Байланысты: Абильбекова Б.Т., Қазақ тілі Оқу құралы. -1
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, оқыңыз, аударыңыз. Менің мамандығым – менің болашағым Мaмaндық -
қaрaпaйым өміp сүpу көзі бoлып тaбылатын және қaндaй
да бір дaйындықты, жaуaпкершілікті талап ететін
еңбек қызметінің маңызды бөлігі . Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар.
Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс
орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз
орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма?
Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне
жан-жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға
пайдасын тигізетін мамандықтар ды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау
жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге
енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты
біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның
кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы
ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар
мамандық таңдау ережесін білмегендіктен
өзі
қызықпайтын
мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық,
реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір
адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол
біліміне сай мамандыққа машықтанукерек.
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және
маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам
өзінің қызығушылығына , қабілетіне, бейімділігіне,
қалауына
сүйену
керек.
Қазіргі
таңда
мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес.
Ең бастысы - адам еңбекке