Тақырып 9. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің ұйымдастырушылық негіздері. Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық және әлеуметтік саясаты өнеркәсіптің барлық салаларының қарқынды дамуына кең жол ашты. Еліміздің жер қойнауы минералды және мұнай-газ қорына өте бай болғандықтанреспубликамыздағы тау-кен,химиялық,қара және түрлі-түсті металлургия, сирек және асыл затты метал, алтын, алмас өңдеу және тағы басқа өндірістерді әлем экономикасының озық қатарына қосылуда.
Өнеркәсіптің әр саласының дамуымен бірге оны қауіпсіздендіру міндетті өзекті мәселеге айналуда. Осы орайда төтенше жағдайлар зор көлемді зиян келтіруі мүмкін екеніне көз жетерлік.
Төтенше жағдайлар, белгілі түрде, табиғи, техногендік және жаппай қыру құралдарын пайдалану кезіндегі төтенше жағдайлар өнеркәсіп орындарын қирату мен істен шығаруға, жергілікті халықты зардап шегуге , ал жалпы алғанда, елдің экономикасына зор нұсқан келтіруге әкеліп соқтырады.
Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алу, оның салдарын азайту, сондай-ақ ең бастысы түрлі әдістерді пайдаланып, халықты төтенше жағдайлардың жойқын күштерінен сақтау, үйрету және құтқару жұмыстарын кешенді түрде ұйымдастыру- алдағы тұрған басты мақсат.
Техносфераны жасай отырып, адам баласы тіршілік жағдайларын әр жақты жоғарлатуға тырысты. Дегенмен бұл прогресс адамзатты ең жоғарғы деңгейге шығарды, бірақ ол өзінің кері әсерін, яғни жер қойнауының кедейленуіне әкеліп соқтырды.
Технологиялық үрдістерде қолданылатын аппараттардың қуаты артып, соған сәйкес қауіпті заттардың мөлшерлері де көбеюде. Энергия көздері болып табылатын мұнай және газ саласы 70 процентке өсті.Заманауи нысандардың да энергия тұтыну қуаты да қатты өсті. Жылына қуаты 10-15млн/ тонналық мұнай өңдеу өнеркәсіптері аймақтарда 300-500 мың тоннаға дейін көмірсутекті отын қоры жинақталады. Бұл қордың энергиясы эквивалентті түрде 3-5 Мт тротил мөлшеріне тең.Қолданылатын технологиялардың қарқынды дамуынан температура, қысым, қауіпті заттардың мөлшері сияқты көрсеткіштер де артып отырады. Бұл жағдай қазіргі заманғы өндірістік кәсіпорындардың апаттық жағдайларын жоғарлатады.
Студенттерге жаппй қирату қаруларының салдарынан, табиғат құбылыстарының, техногендік апаттардың себебінен туындайтын төтенше жағдайларда қабылдайтын шешім, жүзеге асыратын іс-қимылдар, жүріп-тұру тәртәбін үйрету, оларды құтқару жасақтардың басшылары ретінде дайындау болып табылады
Тіршілік қауіпсісдігін сақтау пәнінің бағдарламасы 1993 ж. 30 қыркүйекте Қазақстан Республика Министрлер кабинетінің нұсқауымен және 1994 ж. 10 ақпандағы Білім Министрі мен Қазақстан Республикасының Азаматтық Қорғаныс Штаб бастығының бірлескен бұйрығымен жасалынды. 1994-1995 оқу жылына барлық жоғарғы оқу орнындарында: гумманитариялық, техникалық, құрылыс, ауыл шаруашылық «Тіршілік қауыпсіздігін сақтау» пән ретінде оқу программасына енгізілді.
1995ж. Қазанда ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мен азаматық қорғаныс штабының орнына ҚР-ның төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті құрылды. (единая система)
ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі «Мемлекеттік комитет»- тұрғындарды және территорияны стихиялық апаттардан, авариядан, катастрофалардан қорғау жөніндегі, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту және жою, сол сияқты мемлекеттің А.қ жөніндегі мемлекеттік саясатын іс жүзінде жүзеге асыратын орталық атқаруы орган.
Облыстарда, категориялы қалаларда облыстық және қалалық т.ж. жөніндегі басқарма құрылған бұрынғы А.қ штабтарының базасында
ҚР-да т.ж. ескерту және жою жөнінде Мемлекеттік система құрылған – Ол система т.ж. жөніндегі ведомствааралық Мемлекеттік комиссия.Мұндай комиссиялар облыстарда, қалаларда және аудандарда құрылған.
Т.ж . ескерту және жою жөніндегі системаға- күнделікті басқару органдары, табиғи ортаны және қауіпті объектілерді бақылайтын күштері мен құралдары ақпараттар және байланыс жүйелері, сол сияқты т.ж. зардаптарын жоятын материалдық, медициналық және т.б. да ресурстардың қорлары жатады.
Т.ж. жөніндегі мемлекеттік комитет 1995 ж. Қазанда құрылған. Т.Ж. жөніндегі м-к комиссия және ҚР А.Қ штабы қысқарып, олардың өкілдіктері берілді. (полномочие с передачей)
Т.Ж жөніндегі орталық атқарушы орган ҚР Төтенше жағдайлар мөніндегі Министрлігі болып қайтадан құрылды.