Дәріс 13. Тақырыбы: Бұралу. Біліктердің бұралуы кезіндегі ішкі күштер.
Сабақтың жоспары: 1. Біліктердің бұралуы кезіндегі ішкі күштер.
2. Бұралу кезіндегі беріктік және қатаңдық шарттары.
Бұралу кезінде біліктің деформациясын есептеу үшін формуласын пайдаланамыз, сонда аламыз
Z ұзындығындағы валдың деформациясы (қима бұрылысындағы өзаралық бұрыш) тең:
Бұл формула өзінің құрылымы бойынша созу-сығудағы деформацияланатыны анықталатын формулаға ұқсас.
Ұзындықтың бірлігіне келетін бұрау (айналдыру) бұрышын салыстырмалы бұрау бұрышы деп аталады. Ол мынаған тең:
Білік қатаңдығының қажеттігін қамтамасыз ету үшін ең үлкен салыстырмалы бұрау бұрышы мүмкіндіктен асып кетпеу қажет, яғни
Бұл формула бұралу кезінде біліктің қатаңдық шартын өрнектейді. Бұл формулада - біліктің бірлік ұзындығына радианда мүмкін бұрау салыстырмалы бұрышы.