Терілерді қорғау құралдары - бөлгіш- резинкаланған тканьдардан дайындалады. Сүзгіш құралдар – қорғағыш сүзгіш киімдер.
Қарапайым құралдар – кәдімгі аяқ – киім, плащ, драп пальто, тері польто, резеңке етік, теріден жасалған етік, перчаткалар (резеңке, тері).
Дозиметрлік приборлар және МҚҚ Радиоактивті заттарды анықтау сәулелердің (нейтрон, гамма, бетта, альфа) заттарды иондай алатын қасиетіне байланысты болады. Ионизация кезінде заттар физикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістерді приборлармен өлшеуге болады. Мұндай өзгерістерге: заттардың (газдар, сұйықтар, қатты материалдар), электр өткізгіштігі , люменсценсия фотопленкаларды засвечение және кейбір химиялық ерітінділердің түстерінің, электр кедергілерінің өзгеруі жатады.Бұл сәулелерді анықтау үшін фотографиялық, сцинтилляциондық, химиялық, ионизациялық тәсілдерді пайдаланады.
1Фотографиялық тәсіл. Ф.Т – фотоэмульсияларды қараю дәрежесіне байланысты. Сәулелердің әсерінен күміс бромының молекуласы күміске және бромға ыдырайды. Ыдырау нәтижесінде күмістің ұсақ кристалдары комда болып, фотопленканы проявить еткен кезде оны қарайтады. Қараю тығыздығы жұтылған энергияның мөлшеріне тура пропорционал. Қараю тығыздығын эталонмен салыстыра отырып, жұтылу дозасын анықтайды. Фотодозометрдің жұмыс істеу принципі осы жағдайларға негізделген.
2 Сцинтилляциялық тәсіл. Кейбір заттар (Күкіртті цинк, иодты натрий) сәулелердің әсерінен жарық шығарады.Шығарған жарықтың (вспышка) мөлшері жұтылу дозасының қуатына тура пропорционал және бұл жұтылған дозаны арнаулы прибор радиоактивті зақымдалуын бақылау жасайды.
Радиациялық бақылау – радиация деңгейін анықтайды.
Иондық тәсіл. Қазіргі заманғы дозиметрлердің жұмыс істеу принципі иондық тәсілге негізделген
Приборлар жеке дозиметрлер комплектісі: ДП- 22В 50 жеке қалталы дозиметрден және зарядтың қондырғыларынан тұрады. (3Д - 5)
ДКП- 50 А – дозиметрлер.
Дозиметрлер көмегімен: А) Зақымдану аймағында радиация деңгейін анықтайды.
Б) Адамдардың, үй жануарларының алған экспозициялық жұтылу дозасы.
В) адамдардың, үй жануарларының, техника транспорт, құрал- жабдықтар, киімдер, тағамдар, сулар және т.б обьектілердің радиоактивті заттармен зақымдану дәрежесін анықтайды.