Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жѕне ѓылым министрлігі


ІҮ. Жасы Ол он жеті жасар жігіт - 17 – летний парень



Pdf көрінісі
бет70/112
Дата16.11.2023
өлшемі5,7 Mb.
#124217
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   112
Байланысты:
Абильбекова Б.Т., Қазақ тілі Оқу құралы. -1

ІҮ. Жасы
Ол он жеті жасар жігіт - 17 – летний парень 
 


72 

О
қ
имыз. С
ө
йлейміз
 1-тапсырма. Жоғарыдағы тірек сөздерді қолдана отырып, 
курстастарыңыздың келбетін сипаттаңыз. 
Мысалы: Менің курстас құрбыларым: Анар, Жұлдыз, Шолпан, Мерей, 
Айымгүл. Анар, Шолпан, Мерей ұзын бойлы, ал, Жұлдыз бен Айымгүл 
орта бойлы. Анар мен Айымгүл аққұба, ал, Мерей мен Жұлдыз қараторы, 
ал, Шолпан ақсары қыз. Анар мен Шолпанның көздері үлкен, қара, 
кірпіктері ұзын, қастары қалың, жіңішке. Жұлдыз бен Мерейдің көздері 
үлкен, қоңыр, кірпіктері ұзын, боялған, қастары жіңішке. Айымгүлдің 
көздері көкшіл, кірпіктері ұзын, қастары жіңішке. Барлық қыздардың 
шаштары ұзын, бұйра емес, тек Айымгүлдің шашы толқынды бұйра. 
Менің құрбыларым сымбатты, сүйкімді қыздар. 

Ты
ң
даймыз. О
қ
имыз 
2-тапсырма.
Мәтінді таспадан тыңдап, әңгімелеңіз. 
Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті 
Адам — жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, 
қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам — философиясы, 
әлеуметтану, психология, физиология, педогогика, медицина т.б. 
ғылымдардың объектісі болып табылады. 
Адамның жан дүниесі өте күрделі. Онда жақсылықтың да, 
жамандықтың да әр түрі бар. Олардың қайсы басым түссе, адам соған 
қарай бетбұрыс жасап, өз тұлғасын қалыптастырады. Алайда, өмір
қарама-қайшылықтарға, қиындық, қайғы-мұңға да толы болғандықтан, ол 
жақсы да, жаман да адамның мінез-құлқына әсер етіп, адамда қандай мінез 
басым болса, сол мінез иесін басқарып, өктемдік жүргізеді.
Адамның сыртқы келбеті бірнеше фактордан тұрады. Олар: киім, 
бет, шаш қою, өзін ұстауы. Осының бәрінен гөрі адамның ішкі әлемін 
оның көз жанары айтып тұратыны анық. «Көз – 
адам жанының айнасы» - деп бекер айтылмаған. 
Ал, сырт келбетке қатысты айтылғанда орыстың 
«Киіміне қарай қарсы ал, ақылына қарап
шығарып сал» деген мақалы дөп айтылған. Кейде адамның сыртқы 
келбетінен мінезін, темпараментін, интеллектісін, денсаулығын байқауға 
болады. Дұрыс киіне білу арқылы адам өзінің ішкі құпиясын, мінезінің 
жасырын тұстарын, тұлғалық қасиетін көрсете алады. Мәселен, киімді 
мол, кең етіп пішіп киетіндер – флегматиктер, тарлау етіп киетіндер – 
холериктер, екеуінің ортасын ұстанатындар – сангвинниктер, талғамсыз 
киінетіндер – меланхоликтер. Егер адам қалыптан тыс киінсе, 
көпшіліктен ерекшелініп тұрса, онда ол шығармашылыққа бейім адам.
 
Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да 
әдемі болуға тиіс... Қазіргі заманда адамның сыртқы келбеті тап-тұйнақтай 
киімі тап-таза болуы қажет. Сонда ол адам өз ортасында әріптестерінің 
арасында жүзі жарқын болып жүре алады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет