Келесі пікірлер дұрыс па: 1.Дамушы елдерге ішкі сауданы диверсификациялау керек.
2. Сауданың шарты серіктестіктердің бір-бірінен сауда қатынасқа түсуге тілек білдіру деңгейін көрсетеді.
3.Салааралық сауда барлық өндіріс факторларының иелерінің табысын азайтады.
4.Протекционизм көп жақты бола алмайды.
5.Тариф-бұл бюджеттік табыстардың қайнар көзі.
6.Патент-бұл авторға берілетін құқық.
Есепті шығарыңыздар 1. Елдердегі бидайға сұраныс функциясы X/QD=100-20P;
Елдердегі бидайға ұсыныс функциясы QS=20+20P;
а) Х еліндегі импортқа сұраныс функциясының түрін анықтаңыздар, импорттың сұраныс сызығының суретін салыңыздар.
Сыртқы сауда жоқ болған жағдайдағы бидай бағасы қандай?
б) У еліндегі экспорттық ұсыныс функциясын анықтаңыздар. Экспорттық ұсыныс сызығының суретін салыңыздар. У еліндегі сыртқы сауда болмаған жағдайда бидай бағасы қандай?
в) Х және У елдері өзара сауда жасайды, көліктің шығындары 0-ге тең, сауда көлемі және бидайдың әлемдік бағасы қандай болады?
2. Сыртқы саудадан кім көп ұтатынын анықтаңыздар: экспорттаушы елддегі тұтынушылар, импорттаушы елдергі өндірушілер, импортпен бәсекеге түсетін салалар, жас өндіріс салалары, экспорттық бағыттағы салалар.
1. Халықаралық еңбек бөлінісі неге байланысты дамиды?
А) елдің салыстырмалы артықшылығына;
В) капиталдың ауып-жылжуына;
С) жұмыс күшінің көшіп-қонуына;
Д) елдің абсолютті артықшылығына;
Е) өндірушілердің оқшаулануына.
2. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формаларына не жатпайды?
A) халықаралық сауда;
B) халықаралық жұмыс күші;
C) капитал тарту;
D) халықаралық қаржы және валюта нарығы;
E) экспорт және импорт.
3. Егер екі мемлекет арасында өзара сауда басталса, онда Қазақстан:
А) Шарап импорттайды
B) Шарап экспорттайды
C) Шарап және талшық импорттайды
D) Шарап және талшықты экспорттайды
E) Ештеңені импорттамайды және экспорттамайды
4. Сауда үрдісі басталмай тұрып әр мемлекет үшін өзінің ішкі өндіріс шығындарын айқындайтын баға қатынастарына тән. Егер Қазақстан және Өзбекстан арасында сауда дамыса, онда шарап бағасының талшық бағасына қатынасы:
А) Қазақстан мемлекетінде өсіп, Өзбестанда төмендейді
B) Қазақстанда төмендеп, Өзбестанда өседі
C) Екі мемлекетте де өседі
D) Екі мемлекетте де кемиді
E) Бір мемлекетте де өзгермейді
5. Егер екі мемлекет арасында тұрақты сауда байланыстары орнаса, онда талшық бағасының шарап бағасына қатынасы:
А) Екі мемлекетте де 1,2
B) Қазақстанда -1,8, Өзбекстанда -1,5
C) Екі мемлекетте де -1,6
D) Қазақстанда -2,1, Өзбекстанда -1,3
E) Екі мемлекетте де -2,3