Шаруакештер шӛлдегі ақшағылды, терін тӛгіп жайнаған бақша қылды. Осы
ақынның 2000 жылдардың басындағы ӛлеңіндегі окказионалды сӛздер
тіліміздегі сӛзжасам ҥлгісімен жасалған: Қайсы бірін айтайын, қай жерде де
қаптаған есірмендер! Бар, әрине, бизнескер.
Г. Салықбайдың ӛлең жолындағы окказионализмді тҥсіну ҥшін кҥрделі
танымдық ҥдеріс, салыстыру, ҧқсату, операциялары жҥруі қажет: Енді
ешқашан енбейтін тҥсханаңа, Мені мәңгі қайтпайтын қҧсқа бала.
Жалғызыңды қайтесің жалған жоқтап, Ғҧмырымыз онсыз да да қысқа ғана.
Зерттеушілер поэтикалық сӛзжасамның тҥрлі қырларын атап кӛрсетеді:
жеке сӛзқолданыстың сӛйлеуге қатыстылығы, сӛзжасам тәсілі, әдебиеттің
тҥрлі жанрлары мен тҥріндегі мәтіндердегі авторлық қолданыстардың
ӛнімділігі мен қызметі, әр автордың ӛзіндік қолтаңбасы, басқа
неологизмдермен арақатысы, тіл лексикасын толықтыру мҥмкіндігі.
Әдетте окказионалды сӛз дәстҥрлі (узуалды) қолданыспен салыстырыла
және
онымен
қарама-қарсылықта
қарастырылады.
Зерттеушілер
окказионализмдердің 9 белгісін атайды: 1) сӛйлеуге тән; 2) қайта қолдануға
болмайды, яғни жасанды; 3) сӛзжасамдағы туындылық; 4) бейнормалы; 5)
функционалды тҧрғыдан бір-ақ рет қолданылады; 6) экспрессивтілік; 7)
номинативтілігі факультативті; 8) синхронды-диахронды ӛтпелі; 9) дербес
мәнерге ғана тән.
Окказионалды сӛздер потенциалды болуы мҥмкін, алайда ол туралы
пікірлер қайшылығы бар.
Әсерлілік, экспрессивтілік тудыру мақсатында туындаған мұндай
қолданыстар жазушының өзіне ғана тән авторлық неологизмдер болып
санала алады, яғни олардың пайда болуының түрлі уәждері ретінде атауға
болатыны: а) ойды дәл әрі қысқа беруді көздеу; ә) жазушы санасында пайда
болған күрделі образды жинақтап, синтездеп беруге ұмтылу, бірнеше ой
жүйесін шоғырландырып беру; б) тілімізде бұрыннан бар ұғымдарға
анағұрлым сәтті атаулар беру; в) құбылысты бейнелі түрде суреттеу
қажеттілігін сезіну; г) поэтикалық техниканың әр түрлі міндеттерін өтеу: 1)
ұйқас үйлесімін сақтау; 2) ырғақтық әуезділікті бұзбау; ғ) сөз қолданысында
тавтологиядан сақтану; д) сөздің сонылығына, өзгешелігіне ұмтылу, «ескі»
сөздерді қайталай бермеуге тырысу [76; 45-46].
Қабылдау стилистикасы үшін ұсыну қағидатына сай қызмет атқаратын
элементтердің бірі – интертекстер немесе мәтіннің басқа көркем
шығармалармен, қоғамдық, мәдени, әлеуметтік елеулі оқиғалармен
байланысын көрсететін түрлі келтірінді құрылымдар.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
73
Бұл – ең алдымен әлемдік әдеби процесте модернизм және
постмодернизм бағыттарының пайда болуымен, ондағы цитатамен жазу,
диалогтік
байланыс,
қатынас
сияқты
құрылымдық-семантикалық
элементтермен байланысты туындаған термин. Алыс шетелдік, оның ішінде
Латын Америкасындағы испан тілді халықтар мен кейінгі орыс әдебиетіндегі
постмодернист
жазушылар
шығармаларының
тілдік
құрылымын
зерттеушілер бұл мәселеге соқпай өте алмайды. Себебі бұл мәтіндерге өзінен
бұрынғы мәтіндердің атауы, сөзі, сөз тіркесі, тұтас фрагментін кіргізу, сол
арқылы оларда сақталған, қатталған ақпармен ассоциация тудыру, құрылып
отырған жаңа мәтін семантикасына қосымша мағына үстеу, яғни бұрынғы
тарихи-мәдени, әлеуметтік оқиға, құбылыс, фактілер, көркем шығармалар
туралы хабардар ететін мәтінаралық байланыстар тән. Мұндай мәтінаралық
байланыстардың түрі, көлемі, типі сан алуан болғандықтан, оларды кең
көлемде интертекст, интертекстема, интертекстуалдылық деп атау
қабылданған. Көркем әдеби шығармаларға қатысты пайда болған бұл
терминмен аталатын құбылыстар публицистика мен ғылыми стильде де жиі
қолданылады.
Ғылыми айналымға интертекстер постмодернистік әдебиетке қатысты
енсе де, олар барлық әдеби ағымда жазылған шығармаларда кездеседі.
Біздің ұлттық әдебиетімізде постмодернизм бағытына тән жекелеген
ерекшеліктер ғана (жатсыну, өзін жатсыну, қоғамды жатсыну) көрінетін
көркем шығармалар болғанмен, таза интертекстуалды элементтерге
құрылған мәтіндер некен-саяқ. Интертекстер барлық бағыттағы
шығармаларда түрлі қызмет атқарады: хабарлау, ойды дамыту, қорыту,
бағалауыштық, модальділік тудыру, мәтін түзу сияқты қызметтері оларды
тек жазба мәтіндерде ғана емес, сөйлеу тілінде де қолдануға мүмкіндік
береді. Бұл автордың құзіреті болса, интертекстер оқырмандар үшін де аса
маңызды. Себебі оқырман көркем шығарманы оқып отырғанда онда
келтірілген басқа мәтіндер мен олардың таңбаларына назар аудармай қала
алмайды, яғни маркерленген түрлі келтірінді мәтіндер де, маркерленбеген
мәтін үзінділері де оқу үдерісінде формальдық тұрғыдан да, семантикалық
тұрғыдан да көркем шығарманың тұтастығына, тиянақталуына ықпал етіп,
оны экстралингвистикалық факторлармен байланыстыруға, нәтижесінде
дербес интерпретация жасауға жәрдемдеседі. Мәселен, М. Әуезовтің «Абай
жолы» роман-эпопеясында автор өзінің басты кейіпкерінің образын ашу үшін
оның өлеңдерін келтіреді, яғни туындының мазмұндық-концептуалды
ақпарын беру үшін мазмұндық-нақты ақпарға ақынның «Қараша, желтоқсан
мен сол бір екі ай» өлеңі негізінде сюжеттік желі енгізеді де, өлең
семантикасын вербалдайды. Жазушы бұл арқылы бірнеше мақсатты шешеді:
роман оқиғасын өрбітеді; өз туысқандары мен өзге қарапайым адамдарға
Абайдың көзқарасын танытады; Тәкежан аулындағы үлкен-кішіні
мінездейді; белгілі бір локальді уақыттағы және кеңістіктегі өмір шындығы
арқылы жинақталған, типтік жағдайды көрсетеді; Абайдың өзін даралайды;
өзінің субъективті пікірін білдіреді. Қаламгердің негізгі объектісі Абай, ол
өмір сүрген уақыт пен орта болғандықтан, романда ақынның өлеңдері мен
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
74
жазушының қарасөзді баяндауының өзара әрекеттесуі, контекстік-ситуативті
түрде бір-бірін толықтыруы, нақтылауы, байытуы заңды.
Көбінесе ақын-жазушылар өз шығармаларына, кейіпкерлеріне еш
қатысы жоқ, алайда ұлт, қоғам, адам өмірінде ерекше маңызды жекелеген ірі,
атақты оқиғалардың таңбасы, ақпары ретінде танылатын басқа мәтіндерді
кіргізеді. Мысалы, Т. Жанұзақов аудармасындағы Ә. Әлімжановтың
«Махамбеттің жебесі» романындағы келтірінді құрылымдардың өздері нақты
вербалды және вербалданған көркем шығарма мен басқа семиотикалық жүйе
мәтіндері екенін байқауға болады. Вербалды келтірінді құрылымдар ретінде
Фатима ханымның аузына салынған «Туған елдің түтіні ащы да болса
жағады» деген өз контексімен байланысын жоғалтқан цитатаны, басқа
функционалды стильге жататын құжаттарды атасақ, вербалданған келтірінді
құрылымдар қатарында негізгі кейіпкердің атақты «Менің атым - Махамбет»
өлеңінің авторлық баяндауда қарасөзбен берілуін, Құрманғазының «Ақсақ
киік», «Адай» күйлерінің мазмұндалуын айту керек.
Прозалық шығармаларда поэзиялық мәтіндердің келтірілуі бірден көзге
түссе, поэзиялық шығармаларда келтірінді мәтіндер әр қалай ресімделеді.
Көлемді поэзиялық туындыларда да, шағын өлеңдерде де келтірінді
құрылымдар кейде тырнақшамен ажыратылса, енді бірде олай көрсетілмейді.
Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасына Махамбет өлеңінің 16
жолын, халық әні «Дударайдың» қайырмасын кіргізеді. Ақын графикалық
тұрғыда бұлардың негізгі мәтіннен бөлек, басқа мәтін екенін көрсеткенмен,
олар когеренттік қызмет атқарып тұрғандықтан, поэма семантикасына
жаттығы сезілмейді.
Келтірінді құрылымдар тек көлемді прозалық, поэзиялық шығармаларда
ғана емес, шағын лирикалық өлеңдерде, әңгімелерде де кездеседі. Мұндай
өлеңдерде ол келтірінді құрылымдар белгілі бір символ немесе таңба арқылы
қысқа түрде ғана көрінеді. Мәселен, Т. Айбергеновтің мына жолдарындағы
келтірінді құрылымдар – осындай:
Көп жазар ақын емен шүйде тілді,
Қабыл ал қайырмастан ниетімді.
Жауап жаз сөз сарасы - өлеңменен,
Сол маған бәрінен де сыйға өтімді.
Мен де бір Прометей «от ұрлаған»,
Зулаймын жұлдыздарға жыпырлаған.
Келемін киелі Жер шұғыласын ап,
Дүние, томағаңды сыпыр маған.
Алғашқы мысалда Абай өлеңінің таңбасы – сөз тіркесі болса, екінші
үзіндіде көне мифоним жарық, жылу, қайырымдылық символы деп
түсініледі. Автор өз оқырмандарының аялық біліміне, яғни бөгде сөзді
танып, олармен ассоциация тудыра алатынына сенімді, сондықтан келтірінді
бірліктерді еш маркерсіз берген. М. Райымбеков Абай жолдарын
тырнақшамен ажыратып, келтірінді құрылым екенін өзі көрсетіп, оқырманға
жартылай көмек береді, бірақ бөгде сөздің авторын атамайды:
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
75
Сені аңсамай жазған жырым - нұрсыз кіл,
Сен жоқ жерде – тұл дүние күнсіз тұр.
Мендегі хал, сол баяғы, баяғы –
Достарыңызбен бөлісу: |