В 93 Жоғары молеулалық қосылыстар: лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар/ құраст. Т. С. Байжұманова. – Павлодар, 2005. – 21 б.
Жұмыс барысы: титрлеуге арналған термостатталған ұяшықтарда келесі рН – мәндерімен 6 ерітінділер дайындайды: 6,5; 6,0; 5,5; 5,0; 4,5; 4,0. Ол үшін әрбір 20 мл. дистильденген суға қажетті мөлшерлі 0,01н. ерітіндісін құяды. Ерітінділердің рН-ын 400 С (рНI) өлшейді. Содан кейін бұл ерітінділерді 6 нөмірленген стакандарға құйып оның әр қайсысына желатинаның 1% ерітіндісін даярлауға қажетті мөлшерін құяды. Желатинаны араластырып 400С қыздырып ерітеді. Содан кейін барлық ерітінділердің рН-ын қайта анықтайды (рН2). Нәтижелерді кестеге енгізеді.
Эксперимент нәтижелерін өңдеу
/∆рН / дегеніміз желатинасыз ерітіндінің рН мәні және сол ерітіндіге желатинаны қосқаннан кейінгі айырмашылық. Кестеде берілген мәндер бойынша график тұрғызады. Желатинаның изоиондық нүктесін белгілейді.