Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет42/80
Дата22.12.2016
өлшемі5,96 Mb.
#125
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80

 

 

 

 

 

 

ӘОЖ: 316.812.7. 

 

Жастарды халық педагогикасы арқылы отбасылық ӛмірге 

дайындаудың ӛткен заманғы ҥлгілері 

 

Космуратова М.  



ОҚМПИ, магистранты 

 

Кез  келген  халықтың  бүкіл  адамгершілік  –  рухани  ҿмірі  халық 



педагогикасында  екендігін  ҽрбір  халық  мойындайды.  Осы  заманғы 

тҽрбиенің  мҽні  –  халықтардың  ғасырлық,  прогресшіл,  адамгершілік 

дҽстүрлерінің сабақтастығын нығайтуға мүмкіндік туғызып отыр. 

Отбасында  физиологиялық,  экономикалық  рухани-психологиялық 

адамгершілік  жҽне  эстетикалық  қатынастар  қабысып  жатады.  Ғылыми 

философиялық,  психологиялық  ҽдебиеттерде  отбасы  тҽрбиесі  жалпы 

тҽрбиенің аса маңызды құрамды бҿлігі екендігі айқындалған. Отбасы деген 

ұғым педагогика, психология, философия ғылымындағы арнайы категория. 

Тарихқа  кҿз  жіберсек,  отбасы  ұғымы  кҿп  ғасырлы  халық  мұрасымен 

байланысты.  Тұтастай  алғанда  педагогикалық  зерттеулердің  негізінде 

отбасы тҽрбиесі ұғымына ҽр қырынан анықтама берілген. 

Отбасы  күрделі  қоғамдық  құбылыс  болып  есептеледі.  Қоғамдық 

ортаның  шағын  бір  бҿлігі  ретінде  балаға  ҿмірге  жолдама  береді, 

кҿзқарасының,  ҽдет-ғұрпының  ірге  тасын  қалайды.  Еліміздің  ҿміршеңдігі 

отбасы жағдайымен тығыз байланысты. 

Қоғамның  дамуы  ҽрбір  адамның  дамып,  жетілуіне  байланысты,  яғни 

оның біліміне, саналылығына, қоғам үшін жан аямай, шексіз беріле қызмет 

істеуіне  тікелей байланысты.  Осындай игі  қасиеттерді қоғамның болашақ 

мүшелері,  болашақ  ата-ана,  балаларымыздың  бойына  жастайынан  сіңіріп 

ҿсіріп,  тҽрбиелеуіміз  керек.  Бұл  ҽлеуметтік,  қоғамдық,  бүкіл  халықтық 

маңызы  бар  мҽселені  жоғары  дҽрежеде  шешуде  ―отбасы‖  жетекші  рҿл 

атқарады. 

Отбасы – адам баласы тарихи дамуының барысында қалыптасқан жҽне 

үздіксіз  дамып  келген.  Ол  –  алғашқы  қауымдық  құрылыстың  ыдырау 

кезінде  пайда  болған  ҽлеуметтік  топ  жҽне  шаруашылық  негіздерінің  бірі. 


404 

 

Ҽрқашан қоғаммен, оның кҿп салалы қатынастарымен рухани байлығымен 



тығыз  байланыста  ҿмір  сүрген.  Сондықтан  жоғарыдағы  айтылған 

міндеттердің  ішінде  қазіргі  кезде  отбасы  тҽрбиесінің  ҿзекті  мҽселесінің 

бірі  отбасының  адамгершілік  тҽрбиесі  болып  табылады.Отбасы  тҽрбие 

процесінде  жеке  бастың  адамгершілік  белгілері  гуманизм  сезімі, 

қайырымдылық,  сезімталдық,  парасаттылық,  ұқыптылық,  жауаптылық, 

тҽртіптілік,  кішіпейілділік,  ҽдептілік,  мейірімділік,  еңбек  сүйгіштілік  т.б. 

қасиет-сапалар қалыптасады. 

Отбасының  ұйытқысы  адамгершілікке  негізделген  –  неке.  Еркек  пен 

ҽйел  арасындағы  жарасымды  шынайы  сүйіспеншілік  парызды  шынайы 

сезіммен  ішкі  жансарай  байлығымен  бағалау  бала  тҽрбиесінде  зор  орын 

алады.Сондықтан  отбасы  некенің  табиғи  түрлі  жалғасы  ретінде  ұрпақтар 

қатынастарында қамтиды. 

Неке  жұбайлар  арасында  да,  ата-ана  мен  балалар  арасында  да 

азаматтық  құқықтық,  адамдық  қатынастармен байланысты.  Отбасы ҿзінің 

күні бүгінге дейін қоғамға мҽлім тарихи формалар арқылы белгілі белгілі 

бір дҽрежеде мемлекеттің тҽрбиешісі, ұясы ролін атқарып келді. Себебі ҽр 

отбасының  тҽрбиелілігі  азаматтың  беделі,  ол  мемлекеттің  тҽрбиелілігінің 

айнасы. Отбасы қоғамдық мақсат негізінде ҿмір сүретін, адамның алғашқы 

адамгершілік ҽліппесін үйрететін адамгершілік мектебі болып есептеледі. 

Халықтық  педагогика  отбасындағы  тҽрбиенің  негізі  болып  саналады. 

Ҿйткені адамның жеке басының мінез-құлқын қалыптастыру, оның бойына 

адамгершілік  қасиеттерді  сіңіру  кҿбіне  үйде  ата-ананың  тікелей  ҽсерімен 

жүзеге  асады.От  ертеден  бері  отбасы  тұтқасы  болып  саналады.  Ата-

бабамыз  қазақ  халқының  тұрмыс  тіршілік  сҿзінде  ―менің  үйім‖  деген 

ұғымның орнына ―менің отбасым‖ сондай-ақ бір үйдің орнына ―бір түтін‖ 

деп үй иесін ―отағасы‖ деп атаған. 

Бүкіл табиғатттың, бүкіл адамзат тіршілігінің барлығының түп тамыры 

–  күн,  су,  ауа,  от  деген  ұғымдармен  анықталады.  Осыған  орай  ―отбасы‖ 

сҿзінің  алынуы  табиғаттың,  қоғамның  бүкіл  тіршіліктің  даму 

заңдылығындағы  ―от‖  деген  ұғыммен  байланысты  болған.  Оттың  үнемі 

маздап жанып, айналасына жылу, жарық берумен отбасының да бір-біріне 

деген оттай жалындаған ыстық сезімі, жылы мейірімі бірін-бірі бағалауы, 

қайырымдылығы, құрметі халықтық дҽстүрдің негізіне алынған.  

Сан  ғасырлық  тарих  бетіне  үңілсек,  қазақтың  ұлттық  тҽрбиесінен  нҽр 

алған талай ҽлемге ҽйгілі, елін қорғаған батырлар да, билер де, орақ тілді, 

от  ауызды  шешендер  де,  топ  жарған  жыршы,  термеші  тҽрбиеленіп 

шыққанын  білеміз.  Сондай-ақ  шығыс  философтары  мен  ұлы  ойшылдар  

ҿздерінің  ой-пікірлерінде  халықтық  педагогиканың  негізін  қалаған,  оның 

тҽлім-тҽрбиелік мҽнін ашқан, ұлттық салт-дҽстүрдің маңызын дҽлелдеген. 

Ұрпақ  тҽрбиесіндегі  ежелден  қалыптасқан  халқымыздың  жақсы 

дҽстүрі  мен  тағылымдарының  мҽдениет  тарихын  Орта  Азия  жҽне 

Қазақстанның  ұлы  ойшылдарының  еңбектерінен  кҿруге  болады.  Олардан 

халықтардың  бір-бірімен  ҽдет-ғұрпы,  салт-дҽстүр  тұрғысынан  жақындағы 

ғасырлар қойнауынан орын алатындығын кҿреміз. 



405 

 

Тҽрбие  туралы  ой-пікірлер  VI  ғасырдағы  Орхон-Енисей  жазуларынан 



басталып,  орта  ғасыр  ғұламалары  мен  (ҽл  –  Фараби,  Ж.  Баласағұн,  М. 

Қашқари, т.б.) Алтын Орда дҽуірі оқымыстылары (С. Сари, Қ. Жалайыри 

т.б.)  XIV  –  XV  ғасырда  ҿмір  сүрген  ақын,  жыршылар  (Асан  Қайғы, 

Шалкиіз,  Бұхар,  Махамбет,  Ҽсет  т.б.),  сондай-ақ    ХІХ  ғасырдың  ІІ 

жартысында  (Шоқан,  Ыбырай,  Абай),  одан  бертін  келе  ортамызға  қайта 

оралған  қазақтың  ұлы  зиялылары  А.  Байтұрсынов,  М.  Жұмабаев,  М. 

Дулатов, С. Сейфуллин т.б. бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. 

Ҽл-Фарабидің  ―Философиялық  трактаттар‖  [1],  ―Эстетикалық 

трактаттар‖ [15] жҽне т.б. шығармаларында адамзаттық игілікке, бақытқа, 

шаттық ҿмірге жету жолындағы ең негізгі компоненттер деп экономиканы, 

саясатты  жанұяны  жҽне  тҽрбиені  атаған.  Бұдан  бірнеше  ғасыр  бұрын 

айтылған бұл пікір біздің дҽуірімізге де ҿз маңызын жоймай жеткен. 

ІХ – ХІІІ ғасырларда ҿмір сүрген бүкіл Орта Азия халықтарына ортақ 

Жүсіп Баласағұн ҿзінің ―Құтты білік‖ атты еңбегінде: ―Ақыл қайда болса, 

ұлылыққа толады, білім кімде болса билікті болады‖ – деген екен [2]. 

Ыбырай Алтынсарин (1841 – 1889) тарихтағы зиялылар терең ойы мен 

ағартушылық  педагогикалық  асқан  еңбегімен  айрықша  ерекшеленді. 

Ыбырай  қазақ  сахарасындағы  ғылым  мен  білімнің  алғашқы  қоңырауын 

соққан  ұлы  ғалым-педагог.  Дала  ұрпақтарын  оқу  ҿнерге,  мҽдениетке, 

адамгершілікке тҽрбиелеуде Алтынсарин аса бағалы қо-қазақ фольклорына 

ерекше  назар  аударды.  Ол  халық  шығармашылығынан  ҿз  кітабы  үшін 

ертегілерді,  мақал-мҽтелдердің  тҽрбиелік  мақсатқа  сай  келетінін  ғана 

таңдап алып шебер қолданды [3]. 

Абай (1845 - 1904) мұраты – қазақ елінің энциклопедиясы деп аталатын 

ҽлемдік  тарих  тҿрінен  орын  алды.  Ғұлама  ойдың  иесі  Абай  адам 

тҽрбиесінің  ең  ҿзекті  мҽселелерін  шығармаларына  арқау  еткен.  Абай 

адамның ҿсіп жетілуіндегі тҽрбиенің рҿліне ерекше тоқтала келе, ҿзінің 19-

қара  сҿзінде  ―Адам  баласы  туа  сала  есті  болмайды  .  Естіп  кҿріп,  ұстап, 

татып, естілердің  айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. 

Естіген нҽрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді‖. – деп ақыл – естің 

тҽрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда  дҽлелдеп береді [4]. 

Отбасы  ҿмірдің  этикасын,  ерлі  –  зайыптылардың  бір  –  бірімен 

сыйласуы    ҿмір  сүруін  ескерте  келіп,  күнделікті  тіршілікте  кездесетін 

қисындық    атаулыны  қол  ұстаса  отырып  жеңе  біліуге  жастардың  ҽзір  

болуын  талап  етеді.  Ақын  отбасын  құру  бақыты  екі адамның  тілек – 

мүддесінің    бірлігі,    жастар    ҿз  бақытының  қожасы,  мұны  берік  дҽстүрге 

айналдыру олардың ҿз  қолдарында  деп  түйді.   

ХХ  ғасырдың  бас  кезінен  бастап,  қазақ  зиялылары  ҿз  ұлтының  

тағдырына  ой  жіберіп,  барлық  күш  –  қайрат,  ақыл  –  ойларын    халқын  

қалайда  іргелі  елдер  қатарына  қосу  үшін жұмсады. . 

Бүгінгі  ортамызға  қайта  оралған  А.  Байтұрсынов    (1873-1935),  М. 

Жұмабаев    (1893-1938), Ж.  Айтмауытов  (1889  -  1931),  Ш.  Құдайбергенов 

(1858 - 1931) сияқты зиялылардың мҽдени рухани мұраларын жас ұрпаққа 

тҽрбие,  білім  беруде  кеңінен  пайдалануға  жол  ашылды.  Олар  қазақтың 



406 

 

қоғамдық,  ҽлеуметтік,  рухани,  мҽдени,  ҽдеби  ҿміріне  белсене  араласып, 



ҿздерінің  шығармаларында  жҽне  арнайы  жазған  еңбектерінде  гуманистік, 

адамгершілік,  демократтық,  ағартушылық  идеяларды  уағыздап, халықтың 

дҽстүрін  жалғастырды.Мысалы,  Шҽкҽрім  Құдайбердиев  оқу,  ҿнер  – 

білімді, адамгершілікті уағыздай отырып, талапты жастарға ақын кемеңгер 

Абайдың  ―Бес  нҽрсеге  асық  бол,  бес  нҽрседен  қашық  болуына‖  ұқсас, 

―Талап  пен  ақыл‖,  ―Адамдық  борышың‖,  ―Ашу  мен  ынсап‖,  ―Еріншек‖ 

ҿлеңдеріне жас ұрпақтың ҽуес болар қасиеттері мен азаматтық арына арқау 

болар  сапаларын  ҿткір  ҿлең  сҿздерімен  ҿрнектейді.  Жағымсыз,  жасанды 

қылықтарды сынға алады. Ҿміршең, дидактикалық мҽні бар ақыл кеңестер 

береді [5]. 

Бұл  күнде  халық  педагогикасының  идеялары  мен  тҽжірибесін  жалпы 

тҽрбиеде,  соның  ішінде  отбасылық  тҽрбиеде  барынша  мол  пайдалану 

мүмкіндігінің  шексіздігі  байқалады.  Ҽр  түрлі  мерекелер,  фольклорлық 

топтар, қолданбалы ҿнер, ұлттық киім, жалпы адамзаттық құндылықтардан 

шығатын  еңбек  дҽстүрлері,  адамгершілік  мұраттары  осы  заманғы 

тҽрбиенің мазмұны мен үдерісін байытады [6]. 

Бүгінгі  таңдағы  халық  педагогикасы  мен  оқу  жүйесінің  ұлттық 

бағдарламасын  қарап  жатқан  кезде,  ең  ҽуелі  мектептерді  басқарудың 

ғылыми  негізде  ұйымастырылуын  жетілдірумен  қоса,  күллі  ҽдіснамалық 

ҽдістерді  де  қайта  қараудың  мезгілі  жеткен  мҽселе  деуімізге  болады. 

Ендеше, ұрпақ тҽрбиесіндегі ең негізгі мҽселелерді іріктеп алуымыз керек. 

Біздің ойымызша, мҽселенің басты екі түрлі кҿріністері  ерекше мҽн беруді 

талап  етеді.  Біріншісі  –  ешуақытта  ғылыми  жүйеленіп  дамымаған  халық 

педагогикасын ҿз  негіздерінде жетілдіріп, оның  физиологиялық  кезеңдері 

– отбасын құруға дайындық жҽне ұрық тазалығы, бойжеткен мен бозбала 

шақтың  үндесе  ҿркендеуін  қамтамасыз  ету.  Екіншісі  –  болашақ  ұрпақ 

тҽрбиелеушілердің  ҿздері  тҽрбиелі  де,  жан-жақты  білімді  болуын  қатаң 

түрде талап еткен жҿн. Қашанда тҽрбиешінің шын мҽніндегі білімдарлығы, 

оның айтар ойының тазалығы мен дұрыстығын сақтайды. Міне, сондықтан 

да  жоғарыда  ерекше  бҿліп  аталынған  екі  түрлі  мҽселенің  дұрыс  жолға 

қойылуынан ұрпақ тҽрбиесінің ғылыми негізделген жүйесі қалыптаспақ. 

Жаңа  жүйедегі  халық  педагогикасының  негіздерін  айқындайды. 

Кҽмелеттік  жасқа  толған  жастарымызға  ең  қажетті  психологиялық 

мҽдениет пен білім сапасын дұрыс игеруіне кҿмектеспесек, онда олардың 

дендерінің саулығы да, жарым-жартылы жарқышақтанған күй кешеді екен. 

Сайып  келгенде  бұдан  шығатын  қорытынды  -  жалпы  сан  алуан  адам 

мҽдениетінің  анасы  –  психологиялық  мҽдениет  екенін  түсінеміз.  Оны 

үзіліссіз  ұрпақ  тҽрбиесінің  ең  бір  негізгі  тегершігі  ретінде,  адам 

тҽрбиесінің алғашқы кезеңдерінен бастап-ақ, үнемі жетілдіре жүйелеумен 

қоса естен шығармаған дұрыс. 

Отбасын құру  – адам ғұмырындағы аса бір жауапты кезеңнің бірі. Ер 

жеткен  жігіттер  мен  қыздар,  бұл  жауапкершілікті  жақсы  сезуіне  тиісті. 

Сондықтан  да,  олар  ҿздерінің  дене  тҽрбиесінен  бастап,  мінез-құлықтары 

мен  іс-ҽрекеттеріне  дейін  үнемі  қадағалап  тҽрбиелеп,  жетілдіріп  отыруға 



407 

 

тырысады.  Мұндай  мақсаттарды  мұрат  тұтқан  жастар,  ҿздерінң  рухани 



жетілулерінің  кідіртпей,  барынша  азаматтық  бейнелерін  қалптаструға 

ұмтылыс  жасайды.  Жалпы,  қай  халықтың  болмасын,  ғасырлар  бойы 

қалыптастырған, ерлі-зайыптылар арасындағы заңдылықтары мен тұрмыс-

салт дҽстүрлері бар. Мұндай дҽстүр мен тҽсілге қазақ халқы да кедей емес. 

Тіпті оның қандас түркі халықтарынан да ерекшелінетін, ҿздеріне ғана тҽн 

ҽдет-ғұрыптары кҿп-ақ. Мҽселен, бұрынғы қазақ салтына, оң жақтағы қыз 

бен  жасы  жеткен  ҽжеге  деген  құрмет,  айналасындағы  адамдардың  үлкені 

мен  кішісіне  де  қалтқысыз  орындалатын  заңдай  болған.  Осындай 

қатынасқа орай ақ жаулықты ҽже де, бой  жетіп отырған қыз да лайықты 

мінез-құлықтар кҿрсетуге тырысқан. 

Жаңа шаңырақ кҿтерген жастарға, ҿмір ҿзінің бұлжытпай орындайтын 

талаптары  мен  міндеттерін  жүктейді. Жалпы,  кез  келген отбасы  негізінен 

үш  түрлі  мҽселені  дұрыс  шешсе:  рухани  тҽрбиені  жетілдіру  мен 

сақтау;денсаулық  пен  күш-қуатты  шынықтыру;үй  шаруашылығын  дұрыс 

бағытта дамыту – деп шартты түрде жүктемеген, осы мҽселелерді біртұтас 

қалпында  шешу  арқылы  ҽр  отбасы  ҿзінің  іргесін  бекітіп,  шаңырақтарын 

биіктете  түседі.  Шаңырағының    астына  осындай  береке-бірлік  ұялата 

білгенҽйелер тек ҿз отбасында ғана емес, бүкіл айналасындағы адамдарға 

да  сүйкімді  кҿрінеді.  Ал,  шаңырақ  астының  береке  бірлігі  толып  жатқан 

тҽлім-тҽрбиенің  түрлерінен  тұратыны  белгілі.  Мҽселен,  оларды  жіктей 

айтып кҿрсек: ҽке тҽрбиесі; жезде тҽрбиесі; ене тҽрбиесі; жеңге тҽрбиесі – 

деп атап айтуға болады. 

Кез  келген  халықтың  жаңа  буыны  мен  жас  ұрпақтарының  бастауы  – 

шаңырақ  кҿтеріп,  отбасын  құрудан  басталатындығы  табиғи  шындық. 

Халық  педагогикасының  талабы  бойынша  отбасын  құруға  дайындық 

кезеңінде екі жастың ҿздері де сондай-ақ, олардың ата – аналары мен туған 

– туысқандары мынандай үш мҽселеге ерекше кҿңіл бҿлулері қажет: 

1.Халқымыздың  ғасырлар  бойы  сұрыпталған  ата  –  баба  дҽстүрлері 

арқылы ұлттық генофондымызды сақтау. 

2.Отбасын құруға саналы түрде дайындалу арқылы, ұрық тазалығының 

мҽнін түсіну. 

3.Ата - ана мен бала арасындағы сыйластық. 

Жалпы  адамзат  қауымының  ҽр  кезеңдерінде  пайдаланған,  дҽстүр  – 

салттарының  түрлері  кҿп.  Олар  –  бір  ұлтқа  тҽн  халықтық  дҽстүр,  ҿмірде 

жиі  пайдаланатын  туысқандық  жҽне  отбасылық  дҽстүр  –  деп  те  жіктеле 

береді.  Ендеше,  жалпы  дҽстүр  дегеніміз  не?    Түсіндірме  сҿздіктерде:  - 

―Дҽстүр дегеніміз – жалпы халық болып қабылдаған тҽртіптің түрлері мен 

қоғамдық  ережелердің  жиынтығы‖,  -  деп  анықтама  береді.  Бүкіл  ұлттық 

дҽстүрлеріміздің  темірқазығы  тҽрізді,  қазақтың  ежелден  келе  жатқан  Ата 

салты  –  ―Жеті  атаға  дейін  қыз  алыспау‖  –  дҽстүрінің  орны  бҿлек. 

Халқымыз  бұл  дҽстүрді  сонау  Фараби  мен  Қорқыт  замандарынан  немесе 

VIII  –  IX  ғасырлардан  қалыптастыра  бастағаны  белгілі.  Мінеки, 

жұртымыздың бұл дҽстүрді ұстанғанына он екі ғасырдай ҿтіпті. Сонда бұл 

дҽстүрдің  құндылығы  неде?  Бұл  сауалға  жауап  беру  үшін  ең  ҽуелі 



408 

 

салыстырмалы  түрде  кешегі  ХІХ  ғасырдың  басында  ашылған,  күллі 



адамзаттың  мақтанышына  айналған  ―дарвинизм‖  ілімін  еске  алуға  тура 

келеді.  Мұнан  да  анығырақ  айтсақ,  оның  ―табиғи  сұрыптау‖  атты 

жаңалығы  осынау  ұлттық  дҽстүрімізбен,  тікелей  тамырлас  екенін  ашып 

айтқан  жҿн.  Оның  үстіне,  бұл  дҽстүрдің  басқа  елдерде  аса  сирек 

кездесетіндігін еске ала отырып, тіпті ҿзімен туыстас түркі халықтарында 

да, ―жеті атаға дейін қыз алыспау дҽстүрі‖ толық сақталынбайды. 

Бүгінгі  адам  баласының  ұрық  тазалығы  жайында  түсінгі  қалай  дейтін 

заңды  сауал  бой  кҿтереді.  Олар  отбасын  құруға  дайындық  –  дегенді  тек 

материалдық  жағын  ескеретіндіктен  арақ-шарап  пен  ішімдіктердің  неше 

алуан  жойқын  түрлерінің  мол  болуын  қарастырады.  Адамзат  баласы  ҿз 

бойындағы улы заттардан арылмақ түгіл, ұрық безін мейлінше уландырып 

болады.  Бұл  мҽселе  ғылыми  негізде  қаралып,  қоғамдық  деңгейде  сҿз  де 

елемейтіндігіне  бҽріміз  де  куҽгерміз.  Қазіргі  дүниеге  келіп  жатқан 

нҽрестелердің  кҿбі  ұрықтарында  уланып  туылатындықтарынан  кҿпшілігі 

жарық  дүниені  кҿрмей-ақ  ҿлі  туып  жатса,  кейбірінің    жандары 

шықпағанымен жарымжан сал күйінде тіршіліктерін бастайды. Ал, дұрыс 

туды  дегендерінің  ҿздері  де,  зейіндері  ҽлсіз,  зерделері  таяз,  мінез-

құлықтарында аса ауыр кемшіліктері бар. 

Ұрық  тазалығын  түсіну  –  адамзаттың  мҽйегін  кірлетпеу  ғана  емес, 

сонымен  қоса,  оның  тегіндегі  бекзаттығын  жҽне  тұқым  қуалаумен  туа 

пайда  болатын  қасиеттерді  сақтау  –  деп  ұққан  дұрыс.  Бүгінгі  ғылым 

жетістіктерінің  нҽтижесіне  қарасақ,  адам  баласына  тҽн  мінез-құлық 

негіздері жҽне алуан түрлі қабілеттері, жігері, зердесі мен зейіні де іштен 

туатындықтан, ұрық тазалығының кіршіксіз таза болуын дҽлелдеп жатуын 

ҿзі артық сияқты. 

Ата  –  ана  мен  бала  арасындағы  сыйластықтың  бүгінгі  күйі  қандай? 

Олардың  арасындағы  қайшылықтардың  сыры  неде?  Сҿз  жоқ,  бұл 

сауалдардың тамыры да тереңде жатыр. Халқымыздың ҿзі ҿмір сүрген ұзақ 

тарихында  небір  кезеңдерді  бастарынан  ҿткізіп,  замана  дауылдарының 

үскіріктеріне  ұшыраған  сҽттері  кҿп.  Осы  себептерінің  салдарын  іріктей 

жұптастыра  қарастырсақ,  тҿмендегідей  –  үш  түрлі  –  мҽселенің  басы 

ашылады: 

1. Ҿз еркіндігі жоқ, басқа жұрттың боданы болып келген елдерде ғана 

қалыптасатын – топастана бастайтын тоғышар орта. 

2.  Тағдыр  тауқыметімен    ата-баба  дҽстүрінен  адасып,  ҽр  түрлі 

құмарлыққа бой алдырған, парасатсыз ата-аналардың жиілеуі. 

3. Ата дҽстүрінің құндағында ҿспей, ана тілінің  уызына қанбаған – жас 

ұрпақтың қылықтары. 

Адам  тҽрбиесінде    оның  ішкі  жан  дүниесінің  тҽлімдерін  жетілдіру 

қандай  қажет  болса,  сыртқы  тҽн  қуатын  нҽрлендірер  дҽстүр-салттардың 

тағылымдары  да  сондай  керек.  Халық  педагогикасы  ғылыми  пҽн  ретінде 

отбасын  құруға  дайындық  жҽне  ұрық  тазалығы  негіздерінің  сипаттары: 

құда түсу, ұрын  бару, қыз ұзату, жұбату, сыңсу, үйлену тойы, шашу, жар-

жар, бет ашар – деп толып жатқан салт-дҽстүрлердің сырларын ашады. 



409 

 

 



Резюме 

 

      В статье речь идет о том, как в прошлом казахский народ  готовил молодежь к 



будущей семейной жизни. 

 

Summary 



 

This article deals with the Kazakh nation prepared the youth to the family life in the past. 

 

 

 



Пайдаланыған ҽдебиеттер 

 

1. Ҽл- Фараби. Философиялық трактаттары. - Алматы, 1982. 



 2. Ҽл- Фараби. Эстетикалық трактаттары. - Алматы,1983. 

 3. Баласағұн Ж. Құтты білік. - Алматы, 1990. 

 4. Алтынсарин Ы. Таңдамалы. - Алматы, 1980. 

 5. Құнанбаев А. 19-ы қара сҿзі. - Алматы, 1990. 

 6. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. - Алматы, 1991. 

 

ӘӚЖ: 347.781 

 

Мағжан Жҧмабаев шығармаларындағы тәлім-тәрбие мәселелері 

 

Курбаналиев Б.У., п.ғ.к., доцент, Дуйсенбиева Г.А., ғылым магистрі 

«Сырдария» университеті  

 

Ұлттың ҿз мҽдениетін жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған 

ҿз 

тҽжірибесі 



негізінде 

тануына 


мүмкіндік 

бермей 


билеуші 

формациялардың  белгілеп  берген  жасанды  шындығы  негізінде  тануына 

мҽжбүр  ету  ұлттық  эволюциялық  дамуын  тежеп,  ұлттық  сананың 

деградацияға ұшырауына апарып соғатыны ақиқат. 

Осы  негізде  кеңестік  идеологияға  сай  келмейді  деген  желеумен 

А.Байтұрсыновтың,  М.Жұмабаевтың,  М.Дулатовтың,  Ж.Аймауытовтың, 

Ш.Құдайбердиевтің  ҿзге де  қазақ  ҽдебиетінің  аса  ірі  тұлғаларының ҽдеби 

мұраларының қалық жұртшылық назарынан ұзақ жылдар бойы тыс қалуы, 

мектептерде  оқытылмауы  ең  алдымен  осы  ұлттық  сананың  ойсырай 

түсуіне ықпал етті. 

Мағжан  Жұмабаев  ҿзге  де  ҽдебиетімізбен  мҽдениетіміздің  аса  ірі 

ҿкілдері  қатарында  негізсіз  репрессияланған  қаламгер  ретінде  ақталуы, 

1989 жылы «Жазушы» баспасынан шығармаларының бір томдығы жарық 

кҿруі оның ҽдеби мұраларының ортамызға оралғандығынын айқын айғағы 

болды.  Осы  кезден  бастап  Мағжанның  «Жүсіп  хан»,  «Батыр  Баян» 

поэмалары,  отыздан  астам  ҿлендері  жалпы  білім  беретін  орта  мектептің 

ҽдебиет пҽні бағдарламаларына енгізілді. 


410 

 

Соңғы  он  тҿрт-он  бес  жыл  кҿлемінде  Мағжан  туындыларын 



ҽдебиеттану  тұрғысында  зерттеп,  бағамдаған  ірілі-ұсақты  М.Ҽуезов, 

М.Базарбаев.  Х.Абдуллин,  Г.Қайырбеков  тағы  басқа  бірнеше  ондаған 

еңбектер  жарық  кҿрді.  Ҿз  ҿлендерінде  азаматтық,  ақындық  позициясы, 

ҿмір  жолы,  ҿзі  бастан  кешкен  тарихи-ҽлеуметтік  жағдайлардың  кҿркем 

бейнесі  тайға  таңба  басқандай  айқын  кҿрінетін  Мағжандай  ақын  қазақ 

ҽдебиетінде  кемде-кем.  Ҿлендеріндегі  ақындық  позицияның  айқындығы, 

суреткерлік шеберлігінің күштілігі осылай ой түюге еріксіз мҽжбүр етеді. 

Мағжан-күрделі ақын, ақындық кҿзқарастары да кҿп қырлы. Осы кҿп 

қырлылық  оның  шығармашылығында  да  кеңінен  кҿрініс  тауып  отырады. 

Осы  ерекшелік  оның  шығармаларының  поэтикалық  болмыс-бітімінен, 

ондағы  кҿтеріңкі  романтикалық  пафостан  айқын  аңғарылып  тұрады.  Бұл 

Мағжан ақынның ҿзіне ғана тҽн кҿркемдік ҽлемі. Шығармаларын сҿз еткен 

1991  жылға  дейін  жарық  кҿрген  кейбір  мақалаларда  ақын  ҿлендерін 

талдаудан гҿрі тақырып ауқымының кеңдігіне,ой тереңдігіне, образ жасау 

шеберліктеріне,  сыртқы  сымбатына  тамсану  басымырақ  болып  келеді. 

Ақын  мұраларының  оқырман  игілігіне  айналғанына  тҿрт-бес  жылдай 

уақыт  ҿткен  кездің  ҿзінде,  яғни,  1992  жылы  ҽдебиет  зерттеушілерінің 

Мағжанның  кҿркемдік  ҽдісі  жҿнінде  ҽрқилы  пікірде  болғандығы 

аңғарылады. 

Мағжан  Жұмабаев  ҿзінің  қысқа  ҿмірінде  нағыз  поэзия  биігіне 

самғаған, оның асқар асуларынан ҿтіп бойға қуат, ойға нҽр алған біртуар, 

ҽмбебап  зиялы  қайраткер  болды.  Оның  қаламынан  сондай-ақ,  кҿптеген 

ҽңгімелер  мен  мақалалар,  оқу  құралдары  мен  оқулықтар:  «Бастауыш 

мектептегі  ана  тілі»  (1928),  «Сауатты  бол»  (1926),  т.б.  зерттеу  еңбектері 

туды. Сонымен бірге оның тҽлім-тҽрбие ғылымының теориялық жағының 

тҿңкерістен  кейін  тұңғыш  терең  үңілушілердің  бірі  болуы  Мағжан 

дарыныңың  тағы  бір  қырын  кҿрсетеді.  Осы  тұрғыдан  Мағжан  1922ж. 

«Педагогика» атты (Ташкеңт, Орынбор) ғылыми еңбек жазды. Сол кездегі 

қазақ зиялыларының бірі-белгілі ғалым-педагог, публицист М.Жолдыбаев 

осы  кітаптың  беташарына  былай  деп  жазған:  «Заманға  дҽл  жаңа  кітап 

шыққанша  малданып»,  одан  кейін  оқып,  салыстыра  қарап,  бұрынғы 

жазғандардың  адасқан  жерін  тауып  отыруға  Мағжан  педагогикасы  іздесе 

таптырмайтын  пайдалы  тарихи  материал...».  Ҿз  кітабы  жҿнінде  автор 

былай  дейді:  «Бұл  кітап  2-3  жыл  бұрын  қысқа  уақыттық  мұғалімдер 

курсында  оқытылған  дҽрістерден  түзілген  еді.  Бұл  күнге  дейін  басылып 

шығып, жарық кҿре алмады». Бұл кітаптың басылуы оған оңай болмаған, 

кҿпшілік талқысына түсіп, тҽжірибелі мұғалімдердің сынынан ҿткен еңбек.  

Ҽдебиетші  ғалым  Р.Бердібаев  «Мағжан  Жұмабаевтың  мұрасын  тану 

мен бағалауда  орын  теуіп  келген жаңсақтықтың бір ұшығы  оның ұстаған 

кҿркемдік  тҽсіліне  мен  бермеушілікке  байланысты»  дейді.  Мағжан- 

романтик ақын, дүние құбылыстарын да романтиктің кҿзімен шолған. Ал 

романтикалық  ҽдісте  реалистік  тҽсіл  секілді  кҿркем  ҽдебиет  жаралғалы 

бері  қатарласа  келе  жатқан  құбылыс.  Тіршілік  заңдылықтарының  ағысын 

емес, ҿмір-бақыт туралы алдын-ала қалыптасқан ұғым мен сенімді бірінші 



411 

 

кезекке  шығарып  айту  романтизмге  тҽн  нҽрсе.  Басқаша  айтқанда, 



романтиктер  ҿмір  процесін  тҽптіштеп  тексеріп  жатпайды,  «Ҿмір  осылай 

болса  дейтіп  арманды  ғана  ардақ  тұтады».  Сондықтан  да  олар  ұнамаған 

кҿріністерді  барынша  жексұрын  етіп,  жақсылық  деп  ұғынғандарын 

асқақтатып  жырлайтыны  ҽзелден  бері  мҽлім  десе,  осы  пікірді  ҽдебиетші 

ғалым  С.Қирабаев  былайша  жалғастырады:  «Мағжан  Жұмабаев 

романтикалық  куат  күшке,  фантазияға,  қиялға,  қанатты  ойға  ерік  берген. 

Мұны  оның  бүкіл  шығармашылық  болмысынан,  ҿлендері  мен 

поэмаларынан  айқын  аңғаруға  болады.  Мағжан  романтикасы  оның 

поэзиясын ажарлаңдыра түседі».-дейді. 

Мағжан кҿкжиегінің кеңдігі ол ҿз замандастары сияқты тап тартысын, 

кедей теңдігін жырлаған жоқ. Мағжанды толғандырған ұлт тағдыры. Ол ҿз 

ұлтының  тыныс  тіршілігін  басқа  халықтармен  салыстыра  отырып,  қазақ 

елінің  отарлау  саясатының  құрбаны  болып  отырғанына  күйінді.  Осыдан 

келіп,  оның  ҿлендерінде  сары  уайым,  трагедия  басым.  Екіншіден, 

батыстың  символистеріне  еліктеуі  ақын  поэзиясының  екінші  бір 

ерекшелігін ашты, яғни, ҽшекейі, еуропалығы. 

Романтик ақын кейде символистерге, кейде сентименталист ақындарға 

еліктеп  жазған.  Бұл  жҿніңде  Ж.Аймауытов:  «Мағжан  еліктегіш  ақын. 

Еліктеу  -ақынға  мін  емес,  қандай  күшті  ақындар  алдынғы  ақындарға 

еліктемей  жаза  алмаған.  Еліктеу  алдағандық  не  адасқандық  емес,  іздену 

соқпағына  ҿзін-ҿзі  салып,  сан  түрлі  сырлы  саздарды  қазақ  поэзиясына 

ҽкелу ҽрекетінің басы,- деп атап кҿрсетеді. 

Мағжан  шығармашылығынан  кең  орын  алған  құбылтудың  бір  түрі 

символ  деп  аталады.  Оған  «толқын»  ҿленіндегі  ақынның  бермек  астарлы 

ойы  ағып  жатқан,  бірін-бірі  қуып,  сырласып  жүрген,  еркелеп  жүрген, 

кеңескен-егескен адамдар жайлы айтқаны дҽлел. 

Мағжан  үйренген  орыс  символистерінің  артында  еуропаның  үздік 

ойшылдары,  ағартушылары,  ақын-жазушылары:  СДанте,  Петрарқа, 

Байрон,  П.Верлен,  Роллан  т.б.тұрды.  Осылардың  ішінен  Мағжанға  ең 

жақыны  француздың  Поль  Верлені  еді.  Екеуінін  тағдырлары  да, 

поэзияларының тамыр дірілдері ұқсас. 

Мағжан  орыс  символистеріне  сырттай  еліктегенімен,  ішкі  мазмұны 

жағынан олардан бҿлек. Оны символизммен ҽуестеніп жүрген кезде жазған 

«Пайғамбар»,  «Біраз  Фетше»,  «Александр  Блок»,  «Мені  де  ҿлім,  ҽлдиле» 

т.б.  ҿлендерінен  кездестіруге  болады.  Жас  Мағжан  неге  «Мені  де,  ҿлім 

алдиле», -дейді. Мағжан ҿленінде күңіреңген жел, суық жел ҿтінен құлаған 

жас қайың, майданнан қайтқан жас ұлан, кҿз тиіп ҿлген нҽзік құрақтай жас 

нҽресте,  алтын  уық,  жібек  бу  ақ  отау,  ҿлім  тезіне,  құштар  болған 

лирикалық  «мен»  бар.  Тағы  ол  «Ҽлдиле,  ҿлім  ҽлдиле»-дейді.  Мағжандікі 

«ҽлдилесі»  нағыс  қазақи  сҿз.  Ол  ҽлдилеп  отырып,  аяла,  ая,  мҽнгі  ұйқыға 

жіберме дегендей наз білдіреді. 

Романтик 

Г.Гейне, 

Гете, 


А.С.Пушкин, 

М.Ю.Лермонтов 

шығармаларын  оқып  қанаттаса,  символист  М.Д.  Мережковский, 

К.Бальмонт,  В.Брюсов,  А.Блоктың  естілген  жырларын  жаданда  сақтап, 



412 

 

ҿзінше  самғиды.  Жалпы  символистерді  үш  топқа  бҿліп  қарастырсақ, 



олардың  лирикаларымен  түпкілікті  ҽрі  жан-жақты  танысқан  Мапқан 

«Поэзиялар  атымен»  аталатын  символистердің  үлкендер  тобынан: 

В.Брюсовтан,  К.Бальмонттың,  Ф.Сологубадан;  «қоғамдық-символистер» 

тобынан:  Д.Мережковскийден,  З.Гипплустең,  Д.Философовадан  жҽне 

«кіші»  топтан:  А.Белог,  А.Блок,  Вяч  Ивановтардан  кҿзқарастары  ұқсас, 

ойлары  ортақ  жақтастарды,  пікірлестерді  тапты,-  дейді  ҽдебиетші  ғалым 

Б.Жетпісбаева. 

Мағжанның  сырлы  сазды  сҿзге  деген  махаббаты  ерекше. 

Д.Мережковскийдің,  В.Брюсовтің,  С.Больментонның  ҿлендерінің  ізімен 

жырлаған Мағжан жолма-жол жыр жазып кетпей, мұң мен сырдан мҿлдір 

мрамор жыр жазып шығарды. 

Сондықтан,  Мағжан  Жүмабаевтың  қазақ  ҿленіне  ҽкелген  ҿлшемдері, 

формалары  ҿлен  теориясына  қосқан  үлесінің  салмақтылығын  кҿрсетеді. 

Мағжан поэзияға тартымды формалар ҽкелумен қатар, оның мазмұнын тың 

тақырыптармен  байытты.  Жеке  адам  баласын  толғандырған  ҽлемдік 

күрделі  мҽселелер  арасындағы  сан  қилы  ой-толғаныстар  Мағжан 

поэзиясынан табылатын қасиеттер. 

Оның шығармашылығында тарих тұңғиығын терең түсіну, болашақты 

болжау, бүгінгі күннің шындығына кҿз жеткізу сияқты терең толғаныстар 

бір- бірімен астасып жатады. Оның ҿлендерін оқи отырып, тылсым сырға 

еніп,  таңғаларлық  күйге  түсіп,  ҽсем  суреттер  дүниесіне  кіресің,  ақынның 

күдіретті шеберлігіне бас ұрасың. Эстетикалық талғам талабымен айрықша 

кҿзге түсуі, жүрекке жылы тиіп, жанды тебірентуі-ақынның ҿзгеге ұқсамас 

дарындылығынан.  Ақын  жырларында  табиғат  пен  адамның  жан  дүниесі 

бірге ҿріліп, бірге қанаттасып жатады. Ҽлем құбылысы санамен, кҿңілмен 

үндесіп,  сұлу,  сырлы,  кейде  ақыл-ойға  сыймайтын  фантастикалық 

суреттерді кҿз алдына келтіреді. Сондықтан да табиғатты жырлап отырып 

оның  адамға  қатасты  жақтарын,  адамды  оның  кҿңіл-күйін  айта  отырып 

адам 

баласының 



табиғаттағы 

мҽңгілік 

орнын 

іздеу- 


Мағжан 

лирикаларының негізгі ерекшеліктерінің бірі. 

Мағжан шығармаларында қарапайымдылықтың ізі басым. Тума дарын 

иесі оқырманға ойлы сауал тастап, ҿзін қалай қабылдасаң, солай қабылда 

дегендей,  түпкі  шешімге  ұзын  арқау,  кең  тұсау  тастайды.  Мағжан 

поэзиясынан  ҿмірді  біртұтас  құбылыс,  кҿрініс  ретінде  алып,  адамды  сол 

ұлы табиғат, жаратылыстың бір бҿлшегі ретінде қабылдайтын ақын екенін 

байқаймыз.  Бұл  ҽдіс  Мағжан  ҿлендерін  кҿркем  кестелендіріп,  шындыққа 

ҽсем  ажар,  байсалды  философиялық  астар  дарытты.  Сондықтын  Мағжан 

ҿлендері кҿңіл ұйытып, кҿкірекке терең ұялайды. 

Сондықтан, 

Мағжан 


шығармашылығын 

зерттеп-зерделеген 

Ш.Елеукеновтің, 

Х.Абдуллиннің, 

С.Қирабаевтің, 

Т.Кҽкішевтің, 

З.Қабдоловтың,  М.Базарбаевтың,  Р.Бердібаевтың,  Б.Дҽрімбетовтың  т.б. 

ғалымдардың  еңбектері  Мағжантанудын  тұрақты  арнаға  түсе  бастауына 

елеулі ықпал еткенін атап айтамыз. 


413 

 

М.Жұмабаев  шығармаларының  жалпы  білім  беретін  мектептердің 



ҽдебиет пҽні бағдарламаларына 1990 жылдан бастап енгізілуі оны оқытуды 

міндеттеді.  Бұл  кезінде  ақын  шығармашылығын  ҽдебиеттану  тұрғысында 

зерделенген еңбектердің ҽлі дүниеге келе қоймаған кезі болғаңдықтан, пҽн 

мұғалімдерінің  Мағжанның  мұраларын  шығармашылық  денгейде  оқып- 

үйретуіне  елеулі  қиындықтар  туғызды.  Бұл  зҽрулік  бүгінгі  күнге  дейін 

сезіліп келеді. Себебі, Мағжан шығармашылығын ҽдебиеттану тұрғысында 

зерделенген еңбектердің ҽлі дүниеге келе қоймаған кезі болғандықтан, пҽн 

мұғалімдерінің  Мағжанның  мұраларын  шығармашылық  денгейде  оқып-

үйренуіне  елеулі  қиыңдықтар  туғызды.  Бұл  зҽрулік  бүгінгі  күнге  дейін 

сезіліп  келеді.  Себебі,  Мағжан  шығармашылығын  ҽдістемелік  тұрғыда 

зерттеу  ісі  ҽлі  де  жүйелі  түрде  қолға  алынған  жоқ.  Мағжан  ақталғаннан 

бері  он  бес  жылдай  уақыт  ҿткеніне  қарамастан  Ш.Елеукеновтің  жоғары 

сыныпқа  арналған  жалғыз  кҿмекші  құрал  мен  ҽр  түрлі  Республикалық 

басылымдарда  жарияланған  мектеп  мұғалімдерінің  он  шақты  шағын 

мақалаларынан басқа  ақын  шығармашылығын  мектепте  оқыту  мҽселесіне 

тікелей  арналған  іргелі  ғылыми-ҽдістемелік  зерттеу    еңбегі  жарық  кҿрген 

жоқ. 

 

 Резюме 



 

Известный казахский поэт М.Жумабаев посредством своей поэзии оставил своим 

потомкам культуру слова на очень высоком уровне.                                     

 

                                                            Summary 



 

Famous Kazakh poet M.Zhumabaev through his poetry left to his descendants culture 

words of a very high artistic level.     

 

Пайдаланған ҽдебиеттер 



 

1.Дюкенова  Н.Е.  Мағжан  Жұмабаев  шығармашылығын  мектепте 

оқытудың  ғылыми-ҽдістемелік  негіздері  (5-7,  11  сыныптар  бойынша): 

пед.ғыл.канд.дис.-А.: Абай атындағы ҰПУ. 2006ж. 

2.Карибаев С. 20-30 жылдардағы қазақ ҽдебиеті. Жаңаша бажайлау.  -

Алматы.: Ғалым, 1997ж.-378-5076. 

3.Жұмабаев  М.  Шығармалары  (ҿлендер  мен  поэмалар,  қара  сҿздер). 

Алматы.: Жазушы. 1989ж.-448б. 

4.Қуантайұлы  Н.  Мағжан  Жұмабаев  ҿлендерінің  текстологиясы// 

Қазақ ҽдебиеті. -2002.-9 тамыз.-10 б. 

5.Мағжан  Жұмабаев.  Кҿп  томдық  шығармалар  жинағы.  Аудармалар, 

ғылыми еңбек мақалалар.-Алматы.: Жазушы, 2005ж.-232б. 

удожественном уровне. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет