Бухгалтерлік шығындарға айқын емес шығындар жатады.
Айқын емес шығындар – ресурстарды жеткізушілерге төлеу.
Өзгермелі шығындар өндіру көлемі нольге тең болғанда болады.
Жалпы шығындар өзгермелі және тұрақты шығындар сомасына тең.
Орташа тұрақты шығындар үнемі өсіп отырады.
Фирма табысы- өндірілген және сатылған өнімнің ақшалай эквиваленті.
Орташа табыс жалпы табыстың сатылу көлеміне қатынасы арқылы анықталады.
Жалпы табыс шекті табыс оң болғанша өсе береді.
Пайда табысқа байланысты емес.
Тапсырмалар мен жаттығулар: 1.Шолпан теріден жасалатын заттарды тігумен айналысатын кішігірім шеберхананың иесі. Шолпанмен бірге шеберханада Мақпал мен Айман жұмыс істейді. Ай сайын Шолпан оларға 30 мың теңге төлейді. Жұмыс орнын жалға алғаны үшін Шолпан жылына 20 мың теңге төлейді. Одан басқа, Шолпан 40 мың теңгеге арнайы жабдықтар сатып алды. Егер ол өзінің ақшалай қаржысын қолданудың басқа бір жолын тапқанда, Шолпан 80 мың теңге жылдық табыс алатын еді. Шолпан өз бизнесін ұйымдастырғанға дейін өзіне пайдалы, айлық жалақысы 30 мың теңге жұмыстан бас тартты. Егер жоғарыда аталған шығындардан басқа, Шолпан әртүрлі салықтар төлесе, ол салықтар Шолпанның жалпы жылдық шығындарының жуық шамамен алғанда 40%-ін құраса, онда Шолпанның экономикалық және бухгалтерлік шығындарының көлемі қандай болады?
2. 20 бірлік өнімнің жалпы шығыны -100 долл., ал 21-ші өнім – 106 долл. Табу керек шекті шығынды 21-ші өнімнің?
3.Кестені толтырыңыз.
Q, саны
TC, мың.тг
Табу керек
FC
VC
MC
0
60
1
140
2
180
3
240
4
420
4.Кестені толтырыңыз.
Шығару көлемі
Тұрақты шығындар
Өзгермелі шығындар
Жалпы шығындар
Орташа шығындар
Шекті шығындар
FC
VC
TC
0
20
0
1
20
10
2
20
20
3
20
25
4
20
36
5
20
50
6
20
70
5.Фирма қысқа толқынды пештерді шығаруға 500 мың.теңге салуға шешім қабылдады.Өндірістің өзі жылына 200 мың.теңге екен. Нарықтағы сараптама көрсетті, фирма айына қысқа толқынды пештерді 225 мың.теңгеге сата алатынын. Бұл өндіріс фирмаға пайдалы ма?
6. Егер бастапқы капитал -8млн. Амортизация нормасы-18%, эксплуатацияда болды- 4 жыл, капиталдық жөндеу-1,8 млн, модернизациялауға – 2 млн. Табу керек қалған құнының?
7.Станок құны -20мың$. Эксплуатация мерзімі -10жыл. Табу керек жыл сайынғы амортизациялық жинақты және амортизациялық нормасын?
8. Еңбек ақы бір жылда 5%. Салықтар 3% өсті. Бағаның өсуіне байланысты бірінші қажетті заттарға шығындар 10% көтерілді. Нақты еңбек ақы қалай өзгерді?
9. Егер жердің иесі жыл сайын 60 мың теңге жер рентасын алып отырса, ал банктер салушыларға 10% жылдық төлесе. Жер учаскесінің бағасы қандай болады?
СДЖ арналған тапсырмалар
1. Тұрақты және өзгермелі шығындар жиынтығы шығынның қай түрін береді:
А) нақты шығындарды;
B) тұрақты шығындарды;
C) жиынтық шығындарды;
D) нақты емес шығындарды;
E) өзгермелі шығындарды.
2. Пайданың бұл түрі фирманың жалпы түсімінен барлық шығындарды (сыртқы және ішкі) алып тастағанда туындайды:
А) орташа тұрақты пайда;
B) экономикалық пайда;
C) альтернативті пайда;
D) қалыпты пайда;
E) бухгалтерлік пайда.
3. Фирманың шикізат, қондырғы, көлік, энергияны сырттан сатып алуға жұмсаған шығындары, демек кәсіпорын құрамына кірмейтін жабдықтаушылардан сатып алулары:
А) нақты шығындар;
B) тұрақты шығындар;
C) альтернативті шығындар;
D) инвестициялық шығындар;
E) орташа тұрақты шығындар.
4. Пайданың бұл түрі фирманың жалпы түсімінен барлық шығындарды (сыртқы және ішкі) алып тастағанда туындайды:
А) орташа тұрақты пайда;
B) экономикалық пайда;
C) альтернативті пайда;
D) қалыпты пайда;
E) бухгалтерлік пайда.
5. Шығынның бұл түрі жиынтық шығындардың өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады ТС/Q:
А) орташа нақты шығындар;
B) орташа тұрақты шығындар;
C) орташа альтернативті шығындар;
D) орташа жиынтық шығындар;
E) орташа өзгермелі шығындар.
6. Өндіріс көлемінен тәуелді болатын шығындар, оларға шикізат, материал және еңбек ақыға шығындар жатады:
А) нақты шығындар;
B) тұрақты шығындар;
C) альтернативті шығындар;
D) нақты емес шығындар;
E) өзгермелі шығындар.
7. Тұрақты және өзгермелі шығындар жиынтығы шығынның қай түрін береді:
А) нақты шығындарды;
B) тұрақты шығындарды;
C) жиынтық шығындарды;
D) нақты емес шығындарды;
E) өзгермелі шығындарды.
8. Әр қосымша өнім бірлігін өндіру үшін қажет шығындар:
А) шекті шығындар;
B) тұрақты шығындар;
C) альтернативті шығындар;
D) нақты емес шығындар;
E) орташа тұрақты шығындар.
9. Өндіріс көлемінен тәуелсіз болатын шығындар; оларға амортизация, рента және т.б. жатады:
А) бухгалтерлік пайда;
B) экономикалық пайда;
C) альтернативті пайда;
D) қалыпты пайда;
E) орташа тұрақты пайда.
10. Пайданың бұл түрі фирманың жалпы түсімінен сыртқы шығындарды алып тастағанда туындайды:
А) орташа тұрақты пайда;
B) экономикалық пайда;
C) альтернативті пайда;
D) қалыпты пайда;
E) бухгалтерлік пайда.
11. Капиталдың жалпы формуласын көрсет:
А) Т-А-Т.
В) А-Т-А.
С) А-Т-А.
Д) А-Т-Т.
Е) Т-Т-А.
12. Материалдық өндіріске төмендегілердің қайсысын жатқызуға болады?
А) материалдық-техникалық жабдықтау;
В) білім беру;
С) басқару органдары;
Д) несиелік мекемелер;
Е) денсаулық сақтау.
13. Айналмалы өндіріс қорлары-бұл:
А) өндірісте жасалып шығарылған дайын өнімдер;
В) ғимараттар, құрал-жабдықтар;
С)өндіріс кезеңінде өзінің құнын бөліп ауыстыратын материалдық қаржылар;
Д) тұтынушыларға тиеп жіберуге дайындалған өнімдер;
Е) бір өндіріс кезеңінде толық шығындалатын және дайын өнімге құнын толық ауыстыратын материалдық қаржылар.
14. Тауар – бұл:
А) басқа өнімге айырбастау немесе ақшаға сату үшін өндірілген өнім;
В) өндірісте пайдаланылатын ой және еңбек күштерінің бірлігі;
С) бұл табиғаттың өнімі;
Д) еңбек барысында адамдар пайдаланылатын еңбек құралы;
Е) болашақ өнімнің материалдық негізін қалайтын заттар.
15. Негізгі капитал- бұл:
А) тұтыну бұйымы;
В) бірнеше айналымға қатысатын, өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын өндіріс құрал-жабдықтарының бір бөлігі;
С) өндіріс қаражаты;
Д) еңбек бұйымы;
Е) жұмыс күші.
16. Капиталдың айналым жылдамдығы – бұл:
А) өндіріс уақыты;
В) бір жыл ішінде қорлардың жасайтын айналымдар саны;
С) жұмыс күшінің бір өндіріс кезеңіндегі ауысуы;
Д) өнімнен түскен қаржыны кәсіпорынға қайтару мерзімі;
Е) айналым уақыты.
17. Өндіріс процесіне бірнеше рет қатысып, өз құнын өнімге біртіндеп өткізетін құралдар, олар ғимарат, қондырғы және т.б.:
А) айналмалы капитал;
B) айналыс қорлары;
C) негізгі капитал;
D) өндіріс емес капитал;
E) дұрыс жауап жоқ.
18. Амортизацияны есептеу кезінде капитал құнын жыл сайын бірдей мөлшерде шегеріліп, амортизациялық қорға аударылады:
А) қарапайым амортизация;
B) ауыспалы амортизация;
C) жылдамдатылған амортизация;
D) қысқартылған амортизация;
E) ұзартылған амортизация.
19. Негізгі капиталдың өндіріс процесінде пайдалануына жарамай қалуы, істен шығуы:
А) моралды тозуы;
B) физикалық тозуы;
C) техникалық тозуы;
D) өндірістік тозуы;
E) дұрыс жауап жоқ.
20. Амортизацияны осы әдіспен есептеу кезінде амортизация нормасы екі есе арттырылады, ол ҒТП байланысты, соның арқасында қондырғыны пайдалану мерзімі азаяды:
А) қысқартылған амортизация;
B) ауыспалы амортизация;
C) қарапайым амортизация;
D) жылдамдатылған амортизация;
E) ұзартылған амортизация.
21. ӨҚ
А – Т .... Ө .... Т '– А' ЖК
қандай процесті сипаттайды:
А) меншік қаражат айналымы;
B) капитал айналымы;
C) жеке ұдайы өндіріс;
D) капиталдың ауыспалы айналымы;
E) қарызға алынған қаражат айналымы.
22. Негізгі капиталдың моральды және физикалық тозуының құндық бағасы:
А) капитал айналымы;
B) ауыспалы айналым;
C) амортизация;
D) бәсеке;
E) сұраныс.
23. Салық – бұл:
А) мемлекеттік жәрдем;
В) қайырымдылық шығындар;
С) айып пұл санкциясы;
Д) міндетті төлем;
Е) әлеуметтік көмектер.
24.Дифференциалды рента 1-ді кім иемденеді және неге?
А) жер иесі;
В) жалгер;
С) мемлекеттік және жергілікті үкімет органы;
Д) жергілікті үкімет органы;
Е) мемлекет.
25.Қай рента капиталмен және еңбек тиімділігіне байланысты?
А) абсолюттік рента;
В) дифференциалдық рента 2;
С) дифференциалдық рента 1;
Д) пайда;
Е) монополиялық рента.
26. Дифференциалды рентаның пайда болу себебі:
А) жердің шектілігі;
В) жердің орналасуы және әртүрлі құндылықтың болуы;
С) шаруашылықтың объектісі ретінде жерге монополия;
Д) жерге деген меншік монополиясы;
Е) абсолютті рента.
27.Екінші дифференциалдық рента?
А) жердің нарыққа жағын болуымен байланысты пайда;
В) капиталдың үстеме салымын қажет етеді;
С) егіншілікті экстенсивті жүргізу әдісін тілейді;
Д) барлық жерлерден алынатын пайда;
Е) жердің сапасының әр түрлі болатынымен байланысты пайда.