Адамгершілік сананы қалыптастыру:
Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы ұзақ та күрделі процесс, ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына жақын адамдардың өзара қатынастарынан басталады. Мектепке келгеннен бастап балаларға қойылатын талап та өседі. Бірінші сыныптағылар басқалардың жағдайларымен санаса білулері керек екендігін үйренеді, сабақта, жұмыста бір-біріне кедергі болмаудың қажеттігін түсінеді.
Адамгершілік сенім, адамгершілік сананы, адамгершілік талаптарды білу, түсіну және соған сай қарым-қатынаста болуды қамтиды.
Сенім адамның білімінің негізінде туындайды. Ол өзінің сенімін қандай бір жағдай болмасын оны қорғауға және өзінің сенімінен таймауға, қарым-қатынас жасауға тырысады. Бұл үшін адамгершілік ереже, нормалар, мінез-құлық қасиеттері туралы арнайы ағарту жұмысы болу керек.
Адамгершілік ағарту жұмысы адам баласының ең парасатты қасиеттері, адам өмірінің адамгершілікке негізделген салт-санасы туралы кең, жан-жақты түсінік береді.
Адамгершілік тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиенің екі жақтылық сипатын негізге алу керек: “Объективті жағы – ол жеке адамға қоғамның қоятын арнайы адамгершілік талаптары. Ал субъективтілігі: - ол жеке адамның қоғамға, еңбекке, адамдарға өзінің қоғамдық нормалары мен талаптарды меңгеруіне қарай - қарым-қатынас жасауы, мінез-құлық қасиеттерін көрсетуі жатады.
Тәрбиедегі негізгі мақсат – оны жоғарыда айтылған адамгершіліктің объективті нормасына айналдыру.
Бала тұтас педагогикалық процесс барысында қалыптасады. Баланың адамгершілік сенімі өмір тәрбиесі барысында бекиді.
Достарыңызбен бөлісу: |