Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Нотадағы дыбыстардың үзақтық мөлшері және паузалары



бет5/34
Дата27.11.2023
өлшемі3,31 Mb.
#128679
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Оқу құралы

2.3. Нотадағы дыбыстардың үзақтық мөлшері және паузалары

Ноталардың ұзақтығы


Бүтін нота – боялмаған дөңгелекше, санау 1-ге, 2-ге, 3-ке, 4-ке;
Жарты нота – боялмаған дөңгелекше, бірақ штиль салынған, санау 1-ге, 2-ге;
Ширек нота – жарты нота сияқты, бірақ дөңгелекше боялған, санау 1-ге;
Сегіздік нота – ширек нота сияқты, жалауша жазылған немесе қабырға жазылған (егер ноталар топталса) санау 1 немесе 1-дің жартысы;
Он алтылық нота – сегіздік нота сияқты, бірақ жалауша немесе (қабырға) екі көлденең сызықшамаен бейнеледі, санау: екі он алтылық нота бір сегіздік нотаға тең.

Паузалардың ұзақтығы
Бүтін пауза – санау 1-ге, 2-ге, 3-ке, 4-ке;
Жарты пауза – санау 1-ге, 2-ге;
Ширек пауза – санау 1-ге;
Сегіздік пауза – санау 1 немесе Ге;
Он алтылық пауза – санау: екі он алтылық пауза бір сегіздік нотаға
тең.


2.4. Альтерация белгілері

Дыбыс қатарының негізгі сатыларының атын өзгертпей, арнайы белгілер арқылы жарты немесе бір тонға төмендету немесе жоғарылату альтерация деп аталады. Альтерация белгілері бесеу: диез, дубль-диез, бемоль, дубль-бемоль және бекар. Олар келесі үлгіде жазылады:



Альтерация белгілерінің ноталардың биіктіктігіне қарай қызметі:


Диез – негізгі дыбысты жарты тонға жоғарылатады;
Бемоль – негізгі дыбысты жарты тонға төмендетеді;
Дубль-диез – негізгі дыбысты бүтін тонға жоғарылатады;
Дубль-бемоль – негізгі дыбысты бүтін тонға төмендетеді;
Бекар – алдыңғы белгілердің әрекетін жояды. Нота дыбысы таза күйінде қалады.


2.5. Дыбыстардың ұзақтығын ұзартатын қосымша белгілер

Нота жазуында негізгі ұзақтықтардан басқа, ұзақтықты ұзартатын қосымша белгілер қолданылады. Оларға келесі белгілер жатады:


а) Нүкте, нотаның оң жағына қойылып, оның ұзықтығын жартысына дейін ұзартады:


=  +  .
=  +  .
в) Фермата, музыкалық дыбысты өз қалауынша ұзартатын белгі. Фермата доғаның ортасында нүктесі бар жарты шеңбер түрінде болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет