Анықтама сөздері: жеке жұмыс уақыты, абстракталы еңбек, тұтыну құны, қоғамдық-қажетті еңбек уақыты.
4. Айталық, еңбек құн теориясына сәйкес өнімнің бірлігінің құны 2 сағатқа тең болды, ал жұмыс күні өндірілген өнім -5. Егер еңбек өнімділігі 2 есе артса, өнімнің бір бірлігінің құны және оның көлемі неге тең болады?
СДЖ арналған тапсырмалар
1. Натуралды шаруашылықта не тұрақты тапшылықта болады?
А) тауарлар мен қызметтер;
В) табиғи ресурстар;
С) ақша;
Д) уақыт;
Е) интеллектуалды тауарлар.
2. Натуралды шаруашылық дегеніміз:
А) сатуға арналған өнім;
В) өндірісті кеңейту;
С) қоғамдық еңбек бөлінісі;
Д) әмбебап өндірістік еңбек;
Е) тікелей (қолма-қол) байланыс.
3. Құн заңының мәні:
А) қазіргі нарықтық шаруашылықтың апат мінездерін реттейтін, заң;
В) айырбас құны бойынша жүзеге асатын, заң;
С) тауар айырбастары олардың құнының өсуімен көтерілетін және олардың айырбас құндарының түсу кезінде төмендейтін, заң;
Д) тауар құнының шамасы кеткен шығындардың сомаларына тең;
Е)тауарлардың импорт және экспорт құндарының арасындағы ара қатынастар өзгермейді.
4. Ақшаның қызмет қатынастарына не жатпайды?
А) қор жинау құралы;
В) құн өлшемі;
С) айырбас құралы;
Д) тартымдылық құралы;
Е) төлем құралы.
5. Келтірілген қызметтердің қайсысын алтын ақша ғана атқара алады?
А) құн өлшемі;
В) төлем құралы;
С) әлемдік ақша;
Д) айналым құралы;
Е) асыл қазына жинау құралы.
6.Бартер ақшаның қай қызметін атқарады?
А) қор жинау құралы;
В) айналым құралы;
С) дүниежүзілік ақша;
Д) құн өлшемі;
Е) төлем құралы.
7. Ақшаның қандай қызметі баға ұғымын білдіреді?
А) құн өлшемі;
В) қор жинау құралы;
С) әлемдік ақша;
Д) төлем құралы;
Е) айналым құралы.
8. Ақша бірлігін үлкейту, белгілі бір пропорция жолымен ескі ақшаларды жаңа ақшаларға айырбастау:
А) дефляция;
В) деноминация;
С) девальвация;
Д) ревальвация;
Е) нуллификация.
9. Ақша экономикалық категория ретінде-бұл:
А) жалпылама эквивалент қызметін атқаратын товар;
В) басқа товарға қарай құнын анықтайтын товар;
С) алтынмен құнын анықтайтын товар;
Д) алтын және күміс;
Е) товар айырбасына қызмет атқаратын құрал.
10. Қай жылы Қазақстанда ұлттық валюта енгізілді?
А) 1990ж;
В) 1992ж;
С) 1993ж;
Д) 1995ж;
Е) 1994ж;
11. Стипендияны төлеу кезінде ақша қандай қызмет атқарады?
А) құн өлшеуші;
В) айналым құралы;
С) төлем құралы;
Д) жинақтау құралы;
Е) дүниежүзілік ақша;
12. Ақша айналысының көрсеткіштерін көрсетіңіз:
А) берілген елдегі евро және американ доллары және өндірістік дамыған елдердің басқа да валюталары;
В) ақша бірлігі;
С) ақша агрегаттары;
Д) ақша түрлері;
Е) ақша жүйесінің институттары.
13. Нарық шаруашылыгының негізгі субьектілері болып табылатындар:
А) өндіріс факторының иелері;
В) өндірістік, сауда және несие беруші капиталистер;
С) жалдамалы жұмысшылар, капиталистер, жер иелері;
Д) үй шаруашылығы, бизнес және үкімет;
Е) кәсіподақ, кәсіпкерлердің бірігуі, мемлекеттік институттар.
14.Жоғарыда аталғандардың ішінде қайсысы нарық тетіктернің кұрылымдық элементтері болмайды?
А) бәсекелестік;
В) сұраныс;
С) ұсыныс;
Д) бұйрықтық (директивтік) жоспарлау;
Е) баға.
15.Нарық экономикасында «қалай өндіру» мәселесі шешіледі:
А) өндірушілердің ұмтылысы арқылы пайда алу және соған орай,
өндіріс ұстанымын азайту;
В) сұраныс пен қозғалыс арқылы соңғы өнімге белгіленетін баға;
С) өндірісті мамандандыру негізінде;
Д) өндіріс құралдарын экономикада кеңінен қолдану негізінде;
Е) трансакциялық шығынды қысқарту негізінде;
16. Нарық инфрақұрылымы дегенде не түсіндіріледі:
А) өндірістің материалдық жағдайы;
В) өндірістің жалпы жағдайын қамтамасыз ететін, шаруашылық кызметінің саласы мен аясы;
С) қызмет аясы;
Д) өндіріс құралдары;
Е) тауар өндірушілердің тиімді қызметі үшін жалпы жағдайда қамтамасыз, ететін, қызмет аясы мен әр түрлі ұйымдардың жүйесі.
17. Нарық инфрақұрылымының элементтері болып табылатындар:
А) тауарлық жэне қор биржалары, еңбек биржасы, сауда үйлері;
В) әкімшіліктер, соттар, прокуратура;
С) зауыт пен фабрикалар;
Д) өндірістің материалдық жағдайы;
Е) адамның өмірлік қызметінің жағдайы.
18.Нарықтық экономика жағдайындағы тауар өндірушілер арасындағы байланыстардың негізгі нысаны болып табылатындар:
А) шарттар жүйесі;
В) жоспарлы байланыс;
С) тікелей коғамдык қатынастар;
Д) баспа-бас айырбас байланысы;
Е) телеграфтық байланыс.
19. Нарықтың басымдылығына қатысты емес:
А) ресурстарды тиімді бөлу;
В)нарық кімнің ақшасы бар, солардың сұранысын канағаттандыруға бағытталған;
С)барлық шектелген ақпараттардың болуына қарамастан, нарықтың пайдалы қызмет ету мүмкіндігі;
Д) өзгерісті жағдайларға жоғары бейімділік және икемділік;
Е) ғылыми-техникалық революцияның нәтижелерін оңтайлы пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |