58
1-тапсырма.
Мәтінді таспадан тыңдап, әңгімелеуге
тырысыңыз.
Студенттің уақыты
Студенттің құзырына берілген уақыт екі бөлікке бөлінеді. Бірінші
бөлігіне оқу үрдісіне байланысты мәселелер, оның ішінде дәріс
барысындағы конспект, практикалық тапсырмаларды
орындау, семинарға дайындық, кітапханада отыру т.б.
енеді. Ал, екінші бөлігіне бірінші бөліктен қалатын
минуттарды, яғни, бос уақытты жатқызуға болады. Дәстүр бойынша,
артық уақыт көп болмайды, сондықтан, әрбір минутты пайдалы етіп
өткізген жөн. Заманауи студент бұл уақытты достарымен қыдырып, тамақ
ішіп, кино көріп, тауға шығып, компьютер немесе теледидар алдында
отырумен өткізе алады. Бір жағынан бұл да дұрыс, екінші жағынан спорт,
өнер, тіл үйрену секілді пайдалы істерді де ұмытпаған жөн.
Сіздің
ғылымға, зерттеуге деген талабыңыз бар ма? Дарыныңызды
мәпелеңіз және шыңдаңыз. Арнайы курстарға баруға уақытыңыз болса,
күнделікті тұрмыста пайдаланатын тағамдарыңыз бен заттарыңызды іске
асырыңыз. Әртүрлі сусындардың әсерін, өзгерісін бақылауға алыңыз.
Ғылыми шығармалар оқуды әдетке айналдырыңыз. Ойларыңызды ашық
айта біліңіз. Әрбір университет жанынан түрлі ұйым құрылады. Өзіңіздің
қабілетіңіз жетеді-ау деген ұйымды таңдап, белсенділік танытыңыз. Сіз ол
ұйымда жүріп тәжірибе жинақтайсыз, адамдармен танысасыз, өзіңізді
ұстауды үйренесіз. Түрлі шараға баратын еріктілер қатарына жазылыңыз.
Бұл да жеке өмір сүруді үйрену үшін таптырмас көмекші бола
алады.Мәдени ошақтарды да ұмытпағайсыз, театрға, балетке, операға
барыңыз, қызықты кітап оқуға, үлкен адамдар жиналатын ортаға баруды
әдетке айналдырыңыз. Арнайы жоспар құрып, сонымен жүретін болсаңыз,
мұның бәріне уақыт табуға болады. Студенттің ізденуші
екенін ұмытпаңыз, жақсы маман болу үшін көп оқу, көп
іздену керек.
Қазіргі уақытта мен студентпін.Сондықтан менің әр күнім
бір-біріне өте ұқсас. Біз аптаның алты күні оқимыз, ал
жексенбі күні – демалыс. Денсаулығым мен үшін өте қымбат, сондықтан
бұл күні ең алдымен ұйқымды қандырып аламын, Әдетте сағат 10 немесе
11-ге дейін ұйықтаймын. Содан соң бос уақытымды жоспарлаймын. Ең
алдымен ата –анама көмектесуге тырысамын. Отбасымызбен маңызды
шаруаларды шешеміз. Кейін өз бос уақытымды тиімді пайдалануға
тырысамын, себебі «уақыт алтыннан да қымбат» .
Бос уақытымды мен өте көңілді өткізуге тырысамын. Күннің екінші
жартысында достарыммен хабарласып, Сити орталығында немесе
А.Байтұрсынов алаңында кездесеміз. Бір-бірімізге жаңалықтар айтып,
біраз уақыт демалып қайтамыз. Кейде түнгі клубқа, жаңа фильмді көруге,
кейде шатханаға да барамыз. Ал, анда-санда дүкендерді аралап, өзіме
Достарыңызбен бөлісу: