Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Клиникалық көріністері. Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі



бет141/251
Дата24.09.2024
өлшемі5,03 Mb.
#145560
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   251
Байланысты:
infekcialik-aurular

Клиникалық көріністері. Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі

№ 12 кестеде келтірілген.


№12 кесте
Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі

Аурудың клиникалық түрлері

Біріншілік – ошақтық түрлері

Жайылмалы түрлері

Екіншілік– ошақтық түрлері

Аурудың кіру қақапасының орналасуы

Тері

Терілік

Екіншілік-жайылмалы түрлері



Өкпелік

Гепатиттік

Менинго-энцефалиттік


Септикалық



Тыныс алу жолдары

Жедел респиратор лы
Ангиноз-ды
(баспалы)



Ас қорыту жолдары

Гастроинтестинальды
(гастриттік, энтериттік, колиттік)
Абдоминальды
(аппендицит, мезаденит, ащы ішектің сег-ментарлы флегмонасы)



Белгісіз (иммунды тапшылық)

Анықталмай ды

Біріншілік-жайылмалы

Клиникалық кезеңдері

Жасырың кезеңі

Бастапқы кезең (1-3 күн)

Өршу кезеңі

Асқыну кезеңі

Инфекциялық процестің
кезеңдері

I. Организмге ену және біріншілік адаптация сатысы

II
Біріншілік-региональды инфекция сатысы

III


Бактериямия
(генерализация) сатысы

IY
Паренхиматозды бекіну (гематогенді диссеминация арқылы екіншілік-ошақтық сатысы)



Ауру бірнеше кезеңнен тұрады: жасырың кезені (3-18 күн), бастпапқы кезең (1-3 күн), өршу кезеңі (3-6 күн), айығу кезеңі. Аурудың жедел, жеделдеу, созылмалы түрлерін ажырату керек. Аурудың созылмалы түрі үздіксіз, толқын тәрізді, рецидивті ағымымен өтуі мүмкін. Жасырың кезеннен кейін ауру көбінесе жедел басталады (80%). Бірден дене қызуы көтеріледі, науқас тоңады, басы аурады, әлсізденіп тәбеті қашады, бүкіл денесі, бұлшық еттері, буындары, бел аймағы аурады. Біраз адамның іші аурып, өтіді, құсу пайда болады. Енді біреулерінің жұтынғанда тамағы ауырады. Аурудың клиникалық көріністері қоздырғыштың мөлшеріне, организмге ену қақпасының орналасуына, берілу жолдарына және организмнің иммунды жаубаның күшіне байланысты (№ 9 кесте).


Науқастың түрі осы ауруға тән өзгереді: беті, мойыны, көзі қызарады, ісінкі тартады. Бірақ мұрын-ерін үшбұрыштығы керісінше соғын тартып бозарады. Ұшық шығуы, тамағының ісіп не қызаруы жиі кездеседі, таңдайында бөртпелер пайда болады – энантема. Аурудың көпшілігінде тұмау-сузектің барлық белгілері көрініс береді: мұрын бітеді, жөтеледі, тамағы аурады. Демек айтылған белгілер бір жағынан гриппке, екінші жағынан скарлатинаға, ұқсас болып келеді. Ауру басталғаннан кейін 1-4 күн ішінде денеге бөртпе шығады әртүрлі көлемде: дақ, нүкте тәрізді ұсақ, біреуде қызылшадағы, біреуде қызамықтағы бөртпелерге ұқсайды. Бөртпелер табиғи қартпалар аймағында, аяқ-қолдың бастарында, буын тұстарында қоюланады, бөртпеге симметриялық орналуы тән, бетте сиректеу кездеседі. Бөртпе тез пайда болып, тез жойылып кетуі мүмкін, науқас жатқанда білінбейді, ал тұрғанда анық көрінеді. Бұл кезде «шымшу», Пастия симптомдары табылады. 2-3 аптадан кейін бөртпе шыққан жерлердегі дененің терісі түлейді. Аурудың жалпы улану белгілерінің және ошақтық белгілерінің дамуы жоғарғы деңгейіне жетеді. Аурудың аур түрінде сепсистің барлық белгілерін анықтауға болады.
Шеткі қанда: нормоцитоз, лейкопения анықталады, лейкоцитоз сирек кездеседі.
Балаларда ауру продромсыз өте тез басталады; скарлатина тәрізді бөртпе ерте және жиі кездеседі; тыныс жолдары жиі зақымданады, жедел респираторлы инфекцияға өте ұксас өтеді; ас қорыту жолдарының қабыну процестері ересектерге қарағанда жие кездеседі; лимфа жуйесі көбірек өзгереді, неше түрлі лимфадениттермен қатар гепатит, аппендицит жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет