Дәріс 14. Тақырыбы: Иілу. Иілу кезіндегі ішкі күштер.
Сабақтың жоспары: 1. Иілу. Иілу кезіндегі ішкі күштер.
2. Иілу кезіндегі тік және жанама кернеулер.
Өзектерге көлденең жүктеменің немесе сыртқы қосақтардың (жұптардың) әсері өте жиі болады.
Сонымен қатар өзектің көлденең қимасында иілу моменті пайда болады, ішкі моменттегі әсер ету жазықтығына жазық көлденең қима өзегі перпендикуляр болады.
Осындай жүктеме әсер еткенде өзек осі майысады.
сурет
Жүктеменің осындай түрін иілу деп атайды. Иілуге жұмыс істейтін өзектерді арқалық деп атайды. Көлденең қимада пайда болатын, иілу моменті жалғыз ішкі күштен тұратын болса, онда ондай иілуді таза иілу деп атайды.
Кейде көлденең қима өзектің иілу моментінде жиі көлденең күштерді туындатады. Мұндай иілу көлденең иілу деп аталады.
Егер иілу моменттер ғана болса (көлденең күштер жоқ), онда таза иілу болады. Егер арқалықтың көлденең қимасында иілу моменттерден басқа көлденең күштер болса, онда иілу көлденең иілу деп аталады.
Иілу жазық немесе қиғаш болуы мүмкін. Егер қимадағы иілу моменттің әсер ету жазықтығы арқалықтың көлденең қимасының бас центрлік осьтерінің біреуінен өтсе, онда иілу жазық иілу деп аталады. Басқа жағдайда қиғаш иілу деп аталады.
Арқалықтың осі - көлденең қималардың ауырлық центрлерін қосатын түзу. Ішкі күштерді анықтау үшін қима әдісін қолданады. Қиғаш жазықтығы арқалық осіне перпендикуляр болады. Арқалықтың кесілген бөліктерінің әсерлерін ішкі күштермен алмастырамыз. Олар кесілген бөліктің сыртқы күштерін теңгереді.
Арқалықтың кез келген көлденең қимасындағы көлденең күш қарастырып отырған қиманың бір бөлігіне әсер етіп тұрған барлық сыртқы күштердің қима жазықтығына проекцияларының алгебралық қосындысына тең болады.