Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет2/16
Дата18.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#34868
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ИНЖ МЕХ КАЗ ЛЕК

Дәріс 2.


Тақырыбы: Күштің оське проекциялары. Байланыстар аксиомасы. Байланыстардың түрлері және олардың реакциялары.

Байланыстар - кеңiстiкте объектiлердiң орын ауыстыруына кедергi жасалатын шектеулер. Байланыстың реакциясы - берiлген байланыстың объектiге, оның орын ауыстыруына кедергi жасай отырып әсер ететiн күшi.


Байланыстан босату принципi : Егер байланыстарды объектiлердiң реакциясымен алмастырса, онда кез келген еркiн емес объектiнi еркiн деп қарастыруға болады.
Кеңістікте кез келген бағытта қозғалыс жасай алатын денені еркін
дене деп атадық. Егер дене кейбір бағыттарда қозғалыс жасай
алмайтын болса, онда ол еркін емес дене деп аталады. Дене қозғалысының еркінділігін шектейтін шарттарды байланыстар деп атаймыз. Байланыстар туралы ұғым – механикадағы күрделі ұғым-дардың бірі, оны толық түрде динамикада қарастырамыз. Статикада қатты денеге қойылатын байланыстар көбінесе қозғалмайтын беттер, сызықтар, нүктелер жəне иілгіш жіптер түрінде кездеседі. Байланыс рөлін атқаратын дене берілген денеге бір күшпен қарсы əсер етеді де оның қозғалысын шектейді. Бұл күшті байланыс реакциясы дейміз. Байланыс реакциясы, байланысты ойша алып тастаған кездегі мүмкін болатын дене қозғалысының бағытына қарама-қарсы бағытталады. Қатты дене статикасында еркін қатты дененің тепе-теңдігі қарастырылады. Көп жағдайларда тепе-теңдігі қарастырылатын дене басқа денелердің қоршауында болады, олардың механикалық əсерлері бұл дененің еркіндігін шектейді. Берілген дене
қозғалысының еркіндігін шектейтін өзге денелер бұл дене үшін байланыстар болып табылады. Демек, статикада байланыс деп,
берілген дененің кейбір бағыттардағы қозғалыстарын болдырмай,
оларға шектеу жасайтын тыныштықтағы денені айтады. Абсолют қатты дене статикасында байланыс рөлін жіп, сырық, бекітілген нүкте, топса жəне басқада түрдегі қозғалмайтын денелер атқарады.
6-аксиома. Байланыстар аксиомасы. Еркін емес денедегі байланыстарды, əсерлерін реакцияларымен ауыстыру арқылы, ойша
алып тастауға болады. Содан кейін бұл дене берілген (актив) күштер мен байланыстар реакцияларының əсеріндегі еркін дене ретінде қарастырылады.
Статика есептерінде кездесетін байланыстарды негізгі төрт түрге
бөлуге болады: 1) Денелердің өзара түйісуі; 2) Денелерді топсалар-
мен байланыстыру; 3) Сырықтар жəне иілгіш байланыстар; 4) Қа-
зықша байланыстар.
Осы айтылған байланыстардың кейбіреулерінің реакцияларының
бағыттары туралы мəліметтер берейік.
1) Идеал тегіс жазықтық, бет немесе қисық. Олар 1.1.5 (а,б),
1.1.6 (а,б)-суреттерінде бейнеленген. Бірінші жуықтауда, үйкелісін
елемеуге болатын тіреу рөліндегі В денесінің бетін идеал тегіс
(жылтыр) бет дейміз. Мұндай идеал тегіс беттің немесе жазық-
тықтың, сызықтың, нүктенің реакциясы N , екі дененің түйіскен
нүктесіндегі ортақ жанамаға нормаль бағытталады.
2) Иілгіш байланыс (жіп, арқан, шынжыр). Бұл түрдегі
байланыстардың реакциялары байланыстардың бойымен олардың
бекітіліген нүктесіне қарай бағытталады (1.1.7-суретте).
3) Салмақсыз сырық. Өзіне түсірілген жүктемемен салыстыр-
ғанда салмағын ескермеуге болатын сырықты салмақсыз сырық
дейміз. Қандайда құрылым құрамындағы денелер бір–бірімен,
ұштары топсалармен бекітілген салмақсыз сырықтармен жалғасты-
рылған болса, онда мұндай сырықтардың реакциялары сырықтардың
бойымен бағытталады (1.1.8.а,б-суреттер). Мұнда сырықтар реакция-
лары R,R1,R2,R3.




4) Денелердің бір–бірімен жылжымалы топсамен жəне қозғалмайтын топсамен бекітілуі. Мұндай байланыстар 1.10.а, б, в-суреттерде көрсетілген, 1.1.9.а-суреттегі байланыс жылжымалы топса
немесе каток деп те аталады. Оның реакциясы тіреу жазықтығына
перпендикуляр бағытталады.
1.1.9.б-суретте қозғалмайтын, цилиндрлік топса көрсетілген.
Қозғалмайтын, сфералық топсаның (1.1.9.в-сурет) реакциясының,
бағыты да, шамасы да белгісіз. Оның тек түсу нүктесі, яғни бастапқы
нүктесі О–ны көрсете аламыз.

Күш. Векторлық шама - физикалық мағынасы оның тек қана сандық мәнiмен ғана емес, сонымен қатар оның кеңістіктегi бағытымен де анықталатын шама
Вектордың координаттық өське түсiрiлген проекциясы деп координаттық өське түсiрiлген вектордың проекциясының басы мен соңын арасындағы орналасқан өсьтiң бөлiгiн айтамыз
Шоғырланған күш деп нүктеге түсiрiлген күшті атаймыз.
Iлгерiлемелi объектіге әсер ететiн күштiң әсерi күштi күш әсер ететiн сызықта жатқан нүктеге орын ауыстырғанда өзгермейді.
Шамалары жағынан бірдей екі күш бiр-бiрiне паралель түрде әр жаққа қарай бағытталғанда теңгеріледі.
Тұтастай алғандагы жүйенiң әсеріне тең келетін әсер күштер жүйесінің қорытқысы деп аталады.
Бiр жаққа бiр түзудiң бойымен әсер ететiн екi күштiң қорытқысы олардың қосындысына тең.
Әр жаққа қарай бағытталған бiр түзудiң бойымен әсер ететiн екi күштiң қорытқысы олардың айырымына тең.
Теңгерушi күш дегенiмiз - күштер жүйесiн тепе-теңдікке әкелетiн күш
Күштердiң теңгерiлген жүйесі деп барлық күштер бiр-бiрiн өзара теңгерген жүйені атаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет