ТЖ алдын алатын және тұрақтылықты арттыратын шаралардың негізгі бағыттары (ШО)
Олардың ішіндегі бастылыры:
-потенциалды қауіпті өнеркәсіп орындарын қазіргі заманғы қауіпсізрек технологияға көшіру немесе оларды тұрғын пункттерінен шықару;
-автоматты бақылау және басқару жүйелерін енгізу;
-технологиялық күрделі өндірістерді аварийясыз тоқтату жүйесін жасау;
-ТЖ жөнінде құлақтандыратын және хабарлайтын жүйелерді енгізу;
-өндірс орындарында қауіпті заттар мен материалдардың мөлшерін азайту;
-зардаптарды жоятын күштер мен құралдардың болуы және дайындықта тұруы;
-объектідегі технологиялық тәртіпі және объектіні қорғауды жақсарту.
Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығын «қанағаттанарлық» және «қанағаттанғысыз» деген бағалармен бағалайды.
Қанағаттанарлық бағасын алу үшін:
-бес жылда бір рет тұрақтылықты зерттеп отыру қажет;
-зерттеу негізінде шаралардың орындалу мерзімін, орындаущыларды, қаржыландыру көзін анықтау қажет;
-экономикалық эәне әулеметтік дамудың перспективті және ағымдағы жоспаларында кіргізілген шаралардың 75проценттен аз болмайтын шараларын жүзеге асыруды жоспарлау
Тақырып 15 Зақымдану ошақтарында құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстары.
Құтқару және ТЖ зардаптарын жою жұмыстарын жүргізудің мақсаты адамдарды және олардың өмірлерін құтқару , қоршаған ортаға әкелетін және материалдық құндылықтардың шығындарын азайту.
Құтқару және қалпына келтіру жұмыстарының мазмұндары әр түрлі болғанымен ол жұмыстар бір мезгілде жүргізілуі қажет.
Кезек күттірмейиін аварийялық қалпына келтіру жұмыстарының мазмұны:
-колонна жүретін жолдарды қамтамасыз ету, зақымдалған учаскілерде үйінділерден өтетін жол салу, энергетикалық, газ және басқа да торлардағы аварийяларды жою
-ғимараттар мен құрлыстардың қауіп тудыратын конструкцияларын құлату немесе беріктігін арттыру
Құтқру жұмыстарының мазмұны:
-объектіде жене қозғалыс маршрутында барлау жүргізу
-объектіде және объектіге кірер жолдардағы өрттерді жою және өшіру
-бұзылған және жанып жатқан ғимараттардан, газданған және түтінделген бөомелерден, үйінділерден адамдарды іздеп, және оларды босатып алу
-бұзылған және үйінділермен басылып қалынған баспаналарды тазалау және оның ішіндегі адамдарды құтқару
-баспаналарға ауа жіберу
-жараланған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және оларды емдеу пункттеріне жеткізу
-тұрғындарды қауіпті аймақтан қауіпсіз аймаққа алып щығу
-адамдарға санитарлық өңдеу жасау, олардың киімдерін, территорияны, құрлыстарды, техникаларды залалсыздандыру
Достарыңызбен бөлісу: |