Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым минситрлігі


 ДӘРІСТІК КЕШЕН (ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ)



Pdf көрінісі
бет5/50
Дата14.02.2022
өлшемі1,26 Mb.
#25436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
қолданбалы бизнес Силлубус

 

8. ДӘРІСТІК КЕШЕН (ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ)

 

 

1 Тақырып. Жеке кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық –

құқықтық нысандары. 

Кәсіпкерлік  құқық  субектілерінің  түсінігі.  ҚР  Кәсіпкерлік 

Кодексінің  2  бабында  берілген  кәсіпкерлік  түсінігі  келесі 

белгілерді қамтиды: 

1.  Кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыру  еркіндігі  –  оның 

маңызды белгісі болып табылады. Еркіндік дегеніміз тұлғаның өз 

қызметін, өз қалауынша мемлекеттік органдардың араласуынсыз 

ұйымдастыруын  білдіреді,  дегенмен  мемлекет  тарапынан 

бақылау 

мен 


реттеуді 

жоққа 


шығармайды. 

Қызметті 

ұйымдастыру, оның мазмұны мен нысанын таңдау, қызмет түрін 

таңдау  бойынша  мәмілеге  отыру  кезінде  тараптардың  таңдауы 

бойынша  және  баға  қалыптастыру  бойынша  мәселерде  шешім 

қабылдауды  кәсіпкер  үшінші  жақтың  араласуының  кәсіпкер  өз 

еркімен  жүзеге  асырады.  Ерікті  баға  қалыптастыру  кәсіпкердің 

экономикалық  тәуелсіздігінің  бірден-бір  маңызды  шарты  болып 




 

 

13 



табылады.  Дегенмен,  бұл  тәуелсіздік  абсолютті  бола  алмайды, 

себебі  бағаны  өзіндік  реттеуші  болып  тауарлар  нарығының 

жағдайы есептеледі. 

2.Кәсіпкерлік  қызмет  кәсіпкердің  тәуекел  етуімен  жүзеге 

асырылады.  Болжанған  және  алынған  нәтиже  әрқашанда  сәйкес 

келе  бермейді,  бірақта  олардың  сәйкес  келмеуі  әрқашан 

кәсіпкердің  іс  әрекетіне  қатысты  бола  бермейді;  кәсіпкерлік 

тәуекел дегеніміз – кәсіпкер қабылдауға тиісті материалдың және 

материалдық  емес  сипаттағы  белгілі  бір  қолайсыз,  келеңсіз 

нәтижелер  деп  танылады.  Кәсіпкерлік  тәуекелді  кәсіпкердің 

мүліктік  жауапкершілігінен  алынады.  Мүліктік  жауапкершілік  – 

бұл кәсіпкердің құқық бұзу жағдайында туындаған материалдық 

сипаттағы  келеңсіз  нәтиже.  Сондықтан,  тәуекел  туындау 

нәтижесінде  кәсіпкер  үшін  туындаған  келеңсіз  нәтижелер 

мүліктік  жауапкершілік  туындау  негізіне  қарағанда  кәсіпкердің 

белгілі бір әрекет жасау қажеттігімен байланысты болмайды. 

4.Кәсіпкерлік  қызмет  таза  табыс  табуға  бағытталған  міне 

осы белгі бар қызмет мәнін анықтайды. 

Капитал  жинастыру  мақсаты  коммерциялық  ұйымдарды 

коммерциялық белестердің қызметін ажыратуға мүмкіндік береді. 

Сонымен қоса, табыс пен пайда түсініктерін ажырату керек. 

Кәсіпкерлік 

қызметті 

жүзеге 


асыратын 

азаматтар, 

оралмандар  және  мемлекеттік  емес  коммерциялық  заңды 

тұлғалар 

(жеке 

кәсіпкерлік 



субъектілері), 

мемлекеттік 

кәсіпорындар  (мемлекеттік  кәсіпкерлік  субъектілері)  кәсіпкерлік 

субъектілері болып табылады. 

Кәсіпкерлік  субъектісі  болып  табылатын  жеке  тұлға  осы 

Кодексте көзделген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеледі. 

Кәсіпкерлік  субъектісі  болып  табылатын  заңды  тұлға 

Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексінде  көзделген 

ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін. 

Жұмыскерлердің  жылдық  орташа  санына  және  жылдық 

орташа  кіріске  қарай  кәсіпкерлік  субъектілері  мынадай 

санаттарға жатқызылады: 

шағын 

кәсіпкерлік 



субъектілері, 

оның 


ішінде 

микрокәсіпкерлік субъектілері

орта кәсіпкерлік субъектілері; 



 

 

14 



ірі кәсіпкерлік субъектілері. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет