Келесі пікірлер дұрыс па: 1.Қаржылар бақылаушы қызмет атқарады.
2. Мемлекеттік қаржы құрамына тек мемлекеттік бюджет кіреді.
3.Бюджеттің әр деңгейінің өзінің жеке табыс көзі болады.
4.Субъект және салық тасушы – бұл бір тұлға.
5. Бюджет жыл сайын балансталуы керек.
6.Векселді басқа адамға беруге болады.
7.Несиелік жүйенің жоғарғы деңгейі коммерциялық банктермен берілген.
8. Инфляция жағдайында «қымбат ақша» саясаты жүргізіледі.
9. Проценттік ставканың бекітілуі тек қысқа мерзімде лайықты.
10. Ақшаға деген сұраныс процент ставкасы деңгейімен тікелей байланыста болады.
Тапсырмалар мен жаттығулар: 1. Ақша агрегаттары М1, М2, М3 анықтаңыздар. Егер елдегі қолма-қол ақша 480 б., шұғыл ұсақ салымдар 100 б., ірі шұғыл салымдары 120 б., жинақтау салымдары 100б., чектік салымдар 160б., талап еткенге дейінгі салым-200б.
2. Жетіспейтін мәліметтермен 15.1-сызбасын толтырыңыз.
Қаржы жүйесі
?
?
Мемлекеттік бюджет
?
?
?
?
Анықтама үшін сөздер; мемлекеттік кәсіпорындардың қаржысы; бюджеттен тыс қор; орталықтандырылмаған қаржы; мемлекеттік емес кәсіпорындардың қаржысы; орталықтанған қаржы; мемлекеттік несие.
3.Есепті шығарыңыздар.
Экономика келесі жағдайлармен сипатталған:
С=20+0,8 (Y-T+F) I=60; T=40 (салықтар); F=10 (трансферттер); G=30
А) Тепе-тең табыс көлемін анықтаңыз.
Б) Үкімет экономиканы ынталандыру үшін шығындарды 40-қа арттырады.
жоспарланатын шығындар қисығы қалай өзгереді;
тепе-тең табыс көлемі қалай өзгереді;
мем.шығындар мультипликаторы нешеге тең;
МБ сальдосы қалай өзгереді.
В) Үкімет салықтарды 40-тан 50-ге арттырмақшы (G=30 көлемінде).
жоспарланатын шығындар қисығы қалай өзгереді;
тепе-тең табыс көлемі қалай өзгереді;
салықтар мультипликаторы нешеге тең;
МБ сальдосы қалай өзгереді.
Г) Үкімет бір мезгілде шығындарды 30-дан 40-қа, салықтарды 40-тан 50-ге арттырмақшы.