Екі өлшемді массивтер
Turbo Pascal программалау тілі бір өлшемді массивтермен қатар екі өлшемді және көп өлшемді массивтерді қолдануға мүмкіндік береді. Егер массивте екі индекс болса, онда оны екі өлшемді массив деп атайды және екі өлшемді массив матрица деп те аталады.
Екі өлшемді массивтерде жол мен бағанның қиылысуында орналасқан әрбір элементтің орны сол жол және баған номерімен анықталады. Сондықтан екі өлшемді массивті сипаттау үшін екі индекс қолданылады. Массивтің элементін жазу кезінде индекстер массивтің атынан соң тік жақша ішіне жазылады және олардың арасына үтір қойылады.
Екі өлшемді немесе көп өлшемді массивтермен жұмыс істеу үшін, олар сипаттау бөлімінде көрсетілуі тиіс.
Екі өлшемді массивті var бөлімінде сипаттаудың жалпы түрі:
Var массив атауы: массив типінің атауы;
Екі өлшемді миассивті type бөлімінде сипаттаудың жалпы түрі: type
Массив типінің атауы = array \аІ..ап bl..bn. \ of элемент muпі;
Мұндағы, al..an,bl..bn - екі өлшемді массивтің көлемі;
а1 және ап массив қатарының алғашқы және соңғы мәні; b1 және bn - массив бағанының алғашқы және соңғы мәні.A [n,m] - массивін сипаттау жолы.
Мысалы, натурал сандардан тұратын, өлшемі N x M болатын екі өлшемді массивті сипаттау былай орындалады:
Var Mas: Array [1…N] of integer;
Файлдармен жұмыс істеу.Файлды ашу.
Паскаль программалау тілінде файлды оқуға, жазуға, сондай-ақ; қайта оқып жазуға және ашуға болады.
Файлды ашу алдын ала анықталған файлдық айнымалы арқылы және Assign процедурасының көмегімен байланыстырылады. Файлды ашу кезенінде алдымен дискіден көрсетілген файл ізделеді немесе жаңа файл ашылып, ағымдағы бағыттағыш файл басына орналастырылады.
Reset процедурасы
Reset процедурасы текстік файлды тек информацияны оқуға ашады. Егер типтелген немесе типтелмеген файлдарға қолданылса, онда Reset процедурасы бұл файлдарды оқуға және жазуға ашады. Reset процедурасын жалпы қолдану түрі:
Reset (Var f [: File; Recsize : Word]);
Мұндағы:
F - файлдық айнымалы;
Recsize - деректерді беруге арналған жазылым көлемін анықтайды (типтелмеген файлдарға қолданылады).
Reset процедурасын қолдану үшін аты аталған файл дискіде болуы тиіс. Егер аты аталған файл дискіден немесе бумадан табылмаса, онда экранға қате белгісі шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |