Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жѕне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет50/112
Дата17.10.2023
өлшемі5,7 Mb.
#117706
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   112
 
Ты
ң
даймыз. О
қ
имыз
.

1-тапсырма

Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
 
Ұлы мәртебелі уақыт.
Уaқыт – aдaм өмірінің aқшaлaй құны. Уaқыт – әркімнің нaқтылы 
өмірлік капитaлы. Кісінің кісілігі уaқытты босқa өлтірмеудeн бaстaлмaқ. 
Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, 


51 
тек біреуі соның үш күнін орынды пайдаланады да, біреуі үш күнін қанағат 
тұтады. 
Уaқыт – біздің өміріміз. Ендеше оны қалай пайдаланып жүрміз. 
Адамның өмірінде оның уақытын ұрлайтын пайдасыз нәрселер көп. 
Уақытты дұрыс пайдалана білмегендіктен де ісіміз оңға баспай жатады.
Қазіргі таңда уақытты тиімді пайдалануды «тайм-менеджмент» деп атап 
жүрміз. Оның мәні – уақытты тиімді пайдалану. Тайм-менеджмент – бұл 
уақытты басқару тәсілдері мен әдістерін зерттейтін менеджмент саласы. 
Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт. Уақытты 
басқару – өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде келіп, мезгілінде кетеді. Бірақ 
еш нәрсеге үлгіре алмайды. Екінші біреу үнемі кешігіп жүреді. Әйтсе де, 
жұмысы өз уақытында тамаша орындап тастайды.
Уақыт – әр адамның ең құнды мүлкінің бірі, шын 
мәнінде сол адамның ықтиярына берілген әрі қайтып 
оралмайтын қор. Бұл үлкен қорды дұрыс қолданылып, бақылауға 
алынған жағдайда ғана адам үшін пайдалы бола алады. Жоспар құрып 
өмір сүретін адам уақытты ұтымды пайдалана алады. Расында әр сағат, әр 
күн – дұрыс әрі есеппен толтырылатын уақыттың ыдысы. Сондықтан 
жұмыссыз өткен уақыттың мағынасы жоқ. Сол себепті өмірдің әр сәтіне 
жоспар құру керек. Бұл іс өте маңызды және қажетті. Сондықтан, «ертең 
туралы ертең ойлаймыз» деген қате пікірге заманауи өмірде орын 
табылмайды. Осыған орай барлық сәтті пайдалану қажет. 
Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт 
белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт – еріншектікті 
жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығарады.
Уaқытты тиімді пайдалану дегеніміз — жақсы-
лыққа ұмтылу. Әрбір сағатыңыздың тықылы сіздің 
өтіп бара жатқан өміріңіз, сіз өз өміріңізге бей-жай қарамайтын 
боларсыз.?! Ендеше күн сайын кететін уақытыңыздың бір бөлігін кітапқа 
арнаңыз, екінші бір бөлігін спортқа дегендей. Ниет болса болғаны, қалған 
игі дүниелер табыла кетеді. Күннің шығысынан кештің батысына дейін 
беріліп жатқан ұзын-сонар сериалдарға қарап, уақытыңызды сарп етпеңіз! 
Уақыт үнемдеудің бірнеше тәсілдері бар. Бірінен кейін бірі кезек 
күттірмейтін тәсілдердің негізгі бес тәсілі:
1. Өз жұмыс үстеліңізді ыбырсытпаңыз. Қалай болса, солай жатқан заттар 
назарды дұрыс нәрселерге аударуға кедергі жасайды. 
2. Жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізге қарап 
белгілеңіз. 
3. Тек өз басыңызға ғана арналған уақыт бөліңіз. Оған сіздің құқығыңыз 
бар. 
4. Адамдарға мейірімді, уақытқа келгенде сараң болыңыз. 
5. Бір жұмысты бітіріп, содан кейін ғана келесісіне көшіңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет