Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет50/80
Дата22.12.2016
өлшемі5,96 Mb.
#125
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80

 

1.

 



Бабанский Ю.К. Педагогика. – М., 1988ж. 

2.

 



Мектеп жастарын педагогикалық тҽрбиелеу.  

 

Б.Т.Лихачевтың  редакция  басшылығымен.  –  М.  Педагогика, 



 1981 ж. 

3.

 



В.В.Журавлев. Мир художественной культуры. Москва, 1987, 237 с. 

4.

 



Ж.Алтаев. Дүниетаным. Алматы, 2001, 46 б.  

 

ӘӚЖ: 371.11 

 

 «Қолӛнер бҧйымдарын ҥйретуде оқушылардың шеберлігін дамыту» 

 

Сапарбаева Ұ.Ҽ. 



 «Сырдария» университеті 

 

     Қолҿнер дүние жүзінің ҽр халқында бар. Сонымен қатар ҽр елдің, ҽр 



халықтың  тарихи  дамуына,  тұрмысына,  тарихи  ерекшелігіне  жҽне 

эстетикалық  талғамына  байланысты  ҿзіндік  ерекшелігімен  ҿшпес  із 

қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолҿнер элементтерін үй интерьерінде, киім 

сҽндеу  кезінде,  бас  киімді  ҽшекейлегенде  кҿп  қолданып  жүр.  Қолҿнер  – 

ежелден  келе  жатқан  кҽсіп.  Ол  халықтың  ҿмірімен,  тұрмысымен  бірге 

дамып,  ұрпақтан  ұрпаққа  беріліп  отырады.  Ҿнер  туындыларының  иесін 

шебер  деп  атаған.  Қолҿнер  шеберлері  табиғаттың  ҽсем  кҿріністерін 

қолҿнер  бұйымдарында  жиі  қолданған.  Қолҿнер-халқымыздщың  ұлттық 

мұрасы.  Қазақтың  ұлттық  қолданбалы  ҿнер  тарихы  кҿпшпелі  ҿнердің 

салтдҽстүрімен  тығыз  байланысты.  Халық  шеберлері  ұлттық  қолҿнер 

мұраларын  ҿмірге  ҽкелді.  Яғни,  ұста  ағаш  шебері,  зергер  ісмерлердің 

тынымсыз    еңбегі  арқылы  қазақ  қолҿнерінің  кҿркем  туындылары  пайда 

болды[1]. 

Атап  айтатын  болсақ,  ұсталар:  найза,  қылыш,  айбалтағ  семсер  сияқты 

қару-жарақ  түрлерін  ҽзірлеген.  Ал  ағаш  шеберлері  киіз  үйдің  сүйегінен 

бастап  үй  мүліктері:  сандық,  кебеже,  асадал,  тостаған,  опау,  астау  жҽне 

музыка  аспаптары:  домбыра,  қобыз  даярлаған.  Зергерлер  сҽндік  ҽшекейлі 

бұйымдар,  сырға,  білезік,  алқа,  ҿңіржиек,  бойтұмар,  шашбай  т.б.  жасаған 

ісмерлер  тоқыма,  киіз  басу  ҿнерін  дамытқан.  Сонымен  қатар  халықтың 

арасынан  шыққан  шеберлер  қолҿнерді  дамытуға  қомақты  үлес  қосып, 

технологиялық   тҽсілдерді де терең меңгерген. Мысалы, ер тұрман жасау 

ҿнері  үлкен  шеберлікпен  ҽрі  алуан  материалды  ҿңдей  білуді  қажет  етеді. 

Ершілер  ер  тоқымды  келісті  етіп  ойып,  ҽшекейлеп  ҿрнек  нақыштармен 

кҿркемдеген.  Алтынмен  апталып  күміспен  күптелген    ат  ҽбзелдері  қазақ 

жігіттерінің абыройын асқақтатқан[2]. 


486 

 

 Қолҿнер  қашанда  заман,  ҿмір  ағымымен  туындап,    дамып  отырады. 



Қазақ  қолҿнерінің  ҿсу  жолы  ҿзіне  тҽн  даму  тарихы  бар.Ол  тарих  сонау 

кҿне замандардан басталады. Қазақ  халқы кең байтақ республіка жеріндегі 

ертеден  қалыптасқан  кҿне  мҽдениеттің  тікелей  мұрагері  ғана  емес,  сол 

дҽстүрлерді  дамытушы,  жаңғыртып  байытушы.    Бұл  процеске  ҽр  кезеңде 

Қазақстан 

аумағына 

жан-жақтан 

келген 


кҿшпелі 

тайпалармен 

халықтардың,    сон  дай-ақ  Ресей,  Орта  Азия  халықтарының  да  мҽдениеті 

ҽсер етті. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ 

халқының дҽстүрлі ҿнері айтарлықтай жоғары деңгейге кҿтерілді[3].  

Революцияға  дейінгі қолҿнердің дамуына қазақ халқының ҽлеуметтік-

экономикалық  жағдайы,  кҿшпелі  ҿмірден  біртіндеп  отырықшылдыққа 

кҿшу  процесі  кҿрші  елдермен  ҽсіресе  Ресеймен  сауда  қатынасының, 

шаруашылық  жҽне  мҽдени  байланыстарының  арта  түсуі,  тағыда  басқа 

кҿптеген  ішкі,  сыртқы  факторлардың  ҽсері  айтарлықтай  ықпал  етті.  Ол 

кездегі  қазақ  ауылының  кҿпшілігі  қаламен  тығыз  байланыста  болмады.  

Сондықтан  олардың  ҿзіне  қажетті  үй  бұйымдарының  басым  кҿпшілігін 

қаладан 

сатып 


аларлықтай 

мүмкіндігі 

болмағандықтан, 

халық 


шеберлерінің жасағандарын пайдаланды.  

Кеңес  үкіметіне  дейінгі  қазақ  халқының  қолҿнерінің  дамуын 

этнографиялық  тұрғыда  зерттеудің  ғылым  үшін  маңызы  ҿте  зор.  Ҿйткені 

қазақ  қолҿнері  –  жалпы  халық  мҽдениетінің  ішіндегі  негізгі  салалардың 

бҽрі. 

Қазақ  халқының  тұрмысында  ежелден  бері  ағаштан  жасалатын  үй 



бұйымдарының алатын орны ерекше. Ағаш ҿңдеуді кҽсіп еткен шеберлерді 

халық олардың ҿндіретін бұйымдарына қарай үйші, ерші, арбашы, ұста деп 

даралап бҿлген.  

 Оның  орындалу  технологиясына  да  ерекшеліктер  еңгізіп  отыр. 

Мысалы,  ою-ҿрнекпен  ҽшекейленген  бұйымда  қатырма  жапсыру, 

моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі 

жібек,  жылтыр  люрекс  жіптері  қолданылады.  Дегенмен,  кҿне  заманнан 

келе  жатқан  қазақ  қолҿнері  ҿз  халқының  дҽстүрлі  кҿркемдік  мұрасын 

сақтап қалған.  

   Бұл  қазақ  қолҿнерінің  ежелгі  түрінің  қайтадан  жаңғырып,  қазіргі 

заманмен  жарасым  тауып  отырғанын  кҿрсетеді.  Жҽне  де  құрақтан 

жасалған бұйымдардың кҿбеюі шетелдіктерге біздің еліміздің қолҿнерінің 

қаншалықты  дамығанын  паш  етіп,  қазақты  ҽлем  халықтарына  кеңінен 

танытуға  жарқын  жол  ашып  отыр.  Құрақ  құрау  қыз-келіншектеріміздің 

жанында  ұлтжандылық  қасиеттерді  орнықтырып,  оларды  ұлттық 

қолҿнерімізді сүюге, оны дамытуға үлес қосуға тҽрбиелейді. 

     Құрақшылық  қолҿнері  сҽнді  жұмыстар  жасау  тарихы  ҿте  арыдан 

басталады.Таңғажайып  талантымен  талайларды  тамсандырған  қазақ 

қолҿнерінің қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан кҿздің жауын 

алатындай ҿте бағалы бұйымдар жасау.     

Қазақтың  қолҿнерінің  ҿмірге  келуі  халықпен,  кҿшпелі  ҿмірмен  тығыз 

байланысты.  VII-VIII  ғасырда  тігіншілік,  етікшілік  пайда  балған.  Сауда 



487 

 

саттық  дамыған  кезде  ҽр  халықтың  ҿнері  араласып  ұлттық  құрақ  түрлері 



пайда  болды.  Қазіргі  уақыт  талабына  сай  жаңа  үлгідегі  ―сегізжапырақ‖, 

―қызғалдақ‖,  ―ботакҿз‖,  ―құдық‖,  ―жұлдыз‖,  ―шахмат‖  құрағымен  жастық 

тыс,  кҿрпе,  сырмақ,  паннолар  жасалады.  Құрақ  құрау  тҽсілі  маталардың 

қалдығын кҽдеге жарату негізінде пайда болған. Қолынан іс келетін шебер 

ҽйелдер  кҿрпеден  бастап,  кеудешеге  дейінгі  бұйымдарды  құрақпен 

безендірген.  



  Қазақ  қолҿнерінің,  оның  ішінде  құрақ  бұйымдарының  бояуы  сан 

алуан.  Халқымыздың  ұғымында  кҿгілдір  түс-аспанның  символы,  қызыл 

түс  –  оттың,  қанның,  ҿмірдің,  жасыл  түс  -  ҿсімдіктің,  кҿктемнің, 

бастаудың,  ақ  түс  –  биіктіктің,  аспанилықтың,  сары  түс  –  даналықтың, 

білімнің белгісі. Сол себепті, қиықта бұл түстер бір-бірімен тығыз бірлікте 

тұрғанында ғарыштың, ҽлемнің бейнесін бедерлеп, буддистік мандаланың 

философиялық  мағынасынан  да  артық  мҽн-маңызға,  құпия  сырға  толы 

екенін байқатады. 

Қазақ  қолҿнерінің  қандай  түрінде  де  ою-ҿрнектер  пайдаланылады.     

Құрақтан жасалған бұйымдарда да олар ҿз орнын тауып жатады.  

     Ертеде  жарапазан  айтқан  балалар  иығына  қоржын  арқалап,  қазақ 

ауылдарын  аралаған.  Ҽрбір  үй  оларға  қолында  бар  құрт,  ірімшік,  жент 

тҽрізді  тҽттілерін  беріп,  күміс  түйген  орамалдар  сыйлап,  балалар  ҿз 

отбасына  қоржынын  несібеге  толтырып  қайтатын  болған.  Алыс  сапарға 

шыққандар да астындағы атына қоржын теңдеген. Қазір түрлі қиықтардан 

жасалып, ою-ҿрнек салынған сҽнді қазақы қоржындар құдағилар арасында 

жүріп, сыйластықтың бір дҽнекері болуда. 

      Халқымыздың  салт-дҽстүрі  бойынша,  ұл-қыздары  той-думанда  ғана 

емес, күнделікті ҿмірде де ҽдемі киініп, таза жүрген. Құрақ кеудешелер ҽрі 

сҽнді,  ҽрі жылы.  Оны  қай  жерге  де  киіп баруға  болады. Құрақ  кеудешені 

жасарда оған таңдап алынған маталар тобының түр-түсі жағынан бір-біріне 

үйлесімді болғанына ерекше кҿңіл бҿлінеді. Шеберлер қызылдың жанына 

жасылды, ақтың жанына қараны, кҿктің жанына сарыны қойып, ҽр түстің 

терең мҽні мен сырын ашқан ғой.  

  Қазақ  халқының  қолҿнерін  дамытып,  оны  ҽлемдік  дҽрежеге 

шығарған,  еліміздің  мақтанышына  айналған,  арттарына  ешпес  мұра 

қалдырған  кҿптеген  шеберлерге  тоқталуға  болады.  Халқымыздың 

ғасырлар  бойы  қалыптасқан  эстетикалық  талғамының  куҽсі  болуымен 

бірге,  ҽлеуметтік  тарихи  жҽне  кҽсіби  дамуынан  мағлұматтар  берді.  Қазақ 

халқы  ҿзінің  ұзақ  даму  тарихында  бірсыпыра  елдермен  араласып,  ҽр 

кезенде  түрлі  карым-қатынаста  болғандығы  мҽлім,  ғасырлар  бойы  ҿзбек, 

ұйғыр,  қырғыз,  ноғай,  қалмақ  халықтарымен,  араб,  парсы  елдерімен, 

сондай-ақ  бүгінге  дейін  орыс  халқымен  ұдайы  мҽдени  байланыста. 

Соңдықтан  қазақ  халқының  негізін  құрайтын  ою-ҿрнектерді  кҿршілес 

елдердің қолҿнерінен де кездестіруге болады.  

Ғасырлар бойы қазақ қолҿнерінде ою-ҿрнек тек қосалқы рҿл атқарып 

қана  қоймай,  олардың  ежелден  тҿтемдік  жҽне  символдық  мҽні  болғанын 

қазақ  ою-ҿрнегін  алғаш  зерттеген  қазақ  ғалымы  Т.  Бҽсенов  қазақ 



488 

 

мҽдениетінің  мҽдени  шежіресі  болып  табылатын  ою-ҿрнекті  түбегейлі 



зерттеп кҿптеген құнды пікірлер қалдырды. Қазақ оюларының араб, иран, 

византия  оюларынан  басты  айырмашылығы  -  ою-ҿрнектің  ҽрбір  элементі 

жеке  дара  күйінде  бейнеленіп,  оның  ҽрбір  элементі  дара  тұрады.  Қазір 

егемен  елдің  қолҿнер  туындылары  басқа  қырынан  жаңаша  кҿрініс  тапты, 

ол жаңа түрге, жаңа мазмұнға ие болды.  

 

Резюме 



 

Развитие  мастерства  студентов  по обучению  к прикладному    искусству. 

       В    статье    расматриватся    определение    теоритических    основ    изобразительного  

искусства    и    их    применения    студентами    на    практике.  Цель  научить    студентов  

организациям    художественно-эстетической    работы,  направленная    на  формирование  

способности    и  провильного    восприятия    искусства    и    кросоты    жизни,  вырожение  

эстетических  понятий, развитие  творческой  спасобности. 

        Учение    к  прикладному    искусству    осуществляется    с    помощю    изучения  

историю  национального  искусства  и  его  развитию. 

В его  содержание  должно  входить  обучение  разно  видностями  прикладного  

как  изделия  из  дерево «сувениры»  и  другим. 

Эффективной    стороной    воспитание    изобразительному    искусству    считается  

познание  кросоты  природы  и другим человека. 

 

Summary 



 

The  development    of  students    skillsin    learning    crafts.  The    defermination  of  the  

theoretical  boundations    of    fine    arts    of    students    and    their    application      in    practice  is  

discussed  in  this   article 

The    purpose    of    teaching    students  –  organizations  actistic    and  aesetic  work  

covected      for    the    formation    of  ability    and    appreciation    of    art    and    beauty    of  life  an  

expression  of  aesheticn  concepts  the  development  of  the   theoretical  capacity 

The  teaching  arts  and  crafts  made  by  stugying  the  history  of  the  national  art  

its  development 

Its  content  should  consist  studying  different  kinds  of  applicaton  as  the product  

from    a    tree    «lift»  and    others.  Effective    education    of    fine    arts    is    knowledge    of    the  

beauty  of  nature  and  other  people. 



 

Пайдаланылған   ҽдебиеттер 



  

1.Т.Н.Мальковская  Воспитание  учащихся  в  процессе  трудового  обучения. 

М.:Просвещение, 1976.-190с 

2. Қ. Ҽмірғазин. Қазақ  қол ҿнері. Алматы. «Дайк пресс».,2004. 

3. С.Асанова, А.Птицина., Қазақ ұлттық  киімдері  жҽне  қолҿнері  тарихы. 

«Фолиант» Астана.2008. 

  

ӘӚЖ: 502.3     

            

Білім беру ҥрдісіндегі  экологиялық  тәрбие 

 

Саттарова Ж.С., 2 курс магистарнты, Байдуллаева О.Ж., доцент 



489 

 

«Сырдария» университеті  



 

Ҽрбір  саналы  адамның  экологиялық  кҿзқарасын  қалыптастыру  – 

адамның  мінез–құлқы    мен    іс–ҽрекетін  осы  бағытта  қамтамасыз  етуге 

ықпал  жасау      бүгінгі  күннің  ҿзекті  мҽселерінің  бірі  болып  табылады. 

Қазіргі таңда жеке ғылым болып,  жүйелі зерттеліп келе жатқан экология 

саласының  ҿзіндік  ерекшеліктерін  ескеруіміз  қажет.  Бұл  ретте  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  ұсынған  2050  Қазақстан- 

стратегиялық  бағдарламасында  осы    мҽселеге    айрықша  кҿңіл  бҿлінгенін 

атап  ҿткен  жҿн.  Дамудың  осы  стратегиялық  бағытына  сҽйкес  Қазақстан 

Республикасы  Білім  жҽне  Ғылым  министрлігі  1999  жылы  4  қаңтарда  

«Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен болатын[1].  Аталған құнды 

құжаттарды  басшылыққа  ала  отырып,    кез  келген    ұстаз  ҿзінің  барлық 

жұмыс  бағдарламасын  жоғарғы  талап  дҽрежесіне  сай  жүргізуі  тиіс. 

Қазақстан  Республикасы  тұрақты  дамудың  жаңа  жолына  түскен  кезеңде 

жастарды  ізгілікке,  прасаттылыққа  баулитын  экологиялық  білім  мен 

тҽрбиенің  маңызы  арта  түсуде.  Себебі  «табиғат-қоғам-адам»    жүйесіндегі 

қарым  қатынастардың  шиеленісуі  жылдан-жылға  күшейіп,  экологиялық 

зардаптар  жердегі  тіршілікке  қауіп  тҿндіріп  отыр.  Адам  мен  табиғаттың, 

қоғам  мен  ортаның  ҿзара  ҽрекеттестігі,  ҿнеркҽсіпті  ҿндірістің  қазіргі 

таңдағы кҿптеген жарамсыз технологияларымен қарқынды ҿсу жағдайына 

ҿмір сүруі,  қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің ҿзіне де 

қауіп  тҿнді:  табиғат  қорлары    үзіліссіз  сарқылысқа  түсті,  ортаның 

ластануынан  адам  ҿміріне  қауіп  тҿнді.  Бүкіл  ҽлемде  экологиялық 

дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы 

жағдайларға  еткен  ҽсері  арқылы  дүние  жүзінің  ҽрбір  аймағындағы 

құбылыстардың  дамуына  айтарлықтай  ықпал  жасауда.  Қазіргі  кезде 

экологиялық  білім  беру    жҽне  тҽрбие  мҽселелері  жалпы  тҽрбие  беру  мен 

білім жүйелері дамуының ҿзекті бағыттарының бірі. Экологиялық білімсіз 

қоғамдық  экологиялық  сана  құру  мумкін  емес.    Адамның  табиғатты 

«сарқылмас  байлық»  деп  тұтынушы  ретінде  бағалауы  адамзат  пен 

қоршаған  ортаның  тепе-теңдігінің  бұзылуына  жол  берді.  Оның  кері 

ҽсерінің  жылдан-жылға  ұлғайып  бара  жатқандығын  аңғарған  адамзат 

экологиялық  мҽселелерді  шешу  үшін  дабыл  қаға  бастады.    Онда  түрлі 

табиғат қорғау ұйымдары құрылып, қоғамдық акциялар ұйымдастырылуда. 

Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы  заңдар  шығарыла  бастады.  Дегенмен, 

биосфераның 

тозуы, 

озон 


қабатының 

жұқаруы, 

радиоактивті 

қалдықтардың  кҿмілуі  сияқты  ҽлемдік  деңгейдегі  экологиялық  мҽселелер 

тиімді  механизмдердің  іске  қосылуын  талап  етеді.  Адам  мен  табиғат 

арасындағы  қатынастардың  жалпыға  ортақ  ережелерін  шығарып,  оларды 

құқықтық жауапкершілік деңгейінде бекіту сияқты шешімдер экологиялық 

жағдайының одан ҽрі асқынуына жол бермейді деген тұжырым жасатады. 

Экологиялық  мҽселенің  бірегейлігі,  ерекшелігі  осында.  Демек,  ҽлемдік 

дҽрежедегі экологиялық жағдайды жақсартудың тұрақты бағдарын ұстану 

үшін  адам  санасын  қалыптастыруда  түбегейлі  ҿзгерістер  қажет.  Ал  бұл 


490 

 

жаппай  экологиялық  білім  алу  ісін  жолға  қоймай  мүмкін  емес. 



Экологиялық білім мен тҽрбие қоғамның ҽрбір мүшесіне бағытталып, оған 

табиғатты  қорғау  жҽне  кҿркейту  шараларын  үйретуді  кҿздейді.  Мұның 

түпкі  мақсаты  –  табиғат  байлықтарына  жауапкершілікпен  қарайтын 

экологиялық  тұрғыда  саналы  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Ол  үшін 

біріншіден,  білім  алушыға,  тҽрбиеленушіге  жаратылыс  пҽндерін  негізге 

алып,  белгілі  дҽрежеде  экологиялық  білім  беру;  екіншіден,  осы  білімін 

табиғатты  қорғау  мен  кҿркейту  ісіне  бағыштай  білуге  тҽрбиелеу  қажет. 

Осы аталған екі шараны тиімді ұштастыру нҽтижесінде оқушыда қоршаған 

табиғи  ортаға  жауапкершілік  кҿзқарас  қалыптасып,    жалпы  адамдзат 

мҽдениетінің құрамдас бҿлігі ретінде экологиялық мҽдениет дамиды.  

Экологиялық  білім  беруді  адамгершілігі  жоғарғы  жеке  тұлғаны 

қалыптастыру    үрдісінен  ажыратып  алуға  болмайды.  Адам  жоғарыдан 

келетін  нұсқауларды  бұлжытпай  орындау  емес,  ҿз  бетімен  дұрыс 

шешімдер  қабылдай  алатын  шығармашыл  болуы  керек.  Ерте  жасынан 

бастап,  ҽр  адам  ҿзінің  қоршаған  ортаға  деген  бейберекет  кҿзқарасы  неге 

ҽкеліп соғатынын білуі тиіс. Табиғи ортаның ластануы қандай ауруларды 

туғызады  қандай  генетикалық  ауытқуларға  апарады?  Жануарлар  мен 

ҿсімдіктердің кейбір түрлерінің сан жағынан азаюы немесе, тіпті, таусылу 

себебі  неде?  Топырақ  құнарлығының  нашарлауы,ауызсу  қорының  азаюы 

неліктен? деген сияқты табиғи ортадағы келеңсіз ҿзгерістер жҿнінде білуі 

керек.  Біліп  қана  қоймай,  үрдіске  қатысатын  кез  келген  адам  белгілі  бір 

ҽрекеттерді  ҿз  бетінше  таңдай  алады.  Олардың  қоршаған  ортаға  ҽсерінің 

пайдалы  немесе  зиянды  болуы  осы  адамға  байланысты.  Міне,  сондықтан 

ҽр  адамның  санасында    қоршаған  ортаға  зиян  келтіруге  мүмкіндік 

бермейтін,  табиғатпен  тиімді  ҽсерлесуге  ұмтылдыратын  адамгершілік 

ұстанымдары  қалыптасуы  керек.  Мұндай  адам  күрделі  жағдайларда  

экологиялық  жағынан дұрыс шешім қабылдап, ұнамсыз нҽтижелерге жол 

бермейтін  болады.  Осыған  байланысты  экологиялық  білім  мен  тҽрбие 

мектепке дейінгі, орта, арнаулы жҽне жоғарғы білімнің құрамдас бҿлігіне 

айналып,  жасы,    мамандығы,  білім  деңгейі  ҽртүрлі  адамдарда  жаңа 

экологииялық сананы қалыптастыруға бағытталуы керек(Сызба 1). 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Экологиялық білім мен тәрбиенің мақсаты ҥш 



деңгейде жҥзеге асырылады: 

 

в)қосымша  экологиялық    білім  (ҽртүрлі 



салаларда  қызмет  ететін  адамдарды 

жұмысына  сай  экологиялық  біліммен 

қамтамасыз етуді кҿздейді). 

 

б)арнайы 



экологиялық 

білім 


(арнаулы 

жҽне 


жоғары 

оқу 


орындарының міндеті); 

 

  а)  табиғатты  қорғау  жҽне  оған 



қамқорлықпен  қарау  рухындағы 

тҽрбие  мен  білім  (бұл  міндет 

мектепке  дейінгі  мекемелер  мен 

орта мектептерге жүктеледі); 

 


491 

 

 



 

 

 



Сҿйтіп,  экологиялық  білім  мен  тҽрбие  берудің  үздіксіздігі 

қамтамасыз етіледі. 

Қазіргі  республикамызда  қоршаған  орта  жҿніндегі  білімді 

дамытудың  құқықтық  негіздері  қалыптасты:  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясында,  Қазақстан  Республикасының  ―Қоршаған  ортаны 

қорғау туралы‖ Заңында (63-65 баптар), Қазақстан Респуликасының ―Білім 

беру  туралы‖  Заңында  (3  бап)  білімнің  экологиялық  бағыты  мемлекеттік 

білім 


беру 

саласындағы 

саясаттың  негізгі  ұстанымы 

ретінде 


анықталады[2].  Қазіргі  кезде  адамзатты  қоршаған  ортаның  күрделі 

экологиялық  проблемалары  толғандыруда  жҽне  оларды  жедел  шешу 

тҽсілдері  іздестірілуде.  Бұл  арада  шешілуге  тиісті  ең  негізгі  мҽселе 

адамның    табиғатқа  тигізетін  ҽсері  қандай  жҽне  одан  қалпына  келмейтін 

қандай  тізбекті  ҿзгерістер  туындайтынын  анықтау  болып  отыр.  Бұл 

мҽселені  бір  жағынан  ғылым  екінші  жағынан  ғылымның  ашқан 

жаңалықтары  негізінде  іс-ҽрекет  жасауға  бастайтын  білім  ғана  шешіп 

береді.  Қазақстан  Республикасы  тұрақты  дамудың жаңа  жолына  түскенде 

экологиялық  білім  мен  тҽрбие  берудің  маңызы  арта  түсуде.  Бұл 

проблемалар  Президентіміз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  ―Қазақстан  -2030‖ 

Стратегиясында  басты  орында  тұр  [3,4].  Экологиялық  білімнің  тиімділігі 

жүйелік  тҽсілге  негізделіп,үздіксіз  жүзеге  асырылғанда  ғана  жеңіске 

жетеді.  Үздіксіз  экологиялық  білім  беру  жүйесін  құрудың  мақсаты  – 

ғылыми    жҽне  тҽжірибелік  білімнің  бірлігі  негізінде  оқушылардың 

экологиялық 

кҿзқарасын 

қалыптастыру, 

қоршаған 

ортаға 

жауапкершілікпен 



қарайтын 

құндылықты,мінез-құлық,іс-ҽрекетті 

қамтамасыз  ету.  Қазіргі  кезеңнің  ерекшелігі  экологиялық  білім  жҽне 

тҽрбие  беруді  қолма-қол  ҿмірге  енгізіп,жетілдіру  керек.  Ҿйткені, 

табиғаттағы апатты жағдайлар жасынан ―экологияландырылған‖ ұрпақтың 

ҿсіп  жетілуін  күтуге,  ұзақ  мерзімді  эксперимент  жүргізуге  уақыт 

қалдырмайды.  Экологиялық  білім  кҿпшіліктің  санасына  айналадағы 

ортаны  сақтаудағы  жауапкершілікті  ұялатып,  қоғамның  ҽр  мүшесінің 

бойында табиғатқа деген аяушылық сезім қалыптастыруы тиіс.  

 

Резюме 



 

Важносте  повышения  экологического  разума  и  культуры  показывает  пути 

формирование  экологических  понятий  и  мнений  у  школьников,  которым  долатся 

экологические знания. 

 

Summary 


 

492 

 

The  importance  of  impraving  the  ecological  mind  and  culture  shows  the  ways  of 



forming of ecological concepts and epinions among  schoolchildren (pupils) which are gives 

an ehvironmental education. 

 

 

 



Пайдаланылған ҽдебиеттер 

 

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. –Алматы,1999ж. 



2. К.Салпынова Экологиялық тҽрбие берудің қазіргі жағдайы //География 

Казахстана и экология №3 2004 – 8б. 

3.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңы  (баптары  бойынша 

түсіндірмелері)  жҽне  оны  жүзеге  асыру  жҿніндегі  құжаттар.  –  Астана, 

2000. 

4. А.Е.Манкеш. Бүлдіршіндерге экологиялық тҽрбие беру.  –Алматы: РБК, 



1998ж. 

 

ӘӚЖ: 371. 3 



 

Жоғары оқу орындарында болашақ маманның интеллектуалдық 

әлеуетін дамытуда интерактивті оқытудың маңыздылығы 

 

Ташкенбаева С.М. 

«Сырдария» университетінің доценті 

 

        Қазіргі 



таңда  еліміздегі  жоғары  оқу  орындарының  басты 

ерекшеліктерінің  бірі  –  білім  беру  кеңістігінде  бҽсекеге  қабілетті 

маманның  интеллектуалдық  ҽлеуетін  дамыту  болып  отыр.  Осыған 

байланысты  болашақ  мамандарды  кҽсіби  жҽне  тұлғалық  дамыту  үрдісі 

ақпаратты  жоғарғы  деңгейде  игеретін  жҽне  практикада  бекіте  алатын 

ҽдістерді  қолдануды  талап  етеді.  Бұл  талап  –  білім  беру  саласында 

инновациялық  ҿзгерістердің  туындауына  ықпал  ете  отырып,  оқытудың 

негізі  ретінде  тұлғалық  дамуды  қарастырады.  Ҿйткені,  ақпараттық  дҽуір 

экономикасы  болашақ  маманның  білімді,  ҽрі  білікті  тұлғасына  тҽуелді 

болып отыр.  

    

Қазіргі кезде жоғары мектеп алдында болашақ мамандардың кҽсіптік 



деңгейін кҿтеру міндеті қойылып отыр. Жоғары оқу орнындағы оқу процесі 

күрделеніп,  оған  қойылатын  міндеттер,  қарқындылығы  мен  мазмұндылығы 

жағынан  оқытушыдан  оқу  іс-ҽрекетін,  оның  принциптерін,  оқыту  мен 

тҽрбиелеу  ҽдістерінің  зандылықтарын  психологиялық  тұрғыдан  терең 

ұғынуды, жҽне ақыл-ой парасаты дамыған, белсенді тұлғаны қалыптастыруды 

талап  етеді.  Жоғары  білім  психологиясының  проблемаларын  зерттеуші 

 

А.А.Вербицкий  білім  берудегі  тенденцияларды  тҿмендегідей  бҿліп   



қарастырады. 

493 

 

   



 Бірінші тенденция - білім берудің ҽрбір деңгейінің үздіксіз білімнің 

құрамы,  ажырамас  бҿлігі  деп  ұғыну.  Бұл  тенденция  бойынша,  мектеппен 

институттың сабақтастығы ғана емес, жоғары оқу орны мен студенттердің 

болашақ  ҿндірістік  іс-ҽрекеті  арасындағы  сабақтастық  проблемасын 

шешуді  де  кҿздейді.  Ал  оның  ҿзі  студенттердің  оқу  ҽрекетінде  ҿндірістік 

ситуацияларды  моделдеу  міндетін  қояды,  ҿз  кезегінде  бұл  белгілі-

контекстілі оқудың жаңа типін қалыптастырудың негізі. 

   Екінші тенденция - оқытуды индустрияландыру, яғни компьютерлендіру, 

қазіргі  қоғамның  интеллектуалды  ҽрекетін  неғұрлым  күшейтуге   

мүмкіндік туғызу.   

  Үшінші тенденция - оқытудың белсенді ҽдістері мен формаларына ҿту. 

  Тҿртінші 

тенденция-А.А.Вербицкий 

бойынша 


«қатаң 

түрде 


регламенттелген  тексерушілік,  алгоритмделген  оқу-тҽрбие  процесін 

ұйымдастыру  тҽсілдері  мен  сол  процесті  басқарудан,  дамытпалы, 

белсендендіретін, 

интенсивтендіретін, 

ойын 

түріндегі 



кҿшіретін 

психологиялық дидактикалық жағдайларды іздестірумен... байланысты. 

  Бесінші  жҽне  алтыншы  тенденциялар  -  оқушы  мен  оқытушы 

арасындағы  ҿзара  ҽрекеттестікті  ұйымдастыру  мен  оқытуды,  ұжымдық, 

біріккен  ҽрекет  ұйымдастырумен  бекітіледі,  бұл  жағдайда  акцент 

"оқытушының іс-ҽрекетінен, студенттің танымдық ҽрекетіне" ауысады. 

      Студенттердің білімі мен дағдылары, негізінен, танымдық іс-ҽрекеттері 

арқылы  қалыптасады.  Оқыту  ҽрекетінде  студенттердің  қызығушылығы, 

қабілеттері,  мотивтері  (ниеттері),  темпераменті  мен  мінезі  тағы  басқа    да 

психикалық қылықтарынан  кҿрінеді. 

      Сондықтан  оқытушылар  негізгі  мақсатқа  жету  -  қандай  психикалық 

процестер,  жағдайлар  мен  қасиеттерге  байланысты  екенін  ажырата 

білулері  керек.  Оқу  материалын  қалай  ұтымды  пайдалануды,  теориялық 

жҽне  практикалық  даярлығы  бар  болашақ  мамандарды  жан-жақты 

дамытуға қажетті оқыту жағдайларында білулері қажет.  

   


Оқу 

материалдарын 

баяндаудың 

қисындылығы, 

олардың 

мазмұндарының тереңдігі, мақсаттылығы, нақты ғылымның табиғаты мен 

принциптерін  есепке  алып  отыру  -  ғылыми  ҽдістеменің  аса  маңызды 

шарттары  болып  табылады.  егер  де  оқытушы  оқыту  процесінде  мұндай 

психологиялық факторларды ескермесе қажетті нҽтижеге жете алмауы. 

   


Оқытудың  тиімділігі  туралы  мҽселелерді  қарастырғанда  педагогтар 

мен  психологтар  оқыту  процесінің  мҽні  мен  заңдылықтары  туралы 

мҽліметтерге  сүйенеді.  Оқу-адамның  жеке-дара  танымының  ерекше 

формасы.  Адамның  танымдық  іс-ҽрекеті  (нені  тануына  байланыссыз), 

объективті  түрде  танылғаны  немесе  танылмағаны,  бҽріде  белгілі  бір 

заңдармен  іске  асырылады.  В.В.Давыдов,  А.Н.Леонтьев,  Н.Ф.Талызина 

зерттеулері  кҿрсеткендей,  жоғары  мектептегі  оқу  процесінің  мақсаттары, 

мотивтері 

қажетті 

мҽліметтерді 

қабылдаудан 

бастап, 


күрделі 

шығармашылық  процестерді  іске  асырумен  аяқталған  таным  процестері, 

ҽртүрлі эмоциялық кҿріністер сипаттары мен саналы түрде зор күш-жігерді 

қажет ететін ақыл-ой ҽрекеті. Студенттердің оқу іс-ҽрекеті – оларға белгілі 



494 

 

білім  кҿлемін  ғана  мҽлімдеу  емес,  сонымен  бірге  оқыту  процесі  үшін  де, 



кейін ҿзбетімен еңбектенуінде де маңызды   қызмет     атқаратын, еңбекке  

деген шығармашылық кҿзқарасты қалыптастыру. 

Сондай-ақ, 

бұл 


дҽуірдің 

идеологиялық, 

ҽлеуметтік, 

саяси 


сұраныстары адамнан келесідей құзырлықтарды талап етеді: 

- ақпараттың ішінен ҿзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану; 

проблемаларды шешу жҽне шешім қабылдау; 

-  ҿзіндік  пікір,  идеялар,  тұжырым,  түсінік  келтіру,  оларды  дҽлелдей 

жҽне қорғай білу;  

-  социумда  ауызша  жҽне  жазбаша  түрде  қарым-қатынас  құра  білу, 

бірлесе жұмыс жасай білу;  

-  ҿмірге  деген  кҿзқарасын,  ұстанатын  сенімдерін,  қажеттіліктерін, 

құндылықтарын жалпы адами құндылықтармен байланыстыру;  

- ҿздігімен үйрене білу, ҿз білімін ҽрқашанда дамытып отыру [1].  

Сол  себепті  де  тұлғалық  даму  ұстанымы  білім  игеру  процесіне 

қатысушылардың 

бұрынғы 

авторитарлы-коммуникативтік 

қарым-

қатынасын  гуманитарлы-коммуникативтік  қарым-қатынасқа  ҿзгертуді 



талап етеді. Бұл ұстаным таным процесінің «білім беру», «оқыту», «үйрету» 

деген кешегі күнгі түсініктерін енді екі жақты процесс ретінде қарастырып, 

оларды «білім алу», «оқу», «үйрену» деп ҿзгертеді, бұл процесте үйренуші 

негізгі рҿл атқарып, білімді ҿздігімен құрастырады деп түсінеді. 

Егерде  дҽстүрлі  «білім  беру»  ҿз  мақсаты  мен  мағынасын  нақты 

белгіленген  (мемлекеттік  стандарттарда  кҿрсетілген  пҽндер,  тақырыптар 

мен  сабақтардың  аумағында)  білім  жиынтығын  игерумен  шектесе, 

тұлғалық даму мен ҿздігімен білім құрастыруды негізгі идея деп ұстанған 

инновациялық  кҿзқарас  оқытудың  негізін  тек  пҽндер  арқылы  емес,  ойлау 

мен  рефлексияға  негізделген  интерактивті  ҽдістер  құрауы  керек  деп 

түсінеді.  Ал  интерактивті  ҽдістер  мен  тҽсілдер  үйренушілердің  тұлғалық 

тұрғыдан  ҿзіндік  жҽне  дербес  түрде  дамуына  ҽкеледі,  оларды  ҿз 

мүмкіндіктері  мен  ұстанған  құндылықтарын  түсінуге  жҽне  бағалауға 

жетелейді.  Таным  ҽрекеттерін  ұйымдастырудың  арнаулы  ҽдістемесі 

ретінде интерактивті оқыту білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді 

қарым-қатынасына  негізделеді.  «Интерактивті  оқыту»  ұғымын  білім  беру 

саласында ҽр қырынан қарастырылып, ғылыми түсінігінің мҽні зерттелуде. 

Мҽселен,  «Аударма  сӛздіктерде»:  «interactiv»  сҿзі  «inter»  дегеніміз 

«ҿзара»  мағынасында,  ал  «act»  –  «ҽрекет  жасау»  дегенді  білдіреді,  яғни 

интерактивті  ҽдістер  –  үйретуші  мен  үйренушілердің  ҿзара  ҽрекеттесуін 

оқытудың  негізі  деп  танитын  жҽне  сондай  қатынасқа  жағдай  жасайтын 

ҽдістер  болып  табылады.  «Психологиялық  сӛздіктерде»:  «интерактивті» 

дегеніміз  біреумен  қоян-қолтық  қарым-қатынаста  болу,  онымен  бірлесе 

ҽрекет  жасау,  диалог  құру.  «Педагогикалық  сӛздіктерде»:  «интерактивті 

оқу»  дегеніміз  –  ҿзара  қарым-қатынасқа  (коммуникацияға)  негізделген 

оқыту,  диалог  арқылы  үйрету,  яғни  «үйретуші-үйренуші»,  «үйренуші-

үйренуші», «үйренуші-ҿзімен-ҿзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас 


495 

 

(«ҽңгіме»,  «сұхбат»,  «пікірлесу»,  «бірлескен  ҽрекеттер»).  Интерактивті 



оқыту арқылы білімді игеру процесін келесідей ұйымдастыруға болады:  

- Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға 

мүмкіндік жасау; 

-  Ҽрбір  үйренушінің  ҿзінің  үйренгені  мен  ҿз  білімі  туралы 

түсініктерін  ортаға  салып,  бірлесе  талқылап,  олар  туралы  ой  толғауына 

мүмкіндік жасау; 

- Үйренушілер білімді ҿздігімен құрастыратын орта құру. 

Интерактивті оқыту – ҽрекетпен жҽне ҽрекет арқылы оқыту, ал мұндай 

ұстаным қомақты нҽтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді, 

ҿйткені,  адамның  жадында  бірінші  мезетте  тек  ҿзінің  ҽрекеттері  мен  ҿз 

қолымен  жасағаны  ғана  қалады.  Сол  себепті  де  интерактивті  оқыту 

үйренушілердің  оқу  үрдісіндегі  белсенді  ҽрекеттерін  үйренудің  негізгі 

құралдары мен тҽсілдері ретінде таниды. Сондықтан да интерактивті оқыту 

–оқу  процесінің  тиімділігі  мен  нҽтижелігін  үйренушілердің  есте  сақтау 

дҽрежесімен  ҿлшемей,  олардың  ҽрекеттерімен  бағалайды,  тек  ҽрекет 

арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады [2]. 

Интерактивті  оқыту  –  студенттің  ҿз  тҽжірибесі  жҽне  ҿзге  де 

студенттердің  тҽжірибесі  тұрғысынан  жасаған  белсенді  қарым-қатынасқа 

негізделеді.  Ал  үйренушілердің  тҽжірибесі  дегеніміз  –  олардың  ҿзіндік 

пікірлері  мен  кҿзқарастары,  ойлары  мен  идеялары,  тұжырымдары  мен 

қорытындылары,  дҽлелдері  мен  уҽждері  деп  айтуға  болады.  Студенттер 

таным  процесінде  бір-бірімен  осы  тҽжірибесімен  бҿліседі.  Міне  осындай 

байланыста,  қарым-қатынаста  жаңа  білім  құрастырылып,  саналы  түрде 

игеріледі. 

Дҽстүрлі  оқытуда  басты  мақсат  «нҽтиже»  болып,  оқытушы  ҿзінің 

барлық  күш-қайратын  «үйретуге»  бағыттайды  шҽкіртті  қорытынды 

нҽтижеге  ең  қысқа  жолмен  жетелеуге  тырысады.  Мұнда  оқытудың 

нҽтижелігі  бірінші  кезекте  ақпаратпен  байланыстырылады:  үйрету 

процесі  оқушыға  ақпарат  «беруге»  бағытталады,  оны  жаңа  мҽліметпен 

қамтамасыздандырумен  шектеледі.  Дҽстүрлі  оқытуда  білім  беру  процесі 

кҿп  жағдайда  оқушының  сабаққа  «таза  парақ»  (tabula  rasa)  күйінде  келіп 

(немесе  іші  қуыс  ыдыс  секілді),  мұғалімнің  оны  сабақта  біліммен 

«толтырумен»  айналысатын  құбылыс  деп  түсініледі.  Үйренуші  сабақта 

ғана  жаңа  білім  алып,  сабақтан  кейін  оны  бекіту  жұмысымен  ғана 

айналысты. 

Ал  интерактивті  оқыту  басты  назарды  «процеске»,  яғни  үйрену 

процесінің ҿзіне, оқушылардың «қалай» жҽне «қандай ҽдіс-тҽсілдер арқылы 

үйренетіндігіне» аударады. Мұндағы мақсат – оқушылардың ҿзара белсенді 

ҽрекеттер  арқылы  ҿздігімен  білім  игеруінде,  оны  ізденуінде, 

құрастыруында.  Мұндай  сабақтарға  шҽкірттер  «таза  парақ»  күйінде 

келмей,  алдын-ала  дайындалып  келеді,  олар  сабақ  басында  тақырып 

бойынша ҿз түсініктері мен пікірлерін келтіріп, ҽрі қарай оларды дҽлелдеу 

жүйесін  құрады,  пікірталас  жүргізеді,  ҿзге  пікірлерді  тыңдап,  балама 

кҿзқарастарды  ескереді.  Басқаша  сҿзбен  айтқанда,  шҽкірт  ҿмірде  ҽр 



496 

 

адамға қажетті білік-дағдыларды қалыптастырады. Ал сабақтан кейін сол 



білімдерін  ҿздігімен  дамыта  түседі.  Сол  себепті  де  интерактивті  оқытуда 

үйренушілер келесідей ҽрекеттерді атқаруға дайын болуы керек: 

- бірлескен жұмыс;  

-  танымдық,  коммуникативтік,  ҽлеуметтік  тұрғыдан  белсенділік 

таныту; 

- бастамашылдық;  

- кері байланыс жасау; 

- проблема шешу, шешім қабылдау.  

Интерактивті  оқыту  барысында  үйренушілер  ҽрқашанда  белсенді 

болып, ҿзіндік пікір қалыптастырып, ҿз ойларын дұрыс  жеткізе білуге, ҿз 

кҿзқарасын  дҽлелдеуге,  пікірталас  жүргізуге,  басқаларды  тыңдауға,  ҿзге 

пікірді  сыйлауға  жҽне  онымен  санасуға  үйренеді.  Мұндай  сабақтарда  бір 

ғана дұрыс жауап болмайды, ҿйткені басты мҽселе дұрыс жауапты табуда 

емес,  керісінше  үйренушінің  жеке  тҽжірибесіне  негізделген  іздену 

процесінің ҿзі болып табылады. 

Интерактивті оқыту жоғары оқу орындарында келесі  жұмыс түрлері 

мен ҽрекеттер арқылы жүзеге асырылады:  

- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның);  

- жеке жҽне бірлескен зерттеу жұмыстары;  

- рҿлдік жҽне іскерлік ойындар;  

- пікірталастар;  

-  ақпараттың  ҽртүрлі  кҿздерімен  жұмыс  жасау  (кітап,  лекция, 

интернет, құжаттар, мұражай т.б.);  

- шығармашылық жұмыстар;  

- кейс-стади; 

- презентациялар; 

- компьютерлік оқыту бағдарламалары; 

- тренингтер;  

- интервью;  

- сауалнама. т.б. 

Интерактивті  оқытуда  білім  алушылар  келесідей  білім,  білік,  дағды, 

машықтарға үйренеді:  

- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;  

- ҿз идеялары мен ҽрекеттерін талдау жҽне оларға баға беру;  

-  ақпаратты  ҿздігімен  түсініп,  оны  таразылап,  екшеп,  оның  ішінен 

керектісін таңдап алу;  

- ақпаратты жан-жақты талдау;  

- ҿздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;  

-  оқу  барысында  жеке  басының  құндылықтары  мен  сенімдерін 

қалыптастырып, белсенді ҿмірлік позиция (кҿзқарас, дүниетаным) ұстану; 

- пікірталастарға қатысып, ҿз ойы мен пікірін дҽлелдеу;  

- басқа да балама пікірлерді ескеру;  

- шешім қабылдау жҽне қиын мҽселелерді шешу;  

- ортақ жұмысқа жұмыла білу;  



497 

 

- басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, ҿзара ҽрекеттесу;  



- үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс жасаудың рухани жҽне 

моральдік ережелерді қабылдау;  

- студенттік топты ұжым ретінде қабылдау [3].  

Бұл біліктер тұлғаның тұрақты қасиеттеріне айналып, тек  студенттік 

аудиторияда  орын  алып  қана  қоймай,  сонымен  бірге  ҿмірдің  басқа  да 

жақтарынан тиянақты түрде кҿрінеді.  

Интерактивті  оқыту  бірлесе  үйрену  идеяларын  ұстанғандықтан 

бірлескен топтық жұмыс ҽдістерінің  маңызын  баса  айту  керек:  олар  ҿзін-

ҿзі  мен  басқа  адамдарды  танудың  тиімді  құралы  болып  табылады, 

дүниетанымды қалыптастырып, тұлғаның ҿзіндік дамуы мен басқалардың 

іс-ҽрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды. Сондай-ақ, 

топтық  жұмыстар  барлық  үйренушілердің  жұмысқа  белсене  қатысуын 

қамтамасыз  етеді  жҽне  олардың  коммуникативтік  дағдыларын 

қалыптастыруға зор мүмкіндіктер беретіні сҿзсіз. 

 

Резюме 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет