21
алмасып,
өзара бір-біріне кит кигізіп, сыйлықтар жасайтын. Ол түрлі
қымбат бағалы киімдер, асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардан
қымбат маталардан, мал басынан тұратын.
Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың
жасауын берудің де зор маңызы болды. Жасау қыз
баланың жас кезінен әзірлене бастайтын. Қыздың жасауына киіз үй, кілем,
текемет, сырмақ сияқты бұйымдар, киім-кешек түрлері мен ыдыс-аяқтар,
әр түліктен тұратын мал басы және басқалары кіретін болған.
Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке қию рәсіміне ұласады. Неке –
отбасын құрудың негізі болып табылады. Неке – отбасының заң жүзіндегі
негізі. Неке қию екі түрлі болады. Біріншісі
қаладағы жас жұбайлар
сарайына барып, немесе оның қызметкерлерін (ЗАГС-тің, АХАЖ) тойға
шақырып, сонда некеге отыру. Екіншісі мешітке барып, немесе молданы
тойға алдыртып неке суын ішіп, некелерін қидыру.
Неке
сақинасы.
Этнографтардың зерттеуінше, неке сақинасын
алмастыруды мысырлықтар ойлап тапқан. Сақинаның дөңгелек қалыбы
(формасы) – мәңгілік жұптар арасындағы шексіз бақыт пен махаббатты
бейнелейді. Қазақстанда мемекеттік АХАЖ органында тіркелген неке ғана
танылады.
Қазіргі кезде ең
алдымен қыз бен жігіт танысып, көп уақыт бір-бірін
жақсы біліп, содан соң әке-шешелеріне үйлену ниеттерін айтады. Содан
соң, ата-аналары рұқсат етсе, жігіттің туған- туыстары қыздың үйіне
барып, құда түседі, кейін «Қыз ұзату» және «Үйлену» тойын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: