 

келген  «интерактив»  сҿзі  де  осы  ұғымды  білдіреді:  «inter»  дегеніміз 

«ҿзара»  мағынасында,  ал  «akt»  -«ҽрекет  жасау»  дегенді білдіреді.Басқаша 

айтқанда,  «интербелсенді»  дегеніміз  біреумен  қоян-қолтық  қарым-

қатынаста болу, онымен бірлесе ҽрекет жасау, диалог құру. 


431 

 

«Интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші 



–  үйренуші»,  «үйренуші  –  үйренуші»,  «үйренуші  -  ҿзімен  ҿзі» 

форматтарында  жасаған  қарым-қатынас  («ҽңгіме»,  «сұхбат»,  «бірлескен 

ҽрекеттер»). 

Интербелсенді  оқыту  білім  игеру  процесін  келесідей  ұйымдастыруға 

ынталы: 

-  барлық  үйренушілерге  бірлескен  таным  процесіне  белсенді  арласуға 

мүмкіндік жасау; 

- ҽрбір үйренушінің ҿзінің үйренгені мен ҿз білімі туралы түсініктерін 

ортаға  салып,  бірлесе  талқылап,  олар  туралы  ой  толғануына  мүмкіндік 

жасау; 


- үйренушілер білімді ҿздігімен құрастыратын орта құру; 

- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту; 

- ҿз идеялары мен ҽрекеттерін талдау жҽне оларға баға беру; 

- оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін  

қалыптастырып, белсенді ҿмірлік бағытын (кҿзқарас, дүниетаным) ұстану; 

-  пікірталастарға  қатысып,  ҿз  ойы  мен  пікірін  дҽлелдеу.Бұл  тұлғаның 

тұрақты  қасиеттеріне  айналып,  тек  студенттердің  аудиториясында    ғана 

орын  алып  қана  қоймай,  сонымен  бірге  ҿмірдің  басқа  да  жақтарынан 

тиянақты  түрде  кҿрінеді  [1,  63-64бб.].  Бұдан  жасайтын  қорытынды  

жоғары  оқу  орындарында  интербелсенді  оқу  /оқыту  білім  игеру  процесін 

ұйымдастыруда  студенттердің  барлығын  дҽріс,  семинар  жҽне  ҿзіндік 

жұмыс  сабақтарында  бірлескен  таным  процесіне  белсенді  араласуға,жеке 

студенттің ҿзінің үйренгені мен білімін ортаға салып талқылау,ҿз ойларын 

талдауға,пікірталас,  ҿз  пікірін дҽлелдеу  жҽне  т.б.    негізде ұйымдастыруға 

болады.  

Интерактивті  ҽдістерді  қолдану  арқылы    интербелсенді  дҽріс, 

семинар  сабақтарында  студенттердің  белседілігін  арттыру  тиімді  екендігі 

бҽрімізге белгілі. 

Қазіргі  кезеңдегі  технологиялардың  дамуы  барысында  ұстаздардың 

рҿлін  түбегейлі  ҿзгерту  мүмкіндік  туды,  ұстаз  тек  қана  білімді  алып, 

жүруші  ғана  емес,  сонымен  қатар  студенттердің  ҿзіндік  шығармашылық 

жұмысының жетекшісі. 

Интерактивті  ҽдістерге:  топпен  жұмыс,пікір–таластар,проблемалық 

шығарма  ҽдістері,  презентациялар,  рҿльдік  ойындар,  блиц-сұрақтар 

ҽдісі,кейс – стадийлер, миға шабуыл ҽдісі, викториналар, мини зерттеулер, 

іскерлік ойындар, инсерт ҽдісі, анкета алу ҽдісі жҽне т.б. жатады. 

Кҿрсетілген  интербелсенді  ҽдістерді  қолдану  арқылы-  жоғарғы  оқу 

орындарындағыдҽріс,семинар(практикалық),студенттіңҿзіндікжұмыстар 

(СҾЖ)сабағын  жаңаша  ұйымдастыру,  оқытушының  рҿлі  мен  қызметінің 

артуына 


жағдай 

жасау, 


ғылымитеориялық,педагогикалықжҽне 

психологиялық  зерттеулерге  сүйене  отырып,студенттерді  елжандылыққа, 

саналылыққа, адамгершілікке,еңбексүйгіштікке тҽрбиелеу. 

Енді,біз  ЖОО  интербелсенді  сабақтарын  ҿту  жолдарына  тоқталмас 

бұрын  дҽріс  сабағына  тоқталсақ,  дҽріс-  (лекция)  сабағы  дегеніміз  –жаңа 


432 

 

материалдағы  негізгі  теориялық  мҽселелердің  мазмұны  терең,  жүйелі, 



бірізділікпен  ашып  кҿрсетіледі.  Сондай–ақ  дҽрісте  тың,  маңызды 

жаңалықтар,  түрлі  кҿзқарастар  мен  даулы  мҽселелер  нанымды  түрде 

баяндалады... Дҽріс тақырыбы неғұрлым айқын, проблемалы, пікір – сайыс 

түрінде  ҿтілсе,  қойылған  сұрақтарға  дайын  жауап  болмай,  оны  студент 

ҿздігінен  ізденіп,тапса  сабақтың    тиімділігі  жоғары  болады[2,10 

б.].Оқытушы  тарих  пҽнінен  дҽріс  беру  барысындағы  басты  мақсат 

студенттерге  қазақ  жерін  ежелгі  заманнан  бүгінге  дейін  мекендеп  келген 

адамзат жүріп ҿткен тарихи жолдың аса маңызды фактілерін, оқиғаларын, 

құбылыстарын 

оқып 


үйрету, 

адамдар 


жинаған 

ҽлеуметтік, 

рухани,адамгершілік  тҽжірбиені  меңгерту,  сол  арқылы  жас  ұрпақтың 

тҽуелсіздік  жолында  Қазақстанның  жаңа  қоғамын  құруға  белсене 

қатысуына  жҽне  Қазақстан  мен  дүниежүзінің  тарихына  деген  жоғары 

жауапкершілік сезімін қалыптастыру болып табылады. 

Кезінде  кҿптеген  ҽдіскерлер  тарихты  оқытудың  ҽдістері  мен 

тҽсілдерін  зерттегенде  оны  бірнеше  топтарға  бҿлген.  Мысалы  П.Г.Гора 

оларды:  кҿрнекілік  ҽдісі,  ауызша  баяндау  ҽдісі,  практикалық  оқыту 

ҽдісідеп,  ал  ҽдістемелік  тҽсілдерді:  тарихи  факті  туралы  ҽсерлі  түсінік 

қалыптастыру  тҽсілі,оқушылардың  есінде  фактілер,даталар,  бекіту 

тҽсілдері,  тарихи  материалды  игеру  мен  қалыптастыру  тҽсілдері  деп 

қарастырады[3, 103 б.].  

Ал  кейін  оқытудың  жаңа  ҽдіс  -тҽсілдері  туралы,  оларды  сабақта 

пайдалану  жолдары,  тарих  сабағына  қойылатын  дидактикалық  жҽне 

ҽдістемелік 

талаптар 

туралы 


танымал 

ҽдіскерлер: 

Н.Г.Дайри, 

А.Г.Колосков, 

Ф.П.Коровкин, 

 

Л.Н. 



Алексашкина,Г.В.Клокова, 

М.Т.Студеникин жҽне тағы басқалары еңбектер жазды.  

Замнауи 

талаптарға 

сай 

соңғы 


жылдары 

ақпараттық 

технологиялардың  білім  беру  үрдісінде  кең  құлаш  жаюы  мен  жаһандану 

заманында оқыту ҽдісі мен тҽсілдері едҽуір ҿзгерістерге ұшырап, жаңашыл 

ҽдістер  кҿптеп  қолданылуда.Дҽстүрлі  «білім  беру»  ҿз  мақсаты  мен 

мағынасын  нақты  белгіленген  білім  жиынтығын  игерумен  шектейді.  Ал 

инновациялық кҿзқарас оқу (үйренудің) негізін тек пҽндер ғана емес, ойлау 

мен  рефлексияға  негізделген  интербелсенді  ҽдістер  құрауы  керек  деп 

түсінеді. Интербелсенді ҽдістер педагогикалық тҽсілдердің ҿзгеруіне алып 

келіп,  білім  алушылардың  ҿздік  жҽне  ҿзіндік  дамуына,  олардың  ҿз 

мүмкіншіліктері  мен  ұстанған  құндылықтарын  түсінуге  жҽне  бағалауға 

жетелейді. 

Дҽріс  сабағын  оқытуда  қолданылатын  ҽдістерге  ҽңгімелеу 

ҽдісі,түсіндіру ҽдісі, баяндау ҽдісі, ҽңгімелесу ҽдісі, проблемалық баяндау 

ҽдісі  жҽне  тағы  басқалар  жатады.  Тарих  пҽнінен  дҽріс  сабағында 

оқиғалармен  құбылыстарды  оқытып  үйрететін  болғандықтан,  оның  ҽрбір 

кезекті сабағы ҿткен жҽне алдағы сабақтың мазмұны мен уақыты жағынан  

тығыз  байланысып  жатады.  Жалпы  жоғары  оқу  орындарында  «Универ 

жүйесіндегі»  алдын- ала  оқу жүктемесі негізінде бҿлінген пҽн бойынша 

ОҼК-ні,  яғни    сол пҽнінің  дҽріс,  семинар, студенттің ҿзіндік  жұмыс,  тест 



433 

 

тапсырмалары, емтихан, реферат тақырыптары, пҽнге байланысты барлық 



материалдары  сайдқа  салынып,  онымен  топ  студенттерінің  ҽрбірі 

пайдалана  алады.  Мысалы,  Қазақстан  тарихы  пҽні  бойынша  барлық 

материалдармен  таныс  студент  дҽріс  сабағында,  оқытушының  баяндау, 

ҽңгімелеу  ҽдістері  арқылы  олардың  пҽнге  деген  қызығушылығын 

тудырмауы  мүмкін,  сондықтан  оны  белсенді,қызықты  ҿту  үшін  оқытушы 

дҽстүрлі  емес  ҽдістерді:  топқа  бҿлу,  тақырыпқа  байланысты  ҿзекті 

сұрақтар  қою,  пікірталас  ҽдістерін  қоса  қолданса  аудиторияның  барлығы 

толық  қамтылып,  оқытушы  мен  студент,  студент  пен  студент  арасында 

қатынас  болып,ҽрбір  студент  ҿз  ойын  толық  жеткізе  алады,  бір  –бірімен 

пікір таластыра алады. Сонда ғана дҽріс сабағы  қарым - қатынас үрдісіне 

негізделген оқыту – интерактивті ҽдістер арқылы студенттің белсенділігін 

арттырып, сабаққа қызығушылығы мен ҿз бетінше ізденушілігі арқасында 

жаңа  дереккҿздерімен  жұмыс  жасауға  жҽне  оның  белгілі  бір  тақырыпқа 

байланысты  шығармашылық  жұмыс  жасауына  жол  ашады.  Ал 

проблемалық  баяндауда  аудиторияға  проблемалық  ситуация  жасау 

арқылы,проблемалық  сұрақтар  мен  тапсырмалар  қою,  танымдық 

тапсырмалар  беру  жҽне  оған  студенттің  жауап  беруге  немесе  шешуге 

(ҽрекет  жасауы)  тырысуы  жатады.Бұл  арқылы  студенттердің  танымдық-

шығармашылыққабілеттерінің  дамуына  ықпал  жасап,  проблемалық 

ситуацияда  игерген  білімі  мен  біліктің  нҽтижесінде  ол  жаңа  ҽдістерді 

немесе жаңаны іздеуге, талпыныс жасайды. 

Дҽріс  сабағында  оқыту  үрдісі  тиімді  болу  үшін  3  жақты  қарым  –

қатынас болуы керек,олар:ақпараттық (ақпараттың берілу жҽне сақталуы), 

интерактивті(біріккен  іс–ҽрекетте  ҿзара  ҽсердің  ұйымдастырылуы), 

перцентивті оқыту (адамның басқа адамды қабылдауы жҽне түсінуі). 

Интербелсенді  дҽріс  сабағында    оқытудың  интерактивтік  

тҽсілдеріне:ашық сұрақтарды қою іскерлігі (біріккен дұрыс жауапқа алдын 

–ала бағытталған жауапта емес, мҽселе бойынша ҽр –түрлі кҿзқарастарды 

айтуы);оқытушы дҽріс беріп қана қоймай соныменбірге студенттерге сабақ 

барысында 

«дұрыс» 

жҽне 


«дұрыс 

емес» 


кҿзқарастарын 

батыл,қорқынышсыз  айтуларына  мүмкіндік  беретін  байтарап    ретінде 

анықтауы,сабақтың  қалай  жҽне  неге  жүзеге  асатының  түсінуге  кҿмек 

беретін  сабақты  ҿзіндік  талдауға  дайындық,  қай  жерде  ҿзара  ҽрекеттесу 

«тоқырап»  қалды,  бұл  қандай  жағдаймен  байланысты  болады;  сабақтың 

ҿту  жағдайын,  оның  нҽтижелігін  қадағалауға  мүмкіндік  беретін 

ескертулерді  тіркеу  болып  табылады.Дҽріс  сабағында  теориялық  білімді 

игерту мен жаңғырту жҽне жаңа жағдайға іс жүзінде  лайықтап қолдануға 

үйреткенде  ғана  студенттердің  алған  білімі  мен  біліктілігі  шынайы  да 

нақтылы  қалыптасады.  Осындай  жолмен  қалыптасқан  білім  мен 

біліктіліктің танымдық маңызы да зор деген ойдамыз. 

Жоғары  оқу  орындарында  интербелсенді  семинар  (практикалық) 

сабағын  ҿтудеоқыту  ҽдістерініңинтерактивті    түрлерін  пайдалануға 

болады. 


Интерактивті 

оқыту 


ҽдістерінің 

түрлері: 

топтармен 

жұмыс,пікірталас талас, оқу пікірсайысы; «Сократтық ойындар», ойындық 



434 

 

жобалау;  ми  шабуылы,  дҿңгелек  үстел,  конференция  сабақ  жҽне  тағы 



басқалар  жатады[4,  17 б.].Кҿрсетілген   интерактивті ҽдістердің  кейбірінің 

семинар  (практикалық)  сабақта  қолданылуына  тоқталып  ҿтсек. 

Интербелсенді  семинар  сабағында  интерактивті  оқыту  ҽдістерін 

қолданудың  негізгі  мақсаты  оқытылып  отырған  курстағы  мҽселелерді 

студенттердің  меңгеру  денгейін,  олардың  ұстанымдары  қаншалықты  нық 

екендігін  анықтау  жҽне  бүгінгі  күндегі  күрделі,  ҿзекті  мҽселелерді 

талдауға,  ҿзіндік  пікір  айтуға,  іздене  білу  қабілеттерін  шындау  болып 

табылады. 

 

Белсенді  ҽдістердің  семинар  сабақтарында  пайдаланылатын    тиімді 



түрлеріне:пікір 

сайыссеминар, 

семинарпресс-конференция 

болып 


табылады.М.В.Короткованың  «Тарих  сабағындағы  ойындар  мен  пікір- 

сайыстар  ҿткізу  ҽдістемесі»  деген  еңбегінде  интерактивті  ҽдістің  екі 

тҽсілін  ойын  арқылы  қатысушыларды  оқыту  мен  пікір  сайыс  туралы 

баяндайды.  Ҽдіскер  сабақтың  дҽстүрлі  емес  қолданылатын  түрлі  ойын 

жіктеулері  мен  пікір  сайыстарды  пайдаланудың  тиімді  жолдарын 

кҿрсетеді[5,  49-50  бб.].Ал  пікір  –сайыс    семинардың  бірнеше  түрі  бар, 

олар: құрылымдық немесе регламенттік пікір –сайыс, ойындық модельдеу 

элементтермен  сипатталатын  пікір  –сайыс,  жобалық  мҽселені  талқылау 

болып  бҿлінеді.Жобалық  мҽселені  талқылау  пікір–сайыссеминарға 

тоқталатын  болсақ,  алдымен  оған  дайындықтан  бастайық.    Айталық 

Қазақстан тарихынан «Шыңғыс хан тарихи тұлға» деген тақырыптаҿтетін 

семинар  пікір  сайысқа  қатысатын  ҽрбір  студент  үшін,топтың  алдын–ала  

жҽне тиянақты дайындығын қажет етеді. Сабақтың нҽтижелі, ҽрі қызықты 

болып  ҿтуі  үшін  оқытушы  семинардың  мҽселелері  бойынша  алдын  ала 

опоненттерді 

дайындап 

қояды.Пікірсайыс 

барысында 

оппонент 

студенттердің  дайындалған  мҽселелерді  шешу  үшін  студенттердің 

тақырыптың мҽселелері бойынша толық дайындалуларына тура келеді. 

 

Пікірсайыс  семинарында  тақырыптың  кҿтеріп  отырған  мҽселелері 



бойынша  алдын–ала  дайындалған  тезистер  ұсынуға  болады.  Сондықтан 

студенттердің  семинарда  жұмыс  жасауының  белсенділігін  арттыру  үшін 

дисскуссиялық  мҽселе  бойынша  «Шыңғыс  хан  тарихи  тұлға»  ретінде  екі 

түрлі  пікірлерді  ұсынатын  баяндамалар,  бірі  оның  тарихи  тұлға  ретінде 

мықты  қолбасшы,  саясаткер  екендігін,  ал  екіншісі  оның  қанішер,  жауыз 

ретінде,яғни біріне –бірі қарама қарсы баяндама  жасауы туралы тапсырма 

берілуі қажет.Пікірсайыс семинарына дайындықтың негізгі кезеңі, басқа да 

семинар  түрлеріне  дайындық  секілді  студенттердің  ҿз  бетінше  алғашқы 

дерек кҿздерімен жҽне семинарға ұсынылатын ҽдебиеттермен тыңғылықты 

жұмыс  жасауы  болып  табылады.Пікірсайыс  семинар  сабағында  жоспар 

бойынша    қаралатын  сұрақтардан  да  басқа  жақсы  құрастырылған  жҽне 

нақты  шиеленіс  тудыратын  мҽселеге  байланысты  қосымша  сұрақтар 

бойынша  студенттің  ізденуі  мен  дайындалуына  жол  салады.Пікірсайыс 

семинар сабағының ҿту барысына тоқталсақ, ол алдымен диспут арқылы, 

яғни  диспут-  дегеніміз  ол  ойлардың  қақтығысы,  яғни  белгілі  тақырып 

бойынша  топтарға  бҿлінген  студенттер  «Шыңғыс  хан  тарихи  тұлға» 



435 

 

ретінде  мықты  қолбасшы,  саясаткер  екендігін,  ал  екіншісі  оның  отпен 



ҿртеп,  қылышпен  қырып,  жауыз,  қанішер  деген  ҿз  кҿзқарасын  қорғап 

шығу болып табылады. Моңғол жаулаушылығы дҽуіріндегі Қазақстандағы  

тарихи  жағдайлар  мен  оқиғаларға,  студенттердің  ҿзіндік  пікірлерін 

қалыптастырып, Шыңғыс хан туралы кҿзқарастарды тарихи  талдай білуге 

үйрету.  Пікірсайыстың  қызықты  ҿтуі  баяндамашыға  байланысты,  егер  ол 

нақты  мҽселені  дҽл  айтып,  қажетті  аргументтермен  дҽлелдей 

алса,аудиторияда  кҿтеріліп  отырған  мҽселені  шешуге  байланысты 

қызығушылықтарын  танытады.Ал  студент  пікірсайыстың    барысын 

бақылап,  егер  теориялық  тұрғыдан  қателіктер  болса  бірден  жҿндеп 

отыруға  міндетті.Кҿңіл  аударатын  мҽселе  пікірлердің  қысқалығына, 

мазмұндылығына  жҽне  образдығына  мҽн  берілуі  керек.  Пікір  –  сайыстың 

дұрыс  бағытталуына  нақты  жҽне  уақытында  қойылатын  қосымша 

сұрақтарға  да  байланысты.Пікірсайыс  семинар  сабағына  байланысты 

оқытушының  сұрақтары:нақтылық,  мағыналық  жҽне  сұрақтың  мҽселеге 

байланыстылығы сияқты ережелерді ұстануы керек. Оқытушы пікірсайыс 

семинар кезінде айтылған дҽлелдерге жҽне идеяларға қайта орала отырып, 

қорытынды жасап, балдық жүйемен бағалайды. 

        Сонымен  интербелсенді  семинар  сабағында  оқытушы  интерактивті 

ҽдістерді  қолдану  арқылы  студенттің  еркін  ойлануына,  ақыл-ойын 

дамыуға,  шығармашылық  белсенділігін  арттыруға,  ұжымдық  іс-ҽрекетке, 

тіл  байлығын  жетілдіруге,жан-жақты  ізденушілігін  арттыруға  жағдай 

жасайды.  Ал  оқытушы  үшін  тиімділігі,  ол  түрлі  ҽдістерді  пайдалану 

арқылы  сабақтың    мҽнін  терең  ашуға,  аудиторияны  толық  қамтуға,  ҽр 

студенттің  білім  деңгейін  анықтауға,  оларды  ізденіске,шығармашылыққа,  

ҿз бетінше жұмыс істеуге жҽне барлығын бағалауға болады.Интербелсенді 

ҽдістер    білім  алушылардың  ҿздік  жҽне  ҿзіндік  дамуына,олардың  ҿз 

мүмкіншіліктері  мен  ұстанған  құндылықтарын  түсінуге  жҽне  бағалауға 

жетелейді. 

Елбасы,  Н.Ҽ.Назарбаев:«...Адамзат  үшін  ХХІ  ғасыр  жаңа 

технологиялардың  ғасыры  болмақ,  ал  осы  жаңа  технологияларды  жүзеге 

асырып, ҿмірге енгізу, игеру жҽне жетілдіру  -бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің 

еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында» деп,  атап 

кҿрсеткендей, бүгінгі ұстаздар қауымы алдында үлкен міндет жүктелгенін 

байқаймыз.  Егер,ҿткен  уақыттарда  таным  процесін  біз  «білім  беру», 

«оқыту»,  «үйрету»  деп  түсінсек,  бүгінгі  уақытта  бұл  түсініктерді  «білім 

алу/игеру»,  «оқу»,  «үйрену»  деп  ҿзгерту  керек.  Мұндай  ұстаным  бүгінгі 

күні  ҽлемде  жүріп  жатқан  жоғары  оқу  жүйесінде  Балонья  үдерісінің 

идеяларын толық қамтып, ҿзінің мазмұнын осы үдеріспен байланыстыруы 

ЖОО-ның жұмыстарына елеулі ҿзгерістер енгізуді талап етеді.  

                                                  

Резюме 

 

В  данной  статье  расматриваються  формы  и  методы  интерактивного  обучения, 



которые  применяете  на  занятиях  со  студентами.  Раскрываются  такие  аспекты  как 

436 

 

появление  возможности  основательно  изменить  роль  преподавателей  с  помощью 



внедрения  в  систему  ведения  курса  различных  интерактивных  методов,  которые 

возникли  в  силу  развития  современных  технологии,  так и  предстовление  учителей  не 

только  в  качестве    кладезя  ума,  но  и  как  руководителья  самостоятельных  творческих 

работ студентов.     

Summary 

 

This  article  is  devoted  to  interactive  the  forms  and  methods  of  online  learning,  which 



apply  in  the  classroom.  Reveails  aspects  such  as  the  possibility  of  the  emergence  of 

fundamentally change the role of  teachers through the introduction of the system of course a 

veriety  of  interactive  methods  that  have  emerged  due  to  the  development  of  modem 

technology, and the idea of teachers not only as a treasure trove of mind,  but also as a leader 

of indepent creative work stydents. 

 

Пайдаланған ҽдебиеттер  



 

1. Ҽлімов А. Интербелсенді ҽдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. 

Алматы -2009. -63-64 бб. 

2.Ҽбдіғұлова  Б.Қ.  Қазақстан  тарихы  сабақтарында  оқытудың  белсенді 

ҽдістерін  пайдаланудың  ҽдістемелік  жолдары.-Алматы.,-ҚазҰПУ,2012.-93 

б. 


3.Қозғамбаева Г.Б. Тарихты оқыту ҽдістемесі. –Шымкент., -Нұрлы –бейне 

баспаханасы, -2008., -204б. 

4. Молдағалиев Б., Махимова А. Сатқанова Г. Интерактивті оқыту ҽдістері. 

//Қазақстан мектебі  -2006., №9.,-15-17бб. 

5.Короткова  М.В.  Методика  преподавания  игр  и  дискусий  на  уроках 

истории. –М.Владос, 2001. -256с.                                              




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет