Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жѕне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет77/112
Дата17.10.2023
өлшемі5,7 Mb.
#117706
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   112
Байланысты:
Абильбекова Б.Т., Қазақ тілі Оқу құралы.

 


Киім. Сән. Талғам.
  
Ты
ң
даймыз. О
қ
имыз 
Сөздік қор
 
Сырт киім, тон, ішік, былғары, киім, бешпент, шапан, бас 
киім, тымақ, бөрік, аяқ киім, етік, сәнді киім, , етек, жең, білезік, шашбар, 
моншақ, белдік, әшекей, зергерлік бұйымдар, сән, өлшем, тәсіл, іс – қимыл 
бейнесі, әлеуметтік құбылыс, талғам, классикалық, спорттық, ұлттық, 
заманауи, жұмысқа арналған, тік тар белдемше, тұрақты жұмысқа 
ыңғайлы, көненің құндылықтары, күнделікті және әлеуметтік тіршілігіне, 
мақта, жүн, синтетика, жібек, барқыт маталары, етек-жеңі, бағалы тастар, 
ыңғайлы әдемі киім, ресми жиналыстар
 
 
Ойтүрткі
-Сіз қандай киім үлгілерін ұнатасыз? 


79 
- Қазіргі заманның киім үлгілері қандай? 
-Сіз соңғы сәнмен киінуге тырысасыз ба? 
- Сіздің ойыңызша, студент жастар көбінесе қандай киімді таңдайды?
 
1-тапсырма.Сурет бойынша әңгімелесіңіздер. 
Ты
ң
даймыз. О
қ
имыз.
 
2-тапсырма.
.
Мәтінді 
таспадан 
тыңдап, 
түсінгеніңізді 
әңгімелеңіз. 
Заманауи киім үлгілері 
Сән ( modus деген латын сөзі) – өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән – 
белгілі бір талғамның уақытша басым болуы
.
Сән 
– 
әлеуметтік құбылыс. 
Стиль (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік. Киімнің 
классикалық, спорттық, ұлттық, заманауи, жұмысқа арналған және тағы 
басқа түрлері көп. Киім адамның жас ерекшелігіне қарай бірнеше түрге 
бөлінеді: бала киімі, жасөспірімдер киімі, ересектер киімі, ресми және 
ұлттық киімдер. 
Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль – келісті, іскерлі, 
элегантты, өзгермейтін стиль. Классикалық стильдегі заттар – ағылшын 
жакеті, тік тар белдемше, шалбарлар және т.б. оған ғасырлар бойы ең 
тұрақты,
 
«таңдамалы», «сәннен тыс» өзгермейтін сән үлгілері жатады. 
Романтикалық стиль – бұл «қиял», «еске алу», «ізденістер» саласы, тарихи 
костюмге меңзейді және оның пішімін, сәндік әрлеуін алып пайдаланады. 
Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді 
пайдаланады.Спорттық стиль –(спорт үшін міндетті емес) қозғалысқа, 
түрлі жұмысқа ыңғайлы. (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін 
ыңғайлы киімдер). 
 


80 
Қазақстанның 
қазіргі 
сәнгерлері 
(модельлер) 
ұлттық 
киімдердің 
дәстүрлерін сақтап, дамытуда, көненің 
құндылықтарын біздің замандастарымызға 
жеткізуге тырысады. Киім – адамның күнделікті және әлеуметтік 
тіршілігіне аса қажетті бұйым. Киім адамға эстетикалық сән береді. 
Жапырақ ағашқа көрік берсе, киім адамға көрік береді және оның ыстық, 
суықтан, жауыннан қорғайды. Киім мақта, жүн, синтетика, жібек, барқыт 
маталарынан тігіледі. Киім-белгілі бір ұлттың, мідениеттің бет- бейнесін 
көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Қазақ халқының ұлттық киімдері- оның 
тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрінің белгісі. Ұлттық киімдердің етек-
жеңіне ою-өрнек салынады. Киімге бағалы тастар тағылады. 
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында мәдениет, өндіріс, 
экономика дамыды. Осыған байланысты саудагерлер шетелдің сәнді 
киімдерінің үлгілерін әкеле бастады. Қазіргі кезде адамдар жұмыс 
орындары мен мекемелерде костюм-шалбар, жағасы бар жейде, галстук, 
көйлектер сияқты киімдерді киеді. Бүгінде сәнгер- дизайнерлер жаңа 
заманға сай ыңғайлы әдемі киім үлгілерін ұсынуда. Қызметкерлер 
салтанатты кештерге, ресми жиналыстар мен кездесулерге сәнді әрі 
талғаммен киінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет