Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым Министрлігі


Асинхронды қозғалтқыш сұлбасындағы магнитті іске қосқыштар



бет7/10
Дата27.04.2022
өлшемі2,25 Mb.
#32541
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
маг пуск

4.Асинхронды қозғалтқыш сұлбасындағы магнитті іске қосқыштар.

«Іске қосу», «Тоқтату», «Алға», «Артқа» батырмаларымен магнитті іске қосқышты қашықтықтан басқару орындалады.



Басқару батырмаларын екі түрде дайындайды: ажырататын және тұйықтайтын.

«Тоқтату» батырмасы қызыл түсті болады. Батырмада магнитті іске қосқышты басқару сұлбасына қоректендіру кернеуі өтетін ажырататын (қалыпты тұықталған) түйіспе қолданылады.


Бастапқы қалпында батырма басылмағанда батырманың қозғалатын түйіспесі төменгі жағынан серіппемен басылып, қозғалмайтын екі түйіспені өзара қосып тұйықтайды. Егер батырма электрлі тізбекте тұрса, онда осы кезде оның бойымен тоқ өтеді.Тізбекті ажырату қажет болғанда батырманы басады да,



қозғалатын түйіспе қозғалмайтын түйіспеден кетіп, тізбек ажыратылады.
Жіберген уақытта батырма қозғалмалы түйіспені басып тұратын серіппемен
қайтадан бастапқы қалпына қайтып, ол қайтадан екі қозғалмайтын түйіспені
тұйықтайды.



«Іске қосу» батырмасын ережеге сай қара немесе жасыл түске бояйды.
Батырмада тұйықтаушы (қалыпты ажыратылған) түйіспесі қолданылады, оны тұйықтаған уақытта батырма арқылы электрлі тоқ өте бастайды. «Іске қосу» батырмасы «Тоқтату» батырмасы сияқты құрылған, ерекшелігі бастапқы қалпында оның қозғалмалы түйіспесі қозғалмайтын түйіспені тұйықтамайды – яғни ол үнемі тұйықталмаған жағдайда болады. Суреттің сол жақ бөлігінде көрініп тұрғандай қозғалмалы түйіспе тұйықталмаған және серіппемен жоғарғы жаққа басылған. Батырманы басқан кезде қозғалмалы түйіспе төмен түсіп, екі
қозғалмайтын түйіспені тұйықтайды.

Магнитті іске қосқышты басқару тізбегінің монтаждық сұлбасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет