Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Тұлғаның дамуындағы заңдылықтар мен қозғаушы күштер



бет27/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#16877
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
3.Тұлғаның дамуындағы заңдылықтар мен қозғаушы күштер.

Жеке тұлғаның дамуында тәрбие процесі қоғамның мәнін әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға , оның қоғамға, адамдарға және олардың қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге бағытталады. Адамның қоғамдық мәнінің өмірдің түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғұрлым аумақты, кең болған сайын оның рухани жан дүниесі соғырлым бай болады.

Тәрбие бұл педагогикалық құбылыс. Бұл жағдайда педагогикалық құбылыстар мен процестер арасында байланыс болады. Осыған сәйкес жеке тұлғаның дамуындағы кейбір заңдылықтарды атауға болады.

1.Тәрбиенің қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік мүмкіншілігі өскелен өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғырлым жастардың келешегіне , адамгершілік қасиеттерінің дамып қалыптасуына игі әсер етеді.

2.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің рөлі зор. Іс-әркет барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады, олар : қарым-қатынас, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.

Бұл жерде қарым-қатынас белсенділігі арқылы оқушы сыныптас достарымен басқа да адамдар мен қарым –қатынас жасайды. Қарым-қатынас белсенділігі нәтежиесінде тұлғаның бойында мінез-құлық қасиеттері, қамқорлық, қайырымдылық, жауапкершілік сезімі қалыптасады.

Тұлғаның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділгі сапа жағынан ішкі факторға айналады. Бұл жағдайда жеке тұлға тек айналадағы дүниені танып қоймайды, олар өзінің ішкі дүниесіне үніле білуі керек, яғни оқушы бір жағынан тәрбие обьектісі, ал екінші жағынан тәрбие субьектісі болады.

Жеке тұлғаның дамуы мен тәрбие процесінде түрлі өзгерістер болып отырады. Баланың организімі бүкіл өмірінде әртүрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы дамиды. Оларға организімнің өсіп жетілуі, ақыл-ойының дамуы, міңез құлықтың қалыптасуы жатады. Осындай өзгерістердің барлығы табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің ықпал етуіне байланысты. Әлеуметтік орта мен тәрбие балаға әртүрлі дәрежеде әсер етеді. Өйткені, баланың сыртқы әсерді қабылдауы, оның ішкі сезіміне , санасына байланысты. Сондқтан қабылдау процесінде баланың санасында ішкі қайшылық туады, бұл дамудың қозғаушы күші болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет